Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Гранулы для приготовления суспензии для местного применения
Дозировка
100 000 ЕД/мл 7.5 г/50 мл
Торговое наименование
ФУНГОСТАТИН®
Действующее вещество
Нистатин
Назначение
Ауыздың, өңештің немесе ішектің шырышты қабығына әсер ететін Candida albicans тудыратын зең инфекцияларының профилактикасы және емдеу
Производитель
Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика
Страна
Казахстан
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір құтының ішінде
белсенді зат – 1000.00 мг нистатин (100 000 ӘБ/мл белсенділігін ескере отырып есептелген),
қосымша заттар: Авицел CL 611, метилпарагидроксибензоат (Е 218), пропилпарагидроксибензоат (Е216), сусыз лимон қышқылы, натрий цитраты дигидраты, натрий бензоаты, микрокристалды целлюлоза РН 105, натрий кроскармеллозасы, натрий сахарині, сахароза, повидон (ПВП K30), аэросил 200, банан хош иістендіргіші, этил спирті 96 %.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Банан иісі бар сары түсті түйіршіктер.
Сумен сұйылтқаннан кейін банан иісі бар сары түсті суспензия түзіледі.
Ауыздың, өңештің немесе ішектің шырышты қабығына әсер ететін Candida albicans тудыратын зең инфекцияларының профилактикасы және емдеу.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Дозалау режимі
Ересектер:
Ересектердегі тіс протездеуімен байланысты стоматитті және C. albicans тудырған ауыз қуысының инфекцияларын емдеу үшін күніне 4 рет 1 мл суспензияны аузына тамызады; зақымданған аймақтармен мүмкіндігінше ұзақ байланыста болуы керек.
Балалар:
Жаңа туылған нәрестелер мен балалардағы ішектің және ауыз қуысының кандидозында (ауыз уылуы) күніне 4 рет 1 мл. Суспензияны біршама уақыт жұтпай, ауызда ұстап тұру керек.
Жаңа туылған нәрестелердегі кандидоздың профилактикасы үшін ұсынылатын доза күніне 1 рет 1 мл құрайды.
Егде жастағы науқастар:
Дозалауына немесе сақтық шараларына нақты ұсыныстар жоқ.
Емдеу курсы 7 күн. Зеңдік инфекцияның қайталануын болдырмау үшін емдеуді аурудың симптомдары жоғалғаннан кейін және өсірінді зерттеулерінің теріс нәтижелерін алғаннан кейін 48 сағат бойы жалғастыру керек. Егер белгілер мен симптомдар нашарласа немесе сақталса (емдеудің 14 күнінен кейін), пациентті қайта бағалау және баламалы емді қарастыру керек.
Қолдану тәсілі мен жолы
Дайын суспензияны өлшеуіш пипетка арқылы ауыз қуысының шырышты қабаттарына жағу керек. Қолданар алдында жақсылап шайқаңыз.
Алынған суспензияны сұйылту ұсынылмайды, өйткені бұл емдік тиімділікті төмендетуі мүмкін.
Суспензияны дайындау тәсілі: түйіршіктер салынған құтыға қайнатылып суытылған суды белгіге дейін қосу керек. Біртекті суспензия қалыптасқанша шайқау керек.
• нистатинге немесе кез келген қосымша заттарына жоғары сезімталдық
• тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы немесе глюкоза-
галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға
Нистатин әдетте барлық жас топтарында, тіпті ұзақ уақыт қолданғанда да жақсы төзімді. Егер тітіркену немесе сенсибилизация пайда болса, емдеуді тоқтату керек.
Сирек жағдайларда нистатиннің жоғары дозалары ішке қабылдауға әкелуі мүмкін:
• диарея,
• асқазан-ішек жолдарының бұзылуы,
• жүрек айну және құсу
• бөртпе
Сирек:
• аса жоғары сезімталдық және есекжем
• ангионевроздық ісіну, оның ішінде беттің ісінуі
• Стивенс-Джонсон синдромы
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Нистатиннің асқазан-ішек жолынан сіңуі шамалы болғандықтан, артық дозалану немесе кездейсоқ қабылдау жүйелі уыттылықты тудырмайды. Нистатиннің тәулігіне 5 миллион бірліктен асатын пероральді дозалары жүрек айну мен асқазан-ішек жолдарының бұзылуын тудырды.
Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем.
Дәрілік препаратты қалай қолдану керектігі туралы дәрігерден кеңес алу бойынша ұсыныстар
Бұл препаратты әрқашан дәрігеріңіз айтқандай пайдаланыңыз. Бірдеңеге сенімсіз болсаңыз, дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
Препарат құрамында сахароза бар.
Сирек тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сукраза-изомальтаза жеткіліксіздігі бар пациенттер бұл препаратты қабылдамауы тиіс. Қант диабеті бар пациенттерге қолданғанда сақ болу керек.
Прпепарат құрамында аллергиялық реакциялар (оның ішінде баяу типті аса жоғары сезімталдық реакциялары) туғызуы мүмкін метилпарагидроксибензоат және пропилпарагидроксибензоат бар.
Жүйелі микоздарды емдеу үшін Фунгостатин қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Нистатин жүкті әйелге енгізілгенде ұрыққа зиян келтіруі немесе ұрпақты болу функциясына әсер етуі белгісіз, бірақ нистатиннің асқазан-ішек жолынан сіңуі шамалы. Фунгостатин жүктілік кезінде тек күтілетін пайдасы ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда ғана қолданылуы керек.
Нистатин елеусіз мөлшерде асқазан ішек жолында сіңірілгенмен, оның емшек сүтімен бөлініп шығарылатын-шығарылмайтыны белгісіз, сондықтан препаратты тағайындаудың орындылығы туралы мәселені дәрігермен кеңескеннен кейін жеке шешу керек.
Белгісіз
Сақтау мерзімі
4 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды
Дайындалған суспензияның сақтау мерзімі 10 күннен аспайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.