Метронидазолды қынап ішіне енгізу кезінде жүйелік жағымсыз реакциялар өте сирек пайда болады, дәрілік заттың қан плазмасындағы концентрациясы төмен (пероральді қолданған кезде соның 2-12% құрайды).
Миконазол нитраты қынап ішіне (2-6%) енгізілетін имидазол туындылары тобынан барлық басқа зеңге қарсы дәрілер сияқты қынаптың тітіркенуін (күйдіріп ашу, қышыну) туындатуы мүмкін. Жоғарыда атап көрсетілген симптомдардың пайда болуын жергілікті анестетик лидокаинді қолданумен алдын алуға болады. Вагинит кезінде қынаптың шырышты қабығының қабынуы байқалуы мүмкін болғандықтан, суппозиторийді бірінші рет енгізгенде немесе емдеудің үшінші күнінде қынаптың шырышты қабығының күйдіріп ашуы, қышынуы және тітіркенуі сияқты симптомдар пайда болуы мүмкін. Бұл симптомдар емді жалғастырған кезде тез азаяды және жоғалады. Айқын тітіркену жағдайында емдеуді тоқтату керек. Препаратты қолданған кезде лидокаиннің сіңірілу дәрежесі өте төмен. Жергілікті анестетиктерді қолданған кезде 1000 пациентке 1-ден аз жағымсыз реакциялар тіркеледі.
Төменде препарат құрамындағы белсенді заттарды жүйелі қолдану кезінде байқалуы мүмкін жағымсыз реакциялар атап көрсетілген.
өте жиі
- қынаптық бөліністер
жиі
- вагинит, вульвовагинальді тітіркену, кіші жамбас аймағындағы жайсыздық
жиі емес
- шөлдеу сезімі
сирек
- анафилаксия
- қынаптағы күйдіріп ашу, қышыну және тітіркену, іштің ауыруы, тері бөртпесі, аллергиялық реакциялар (анафилаксиялық шок)
өте сирек
- агранулоцитоз, нейтропения, тромбоцитопения, панцитопения
- көңіл – күйдің өзгеруі, сананың шатасуы және елестеулерді қоса, психоздық бұзылыстар
- энцефалопатия (сананың шатасуы, қызба, бас ауыруы, елестеулер, салдану, жарыққа сезімталдық, қозғалыс бұзылысы, шүйде бұлшықеттерінің сіресуі) және жеделге жуық мишық синдромы (атаксия, дизартрия, жүрістің бұзылуы, нистагм және тремор), олар препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін жоғалып кетуі мүмкін, бас айналу, құрысулар, ұйқысыздық, бас ауыруы
- диплопия және миопия сияқты көрудің бұзылулары, негізінен өтпелі
- бауыр ферменттерінің белсенділігінің жоғарылауы (АСТ, АЛТ, сілтілі фосфатаза), холестаздық гепатит немесе аралас гепатит және бауырдың гепатоцеллюлярлық зақымдануы, препаратты тоқтатқан кезде қайтымды сарғаю және панкреатит. Метронидазолды басқа антибиотиктермен біріктірілімде қабылдаған пациенттерде бауыр трансплантациясын қажет ететін бауыр жеткіліксіздігі жағдайлары туралы хабарланды
- тері бөртпесі, пустулезді бөртпе, жедел жайылған экзантематозды пустулез, қышыну, гиперемия
- миалгия, артралгия
- несептің қараюы (метронидазол метаболитіне байланысты)
жиілігі белгісіз
- лейкопения, метгемоглобинемия
- ангионевроздық ісіну, есекжем, қызба
- анорексия
- депрессиялық көңіл-күй
- метронидазолмен қарқынды және/немесе ұзақ емдеу кезінде шеткері сенсорлық нейропатия немесе өтпелі эпилепсия түріндегі ұстамалар (көптеген жағдайларда емдеуді тоқтатқаннан немесе дозаны төмендеткеннен кейін нейропатия жоғалды), шаршау, әлсіздік, бозару, шаншу, сезімталдықтың жоғалуы, парестезия, бағдардан адасу, ажитация, психоз, құрысулар, сөйлеудің бұзылуы, гиперестезия, гипестезия, сылбырлық, елестеулер, ысыну сезімі, күйгелектік, мазасыздық, эйфория, ұйқышылдық, көру айқындығының бұзылуы немесе көзге қос көріну, қалтырау, тремор, естен тану, кома (сирек), үрей, ұйқысыздық, асептикалық менингит
- көру жүйкесінің нейропатиясы/невриті
- естудің бұзылуы, естімей қалу (соның ішінде нейросенсорлық), құлақтағы шуыл
- дәм сезудің өзгеруі, ауыз қуысының мукозиті, ауызда металл дәмі, жүрек айну, құсу, эпигастрийдегі ауыру және диарея, ауыздың құрғауы, анорексия, іштің ауыруы немесе түйілулер сияқты асқазан-ішек бұзылыстары
- мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, тұрақты дәрілік бөртпе
- жергілікті тітіркену және жоғары сезімталдық, жанаспалы дерматит.
Қынап ішіне енгізу кезінде жағымсыз реакциялар әлдеқайда сирек кездеседі, өйткені қандағы метронидазол мен лидокаин деңгейі жүйелі қолданумен салыстырғанда едәуір төмен.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz