Открытое акционерное общество «Борисовский завод медицинских препаратов»
Страна
Беларусь
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір капсуланың құрамында:
белсенді зат - флуконазол 50 мг немесе 150 мг;
қосымша заттар: лактоза моногидраты, магний стеараты, натрий лаурилсульфаты, повидон К-17, картоп крахмалы;
капсуланың құрамы: желатин, титанның қостотығы Е 171, метилпарагидроксибензоат Е 218, пропилпарагидроксибензоат Е 216.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ түсті, ұштары жартылай сфера сияқты цилиндр пішінді қатты желатин капсулалар.
Капсула ішіндегісі – ақ немесе сарғыш реңді ақ түсті түйіршік пен ұнтақ қоспасы.
Флуконазол ересектердегі келесі ауруларды емдеу үшін көрсетілген:
– криптококкты менингит;
– кокцидиоидомикоз;
– инвазиялық кандидоз;
– шырышты қабық кандидозы, оның ішінде орофарингиальді кандидоз, өңеш кандидозы, кандидурия және созылмалы тері-шырышты кандидоз;
– ауыз қуысының гигиенасын сақтау немесе жергілікті емдеу жеткіліксіз болған кезде ауыз қуысының созылмалы атрофиялық кандидозы (тіс протездерін қолдануға байланысты),
– жедел немесе қайталанатын түрдегі қынап кандидозы, егер жергілікті ем қолданылмаса;
– кандидозды баланит, егер жергілікті ем қолданылмаса;
– дерматомикоздар, соның ішінде табан дерматофитиясы, дене дерматофитиясы, шап дерматофитиясы, түрлі-түсті теміреткі және терінің кандидоздық инфекциялары (жүйелі емдеу көрсетілген кезде);
– тырнақ дерматофитиясы (онихомикоз) (басқа препараттармен емдеуге болмайтын кезде).
Флуконазол ересектердегі келесі аурулардың профилактикасы үшін көрсетілген:
– қайталану қаупі жоғары пациенттерде криптококкты менингиттің қайталануы;
– қайталану қаупі жоғары АИТВ жұқтырған пациенттерде орофарингеальді кандидоз және өңеш кандидозының қайталануы;
– қынаптық кандидоздың қайталану жиілігін төмендету үшін (жылына 4 немесе одан да көп эпизодтар);
– ұзаққа созылатын нейтропениясы бар пациенттердегі (мысалы, химиялық емнен өтетін қатерлі гематологиялық аурулары бар пациенттер немесе сүйек кемігінің трансплантациясы жасалған пациенттер) кандидоздық инфекциялар профилактикасы.
6 жастан бастап балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге:
– шырышты қабықтар кандидозын (орофарингеальді кандидоз, өңеш кандидозы), инвазиялық кандидозды, криптококкты менингитті емдеу және иммунитеті әлсіреген пациенттерде кандидоздық инфекциялардың профилактикасы;
– қайталанудың даму қаупі жоғары балаларда криптококкты менингиттің қайталануын болдырмау үшін демеуші ем ретінде қолдану.
Емді өсірінділік зерттеулер және басқа зертханалық зерттеулердің нәтижелерін алғанға дейін бастауға болады, алайда осы нәтижелер алынғаннан кейін зеңге қарсы емдеуді тиісті түрде түзету керек.
Зеңге қарсы дәрілерді дұрыс пайдалану жөніндегі ресми нұсқаулықтарды ескеру керек.
ATХ коды J02AC01
Әсер ету механизмі
Флуконазол - триазольдік топтағы зеңге қарсы дәрі. Оның әсер етуінің негізгі механизмі зеңдердегі эргостерол биосинтезіндегі негізгі қадам болып табылатын 14-альфа-ланостеролдың зеңдік цитохромы арқылы жүретін Р - 450 деметилдену реакциясын бәсеңдету болып табылады. 14-альфа - метилстеролдардың жинақталуы зеңдердің жасушалық жарғақшасының құрамына кіретін эргостеролдың кейінгі тапшылығымен өзара байланысты; бұл үдеріс флуконазолдың зеңге қарсы әсер етуінің негізінде жатыр. Флуконазол Р-450 цитохромына тәуелді зеңдік ферменттерге қатысты жоғары ерекшелікке ие. Флуконазол сүтқоректілердің P-450 цитохром жүйесінің әртүрлі изоферменттеріне қарағанда Р-450 зеңдік цитохромы жүйесінің изоферменттеріне қатысты селективті екендігі анықталды.
Флуконазолмен 28 тәулікке дейін тәулігіне 50 мг-дік терапия плазмадағы тестостерон концентрациясына немесе бала туу жасындағы әйелдердегі стероидтар концентрациясына әсер етпеді. Флуконазол тәулігіне 200-400 мг дозада эндогендік стероидтар деңгейіне және дені сау еркектерде АКТГ стимуляцияланатын реакцияға клиникалық маңызды әсер етпейді. Антипиринмен өзара әрекеттесу бойынша зерттеулер флуконазолдың 50 мг дозасын бір рет немесе көп рет қабылдау оның метаболизміне әсер етпейтінін көрсетті.
