Др. Герхард Манн Химико-фармацевтическое предприятие ГмбХ
Страна
Германия
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
1 грамм жақпамайдың құрамында:
белсенді зат – 3.0 мг микрондалған офлоксацин
қосымша заттар: сұйық парафин, ланолин, ақ вазелин.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақшыл-сары түсті жақпамай.
Фармакодинамикасы
Офлоксацин бактерицидтік әсері бар фторхинолон болып табылады. Негізгі әсер ету механизмі – ДНҚ-гиразаның бактериялық ферментінің спецификалық тежелуі. ДНҚ-гираза ферменті ДНҚ репликацияларына, транскрипцияларына, репарацияларына және рекомбинацияларына қатысады. ДНҚ-гираза ферментінің тежелуі бактериялық ДНҚ-ның созылуына және дестабилизациясына әкеледі және бактериялық жасушалардың жойылуын туындатады.
Мыналарға қатысты белсенді: Bacillus spp., Staphylococcus aureus (метициллинрезистентті), Acinetobacter calcoaceticus вар. anitratum, Acinetobacter Iwoffii, Haemophilus influenzae, Haemophilus parainfluenzae, Klebsiella oxytoca, Klebsiella Sp, Moraxella catarrhalis, Proteus mirabilis, Serratia marcescens, Chlamydia trachomatis.
Офлоксацинге орташа сезімтал: Corynebacterium spp., Streptococcus pneumoniae, Staphylococcus epidermidis, Pseudomonas aeruginosa, Stenotrophomonas maltophilia.
Препаратқа сезімтал емес: Enteroccocus spp.
Дозалау режимі
1 см (0,12 мг) жақпамай жолағын ауру көздің төменгі қабағына салады.
Енгізу әдісі және жолы
Конъюнктивальді қалтаға салуға арналған.
Жақпамайды енгізу үшін төменгі қабақты ақырын кері тартып, сықпаны сәл қысып, конъюнктивальді қалтаға енгізу керек. Содан кейін қабақты жауып, жақпамайдың біркелкі таралуы үшін көз алмасын қозғалту керек.
Қолдану жиілігі
Күніне 2-3 рет.
Емдеу ұзақтығы
2 аптаға дейін. Хламидий инфекциясы жағдайында – 4 апта бойы күніне 5-6 рет.
- офлоксацинге, сондай-ақ, басқа хинолонды препараттарға немесе препараттың қосымша компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық;
- бактериялық емес созылмалы конъюнктивит
- жүктілік, лактация кезеңі
- 1 жасқа дейінгі балаларға
Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден <1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан <1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000-нан <1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолдағы мәліметтердің негізінде бағалау мүмкін емес)
Офлоксацинді жүйелі қолданғаннан кейінгі ауыр реакциялар сирек кездеседі және симптомдардың көпшілігі қайтымды. Офлоксациннің аздаған мөлшері жергілікті қолданудан кейін жүйелі түрде сіңірілетіндіктен, жүйелі қолдану кезінде хабарланған жағымсыз әсерлердің пайда болуы мүмкін.
Өте жиі
- жергілікті аса жоғары сезімталдық реакциялары
Жиі
- көздің тітіркенуі
- көзде жеңіл ашыту және жайсыздық сезімі
- суперинфекциялардың дамуы
- мөлдір қабық инфильтрациясы
Жиі емес
- уақытша шаншу
- тамызғаннан кейін аздаған ауыру
- жарыққа сезімталдық
Сирек
- мөлдір қабықтағы шөгінділер (әсіресе мөлдір қабықтың зақымдануы бұрыннан бар болған жағдайда)
Белгісіз
- аса жоғары сезімталдық реакциясы, соның ішінде көздің аллергиялық белгілері немесе симптомдары (мысалы, көздің қышуы және қабақтың қышуы) және анафилаксиялық реакциялар (ангионевроздық ісіну, ентігу, анафилаксиялық шок, ауыз жұтқыншақтың ісінуі, беттің ісінуі және тілдің ісінуі)
- бас айналу
- кератит, конъюнктивит, көздің қарығуы, көзден жас ағу, көру жітілігінің нашарлауы, көзде бөгде заттың сезілуі, көздің құрғауы, көз гиперемиясы, периорбитальді ісіну
- қарыншалық аритмия (әсіресе QT аралығының ұзаруы үшін қауіп факторлары бар пациенттерде)
- жүрек айнуы
- Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз
- сіңірлердің үзілуі
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Артық дозалу жағдайында симптоматикалық ем жүргізілуі тиіс. QT аралығының ұзаруы мүмкін болғандықтан, ЭКГ мониторингті жүзеге асыру керек.
Арнайы ескертулер
Препаратты тек жергілікті қолдану керек, субконъюнктивальді түрде немесе көздің алдыңғы камерасына қолдануға болмайды.
