24 айдан асқан балалардағы Гексаксим препаратының иммуногенділігі клиникалық зерттеулерде зерттелмеген.
Әрбір компоненттен алынған нәтижелер төмендегі кестеде берілген.
1-кесте: Серопротекция/сероконверсия көрсеткіштері* Гексаксимнің екі немесе үш дозасымен бастапқы вакцинациядан соң бір айдан кейін
Екі доза — Үш доза
3-5 ай — 6-10-14 апта — 2-3-4 ай — 2-4-6 ай
Антиденелердің шекті мәні
N=249** — N= 123-тен — N=3222 дейін — N= 934-тен
2201 — 12703
% — % — % — %
Күлге қарсы — 99.6 — 97.6 — 99.7 — 97.1
(≥ 0.01ХБ/мл)
Сіреспеге қарсы (≥ 0.01 ХБ/мл) — 100.0 — 100.0 — 100.0 — 100.0
Көкжөтел токсиніне қарсы (Сероконверсия4) (Вакцинаға реакция 5)
93.4 — 93.6 — 88.3 — 96.0
98.4 — 100.0 — 99.4 — 99.7
Филаментоздық гемагглютининге қарсы (Сероконверсия4) (Вакцинаға реакция 5)
92.5 — 93.1 — 90.6 — 97.0
99.6 — 100.0 — 99.7 — 99.9
Туған кезде В гепатитіне қарсы вакцинациямен — / — 99.0 — / — 99.7
В вирустық гепатитінің беткейлік антигеніне қарсы. (≥10 мХБ/мл)
Туған кезде В гепатитіне қарсы вакцинациясыз — 97.2 — 95.7 — 96.8 — 98.8
1-типті полиомиелит вирусына қарсы (≥8 (1/ сұйылту)) — 90.8 — 100.0 — 99.4 — 99.9
2-типті полиомиелит вирусына қарсы (≥8 (1/ сұйылту)) — 95.0 — 98.5 — 100.0 — 100.0
3-типті полиомиелит вирусына қарсы (≥8 (1/ сұйылту)) — 96.7 — 100.0 — 99.7 — 99.9
Полирибозилрибитолфосфатына қарсы (≥0.15 мкг/мл) — 71.5 — 95.4 — 96.2 — 98.0
• Жалпы қабылданған алмастырғыштар (көкжөтел токсині, филаментоздық гемагглютинин) немесе қорғау арақатынасы (басқа компоненттер)
N = талдауға қатысқан пациенттер саны (хаттаманың барлық шарттарын орындай отырып)
• Туған кезде В гепатитіне қарсы вакцинациясыз 3, 5 айда (Финляндия, Швеция)
1 Туған кезде 6, 10, 14-аптада В гепатитіне қарсы вакцинациямен және вакцинациясыз (Оңтүстік Африка Республикасы)
2 Туған кезде В гепатитіне қарсы вакцинациясыз 3, 5 айда (Финляндия)
3 туған кезде 2, 4, 6-айда В гепатитіне қарсы вакцинациясыз (Аргентина, Мексика, Перу) және туған кезде В гепатитіне қарсы вакцинациямен (Коста Рика және Колумбия)
4 Сероконверсия: вакцинацияға дейінгі деңгеймен салыстырғанда ең азы 4 есе ұлғаю (1 дозаға дейін)
5 Иммундық жауап: Егер вакцинацияға дейін антиденелердің концентрациясы < 8 ХБ/мл болса, онда вакцинациядан кейінгі антиденелердің концентрациясы ≥8 ХБ/мл болуы тиіс. Басқаша айтқанда, вакцинациядан кейінгі антиденелер деңгейі иммунизацияға дейінгі антиденелер деңгейінде ≥ болуы керек.