Фармакодинамикалық әсерлері
In vitro сезімталдық.
In vitro зерттеулерде флуконазол клиникалық тәжірибеде кең таралған Candida зең түрлеріне (оған қоса C. albicans, C. parapsilosis, C. tropicalis) қатысты зеңге қарсы белсенділігін көрсетеді. C. glabrata флуконазолға сезімталдықтың төмендігін, ал C. krusei және C. auris флуконазолға төзімді екенін көрсетеді. C. guilliermondii үшін флуконазолдың ең төменгі тежегіш концентрациясы (ЕТТК) және эпидемиологиялық кесу мәні (ECOFF) C. albicans қарағанда жоғары.
Флуконазо in vitro Cryptococcus neoformans және Cryptococcus gattii қатысты, сондай-ақ Blastomyces dermatiditis, Coccidioides immitis, Histoplasma capsulatum және Paracoccidioides brasiliensis эндемиялық өңездік зеңдерге қарсы белсенділік көрсетті.
Резистенттіліктің даму механизмі
Candida тектес зеңдерде азол тобындағы антимикотиктердің әсеріне қарсы бірқатар қорғағыш механизмдер анықталды. Осындай резистенттіліктің бір немесе бірнеше механизмдерін жасаған зеңді штаммдар үшін флуконазолдың ЕТТК артты, бұл in vivo зерттеулерде және клиникалық практикада препараттың тиімділігіне теріс әсер етеді.
Әдетте флуконазолға сезімтал Candida түрлерінде резистенттілік қалыптастырудың ең көп таралған механизмі эргостерол биосинтезіне жауап беретін азол қосылыстарына әсер ететін нысаналық ферменттер болып табылады. Резистенттілік мутация, фермент өндірісінің жоғарылауы, дәрілік заттың эффлюкс механизмдері немесе метаболизмдік жолдардың қалыптасуы нәтижесінде дамуы мүмкін.
C. albicans-тен ерекшеленетін Candida түрлерімен суперинфекция туралы хабарламалар болды, олар көбінесе бастапқыда төмен сезімталдыққа (C. glabrata) немесе флуконазолға төзімділікке (мысалы, C. krusei, C. auris) ие. Мұндай инфекциялар альтернативті зеңге қарсы терапияны қажет етуі мүмкін. C. krusei сияқты флуконазолға табиғи резистенттілігі бар немесе C. auris сияқты жаңадан пайда болған кейбір Candida түрлері үшін резистенттілік механизмдері толық анық емес.
EUCAST шекаралық сезімталдық мәндері
Фармакокинетикалық/фармакодинамикалық (ФК/ФД) деректерді, in vitro сезімталдықты және клиникалық жауапты талдау негізінде EUCAST AFST (Еуропадағы микроорганизмдердің бактерияға қарсы дәрілерге сезімталдығын анықтау жөніндегі комитет - зеңдердің зеңге қарсы препараттарға сезімталдығын анықтау жөніндегі кіші комитет) Сandida тұқымдасының түрлері үшін флуконазолға сезімталдық шекараларын анықтады («EUCAST Fluconazole rational document (2020)» құжаты - 3-редакция); Еуропадағы микроорганизмдердің бактерияға қарсы дәрілерге сезімталдығын анықтау жөніндегі комитет, зеңге қарсы препараттар, ЕТТК интерпретациясы үшін шекаралық мәндері бар кестелер, 10.0-редакция 04.02.2020 ж. бастап жарамды. Шекаралық мәндер негізінен ФК/ФД деректері негізінде анықталған және белгілі бір түрлер үшін ЕТТК таралуына тәуелді емес және адамдарда инфекцияны жиі тудыратын түрлерге байланысты емес түрлерге бөлінді. Бұл шекаралық мәндер төмендегі кестеде келтірілген.
Зеңге қарсы препараттар — Қоздырғыш түріне байланысты сезімталдық шекаралары (С< / Р>) мг/л — Түрге тәуелді емес сезімталдық шекаралары АС</Р> мг/л
Candida albicans — Candidadubliniensis — Candida glabrata — Candida krusei — Candida parapsilosis — Candida tropicalis
Флуконазол — 2/4 — 2/4 — 0,001*/16 — — — 2/4 — 2/4 — 2/4
С — сезімтал; Р — резистентті.
А — қоздырғыш түріне тәуелді емес сезімталдық шекаралары негізінен ФК/ФД деректері негізінде анықталды және нақты түрлердің ЕТТК таралуына тәуелді емес. Олар тек спецификалық шекаралық мәні жоқ организм үшін қолдануға арналған.