Аса жоғары сезімталдықтың (анафилаксиялық / анафилактоидты) елеулі және кейде өлімге әкелетін реакциялары туралы хабарланды, олардың кейбіреулері офлоксацинді қоса, жүйелік хинолондарды қабылдайтын пациенттерде бірінші дозадан кейін пайда болды. Кейбір реакциялар жүрек-қан тамырларының бұзылуымен, естен танумен, ангионевроздық ісінумен (көмекейдің, жұтқыншақтың немесе беттің ісінуін қоса), тыныс алу жолдарының обструкциясымен, ентігумен, есекжеммен және қышынумен қатар жүрді. Жергілікті офтальмологиялық дәрі қабылдаған пациентте Стивенс-Джонсон синдромының сирек көрінісі туралы хабарланды. Аса жоғары сезімталдықтың елеулі реакциялары дамыған кезде шұғыл емдеу қажет.
Жүрек бұзылыстары
QT аралығын ұзарту қаупінің белгілі факторлары бар пациенттерде фторхинолондарды пайдалану кезінде сақ болу керек, мысалы:
- ұзарған QT аралығының туа біткен синдромы
- QT аралығын ұзартатын препараттарды бір мезгілде қабылдау (мысалы, IA және III класты аритмияға қарсы дәрілер, трициклді антидепрессанттар, макролидтер, нейролептиктер)
- электролиттердің түзетілмеген теңгерімсіздігі (мысалы, гипокалиемия, гипомагниемия)
- жүрек аурулары (мысалы, жүрек жеткіліксіздігі, миокард инфаркты, брадикардия)
Егде жастағы пациенттер мен әйелдер QT аралығын ұзартатын препараттарға аса сезімтал болуы мүмкін. Осылайша, халықтың осы топтарында фторхинолондарды қолданған кезде сақ болу керек.
Мөлдір қабықтың эпителиальді ақаулары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек, себебі мөлдір қабықта тесілудің даму қаупі бар (әсіресе қабынуға қарсы стероидты және стероидты емес дәрілермен бір мезгілде қолданғанда).
Микробтарға қарсы қолданылатын барлық дәрілер сияқты, Флоксалды ұзақ қолдану резистентті микроорганизмдердің, соның ішінде зеңдердің өсуіне әкелуі мүмкін. Егер инфекциялық көріністер нашарлай бастаса немесе белгілі бір кезең өткеннен кейін клиникалық жақсаруы байқалмаса, препаратты пайдалануды тоқтатып, баламалы ем тағайындау қажет.
Хинолондарды қолданған кезде тендинит байқалады, ол сіңірлердің үзілуіне әкелуі мүмкін. Егде жастағы пациенттер тендиниттің дамуына көбірек бейім. Фторхинолондарды қабылдап жүрген пациенттерде сіңірлердің үзілу қаупі глюкокортикостероидтарды бір мезгілде қолданғанда жоғарылауы мүмкін.
Жақпамайдың құрамында болатын ланолин жергілікті тері реакцияларын (мысалы, жанаспалы дерматитті) туындатуы мүмкін.
Офлоксацинді пайдалану кезінде ықтимал жарыққа сезімталдыққа байланысты күн сәулесінің немесе УК-сәулеленудің әсерінен аулақ болу керек.
Көз инфекциясынан ем алып жүрген пациенттерде жанаспалы линзаларды пайдалану ұсынылмайды.
Балаларда қолдану
Бір жасқа дейінгі нәрестелердегі қауіпсіздік пен тиімділік анықталмаған.
Жаңа туылған нәрестелердегі конъюнктивитті емдеуде офлоксациннің тиімділігі мен қауіпсіздігін анықтау үшін деректер өте шектеулі.
Жүктілік
Жүктілік кезінде офлоксацинді пайдалану туралы жеткілікті деректер жоқ, осыған байланысты жүкті әйелдерге офлоксацинді пайдалану ұсынылмайды.
Лактация
Офлоксациннің және жүйелік түрде қабылданатын басқа да хинолондардың емшек сүтіне ену, және емшек еміп жүрген бала үшін потенциалды қаупі бар болғандықтан, препаратты ананың қолдануы қажет екендігін назарға ала отырып, бала емізуді уақытша тоқтатуға немесе препаратты енгізуге қарамай-ақ шешім қабылдануы тиіс.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көзге тамызатын жақпамайды қолданудан кейін көру жітілігі уақытша нашарлайды, мұны автомобиль жүргізгенде және механизмдермен жұмыс жасағанда ескеру қажет.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Флоксалды құрамында мырыш/ алюминий/магний бар препараттармен бір мезгілде қолданғанда офлоксациннің сіңуі төмендейді.
Препаратты көзге тамызатын басқа дәрілермен/жақпамайлармен бірге пайдаланғанда, ең кемінде, 15 минут аралықпен қолдану керек. Кез келген жағдайда жақпамайды соңғы кезекте қолдану керек.
Флоксалды, басқа да фторхинолондар сияқты, QT аралығын ұзартуға қабілетті препараттарды (мысалы, аритмияға қарсы IA және III класының препараттары, трициклдік антидепрессанттар, макролидтер, нейролептиктер) қабылдап жүрген пациенттерде сақтықпен пайдалану керек.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Сықпаны ашқаннан кейін 6 аптадан асырмай сақтау керек.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25˚ С-ден аспайтын температурада.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.