2-кесте: Серопротекция/сероконверсия көрсеткіштері* Гексаксим вакцинасымен бустерлік вакцинациядан кейін бір айдан соң
Бустерлік вакцинация 11-12 айда екі дозалық бастапқы курстан кейін — Бустерлік вакцинация үш дозалы бастапқы курстан кейінгі өмірдің екінші жылында
Антиденелердің шекті мәні
3-5 ай — 6-10-14 апта — 2-3-4 ай — 2-4-6 ай
N=249** — N=2041 — N=1782 — N= 177-ден 3963
% — % — % — %
Күлге қарсы (≥ 0.1 ХБ/мл) — 100.0 — 100.0 — 100.0 — 97.2
Сіреспеге қарсы (≥ 0.1 ХБ/мл) — 100.0 — 100.0 — 100.0 — 100.0
Көкжөтел токсиніне қарсы (Сероконверсия4) (вакцинаға жауап5)
94.3 — 94.4 — 86.0 — 96.2
98.0 — 100.0 — 98.8 — 100.0
Филаментоздық гемагглютининге қарсы (Сероконверсия4) (вакцинаға жауап5)
97.6 — 99.4 — 94.3 — 98.4
100.0 — 100.0 — 100.0 — 100.0
Туған кезде В гепатитіне қарсы вакцинациямен — / — 100.0 — / — 99.7
В вирустық гепатитінің беткейлік антигеніне қарсы (≥10 мХБ/мл)
Туған кезде В гепатитіне қарсы вакцинациясыз — 96.4 — 98.5 — 98.9 — 99.4
1-типті полиомиелит вирусына қарсы (≥8 (1/ сұйылту)) — 100.0 — 100.0 — 98.9 — 100.0
2-типті полиомиелит вирусына қарсы (≥8 (1/ сұйылту)) — 100.0 — 100.0 — 100.0 — 100.0
3-типті полиомиелит вирусына қарсы (≥8 (1/ сұйылту)) — 99.6 — 100.0 — 100.0 — 100.0
Полирибозилрибитол фосфатына қарсы (≥1.0 мкг/мл) — 93.5 — 98.5 — 98.9 — 98.3
Жалпы қабылданған алмастырғыштар (көкжөтел токсині, филаментоздық гемагглютинин) немесе қорғау арақатынасы (басқа компоненттер)
N = талдауға қатысқан пациенттер саны (хаттаманың барлық шарттарын орындай отырып)
**Туған кезде В гепатитіне қарсы вакцинациясыз 3, 5 айда (Финляндия, Швеция)
1 Туған кезде 6, 10, 14-аптада В гепатитіне қарсы вакцинациямен және вакцинациясыз (Оңтүстік Африка Республикасы)
2 Туған кезде В гепатитіне қарсы вакцинациясыз 2, 3, 4 айда (Финляндия)
3 Туған кезде 2, 4, 6-айда В гепатитіне қарсы вакцинациясыз (Аргентина, Мексика, Перу) және туған кезде В гепатитіне қарсы вакцинациямен (Коста Рика және Колумбия)
4 Сероконверсия: вакцинацияға дейінгі деңгеймен салыстырғанда ең азы 4 есе ұлғаю (1 дозаға дейін)
5 Иммундық жауап: Егер вакцинацияға дейін антиденелердің концентрациясы (1-дозадан кейін) < 8 ХБ/мл болса, онда бустерлік вакцинациядан кейінгі антиденелердің концентрациясы ≥8 ХБ/мл болуы тиіс. Басқаша айтқанда, бустерлік вакцинациядан кейінгі поствакциналық антиденелер деңгейі 1-дозадан кейін антиденелер деңгейінде ≥ болуы керек.
2 және 4 айлық жаста 2-дозадан кейін Hib инфекциясы мен көкжөтелдің антигендеріне иммундық жауап
Hib және көкжөтел антигендеріне иммундық жауап (көкжөтел токсині және филаментоздық гемагглютинин) 2, 4, 6 айда Гексаксим (N=148) алатын субъектілердің қосалқы тобында 2 дозадан кейін анықталды. Полирибозилрибитол фосфатына, көкжөтел токсиніне және филаментоздық гемагглютининге иммундық жауап 2 және 4 айда енгізілген екі дозадан кейін бір айдан соң 3 және 5 айда жүргізілген екі дозалы алғашқы вакцинациядан кейін байқалған жауапқа ұқсас болды:
- полирибозилрибитол фосфатына қарсы антиденелер титрлерінің деңгейі ≥ 0.15 мкл/мл пациенттердің 73.0%-ында байқалды,
- көкжөтел токсині бар вакцинаға жауап – пациенттердің 97.9%-ында,
- филаментоздық гемагглютинині бар вакцинаға жауап - пациенттердің 98.6%-ында.
Иммундық жауаптың тұрақтылығы
Нәрестелер мен жас балаларды туған кезде немесе туғаннан кейін В гепатитіне қарсы иммундаудан кейінгі поствакциналық иммунитеттің тұрақтылық деңгейі жалпы қабылданған қорғаныштың шекті деңгейлерінен жоғары (3-кестені қараңыз).
