Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Таблетки, покрытые оболочкой
Торговое наименование
Гамалате В6
Действующее вещество
Другие психостимулирующие и ноотропные средства
Назначение
Эмоционалдық құбылмалылық, зейін қою және есте сақтау қабілетінің бұзылуы, депрессия және астения
Производитель
Феррер Интернасиональ С.А.
Страна
Испания
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: магний глутамат гидробромиді 75.0 мг, γ-амин май қышқылы 75.0 мг, γ-амин-β-гидрокси май қышқылы 37.0 мг, пиридоксин гидрохлориді 37.0 мг,
қосымша заттар: коллоидты кремнийдің қостотығы, поливинилпирролидон, примогель, магний стеараты, тальк, жүгері крахмалы.
қабығының құрамы: титанның қостотығы (Е171), магний карбонаты, индигокармин CI73015(Е132), эудрагит Е, арабия шайыры (Гуммиарабик), тальк, пропиленгликоль, карнауб балауызы, қант.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Қабықпен қапталған көгілдір таблеткалар.
Мына көріністері бар функционалдық астения кезінде қосымша дәрі ретінде тағайындалады:
• эмоционалдық құбылмалылық
• зейін қою және есте сақтау қабілетінің бұзылуы
• депрессия және астения
• бейімделу қабілетінің төмендеуі
Әсер ету механизмі
Гамалате B6 препаратының әсері оның құрамына кіретін белсенді заттар әсеріне байланысты: ми қызметін сергітетін амин қышқылдары, γ-амин май қышқылы және γ-амин-β-гидрокси май қышқылы (ГАМҚ және ГАБГМҚ), әлсіз седативті зат - магний глутамат гидробромиді (МГГ) және B6 дәруменінің коферменті. ГАМҚ және ГАБГМҚ (ГАМҚ ізашары) енгізу аса жоғары қоздыру кезінде ГАМҚ деңгейін жоғарылатады. Магний глутамат гидробромиді (МГБ) глутамат рецепторларының ішінара агонисті ретінде әрекет етеді, оларды бұғаттайды және ол шығаратын қозуды тежейді. Пиридоксин, глутамин қышқылын ГАМҚ-қа айналдыру үшін қажет кофермент, бұл метаболизмдық түрлендіруді белсендіреді. Препарат мидың энергетикалық және нейрореттегіш белсенділігінің жоғарылауын туындатады. Препарат миға нейрореттегіш әсер етеді. Амин қышқылдары және B6 дәрумені ми метаболизміне қатысады және жүйке жасушаларының энергетикалық потенциалын жоғарылатады.
Дозалау режимі
Ересектер: ішке тәулігіне 2 таблеткадан 2 - 3 рет.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қабылдауға арналған
Қабықпен қапталған таблеткаларды аз мөлшердегі сұйықтықпен, шайнамай қабылдау керек.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Тәулігіне 3 рет
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсының ұзақтығы 2 айдан 18 айға дейін.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кездегі қажетті шаралар
Сипатталмаған
Тоқтату симптомдары қаупінің барын көрсету
Сипатталмаған
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Дәрілік препаратты қолдану жөнінде сұрақтар туындаса емдеуші дәрігерге жүгіну керек
• әсер етуші затқа (заттарға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• жүктілік және лактация кезеңі
• 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
• фруктозаға тұқым қуалайтын жақпаушылық немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы
• леводопаны қабылдаған пациенттер.
Жиілігі белгісіз
• ұйқышылдық, мазасыздық, седативті әсер, бағыттан адасу
• қозу, ұйқысыздық
• ентігу
• жүрек айну, құсу, кейде - диарея, іш қату, асқазан мен іштегі жайсыздық
• гиперемия, есекжем, эритема, пурпура, экзема.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Ұзақ уақыт бойы енгізілетін жоғары дозалары нейроуытты әсер етуі мүмкін (сенсорлық симптомдар және невропатиялық ауырсыну).
Индигокармин E132 бояғышының құрамына байланысты (қабық құрамында) педиатриялық тәжірибеде қолданылмайды.
Құрамында сахароза бар, осыған байланысты қант диабеті, тұқым қуалайтын фруктозаға жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахароза-изолматоз жеткіліксіздігі бар пациенттерге қабылдауға болмайды.
Пиридоксиннің фотосенсибилизацияның ықтимал қаупі бар (теріде бөртпе, қышыну, күлдіреуік және везикулалар түрінде көрінеді).
Арнайы ескертулер
Сипатталмаған
Педиатрияда қолдану
Қатысты емес
Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Гамалате В6 ұйқышылдық пен седативті әсер тудыруы мүмкін және бұл реакция жасау қабілетін төмендетуі мүмкін, сондықтан препаратты қабылдау кезінде пациент көлік құралдарын басқарудан және оның осы әрекеттерді орындау қабілеті бұзылмағаны расталғанға дейін ерекше назар аударуды қажет ететін басқа жұмыстарды орындаудан бас тартуы керек.
Жүктілік
Жүктілік кезіндегі дәрілік препараттың қауіпсіздігі анықталмаған. Жүкті немесе жүктілікке күдікті пациенттерге оны күтілетін емдік пайдасы кез келген ықтимал қауіптен асып кеткен жағдайда ғана енгізу керек.
Бала емізу
Емшекпен емізу кезінде дәрілік препараттың қауіпсіздігі белгіленбеген. Бала емізетін пациенттерге күтілетін емдік пайдасы кез келген ықтимал қауіптен асып кеткен жағдайда ғана тағайындау керек.
Орталық жүйке жүйесін тежейтін препараттар: ұйықтататтын дәрілер, седативті дәрілер, анксиолитиктер және анальгетиктер ГАМҚергиялық жүйеге әсер етеді, Гамалате препаратымен бір мезгілде қабылдау осы препараттардың әсерін күшейте алады.
Леводопа: Гамалате В6 леводопаның әсерін төмендетуі мүмкін, леводопаны қабылдайтын Паркинсон ауруы бар пациенттерге тағайындауға болмайды.
Алкогольдің әсерін магний глутамат гидробромидімен күшейтуге болады.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.