Сызықша — сезімталдыққа сынақтар жүргізу ұсынылмайды, өйткені осы түр аталған дәрілік препаратпен терапияға нашар жауап береді.
* — Барлық C. glabrata штаммдары «П» санатына жатады. C. glabrata үшін ЕТТК мәндері 16 мг/л-ден жоғары резистенттілік мәндері ретінде түсіндірілуі керек. Сезімталдық санаты (≤0,001 мг/л) тек «П» штаммдарының «С» штаммдарына қате жатқызылуын болдырмау үшін ұсынылған. «П» — сезімтал, жоғары әсер: микроорганизм емдеудің сәтті болу ықтималдығы жоғары болған кезде «сезімтал, жоғары әсер» ретінде жіктеледі, өйткені заттың әсер етуі оның дозалау режимін немесе инфекция орнындағы концентрациясын түзету нәтижесінде жоғарылайды.
Дозалау режимі
Тәуліктік дозасы зеңдік инфекцияның табиғатына және ауырлығына байланысты және әр адамға жекелей анықталады. Емдеу ұзақтығы клиникалық және микологиялық әсеріне байланысты болады.
Емдеу ұзақтығы дұрыс таңдап алынбаса инфекцияның қайталануына әкелуі мүмкін
Ересектер
Көрсетілімдері — Дозалау режимі — Емдеу ұзақтығы
Криптокок-коз — Криптококкты менингитті емдеу — Жүктеме доза: бірінші күні 400 мг. Кейінгі дозалар: тәулігіне 200 мг-ден 400 мг дейін — Әдетте, кем дегенде 6-8 апта ішінде Өмірге қауіпті инфекциялық ауруларды емдеу жағдайында тәуліктік дозаны 800 мг-ге дейін арттыруға болады
Қайталану қаупі жоғары пациенттерде криптокок-кты менингиттің қайталануын болдырмау үшін демеуші ем — Тәулігіне 200 мг — 200 мг тәуліктік дозада, шектеусіз
Кокцидиоидомикоз — 200 мг-ден 400 мг дейін — Пациенттің жай-күйіне байланысты 11 -ден 24 айға дейін немесе одан ұзағырақ. Кейбір инфекцияларда, әсіресе менингитте доза күніне 800 мг-ге дейін арттырылуы мүмкін
Инвазиялық кандидоз — Жүктеме доза: бірінші күні 800 мг Кейінгі дозалар: тәулігіне 400 мг — Әдетте, кандидемияны емдеуді зеңдік инфекцияға қатысты қан талдауының теріс нәтижесін алғаннан кейін және кандидемияға байланысты белгілер мен симптомдар жоғалғаннан кейін 2 апта бойы жалғастыру ұсынылады
Шырышты қабықтардың кандидозын емдеу — Орофарингеальді кандидоз — Жүктеме доза: бірінші күні 200 мг-ден 400 мг дейін. Кейінгі дозалар: тәулігіне 100 мг-ден 200 мг-ге дейін — 7-ден 21 күнге дейін (орофарингеальді кандидоздың ремиссиясына жеткенге дейін). Иммундық жүйенің ауыр бұзылуы бар пациенттерде терапияның ұзақ кезеңдерін қолдануға болады.
Өңеш кандидозы — Жүктеме доза: бірінші күні 200 мг-ден 400 мг дейін. Кейінгі дозалар: тәулігіне 100 мг-ден 200 мг-ге дейін — 14-тен 30 күнге дейін (өңеш кандидозының ремиссиясына жеткенге дейін). Иммундық жүйенің ауыр бұзылуы бар пациенттерде терапияның ұзақ кезеңдерін қолдануға болады.
Кандидурия — Тәулігіне 200 мг-ден 400 мг дейін — 7-ден 21 күнге дейін. Иммундық жүйенің ауыр бұзылуы бар пациенттерде терапияның ұзақ кезеңдерін қолдануға болады.
Созылмалы атрофиялық кандидоз — Тәулігіне 50 мг — 14 күн
Созылмалы тері-шырышты кандидоз — Тәулігіне 50 мг-ден 100 мг дейін — 28 күнге дейін. Инфекцияны ауырлық дәрежесіне немесе иммундық функцияның бұзылуына және инфекцияға байланысты терапияның ұзақ кезеңдерін қолдануға болады.
