ATХ коды L01XC
Әсер ету механизмі
Пролголимаб бағдарламаланатын жасушалық өлім рецепторын PD-1 спецификалық байланыстыратын және оның PD-L1 және PD-L2 лигандаларымен өзара әрекеттесуін бөгейтін адамның моноклональді антиденесі болып табылады. Пролголимаб IgG1 изотипінің иммуноглобулині, молекулалық салмағы 149 кДа жуық лямбда-каппа гибриді болып табылады. Пролголимабтың Fc-фрагменті PD-1 экспрессиялайтын нысана-жасушаларға цитоуытты әсерінің алдын алу мақсатында модификацияланған.
Фармакодинамикалық әсерлері
PD-1 – бұл ақуыздық рецептор – Т-лимфоциттердің белсенділігін шектейтін иммундық жауаптың бақылау нүктесі. Ісік жасушалары Т-жасушалық иммундық жауапты тежеу үшін PD-1 сигналдық жолын пайдалануы мүмкін. Пролголимаб PD-1 рецепторға жоғары аффинді антидене болып табылады, оны тежеген кезде ісік немесе иммундық жасушалардағы PD-L1 және PD-L2 лигандаларын қамтитын PD-1 сигналдық жолының қосарлы блокадасы жүзеге асады. PD-1 рецепторының оның лигандаларымен байланысуын тежеу нәтижесінде пролголимаб ісік-спецификалы цитоуытты Т лимфоциттерді реактивациялайды және, осылайша, ісікке қарсы иммунитетті реактивациялайды.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Меланома
Пролголимабтың тиімділігі I фазадағы № BCD-100-1 клиникалық зерттеуі аясында жайылған ауқымды ісіктері бар пациенттерде, сондай-ақ II/III фазадағы № BCD-100-2/MIRACULUM клиникалық зерттеуі аясында жайылған меланомасы бар пациенттер популяциясында сипатталды.
I фазадағы КЗ BCD-100-1 (NCT03050047)
BCD-100-1 клиникалық зерттеуі әртүрлі желерде орналасқан қатерлі жаңа түзілімдердің жайылған түрлері бар пациенттерде BCD-100 ("БИОКАД" АҚ, Ресей) препаратының фармакокинетикалық, фармакодинамикалық қасиеттерін, қауіпсіздігі мен иммуногенділігін көп орталықты ашық салыстырмалы емес мультикогорталық зерттеу болып табылады (I фаза).
Тиімділігін бағалау үшін популяцияға BCD-100 алған 15 пациенттің 14-і қосылды. Бір пациент КЖҚ (өліммен аяқталған) дамуы салдарынан зерттеуге қатысуды аяқтады, пациент өлген сәтте ісіктің емге жауабына КТ көмегімен баға беру жүргізілген жоқ.
BCD-100 препаратымен 85 күн емдегеннен кейін жауаптың жалпы жиілігі параметрлерін (ішінара жауап + толық жауап) және ауруды бақылауға қол жеткізу жиілігін (аурудың тұрақтануы + ішінара жауап + толық жауап) анықтау КТ деректері негізінде жүргізілді. Ісіктің жауабы RECIST 1.1 және irRC (ісіктің иммунотерапияға жауабын бағалау критерийі) критерийлері бойынша бағаланды.
Аурудың бақылануына 28,57 % (14-тің 4-і) пациенттерде қол жеткізілді, жауаптың жалпы жиілігі 7,14 % (14-тің 1-і) құрады. Зерттелген когорталар арасында жауап жиілігі бойынша маңызды айырашылықтар анықталған жоқ.
2-кесте. Ісіктің емге жауабы (BCD-100-1 зерттеуі)
Пациент — BCD-100 дозасы (мг/кг) — Диагнозы — Мутациялар — RECIST 1.1 бойынша жауабы — irRC бойынша жауабы
10-01 — 0,3→1 — Метастаздық меланома — BRAF V600E + — Ішінара жауап — Ішінара жауап (ибІЖ)
08-02 — 1 — Жергілікті таралған ҰЖЕӨО — EGFR және ALK-де тестіленген жоқ — Аурудың үдеуі — Аурудың тұрақтануы (ибАТ)
10-03 — 1 — Метастаздық меланома — BRAF V600E + — Аурудың үдеуі — Аурудың үдеуі (ибАҮ)
08-04 — 1 — Метастаздық плевра мезотелиомасы — Аурудың үдеуі — Аурудың тұрақтануы (ибАТ)
12-05 — 1 — Резекцияланбайтын меланома — BRAF V600E + — Аурудың үдеуі — Аурудың үдеуі (ибАҮ)
12-06 — 1 — Метастаздық меланома — BRAF V600E + — Аурудың үдеуі — Аурудың үдеуі (ибАҮ)
12-07 — 3 — Метастаздық ҰЖЕӨО — EGFR+ — Аурудың үдеуі — Аурудың үдеуі (ибАҮ)
12-08 — 3 — Метастаздық ҰЖЕӨО — EGFR+, ALK транслокациясына тест жүргізілген жоқ — Аурудың үдеуі — Аурудың үдеуі (ибАҮ)
13-09 — 3 — Метастаздық меланома — BRAF- — Аурудың тұрақтануы — Аурудың тұрақтануы (ибАТ)
13-11 — 3 — Резекцияланбайтын меланома — BRAF- — Аурудың үдеуі — Аурудың үдеуі (ибАҮ)
01-12 — 3 — Метастаздық бүйрек-жасушалық карцинома — Аурудың үдеуі — Аурудың үдеуі (ибАҮ)
13-13 — 10 — Метастаздық ҰЖЕӨО — EGFR-, ALK- — Аурудың тұрақтануы — Аурудың тұрақтануы (ибАТ)
13-14 — 10 — Метастаздық меланома — BRAF- — Аурудың үдеуі — Аурудың үдеуі (ибАҮ)
08-15 — 10 — Метастаздық меланома — BRAF- — Аурудың үдеуі — Аурудың үдеуі (ибАҮ)
II/III фазадағы № BCD-100-2/MIRACULUM клиникалық зерттеуі
№ BCD-100-2/MIRACULUM резекцияланбайтын немесе метастаздық меланомасы бар пациенттерде BCD-100 ("БИОКАД" АҚ, Ресей) препаратының монотерапияда тиімділігін, фармакокинетикалық қасиеттерін, қауіпсіздігі мен иммуногенділігін халықаралық көп орталықты ашық рандомизацияланған зерттеу болып табылады.
Тиімділік талдауы № BCD-100-2/MIRACULUM зерттеуінің 2 кезеңі аясында резекцияланбайтын немесе метастаздық меланомасы бар 156 пациентте жүргізілді.
Зерттеудің негізгі кезеңінің мақсаты резекцияланбайтын немесе метастаздық меланомасы бар бұрын емделмеген немесе бұрын ем қабылдаған (жалпы популяцияның 30 % дейін) 126 пациентте екі дозалау режимінде (вена ішіне 3 аптада 1 рет 3 мг/кг және вена ішіне 2 аптада 1 рет 1 мг/кг) монотерапия режимінде қолданудағы BCD-100 препаратының тиімділігіне баға беру болды. Зерттеудің бастапқы ақырғы нүктесі irRECIST критерийлеріне сәйкес жауаптың жалпы жиілігі болып табылады. Екіншілік ақырғы нүктелер ҮТҚ және ЖТҚ, ауруды бақылауға қол жеткізу жиілігін, емге жауаптың ұзақтығын және т.б. қамтиды.
BCD-100 препаратының 1 мг/кг дозадағы тиімділігі зерттеудің дәлелдеу кезеңі аясында зерттелді. Дәлелдеу кезеңінің мақсаты резекцияланбайтын немесе метастаздық меланомасы бар бұрын емделмеген пациенттерде BCD-100 препаратының 1 мг/кг дозадағы тиімділігін стандартты химиялық емнің (RECIST 1.1 критерийлері бойынша жауаптың жалпы жиілігі параметрлері бойынша) тиімділігімен салыстыру болды.
Зерттеудің дәлелдеу кезеңі аясындағы тиімділік талдауына зерттелуші препараттың кем дегенде бір рет енгізілуін қабылдаған барлық пациенттер қамтылды (n=76):
• BCD-100, 1 мг/кг (n=61), BCD-100 препаратын зерттеудің негізгі сатысында емнің бірінші желісінде қабылдаған пациенттерді (n=46), және зерттеудің дәлелдеу кезеңіне қосылған пациенттерді қоса (n=15);
• дакарбазин, 1000 мг/м2 (n=15), препаратты зерттеудің дәлелдеу кезеңінде қабылдаған пациенттерді ғана қоса алғанда.
№ BCD-100-2/MIRACULUM зерттеуінің жоспары төмендегі суретте көрсетілген.