3-кесте: Гексаксим вакцинациясынан кейін 4,5 жастағы серопротекцияа көрсеткіштері
Антиденелердің шекті мәні — 6-10-14 аптада алғашқы вакцинация және 15-18 айда қайта вакцинация — 2-4-6 айда алғашқы вакцинация және 12-24 айда қайта вакцинация
Туған кезде В гепатитіне қарсы вакцинациясыз — Туған кезде В гепатитіне қарсы вакцинациямен — Туған кезде В гепатитіне қарсы вакцинациямен
N=173b — N=103b — N=220c
% — % — %
Күлге қарсы (≥ 0.01 ХБ/мл) (≥ 0.1 ХБ/мл) — 98.2 75.3 — 97 64.4 — 100 57.2
Сіреспеге қарсы (≥ 0.01 ХБ/мл) (≥ 0.1 ХБ/мл) — 100 89.5 — 100 82.8 — 100 80.8
Көкжөтел токсиніне қарсые (≥ 8 ХБ/мл) — 42.5 — 23.7 — 22.2
Филаментоздық гемагглютининге қарсые (≥ 8 ХБ/мл) — 93.8 — 89.0 — 85.6
В вирустық гепатитінің беткейлік антигеніне қарсы (≥10 мХБ/мл) — 73.3 — 96.1 — 92.3
1-типті полиомиелит вирусына қарсы (≥8 (1/ сұйылту)) — Қолданылмайдыd — Қолданылмайдыd — 99.5
2-типті полиомиелит вирусына қарсы (≥8 (1/ сұйылту)) — Қолданылмайдыd — Қолданылмайдыd — 100
3-типті полиомиелит вирусына қарсы (≥8 (1/ сұйылту)) — Қолданылмайдыd — Қолданылмайдыd — 100
Полирибозилрибитол фосфатына қарсы (≥0.15 мкг/мл) — 98.8 — 100 — 100
N = талдауға қатысқан пациенттер саны (хаттаманың барлық шарттарын орындай отырып)
а: Жалпы қабылданған алмастырғыштар (көкжөтел токсині, филаментоздық гемагглютинин) немесе қорғау арақатынасы (басқа компоненттер)
b: туған кезде В гепатитіне қарсы вакцинациямен және вакцинациясыз 6, 10, 14 апта (Оңтүстік Африка Республикасы)
с: туған кезде В гепатитіне қарсы вакцинациямен және вакцинациясыз 2, 4, 6 ай (Колумбия)
d: Полиомиелит бойынша ұлттық иммунизация күндерін өткізуге байланысты полиовакцинация нәтижелері талданбады.
е: ферментпен байланысқан иммуносорбенттік зерттеудегі сандық анықтаудың 4 төменгі шегіне тең 8 ХБ/мл.
Көкжөтел токсиніне қарсы және филаментоздық гемагглютининге қарсы вакциналар үшін сандық анықтаудың төменгі шегі 2 ХБ/мл-ге тең.
В гепатитіне қарсы иммундық жауаптың ұзақтығы (Гексаксим вакцинасының құрамдас бөлігі) екі түрлі бастапқы сериялар кестесін алған нәрестелерде бағаланды.
Туған кезде В гепатитіне қарсы вакцинасыз, кейіннен 11-12 айлығында күшейткіш екпесіз 3 және 5 айлық екі дозада егілген нәрестелер арасында балалардың 53,8% -ында серопротекция (анти-HBsAg ≥ 10 мХБ/мл) байқалды. 6 жаста, ал балалардың 96,7%-ында В гепатиті моновакцинасын енгізгеннен кейін реакция тарихы болды.
Туған кезде егілген В гепатиті вакцинасының бір дозасының бастапқы вакцинация сериясынан кейін 2, 4 және 6 айлық нәрестелерде 2 жаста күшейткішсіз 3 доза сериясынан кейін серопротекция (анти-HBsAg ≥ мХБ/мл) 9 жастағы балалардың 49,3% -ында байқалды, ал балалардың 92,8% -ында В гепатиті моновакцинасын енгізгеннен кейін реакциясы болды.
Бұл деректер Гексаксиммен алғашқы иммундау сериясынан кейін нәрестелерде сенімді иммундық жадының дамуын қолдайды.
Шала туылған нәрестелердегі Гексаксимге иммундық жауап
Жүктілік кезінде АбкдС (TdaP) вакцинасымен иммундалған әйелдерден туылған 90 баланы және жүктілік кезінде вакцинацияланбаған әйелдерден туылған 15 баланы қоса алғанда, шала туған (105) балалардағы (жүктіліктің 28-ден 36-аптасына дейін туған) Гексаксим антигендеріне иммундық жауап 2, 3 және 4 айлық жаста вакцинацияның бастапқы курсының 3 дозасын және 13 айлық жаста ревакцинацияны енгізгеннен кейін бағаланды.
