Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Таблетки
Дозировка
1 мг
Торговое наименование
Фолий қышқылы
Действующее вещество
Фолий қышқылы
Назначение
Макроцитарлы (фолий тапшылықты) анемияны емдеуде
Производитель
Открытое акционерное общество "Борисовский завод медицинских препаратов" (ОАО "БЗМП")
Страна
Беларусь
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – 1 мг фолий қышқылы;
қосымша заттар: сахароза, картоп крахмалы, стеарин қышқылы.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақшыл-сары түстен сары түске дейінгі ойығы мен сызығы бар жалпақ цилиндр пішінді таблеткалар.
Күңгірттеу және ақшылдау түсті теңбілдерінің болуына жол беріледі.
- макроцитарлы (фолий тапшылықты) анемияны емдеуде
- фолий қышқылының гипо- және авитаминозында, оның ішінде тропикалық және тропикалық емес спруда, толыққанды тамақтанбауда, жүктілікте, эпилепсияға қарсы дәрілерді қабылдайтын пациенттерде.
В тобының дәрумені (В9 дәрумені) ішек микрофлорасымен синтезделуі мүмкін. Организмде фолий қышқылы түрлі метаболизмдік үдерістерге қатысатын коэнзим болып табылатын тетрагидрофолий қышқылына дейін қалпына келеді. Мегалобласттың қалыпты жетілуі және нормобласттың түзілуі үшін қажет. Эритропоэзды стимуляциялайды, аминқышқылдары (соның ішінде глицин, метионин), нуклеин қышқылдары, пуриндер, пиримидиндердің синтезіне, холин, гистидиннің зат алмасуына қатысады. Жүктілік кезінде шарананың жүйке жүйесінің қалыпты дамуын қамтамасыз етеді.
Дозалану режимі
Макроцитарлы (фолий тапшылықты) анемияны емдеу үшін тағайындалады: ересектер мен 12 жастан асқан балаларға бастапқы дозаны тәулігіне 1 мг дейін (1 таблетка). Жоғары дозаларды қабылдағанда төзімділік дамуы мүмкін. Демеуші ем: ересектер мен 12 жастан асқан балаларға – 0,5 мг-ден (1/2 таблетка), жүктілік және лактацияда – тәулігіне 1 мг дейін.
Жүктілерге шарананың жүйке түтігінің ақауының дамуының профилактикасы үшін – тәулігіне 0,5 мг-ден (1/2 таблетка) тәулігіне 2,5 мг дейін (2,5 таблетка) болжанған жүктілікке дейін 4 аптаның ішінде. Қабылдауды жүктіліктің I триместрі бойы жалғастырады.
Емдік мақсатта (авитаминоздың ауырлығына байланысты) ересектерге – тәулігіне 5 мг дейін (5 таблетка) 20-30 күн ішінде. Фолий қышқылының емдік дозасын дәрігер анықтайды.
Қатар жүретін алкоголизмде, гемолиздік анемияда, созылмалы инфекциялық ауруларда, құрысуға қарсы ДП бір мезгілде қабылдағанда, гастрэктомиядан кейін, мальабсорбция синдромында, бауыр жеткіліксіздігінде, бауыр циррозында, стрессте препарат дозасы жоғарылатуы керек.
Енгізу тәсілі және жолы
Ішке. Тамақтанудың алдында.
- әсер етуші затқа немесе препараттың қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- 12 жасқа дейінгі балалар
Сақтықпен: пернициозды анемия және цианокобаламиннің тапшылығымен басқа да мегалобластты анемиялар
Жиілігі белгісіз
- анорексия, жүрек айнуы, іштің кебуі, ауыздағы ащы дәм
- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыну, бронх түйілуі, эритема, гипертермия).
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: фолий қышқылының 4–5 мг жоғары дозалары орталық жүйке жүйесі (ашуланшақтық және ұйқысыздық) және асқазан-ішек жолдары (жүректің айнуы, абдоминальді ауыру, метеоризм) тарапынан бұзылыстарды туындатуы мүмкін.
Емі: асқазанды шаю, қажет болғанда симптоматикалық ем.