1-сурет. № BCD-100-2/MIRACULUM зерттеуінің жоспары
Негізгі кезең
Жауап жиілігін бағалау
Төмендегі кестеде mITT-популяциядағы емге ісіктің жауабын бағалау нәтижелері көрсетілген.
3-кесте. Жауапты бағалау нәтижелері (mITT-популяция, n = 126, irRECIST)
Тиімділік параметрлері — irRECIST
BCD100, 1 мг/кг (n = 63) — BCD100, 3 мг/кг (n = 63) — p мәні
n — % — n — %
Ішінара жауап (ІЖ) — 19 — 30,16 — 16 — 25,40 — 0,6911
Толық жауап (ТЖ) — 5 — 7,94 — 2 — 3,17 — 0,4402
Аурудың тұрақтануы (АТ) — 16 — 25,40 — 11 — 17,46 — 0,3851
Аурудың үдеуі (АҮ) — 22 — 34,92 — 31 — 49,21 — 0,1481
Ауруды бақылау (АБ) — 40 — 63,49 — 29 — 46,03 — 0,0741
Жалпы жауап жиілігі (ЖЖЖ) — 24 — 38,10 — 18 — 28,57 — 0,3451
КТ-зерттеу жүргізгенге дейін шығып қалған, аурудың үдеу себебінен емес — 1 — 1,59 — 3 — 4,76 — 0,6192
Ескертпе: 1 Пирсонның хи-квадрат критерийі, 2 Фишердің дәл тестісі
Емнің екі тобының арасында зерттелген параметрлердің бірде-біреуі бойынша статистикалық маңызды айырмашылықтар байқалған жоқ. Анти-PD-1 антиденелердің тиімділік көрсеткіштеріне қатысты дозаға тәуелділіктің жоқтығын әдебиеттегі деректер және I фазадағы зерттеу (№ BCD1001) аясындағы «БИОКАД» АҚ өзіндік бақылаулары растайды. Анти-PD-1 моноклональді антиденелердің тиімділік көрсеткіштеріне қатысты дозаға тәуелділіктің жоқтығы сондай-ақ № BCD1002/MIRACULUM клиникалық зерттеуі аясында да көрсетілді. Ем желілері бойынша қосалқы топтардағы талдау барысында ең төменгі 1 мг/кг дозадағы BCD-100 препаратының бұрын емделмеген пациенттердегі жоғары тиімділігі анықталды (яғни, емнің 1-желісінде).
4-кесте. Жауапты бағалау нәтижелері (бірінші желідегі ем, mITT-популяция, n = 93, irRECIST)
Тиімділік параметрлері — irRECIST
BCD100, 1 мг/кг (n = 63) — BCD100, 3 мг/кг (n = 63) — p мәні
Бірінші желі (n = 46; 73,02 %) — Бірінші желі (n = 47; 74,60 %)
n — % — n — %
ІЖ — 17 — 36,96 — 12 — 25,53 — 0,3341
ТЖ — 5 — 10,87 — 2 — 4,26 — 0,2672
АТ — 8 — 17,39 — 8 — 17,02 — 1,0001
АҮ — 16 — 34,78 — 22 — 46,81 — 0,3331
АБ — 30 — 65,22 — 22 — 46,81 — 0,1141
ЖЖЖ — 22 — 47,83 — 14 — 29,79 — 0,1161
КТ-зерттеу жүргізгенге дейін шығып қалған, аурудың үдеу себебінен емес — 0 — 0,00 — 3 — 6,38 — 0,2422
Ескертпе: 1 Пирсонның хи-квадрат критерийі, 2 Фишердің дәл тестісі
Емнің 1-желісінде 1 мг/кг және 3 мг/кг дозаларда қолданғанда BCD100 препаратының тиімділігін тікелей салыстыру кезінде статистикалық маңызды айырмашылық анықталған жоқ. Алайда BCD100 препаратының 1 мг/кг дозадағы тиімділігіне көбірек бейімділік байқалды.