Қайталану қаупі жоғары АИТВ жұқтырған пациенттерде шырышты қабық кандидозы қайталануының профилактикасы — Орофарингеальді кандидоз — Тәулігіне 100 мг-ден 200 мг дейін немесе аптасына үш рет 200 мг — Созылмалы иммунодепрессивті жай-күйдегі пациенттерде препаратты қолдану мерзімі шектелмеген
Өңеш кандидозы — Тәулігіне 100 мг-ден 200 мг дейін немесе аптасына үш рет 200 мг — Созылмалы иммунодепрессивті жай-күйдегі пациенттерде препаратты қолдану мерзімі шектелмеген
Генитальді кандидоз — Жедел қынаптық кандидоз — 150 мг — Бір рет
Кандидозды баланит — 150 мг — Бір рет
Қынаптық кандидоздың қайталануын емдеу және профилактикасы (жылына 4 немесе одан да көп эпизод) — Әр үш күнде 150 мг - барлығы 3 доза (1, 4 және 7-ші күндері), содан кейін аптасына бір рет 150 мг доза — Демеуші доза: 6 ай
Дерматоми-коз — Табан дерматофитиясы, дене дерматофитиясы, шап дерматофитиясы, кандидоз — Аптасына бір рет 150 мг немесе тәулігіне бір рет 50 мг — 2-ден 4 аптаға дейін, бірақ табан дерматофитиясын емдеу үшін 6 аптаға дейін терапия қажет болуы мүмкін
Түрлі түсті теміреткі — Аптасына бір рет 300-ден 400 мг дейін — 1-ден 3 аптаға дейін
Тәулігіне бір рет 50 мг — 2-ден 4 аптаға дейін
Тырнақ дерматофитиясы (онихомикоз) — Аптасына бір рет 150 мг — Емдеуді жұқтырған тырнақ ауыстырылғанға дейін жалғастыру керек (инфекцияланбаған тырнақ өспейді). Қол-аяқтағы тырнақтарды қалпына келтіру үшін әдетте тиісінше 3-6 ай және 6-12 ай қажет. Дегенмен, өсу жылдамдығы әр адамда және жасына байланысты айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін. Кейбір жағдайларда ұзаққа созылған созылмалы инфекцияны емдеу сәтті аяқталғаннан кейін тырнақтар деформацияланған күйінде қалады.
Нейтропениясы ұзаққа созылған пациенттерде кандидозды инфекциялардың профилактикасы — 200 мг-ден 400 мг дейін — Емдеуді нейтропенияның күтілетін пайда болуынан бірнеше күн бұрын бастау керек және нейтрофилдер саны мм 3-не 1000 жасушадан асқаннан кейін 7 күн бойы жалғастыру керек.
Пациенттердің ерекше топтары
Егде жастағы пациенттер
Препараттың дозасы пациенттің бүйрек функциясын ескере отырып түзетілуі тиіс.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бір реттік қолдану жағдайында дозаны түзету талап етілмейді. Флуконазолды көп рет қабылдайтын емді жоспарлаған бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде (оның ішінде бала жастағы пациентерде) препараттың нақты көрсетілім үшін ұсынылған тәуліктік дозаға негізделген бастапқы дозасы 50 мг-ден 400 мг дейін болуы тиіс. Бастапқы жүктеме дозасынан кейін күндізгі дозасы (көрсетілімдері бойынша) төмендегі кестеде келтірілген ақпарат негізінде есептелуі тиіс:
Креатинин клиренсі (мл/мин) — Ұсынылатын доза пайызы
>50 — 100 %
≤50 (гемодиализсіз) — 50 %
Гемодиализ — Әрбір гемодиализден кейін 100%
Гемодиализдегі пациенттер әрбір гемодиализден кейін ұсынылатын дозаның 100% алуы керек; диализ болмаған күндері пациенттер креатинин клиренсіне сәйкес азайтылған дозаны қабылдауы керек.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Препаратты бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде қолдану туралы деректер жеткіліксіз, сондықтан бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге флуконазолды сақтықпен тағайындаған жөн.
Кіші және ересек жастағы балалар (6-дан 12 жасқа дейін)
Балалар үшін ең жоғарғы тәуліктік доза 400 мг-ден аспауы тиіс.
Ересектердегі инфекциялар сияқты, емнің ұзақтығы клиникалық жауапқа және препараттың зеңдік инфекцияға сезімталдығына негізделуі тиіс. Препаратты тәулігіне бір рет қабылдау керек.
Флуконазолдың фармакокинетикасы бүйрек жеткіліксіздігі бар бала жастағы пациенттерде зерттелген жоқ.
