Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Капсулы мягкие
Торговое наименование
Фитолизин АКТИВ
Действующее вещество
Препараты для лечения нефроуролитиаза
Назначение
Кешенді ем құрамында несеп шығару жолдарының инфекциялық-қабыну ауруларында, нефроуролитиазда («құмдар» деп аталатын ұсақ конкременттер) және профилактика ретінде
Производитель
Фармацевтический завод «ПОЛЬФАРМА» АО Отдел Медана в Серадзе
Страна
Польша
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір капсуланың құрамында
белсенді заттар:қою экстракт қоспасы (45% этанол к/к, 2.8-4:1): ақжелкен тамыры, сенна бойдана дәндері, құс оты шөбі, бидайық жатаған тамырсабағы, қайың жапырағы, дала қырықбуыны шөбі, жұпаршөп тамыры, еуропа сарыраушаны шөбі, қатпарлы пияз қабығы (7/6/6/5/4/4/4/2/2) – 317,81 мг.
қосымша заттар: макрогол 400, макрогол 4000, мускатты сәлбен майы, бұрыш жалбыз майы, кәдімгі қарағай майы, тәтті апельсин майы; Капсуланың қабығы: желатин, жартылай сусыздандырылған сұйық сорбитол (Е 420), тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сопақша пішінді ортасында тігісі бар, өзіне тән иісі бар қою майлы массамен толтырылған, қара қоңырдан қара түске дейін жұмсақ капсулалар.
Кешенді ем құрамында несеп шығару жолдарының инфекциялық-қабыну ауруларында, нефроуролитиазда («құмдар» деп аталатын ұсақ конкременттер) және профилактика ретінде. Фитолизин АКТИВ препараты ересектерде қолданылады.
Фитолизин АКТИВ препараты несеп айдайтын, қабынуға қарсы, түйілуді басатын әсерге ие, несеп жолдарынан құм мен ұсақ конкременттерді шаймалауға ықпал етеді, несептің минералды компоненттерінің кристалдануын азайтады.
Дозалау режимі
Ересектер: тәулігіне 3-4 рет 2 капсуладан.
Балалар
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдануға болмайды.
Енгізу әдісі және жолы
Ішке қабылдау керек. Капсулаларды бір стақан сумен ішіп тұтастай қабылдау керек.
Препаратты қолдану кезінде сұйықтықтың көп мөлшерін қабылдау керек.
Емдеу ұзақтығы
Дәрігерлік кеңессіз 2-6 аптадан артық қабылдау ұсынылмайды.
Егер жақсару болмаса, симптомдар препаратты қолдану кезеңінде сақталса немесе жағдайы нашарласа дәрігерге көріну керек.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар
Өткізіп алған дозаны өтеу үшін препараттың қосарлы дозасын қабылдауға болмайды.
Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігерге немесе фармацевтке кеңес алу үшін жүгініңіз.
- Белсенді заттарға немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- Гломерулонефрит
- Гепатит.
- Өт-тас ауруы.
- Бүйрек жеткіліксіздігі.
- Жүрек жеткіліксіздігі.
- Жүрек немесе бүйрек жеткіліксіздігінен туындаған ісінулер.
- Алкоголизм.
- Эпилепсия.
- Жүктілік және бала емізу кезеңі.
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.
- Фруктозаның тұқым қуалайтын жақпаушылығы.
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
• аллергиялық реакциялар (терінің қышынуы, тері бөртпесі, есекжем, аллергиялық ринит, беттің ісінуі)
• бас айналуы
• жүректің айнуы, құсу, диарея, іштің кебуі
• фотосенсибилизация.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Осы уақытқа дейін артық дозалану жағдайлары байқалған жоқ.
Препаратты жүрек немесе бүйрек жеткіліксіздігінен туындаған ісінулер байқалатын пациенттерде қолдануға болмайды.
Бойдананың гипогликемиялық әсеріне байланысты қант диабеті бар пациенттер қандағы қант деңгейін бақылауы керек.
Егер симптомдар сақталса немесе нашарласа немесе қызба, ауырсыну және несеп шығару кезінде қиындық немесе несепте қанның болуы болса, дереу дәрігерге қаралу керек.
Арнайы ескертулер
Препарат құрамында этанолдың (спирттің) аз мөлшері бар, дозада 100 мг-ден аз.
Препарат құрамында бір капсулада 126,64 мг сорбитол бар. Сорбитол фруктоза көзі болып табылады. Дәрілік препаратты тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы бар пациенттерде қолдануға болмайды.
Педиатрияда қолдану
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдану ұсынылмайды, өйткені мамандандырылған дәрігерлік кеңес қажет.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын басқару және механизмдерді қолдану қабілетіне ықпал ететін қолайсыз әсері туралы деректер жоқ.
Препарат ингредиенттерінің геноуыттылық және тератогендік әсері туралы деректердің болмауына байланысты оны жүктілік кезінде және бала емізу кезеңінде қолдану ұсынылмайды.
Фертильділікке әсері туралы деректер жоқ.
Осы уақытқа дейін дәрілік өзара әрекеттесулер байқалмаған.
Препараттың диуретикалық әсеріне байланысты бір мезгілде қабылданатын басқа дәрілік препараттардың тезірек шығарылуын ескеру керек.
Препарат пероральді антикоагулянттардың (қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды қоса), гипогликемиялық препараттардың, литий тұздарының, моноаминоксидаза тежегіштерінің әсерін күшейте алады, пентобарбиталдың, аминопириннің және парацетамолдың әсерін ұзарта алады, сондай-ақ бета-каротиннің, альфа-токоферолдың, холестериннің және жіңішке ішекте өзге де препараттардың сіңуін бәсеңдетуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында 25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.