№ BCD1002/MIRACULUM зерттеуі аясында соның ішінде қолайсыз болжамды факторлары бар пациенттерде де емге жауапқа қол жеткізілгенін айта кету керек. Емге жауапқа қол жеткізген 42 пациенттің (33,33 %) ішінде 9 пациентте (21,43 %) скринингте ЛДГ жоғары деңгейі байқалды, 12 пациентте (28,57 %) BTS 100 мм-ден асты, 4 пациентте (9,52 %) ісіктің PD-L1 теріс статусы болды, 15 пациентте (35,71 %) ісіктің BRAF мутациясы анықталды, 6 пациент (14,29 %) зерттеуге қосылғанға дейін метастаздық ауруға байланысты жүйелі ем алды, 22 пациент (52,38 %) зерттеуге қосылған сәтте М1с сатысы болды, 8 пациентте (19,05 %) мидың метастаздық зақымдануы анықталды.
Ем топтарының ешқайсысында жауап ұзақтығының медианасына қол жеткізілген жоқ. Зерттеу топтары арасында аталған көрсеткіш бойынша статистикалық маңызы бар айырмашылық анықталған жоқ (p=1,000, лог-рангтық критерий).
Үдеусіз тіршілік қабілетіне (ҮТҚ) баға беру
ҮТҚ талдауы анти-PD-1 моноклональді антиденелердің басқа препараттарының нәтижелерімен салыстырымды нәтижелерді көрсетті.
2-сурет. BCD-100 тобындағы пациенттердің ҮТҚ, 1 мг/кг (mITT популяциясы, n = 63, irRECIST)
3-сурет. BCD-100 тобындағы пациенттердің ҮТҚ, 3 мг/кг (mITT популяциясы, n = 63, irRECIST)
Алынған нәтижелер зерттеу топтары арасында ҮТҚ параметрі бойынша статистикалық маңызды айырмашылықтар анықталмағанын айғақтайды (p=0,400, лог-рангтық критерий). ҮТҚ медианасы BCD-100 1 мг/кг тобындағы пациенттер үшін 5,78 айды (95 % СА 3,52 — қол жеткізілмеген), және BCD-100 1 мг/кг тобындағы пациенттер үшін 2,33 айды (95 % СА 2,07-10,25) құрады.
Деректер «кесіндісі» сәтінде BCD-100, 1 мг/кг тобындағы 58,73 % (63-ден 37) пациенттерде аурудың үдеуі немесе өліммен аяқталу байқалды. Бұл көрсеткіш BCD-100, 3 мг/кг тобындағы пациенттер үшін 66,67 % (63 пациенттен 42) құрады.
12 айлық ҮТҚ BCD-100, 1 мг/кг тобындағы пациенттер үшін 41,27 % және BCD-100, 3 мг/кг тобындағы пациенттер үшін 34,92 % құрады.
Үдеусіз тіршілік қабілетіне топтардың әрқайсысында егжей-тегжейлі баға беруде статистикалық маңызды айырмашылықтар анықталған жоқ.
ҮТҚ медианасы ВCD-100, 1 мг/кг тобында бұрын емделмегендер үшін 8,67 айды (95% СА 3,98 – ҚЖ) және бұрын ем алған пациенттер үшін 3,94 айды (95% СА 2,00- ҚЖ) құрады (p=0,100, лог-рангтық критерий). ҮТҚ медианасы ВCD-100, 3 мг/кг тобында бұрын емделмегендер үшін 2,33 айды (95% СА 32,07 – 10,7) және бұрын ем алған пациенттер үшін 2,89 айды (95% СА 1,97- ҚЖ) құрады (p=0,900, лог-рангтық критерий).
Жалпы тіршілік қабілетіне баға беру
ЖТҚ талдауы PD-1-ге моноклональді антиденелердің басқа препараттарының нәтижелерімен салыстырымды нәтижелерді көрсетті.
4-сурет. BCD-100, 1 мг/кг тобындағы пациенттердің ЖТҚ (mITT-популяциясы, n = 63)
5-сурет. BCD-100, 3 мг/кг тобындағы пациенттердің ЖТҚ (mITT популяциясы, n = 63)
13,8 ай бақылау медианасында (95 % СА 13,2-14,7) BCD-100, 1 мг/кг тобындағы пациенттер үшін ЖТҚ медианасына қол жеткізілмеді. 12 айлық ЖТҚ BCD-100, 1 мг/кг тобындағы пациенттер үшін 74,60 % құрады.
ЖТҚ медианасы 14,5 айлық бақылау медианасында (95 % СА 13,9–15,2) BCD-100 3 мг/кг тобындағы пациенттер үшін 15,01 айды (95 % СА 9,99 — қол жеткізілмеген) құрады. 12 айлық ЖТҚ BCD-100 3 мг/кг тобындағы пациенттер үшін 53,97 % құрады.