Көрсетілімі — Дозалау режимі — Нұсқаулар
Шырышты қабық кандидозы — Бастапқы доза: 6 мг/кг Кейінгі дозалар: тәулігіне бір рет 3 мг/кг — Бастапқы дозаны препараттың қандағы тұрақты деңгейлеріне жылдам жету үшін бірінші күні қабылдауға болады
Инвазиялық кандидоз Криптококкты менингит — Доза: тәулігіне бір рет 6-дан 12 мг/кг дейін — Аурудың ауырлығына байланысты
Аурудың қайталануының даму қаупі жоғары балаларда криптококкты менингиттің қайталануына жол бермеу үшін демеуші ем — Доза: тәулігіне бір рет 6 мг/кг — Аурудың ауырлығына байланысты
Иммунодепрессивтік жай-күйдегі пациенттерде кандидоздың профилактикасы — Доза: тәулігіне бір рет 3-тен 12 мг/кг дейін — Индукцияланған нейтропенияның дәрежесі мен ұзақтығына байланысты
Жасөспірімдер (12 жастан 18 жасқа дейін)
Салмағына және пубертаттық дамуға байланысты, нақты пациент үшін дозалаудың қандай режимі (ересектерге және балаларға) қолайлы екенін анықтау қажет. Клиникалық деректер флуконазолдың ересектерге қарағанда балаларда жылдамырақ шығарылатынын айғақтайды. Салыстырымды жүйелі әсерін алу үшін ересектерде 100 мг, 200 мг және 400 мг доза балалардағы 3 мг/кг, 6 мг/кг және 12 мг/кг дозаға сәйкес келуі тиіс.
Препараттың балаларда генитальді кандидозды емдеу үшін қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Жасөспірімдерде (12-ден 18 жасқа дейін) генитальді кандидозды емдеу қажет болған жағдайда, препаратты ересек пациенттерде пайдаланылатын дозалау режиміне сәйкес тағайындау керек.
Енгізу жолы және әдісі
Пероральді. Капсулаларды ішке бүтіндей, тамақ ішуге байланыссыз қабылдайды.
- әсер етуші затқа және құрылымы жағынан азольді қосылыстарға ұқсас, сондай-ақ қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық;
- егер флуконазолдың дозасы тәулігіне 400 мг асқан жағдайда терфенадинмен бірге қолдану;
- флуконазол мен цизапридті, астемизолды, эритромицинді, пимозидті, хинидинді, галофантринді, сондай-ақ ЭКГ-де QT аралығын ұзартатын және CYP3A4 цитохромы жүйесі арқылы метаболизденетін басқа да дәрілерді бірге қабылдау;
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға қолдануға болмайды;
- 6 жасқа дейінгі балалар.
Жиі
- бас ауыруы;
- іш ауыруы, құсу, жүрек айнуы, диарея;
- қандағы аланинаминотрансфераза (АЛТ), аспартат-аминотрансфераза (АСТ), сілтілік фосфатаза белсенділігінің ұлғаюы;
- бөртпе.
Жиі емес
- анемия;
- тәбеттің төмендеуі;
- ұйқышылдық, ұйқысыздық;
- құрысулар, парестезия, бас айналуы, дәм сезудің өзгеруі;
- вертиго;
- іш қату, ас қорытудың бұзылуы, іштің кебу сезімі, ауыздың құрғауы;
- холестаз, сарғаю, билирубин концентрациясының артуы;
- дәрі-дәрмектік бөртпе*, есекжем, қышыну, гипергидроз, баяу типтегі аллергиялық реакциялар**;
- бұлшықет ауруы;
- қатты қажу, өзін нашар сезіну, әлсіздік, температураның жоғарылауы.
Сирек
- агранулоцитоз, лейкопения, тромбоцитопения, нейтропения;
- анафилаксия;
- гиперхолестеринемия, гипертриглицеридемия, гипокалиемия;
- тремор;
- пируэтті қарыншалық тахикардия, QT аралығының ұзаруы;
- бауыр жеткіліксіздігі, гепатоцеллюлярлы некроз, гепатит, гепатоцеллюлярлы зақымданулар;
- уытты эпидермалық некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, жедел жайылған экзантематозды пустулёз, эксфолиативті дерматит, Квинке ісінуі, беттің ісінуі, алопеция.
Белгісіз
- эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен жүретін дәрілік реакция (DRESS).
* тұрақты дәрі-дәрмектік бөртпені қоса
** препаратта метилпарагидроксибензоат Е 218 және пропилпарагидроксибензоат Е 216 болуына байланысты.
Балалар
Клиникалық зерттеулер кезінде балаларда тіркелген жағымсыз реакциялардың және зертханалық ауытқулардың бейіні мен даму жиілігі, препаратты генитальді кандидозды емдеуге қолдануды қоспағанда, ересектердегі осындайлармен салыстыруға болады.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Елестеулермен және параноидальді мінез-құлықпен қатар жүретін флуконазолдың артық дозалануы туралы хабарламалар бар.
Артық дозаланған жағдайда симптоматикалық ем жүргізу (оның ішінде демеуші шаралар және асқазанды шаю) жеткілікті болуы мүмкін.
Флуконазол негізінен несеппен шығарылады, сондықтан қарқындатылған диурез оның шығарылуын жылдамдатуы мүмкін. Ұзақтығы 3 сағаттық гемодиализ сеансы флуконазолдың қан плазмасындағы деңгейін шамамен 50%-ға төмендетеді.