Дәрілік препарат балаларда гипо- және авитаминоздың профилактикасына арналмаған (тәуліктік қажеттілік пен ДП дозалануының сәйкес келмеуіне байланысты).
В9 гиповитаминозының профилактикасына теңестірілген тамақтану дұрыс болады. В9 дәруменіне бай өнімдер – көкөністер (салат, шпинат, қызанақ, сәбіз), жаңа алынған бауыр, бұршақ тұқымдастар, қызылша, жұмыртқа, ірімшік, жаңғақтар, дәнді дақылдар.
Фолий қышқылын В12 тапшылығын (пернициозды), нормоцитарлық және апластикалық анемияны емдеу үшін, сондай-ақ емге рефрактерлік анемияны емдеуде қолданбайды. Пернициозды (В12 тапшылықты) анемия кезінде фолий қышқылы гематологиялық көрсеткіштерді жақсарта отырып, неврологиялық асқынуларды бүркемелейді. Пернициозды анемия жоққа шығарылғанша, фолий қышқылын тәулігіне 0,1 мг асатын дозаларда тағайындау ұсынылмайды (мыналардан басқада – жүктілік және лактация кезеңі).
Гемодиализ жүргізілетін пациенттер фолий қышқылының жоғары мөлшерін қажет ететінін ескеру керек.
Емдеу кезінде антацидтерді фолий қышқылын қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң, холестираминді - фолий қышқылын қабылдаудан 4–6 сағат бұрын немесе одан кейін 1 сағат өткен соң қолданған жөн.
Антибиотиктердің плазма және эритроциттердің фолий қышқылы концентрациясына микробиологиялық баға беру нәтижелерін бұрмалауы (жалғандығы белгілі төмендетілген көрсеткіштер беруі) мүмкін екендігін ескерген жөн.
Фолий қышқылының жоғары дозаларын қолданғанда, сондай-ақ ұзақ уақыт бойы емделгенде қанда B12 дәрумені (цианокобаламин) концентрациясы төмендеуі мүмкін. Фолий қышқылын ұзақ уақыт қолдануды В12 дәруменін қабылдаумен біріктіру ұсынылады.
Тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар тұлғаларға қолдануға қарсы көрсетілімді.
Арнайы ескертулер
Жүктілік кезінде қолданылуы
Дәрілік препарат көрсетілімдеріне қарай жүктілік кезінде және лактация кезінде қолданылады. Жүктіліктің ерте кезеңінде күнделікті фолий қышқылын қабылдау шарананың жүйке түтігі қалыптасуының ақауларының (анэнцефалия, омыртқа бағанының ыдырауы) алдын алуы мүмкін. Егер препаратты қабылдау жүктіліктің төртінші аптасынан кейін басталса, фолий қышқылы жүйке түтігінің ақауының даму мүмкіндігіне әсер етпейді.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері: әсер етпейді
Әсер етпейді.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Стероидты емес анальгетиктерді, құрысуға қарсы препараттарды (фенитоин мен карбамазепинді қоса), эстрогендер мен пероральді контрацептивтерді ұзақ уақыт қолдану фолий қышқылына қажеттілікті арттырады.
Фолий қышқылы фенитоиннің тиімділігін төмендетеді (оның дозасын арттыру қажет).
Антацидтер (оның ішінде Ca2+, Al3+ және Mg2+ препараттары), холестирамин, сульфонаминдер (оның ішінде, сульфасалазин) фолий қышқылының сіңірілуін төмендетеді.
Цитостатиктерді (метотрексат) немесе эпилепсияға қарсы препараттарды қабылдайтын науқастарда мегалобластты анемияның дамуын болдырмау үшін, қатарластырып фолий қышқылын тағайындау ұсынылады.
Пириметамин, триамтерен, триметоприм дигидрофолатредуктазаны тежейді және фолий қышқылының әсерін төмендетеді (оның орнына осы препараттарды қабылдайтын пациенттерге кальций фолинатын тағайындау керек).
Zn2+ препараттарына қатысты бірдей ақпарат жоқ: бір зерттеулер фолаттардың Zn2+ сіңуін тежейтінін көрсетеді, басқалары бұл деректерді жоққа шығарады.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.