Жалпы тіршілік қабілетіне топтардың әрқайсысында ем желілері бойынша егжей-тегжейлі баға беруде статистикалық маңызды айырмашылықтар анықталған жоқ.
ЖТҚ медианасына BCD-100 препаратын 1 мг/кг дозада алған пациенттердің қосалқы топтарының ешқайсысында қол жеткізілмеді (p=0,800; лог-рангтық критерий). BCD-100, 3 мг/кг препараты тобында ЖТҚ медианасы бұрын емделмеген пациенттер үшін 16,8 айды (95% СА 9,33 - ҚЖ) және бұрын ем алғандар үшін 15 айды құрады (95% СА 7,46 - ҚЖ) (p=0,900; лог-рангтық критерий).
Дәлелдеу кезеңі
Жауап жиілігіне баға беру
mITT-популяцияда дакарбазинмен салыстырғандағы жауап жиілігін бағалау нәтижелері төмендегі кестеде берілген.
5-кесте. Жауапқа баға беру нәтижелері (mITT популяция, n = 76, RECIST 1.1)
Тиімділік параметрлері — RECIST 1.1
BCD100, 1 мг/кг (n = 61) — Дакарбазин 1000 мг/м2 (n = 15) — p мәні
n — % — n — %
ІЖ — 16 — 26,23 — 1 — 6,67 — 0,16691
ТЖ — 4 — 6,56 — 0 — 0,00 — 0,57921
АТ — 12 — 19,67 — 4 — 26,67 — 0,72411
АҮ — 26 — 42,62 — 9 — 60,00 — 0,22642
АБ — 32 — 52,46 — 5 — 33,33 — 0,18432
ЖЖЖ — 20 — 32,79 — 1 — 6,67 — 0,0213*
КТ-зерттеу жүргізгенге дейін шығып қалған — 3 — 4,92 — 1 — 6,67 — 1,0000¹
¹Фишердің дәл тестісі, ²Пирсонның хи-квадрат критерийі,* артықшылықтың біржақты гипотезасы үшін Пирсонның хи-квадрат критерийі
6-кесте. Жауапқа баға беру нәтижелері (mITT популяциясы, n = 76, irRECIST)
Тиімділік параметрлері — irRECIST
BCD100, 1 мг/кг (n = 61) — Дакарбазин 1000 мг/м2 (n = 15) — p мәні
n — % — n — %
ІЖ — 21 — 34,43 — 1 — 6,67 — 0,57631
ТЖ — 5 — 8,20 — 0 — 0,00 — 0,05341
АТ — 12 — 19,67 — 4 — 26,67 — 0,72411
АҮ — 20 — 32,79 — 9 — 60,00 — 0,05192
АБ — 38 — 62,30 — 5 — 33,33 — 0,04262
ЖЖЖ — 26 — 42,62 — 1 — 6,67 — 0,0046*
КТ-зерттеу жүргізгенге дейін шығып қалған — 3 — 4,92 — 1 — 6,67 — 1,00001
¹Фишердің дәл тестісі, ²Пирсонның хи-квадрат критерийі,* артықшылықтың біржақты гипотезасы үшін Пирсонның хи-квадрат критерийі
Жоғарыда ұсынылған деректер дакарбазинмен салыстырғанда BCD-100 препаратының ЖЖЖ параметрі бойынша статистикалық маңызды тиімділігі көбірек екенін айғақтайды (p < 0,05, артықшылықтың біржақты гипотезасы үшін Пирсонның хи-квадрат критерийі).
irRECIST критерийлері бойынша баға берген кезде жиіліктер айырмашылығы бір жақты 95 % СА-мен (0,2110; inf) және бір жақты 90 % СА-мен (0,2438; inf) 35,96 % құрады. Жиіліктер айырмашылығы үшін төменгі шектер бір жақты 95 % СА-мен және бір жақты 90 % СА-мен 0-ден жоғары болды. Демек, зерттелуші препараттың салыстыру препаратынан артықшылығы туралы болжам расталды. Дакарбазинмен салыстырғанда BCD-100 препаратының тиімділігінің артықшылығы туралы статистикалық болжам да жиілік айырмашылықтары үшін стандартты екі жақты 95% сенімді аралық құру кезінде расталды: 95 % СА (0,1825; 0,5366) 0-ден жоғары.