Бастың түкті бөлігінің дерматофитиясы
Балалардағы бастың шашты бөлігінің дерматофитиясын емдеуде флуконазолды қолдану бойынша зерттеулер оның тиімділігі жағынан гризеофулвиннен басым емес екенін көрсетті: емдеудің жалпы табыстылығы 20%-дан аз болды. Осылайша, Флуконазолды бастың шашты бөлігінің дерматофитиясын емдеу үшін қолдануға болмайды.
Криптококкоз
Флуконазолдың басқа саладағы криптококкозды (мысалы, өкпе мен тері криптококкозы) емдеу үшін тиімділігі туралы дәлелденген деректер жеткіліксіз, сондықтан препаратты дозалау бойынша нұсқаулар беру мүмкін емес.
Терең эндемиялық микоздар
Паракокцидиоидомикоз, тері-лимфа споротрихозы және гистоплазмоз сияқты эндемиялық микоздардың басқа түрлерін емдеуде Флуконазолдың тиімділігі туралы дәйекті деректер шектеулі, соның салдарынан дозалауға қатысты қандай да бір нұсқаулар беру мүмкін емес.
Бүйрек функциясының бұзылуы
Флуконазолды бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Бүйрек үсті безі функциясының бұзылуы
Кетоконазол бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігін тудыратыны белгілі және сирек жағдайларда бұл флуконазолды қолданғанда сирек болса да байқалуы мүмкін. Преднизонмен бір мезгілде емдеу кезінде бүйрек үсті безінің қыртысының жеткіліксіздігіне қатысты ақпаратты «Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі» бөлімінен қараңыз.
Бауыр мен өт шығару жолдары функциясының бұзылуы
Флуконазолды бауыр функциясы бұзылған пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.
Сирек жағдайларда флуконазолды қолдану ауыр гепатоуыттылықпен, оның ішінде өліммен аяқталумен, негізінен күрделі қатар жүретін аурулары бар пациенттерде жүреді. Флуконазолмен байланысты гепатоуыттылық жағдайларында жалпы тәуліктік дозамен, емдеу ұзақтығымен, пациенттердің жынысымен немесе жасымен қандай да бір айқын өзара байланыс байқалған жоқ. Флуконазолдың гепатоуыттылығы әдетте қайтымды сипатта болды және емдеу тоқтатылғаннан кейін өтті.
Флуконазолмен емдеу кезінде бауыр функциясының зертханалық көрсеткіштерінің ауытқулары бар пациенттер бауырдың анағұрлым ауыр зақымдануының алдын алу мақсатында тұрақты бақылауда болуы тиіс.
Емдеуші дәрігер пациенттерге бауыр үшін ауыр зардаптардың тән симптомдары (астения, анорексия, тұрақты жүрек айнуы, құсу және сарғаю) туралы хабарлауы тиіс. Флуконазолды қабылдауды дереу тоқтату керек, ал пациент дәрігермен кеңесу керек.
Жүрек-қантамыр жүйесі
Кейбір азолдарды, оның ішінде флуконазолды қолданғанда электрокардиограммада QT аралығының ұзаруы жағдайлары орын алды. Флуконазол түзеткіш калий өзекшелері (Ikr) арқылы ион ағынын тежеу арқылы QT аралығын ұзартады. Басқа препараттармен (мысалы, амиодарон) туындаған QT аралығының ұзаруы P-450 CYP3A4 цитохромының тежелуімен күшейтілуі мүмкін. Тіркеуден кейінгі бақылау барысында Флуконазолды қабылдаған пациенттерде QT аралығы ұзаруының және полиморфты қарыншалық тахикардияның (torsades de pointes) өте сирек жағдайлары тіркелді. Осы жағдайлардың ішінде көптеген қауіпті факторлары бар ауыр пациенттер туралы хабарламалар болды, мысалы, құрылымдық жүрек ауруы, электролиттердің бұзылуы және жағдайға әсер етуі мүмкін қатарлас препараттар. Гипокалиемиясы және ауыр жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде өмірге қауіп төндіретін қарыншалық аритмия және полиморфты қарыншалық тахикардия қаупі жоғары.
Флуконазолды потенциалды проаритмиялық жағдайлары бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. QT аралығын ұлғайтатыны және P-450 CYP3A4 цитохромының көмегімен метаболизденетіні белгілі басқа дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдануға болмайды.