Вакцинацияның алғашқы сериясынан кейін бір айдан соң барлық егілгендер күлге (≥ 0,01 ХБ/мл), сіреспеге (≥ 0,01 ХБ/мл) және 1, 2 және 3 типті полиовирустарға (≥ 8 (1/сұйылту) қарсы серопротекцияға жетті; В гепатитіне қарсы серопротекция деңгейі (≥ 10 ХБ/мл) 89,8% инвазивті Hib-инфекцияларға (≥ 0,15 мкг/мл) қарсы егілген 79,4% - ды құрады.
Ревакцинациядан кейін бір айдан соң барлық егілгендер күлге (≥ 0,1 ХБ/мл), сіреспеге (≥ 0,1 ХБ/мл) және 1, 2 және 3 типті полиовирустарға (≥ 8 (1/сұйылту) қарсы серопротекцияға жетті; серопротекция деңгейі В гепатитіне қарсы 94,6% (≥10 ХБ/мл) және инвазивті Hib-инфекцияларға қарсы 90,6% (≥1 мкг/мл) құрады.
Көкжөтел: вакцинацияның алғашқы сериясынан кейін бір айдан соң көкжөтел анатоксині мен филаментоздық гемагглютининге қарсы антиденелер сәйкесінше 98,7% және 100% вакцинацияланғандарда ≥ 8 ЭБ/мл деңгейіне жетті. Ревакцинациядан кейін бір айдан соң көкжөтел анатоксиніне де, филаментоздық гемагглютининге де қарсы антиденелер егілгендердің 98,8%-ында ≥ 8 ЭБ/мл деңгейіне жетті. Көкжөтелге қарсы антиденелердің концентрациясы вакцинацияның алғашқы сериясынан кейін 13 есе және ревакцинациядан кейін 6-14 есе өсті.
Жүктілік кезінде АбкдС (TdaP) вакцинациясынан кейін туылған нәрестелердегі Гексаксимге иммундық жауап
Жүктілік кезінде (гестацияның 24 және 36 апталары аралығында) АбкдС (TdaP) вакцинасымен иммундалған әйелдерден мерзімі жетіп туған (109) және шала туған (90) нәрестедегі Гексаксим антигендеріне иммундық жауап 2, 3 және 4 айлық жастағы бастапқы вакцинация курсының 13 айлық (шала туған балалар) немесе 15 айлық (мерзімі жетіп туған балалар) 3 дозасын енгізгеннен кейін ревакцинациялар бағаланды.
Вакцинацияның алғашқы сериясынан кейін бір айдан соң барлық егілген сыналушылар күлге (≥ 0,01 ХБ/мл), сіреспеге (≥ 0,01 ХБ/мл) және 1, 2 және 3 типті полиовирустарға (≥ 8 (1/сұйылту)) қарсы серопротекцияға жетті; 2-типті полиовирусқа қарсы серопротекция деңгейі (≥ 8 (1/сұйылту)) егілген сыналушылардың 97,3%-ын, В гепатитіне қарсы (≥ 10 ХБ/мл)-94,6%, инвазивтік Hib - инфекцияларға қарсы (≥ 0,15 мкг/мл) - 88,0% құрады.
Ревакцинациядан кейін бір айдан соң барлық егілгендер үлге (≥ 0,1 ХБ/мл), сіреспеге (≥ 0,1 ХБ/мл) және 1, 2 және 3 типті полиовирустарға (≥ 8 (1/сұйылту) қарсы серопротекцияға жетті; В гепатитіне қарсы серопротекция деңгейі (≥ 10 ХБ/мл) егілгендердің 93,9%-ын, инвазивті Hib-инфекцияларға қарсы (≥ 1 мкг/мл) - 94%-ын құрады.
Көкжөтел: вакцинацияның алғашқы сериясынан кейін бір айдан соң көкжөтел анатоксині мен филаментоздық гемагглютининге қарсы антиденелер сәйкесінше 99,4% және 100% вакцинацияланғандарда ≥ 8 ЭЕ/мл деңгейіне жетті. Ревакцинациядан кейін бір айдан соң көкжөтел анатоксиніне де, филаментоздық гемагглютининге де қарсы антиденелер егілгендердің 99,4%-ында ≥ 8 ЭЕ/мл деңгейіне жетті. Көкжөтелге қарсы антиденелердің концентрациясы вакцинацияның алғашқы сериясынан кейін 5-9 есе және ревакцинациядан кейін 8-19 есе өсті.