RECIST 1.1 критерийлері бойынша баға берген кезде жиіліктер айырмашылығы бір жақты 95 % СА-мен (0,1163; inf) және бір жақты 90 % СА-мен (0,1483; inf) 26,12 % құрады. Жиіліктер айырмашылығы үшін төменгі шектер бір жақты 95 % СА-мен және бір жақты 90 % СА-мен 0-ден жоғары болды. Демек, зерттелуші препараттың салыстыру препаратынан артықшылығы туралы болжам расталды. Дакарбазинмен салыстырғанда BCD-100 препаратының тиімділігінің артықшылығы туралы статистикалық болжам да жиілік айырмашылықтары үшін стандартты екі жақты 95% сенімді аралық құру кезінде расталды: 95 % СА (0,0885; 0,4339) 0-ден жоғары.
Үдеусіз тіршілік қабілетіне (ҮТҚ) баға беру
BCD-100 препараты тобында ҮТҚ есептеу үшін оқиғалар саны 61 пациенттен 32 болды, яғни аурудың үдеуі немесе өлім BCD-100 препаратын алған 52,46 % пациенттерде байқалды. BCD-100 тобындағы пациенттер үшін ҮТҚ медианасы 5,82 айды құрады, 95 % СА (2,27 — қол жеткізілмеген). 2 ай ішіндегі ҮТҚ 75,72 %, ал 12 ай ішіндегі ҮТҚ - 39,31 % құрады.
Дакарбазин препараты тобында ҮТҚ есептеу үшін оқиғалар саны 15 пациенттен 10 болды, яғни аурудың үдеуі немесе өлім дакарбазин алған 66,67 % пациенттерде байқалды. Дакарбазин препараты тобындағы пациенттер үшін ҮТҚ медианасы 2,10 айды құрады, 95 % СА (1,61 — қол жеткізілмеген). 2 ай ішіндегі ҮТҚ 66,67 % құрады.
6-сурет. BCD-100, 1 мг/кг тобындағы және дакарбазин препараты тобындағы пациенттер үшін ҮТҚ (mITT популяциясы, n=76)
BCD-100 препаратының және дакарбазин препаратының ҮТҚ параметрі бойынша тиімділігін салыстырған кезде BCD-100 тобындағы пациенттер үшін ҮТҚ медианасы дакарбазин препараты тобындағы пациенттер үшін ҮТҚ медианасынан 2 еседен астам жоғары болғанын айта кету керек (2,10 айға қарсы 5,82 ай). Қауіптер қатынасы (HR) ҮТҚ көрсеткіштері бойынша бір жақты 95% СА-мен (NA; 0,84) 0,45 құрады, оның жоғарғы шегі 1-ден аспайды. ҮТҚ көрсеткіші irRECIST критерийлері бойынша да, RECIST 1.1 критерийлері бойынша да баға берген кезде дакарбазин препараты тобындағы ҮТҚ-мен салыстырғанда BCD-100 тобында жоғары болды.
Жалпы тіршілік қабілетіне баға беру
BCD-100 препаратын алған пациенттер үшін бақылау медианасы 12,94 айды құрады (95 % СА 12,52;13,86). ЖТҚ есептеу үшін оқиғалар саны BCD-100 тобында 61 пациенттен 14 болды (22,95 %). BCD-100 тобындағы пациенттер үшін ЖТҚ медианасына қол жеткізілмеді. 2 ай ішіндегі ЖТҚ параметрі 96,67%, ал 12 ай үшін – 69,19% құрады. BCD-100 тобында mITT популяциясындағы пациенттердің жалпы тіршілік қабілеті төмендегі суретте көрсетілген.
7-сурет. BCD-100, 1 мг/кг тобындағы пациенттердің жалпы тіршілік қабілеті (mITT-популяциясы, n = 61)
Дакарбазин алған пациенттер тобындағы бақылау медианасы 2,10 айды құрады (95 % СА 2,07 — қол жеткізілмеген). Дакарбазин препараты тобындағы ЖТҚ есептеу үшін оқиғалар саны 1/15 (6,67 %) құрады. 2 ай ішіндегі ЖТҚ параметрі 91,67 % құрады.
BCD-100 препараты тобында және дакарбазин препараты тобында пациенттерді бақылау медианасында елеулі айырмашылықтар болды. Сонымен қатар, хаттама бойынша дакарбазин препараты тобындағы пациенттер ауру үдегеннен кейін BCD-100 еміне көше алатын болды, осыған байланысты, талдаудың бұл кезеңінде ЖТҚ параметрлеріне салыстыру жүргізу мақсатқа сай емес.