Галофантрин
Галофантрин ұсынылған емдік дозада QT аралығын ұлғайтады және CYP3A4 субстраты болып табылады. Сондықтан флуконазол мен галофантринді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Тері реакциялары
Флуконазолмен емдеу кезінде сирек жағдайларда пациенттерде Стивенс - Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз сияқты эксфолиативті тері реакциялары дамиды. Эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен дәрілік реакция (DRESS-синдром) жағдайлары туралы хабарланды. ЖИТС ауыратын пациенттер көптеген дәрілік препараттарға ауыр тері реакцияларының дамуына бейім. Егер беткейлік зеңдік инфекциясынан емделіп жатқан пациентте флуконазолдың әсеріне жатқызуға болатын бөртпе пайда болса, осы дәрілік препаратпен емдеуді тоқтату керек. Инвазиялық/жүйелі зеңдік инфекциялары бар пациенттерде бөртпе туындаған кезде буллезді зақымданулар немесе көп формалы эритема дамыған жағдайда оларға мұқият бақылау жүргізу және флуконазолды тоқтату керек.
Аса жоғары сезімталдық
Анафилаксиялық реакцияның сирек жағдайлары тіркелді.
Цитохром P - 450
Флуконазол CYP2C9 изоферменті мен CYP3A4 изоферментінің орташа тежегіші, сондай-ақ CYP2C19 изоферментінің күшті тежегіші болып табылады. Флуконазолды CYP2C9, CYP2C19 және CYP3A4 изоферменттерімен метаболизденетін терапиялық диапазоны тар дәрілік препараттармен бір мезгілде қабылдайтын пациенттерге бақылау жүргізген жөн.
Терфенадин
Флуконазолды тәулігіне 400 мг-ден аз дозада және терфенадинді бір мезгілде қолдануды емдеуші дәрігердің мұқият қадағалауымен жүргізген жөн.
Кандидоз
Зерттеулер C. albicans-тен ерекшеленетін Candida түрлері тудыратын инфекциялардың үдемелі таралғыштығын көрсетті. Олар шығу тегі бойынша көбіне төзімді (мысалы, C. krusei және C. auris) немесе флуконазолға төмен сезімталдықты (C. glabrata) көрсетеді. Мұндай инфекциялар емдеудің тиімсіздігіне байланысты альтернативті зеңге қарсы терапияны қажет етуі мүмкін. Сондықтан дәрігерлерге Candida әр түрлерінде флуконазолға төзімділіктің таралуын ескеру ұсынылады.
Қосымша заттар
Дәрілік препараттың құрамында:
- лактоза бар, сирек кездесетін тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лопарлардағы лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге бұл препаратты қабылдамаған жөн;
- бір капсулада 1 ммольден кем натрий бар (23 мг), яғни құрамында натрий жоқ дерлік;
- метилпарагидроксибензоат (E 218) және пропилпарагидроксибензоат (E 216) баяу типті аллергиялық реакцияларды туындатуы мүмкін.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың автокөлікті жүргізу және механикалық жабдыққа қызмет көрсету қабілетіне әсерін зерттеу жүргізілген жоқ.
Алайда, препаратты қолданған кезде бас айналудың немесе құрысудың даму мүмкіндігін ескеру керек. Осы симптомдардың кез-келгені дамыған кезде сіз көлік құралының рөліне отырмаңыз және механикалық жабдықпен жұмыс істеуге кіріспеуіңіз керек.
• Егер Сіз жүкті болсаңыз немесе бала емізетін болсаңыз, жүкті боламын деп ойласаңыз немесе балалы болуды жоспарласаңыз, осы дәрілік препаратты қабылдамас бұрын өзіңіздің дәрігеріңізден немесе фармацевттен кеңес алыңыз.
• Егер Сіз жүкті болуды жоспарласаңыз, жүкті болмас бұрын флуконазолды бір рет қабылдағаннан кейін бір апта күту ұсынылады.
• Флуконазолмен емдеудің едәуір ұзақ курстарын жүргізген кезде өзіңіздің дәрігеріңізден емдеу кезінде тиісті контрацепцияның қажеттілігі туралы кеңес алыңыз, ол соңғы дозаны қабылдағаннан кейін бір апта бойы жалғасуы тиіс.
• Егер Сіз жүкті болсаңыз, жүкті болуыңыз мүмкін деп күдіктенсеңіз, дәрігер Сізге бұл туралы айтпаса, жүкті болуға тырысып жүрсеңіз, Сізге флуконазолды қабылдамаған жөн. Егер Сіз осы дәрілік препаратты қабылдау кезінде немесе соңғы дозаны қабылдағаннан кейін 1 апта ішінде жүкті болып қалсаңыз, дәрігерге қаралыңыз.
• Жүктіліктің бірінші немесе екінші триместрінде қабылданған Флуконазол түсік тастау қаупін арттыруы мүмкін. Бірінші триместрде қабылданған Флуконазол туа біткен жүрек, сүйек және/немесе бұлшықет ақаулары бар баланы туу қаупін елеусіз арттыруы мүмкін.