АИТВ-байланыстағы нәрестелердегі Гексаксимге иммундық жауап
АИТВ-байланыстағы 51 жаңа туған нәрестеде (9 инфекцияланған және 42 инфекцияланбаған) Гексаксим антигендеріне иммундық жауап 6, 10 және 14 апталық жаста вакцинацияның бастапқы курсының 3 дозасын және 15-тен 18 айға дейінгі жаста ревакцинацияны енгізгеннен кейін бағаланды.
Алғашқы вакцинациядан кейін бір айдан соң барлық нәрестелерде күлге (≥ 0,01 ХБ / мл), сіреспеге (≥ 0,01 ХБ/мл), 1, 2 және 3 типті полиовирусқа (≥ 8 (1/сұйылту), В гепатитіне (≥ 10 ХБ/ мл) және 97,6%-дан астам инвазиялық Hib-инфекцияларына (≥ 0,15 мкг/мл) қарсы серопротекция анықталды.
Ревакцинациядан кейін бір айдан соң барлық егілгендер күлге (≥ 0,1 ХБ/мл), сіреспеге (≥ 0,1 ХБ/мл), 1, 2 және 3 типті полиовирусқа (≥ 8 (1/сұйылту), В гепатитіне (≥ 10 ХБ / мл) және 96,6%-дан астам инвазивті Hib-инфекцияларға (≥ 1 мкг/мл) қарсы серопротекцияға жетті.
Көкжөтел: вакцинацияның алғашқы сериясынан кейін бір айдан соң көкжөтел анатоксині мен филаментоздық гемагглютининге қарсы антиденелер 100% егілгендерде ≥ 8 ЭБ/мл деңгейге жетті. Ревакцинациядан кейін бір айдан соң көкжөтел анатоксиніне де, филаментоздық гемагглютининге де қарсы антиденелер 100% егілгендерде ≥ 8 ЭБ/мл деңгейіне жетті.
Вакцинацияға дейінгі деңгеймен салыстырғанда (бірінші дозаның алдында) антиденелер деңгейінің кемінде 4 есе артуымен анықталатын сероконверсия көрсеткіші көкжөтел токсині мен филаментоздық гемагглютинин үшін АИТВ-байланыстағы және инфекцияланғандар тобында 100%, көкжөтел анатоксині үшін инфекцияланбаған АИТВ-байланыстағы топта 96,6% және филаментоздық гемагглютинин үшін 89,7%-ды құрады.
Вакцинаның тиімділігі және көкжөтелден қорғаудың эпидемиологиялық тиімділігі
ДДҰ анықтаған ең ауыр типтік көкжөтелге қарсы Гексаксим құрамындағы жасушасыз көкжөтел компоненттерінің тиімділігі (ұстама тәрізді жөтелдің ≥ 21 күні) жоғары эндемиялық елде (Сенегал) күлге, көкжөтелге және сіреспеге (АбКДС) қарсы вакцинаның үш дозасынан тұратын вакцинацияның бастапқы кешенін алған нәрестелер арасында рандомизацияланған салыстырмалы жасырын зерттеуде құжатталған. Бұл зерттеуде жас балаларға арналған бустерлік дозаның қажеттілігі анықталды. Гексаксим вакцинасындағы жасушасыз көкжөтел компонентінің есебінен көкжөтелден ұзақ қорғау ауруды төмендетуге және балалық шақта ауруды бақылауға мүмкіндік береді, бұл Швециядағы Ұлттық эпидемиологиялық қадағалау шеңберінде 3, 5, 12 айдағы сызба бойынша бесвалентті вакцинаны (АбКДС-ИПВ\Hib) 10 жыл қолдану ішінде көрсетілді. Ұзақ уақыт бақылау нәтижелері қолданылған вакцинаға тәуелсіз екінші дозадан кейін көкжөтелмен аурушаңдықтың бірден төмендегенін көрсетті.
Инвазиялық Hib-инфекцияға қарсы эпидемиологиялық тиімділік
Біріктірілген АбКДС вакциналарының және Hib компоненттерінің көмегімен инвазивтік Hib-инфекцияға қарсы эпидемиологиялық тиімділік (Гексаксим құрамында Hib-антигені бар вакциналарды қоса алғанда, пентавалентті және алты валентті) Германияда маркетингтен кейінгі кең ауқымды (бақылау кезеңі бес жылдан астам) зерттеу барысында көрсетілді. Вакцинаның эпидемиологиялық тиімділігі толық бастапқы кезең үшін 96,7%-ды және бустерлік доза үшін 98,5%-ды (бастапқы курсқа қарамастан) құрады.