• Үш немесе одан да көп ай бойы кокцидиоидомикоздан флуконазолдың едәуір жоғары дозаларын (күн сайын 400-800 мг) қабылдаған әйелдерде бас сүйегінің, құлақтың және жамбас пен шынтақ сүйектерінің туа біткен ақауларымен туылған нәрестелер туралы хабарламалар түсті. Флуконазол мен осы жағдайлардың арасындағы байланыс түсініксіз.
• Лактация
Сіз Флуконазол 150 мг дәрілік препаратының бір дозасын қабылдағаннан кейін бала емізуді жалғастыра аласыз.
Егер Сіз флуконазолдың бірнеше дозасын қабылдасаңыз, баланы емізбеген жөн.
• Егер Сіз төмендегі препараттардың қайсы-бірін қабылдап жүрсеңіз, жақында қабылдаған болсаңыз немесе қабылдауыңыз мүмкін болса дәрігерге немесе фармацевтке хабарлаңыз.
Егер Сіз астемизол, терфенадин (аллергияны емдеуге арналған антигистамин), цизаприд (асқазандағы бұзылысты емдеуге арналған препарат), пимозид (психикалық ауруларды емдеуге арналған препарат), хинидин (жүрек аритмиясын емдеуге арналған препарат) немесе эритромицин (инфекцияны емдеуге арналған антибиотик) қабылдап жүрсеңіз, дереу дәрігерге хабарлаңыз, өйткені оларды флуконазолмен қолдануға болмайды.
Кейбір дәрілік препараттар флуконазолмен өзара әрекеттесуі мүмкін. Егер Сіз төмендегі препараттарды қабылдап жатсаңыз, Сіздің дәрігер бұл туралы білетініне көз жеткізіңіз, себебі дәрілік препараттардың әлі де қажетті әсер ететініне көз жеткізу үшін дозаны түзету немесе бақылау қажет болуы мүмкін:
• рифампицин немесе рифабутин (инфекцияны емдейтін антибиотиктер);
• аброцитиниб (атопиялық экзема ретінде белгілі атопиялық дерматитті емдеу үшін қолданылады);
• альфентанил, фентанил (анестетик ретінде қолданылады);
• амитриптилин, нортриптилин (антидепрессант ретінде қолданылады);
• амфотерицин В, вориконазол (зеңге қарсы препараттар);
• тромб түзілуінің алдын алу үшін қанды сұйылтатын дәрілік препараттар (варфарин немесе ұқсас дәрілік препараттар);
• ұйқысыздықты немесе мазасыздықты емдеуге арналған бензодиазепиндер (мидазолам, триазолам немесе ұқсас препараттар);
• карбамазепин, фенитоин (эпилепсиялық ұстамаларды емдеуге арналған препараттар);
• нифедипин, исрадипин, амлодипин, верапамил, фелодипин және лозартан (гипертензияны — жоғары артериялық қысымды емдеуге арналған препараттар);
• олапариб (аналық без обырын емдеуге арналған препарат);
• циклоспорин, эверолимус, сиролимус немесе такролимус (трансплантатты қабылдамай ажыраудың алдын алуға арналған препараттар);
• циклофосфамид, қатерлі жаңа түзілімдерді емдеу үшін қолданылатын қабыршөп алкалоидтары (винкристин, винбластин немесе ұқсас препараттар);
• галофантрин (безгекті емдеуге арналған препарат);
• холестериннің жоғары деңгейін төмендетуге арналған статиндер (аторвастатин, симвастатин және флувастатин немесе ұқсас препараттар);
• метадон (ауырсынуды басатын препарат);
• целекоксиб, флурбипрофен, напроксен, ибупрофен, лорноксикам, мелоксикам, диклофенак (қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП));
• пероральді контрацептивтер;
• преднизон (стероид);
• зидовудин, AZT деп те аталады, саквинавир (АИТВ жұқтырған пациенттерді емдеуге арналған препараттар);
• хлорпропамид, глибенкламид, глипизид немесе толбутамид сияқты қант диабетін емдеуге арналған дәрілік препараттар;
• теофиллин (демікпені бақылауға арналған препараттар);
• тофацитиниб (ревматоидты артритті емдеуге арналған препарат);
• толваптан (гипонатриемияны (қандағы натрийдің төмен деңгейі) емдеуге немесе бүйрек функциясының төмендеуін бәсеңдетуге арналған препарат);
• А дәрумені (биологиялық белсенді қоспа);
• ивакафтор (монотерапия түрінде немесе муковисцидозды емдеуге арналған басқа препараттармен бірге қолданылатын препарат);
• амиодарон («аритмия» деп аталатын тұрақты емес жүрек қағуын емдеуге арналған препарат);
• гидрохлоротиазид (диуретик);
• ибрутиниб (қанның қатерлі ісіктерін емдеуге арналған препарат);
• луразидон (шизофренияны емдеуге арналған препарат).
• Флуконазолды тамақ пен сусындармен қабылдау
Препаратты тамақпен де, тамақсыз да қабылдауға болады.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.