Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Таблетки, покрытые кишечнорастворимой и сахарной оболочкой
Торговое наименование
Фестал® Н
Действующее вещество
Мультиферменты (липаза, протеаза и т.д.)
Назначение
Ас қорытудың бұзылуымен байланысты ұйқы безінің бұзылған экзокринді қызметі
Производитель
Лактоза (Индия) Лимитед
Страна
Индия
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - панкреатин - 212.5 мг, кем дегенде: липаза 6000 ФХФ б., амилаза 4500 ФХФ б., протеаза 300 ФХФ б.
қосымша заттар: натрий хлориді, коллоидты кремнийдің қостотығы, микрокристалды целлюлоза, кросповидон, тазартылған су.
Қабықтың төменгі қабатының құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза, полиэтиленгликоль 8000, тальк, титанның қостотығы (Е 171)
Ішекте еритін қабықтың құрамы: метакрил қышқылының сополимері (дисперсия түрінде қолданылады), натрий гидроксиді, полиэтиленгликоль 8000, тальк, титанның қостотығы (Е 171)
Қантты қабықтың құрамы: сахароза, метилпарабен, пропилпарабен, желатин, глюкоза шәрбаты, тальк, кальций карбонаты, акация ұнтағы, глицерин, титанның қостотығы (Е 171), полиэтиленгликоль 6000, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек, екі жақ беті дөңес, ақ түсті қантты қабықпен қапталған таблеткалар.
Фестал® Н ересектер мен 6 жастан асқан балаларда қолдануға арналған:
• ас қорытудың бұзылуымен байланысты ұйқы безінің бұзылған экзокринді қызметі
• муковисцидозда ұйқы безі функциясының жеткіліксіз жұмысын демеу үшін
Фестал Н - ұйқы безінің сыртқы секрециялық функциясы жеткіліксіздігінің орнын толтыратын ферментті препарат, астың катаболизмін жылдамдатады және ас қорытудың бұзылуының клиникалық көріністерін жояды. Фестал Н құрамындағы панкреатин шошқаның ұйқы безінің экстрактісі болып табылады. Панкреатиндік ферменттер құрамында амилаза, липаза және протеаза бар, олар майлардың, ақуыздардың және көмірсулардың қорытылуын жеңілдетіп, олардың жіңішке ішекте толық сіңуіне жағдай жасайды. Панкреатиндік ферменттер 12 елі ішекте және жіңішке ішектің проксимальді бөлігінде майлардың моноглицеридтерге, глицеринге және бос май қышқылдарына, протеиндердің пептидтерге және амин қышқылдарына, крахмалдардың декстриндерге және қысқа тізбекті мальтоза және мальтриоза сияқты қанттарға гидролизденуін катализдейді, осылайша ұйқы безімен физиологиялық тұрғыдан секрецияланатын ас қорыту ферменттері ретінде әсер етеді.
Дозалау режимі
Ересектер: 1-2 таблеткадан тәулігіне 3 рет. Өте жоғары дозаларды дәрігер тағайындайды.
6 жастан асқан балалар: дәрігердің тағайындауымен. Орташа тәуліктік доза 1 таблеткадан тәулігіне 3 рет.
Енгізу әдісі мен жолы
Препаратты ішке, шайнамай, тамақтану кезінде немесе тамақтанғаннан кейін бірден аздаған мөлшердегі сұйықтықпен ішу керек. Шайнау ішекте еритін қорғағыш қабықты зақымдауы мүмкін, соның нәтижесінде ферменттердің мезгілінен бұрын босап шығуы ауыз қуысының шырышты қабығын тітіркендіруі және/немесе препараттың емдік әсерін төмендетуі мүмкін.
Емдеу ұзақтығы бірнеше күннен (диета сақталмау салдарынан ас қорыту үдерісі бұзылғанда) бірнеше айға немесе жылға (ұдайы алмастырып отыратын ем қажет болғанда) дейін өзгеріп отыруы мүмкін.
Рентгенологиялық немесе ультрадыбыстық зерттеу алдында 2-3 күн бұрын 2 таблеткадан тәулігіне 2-3 рет.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алуға бару жөнінде нұсқаулар
Осы препаратты қолдануға қатысты қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда емдеуші дәрігермен хабарласыңыз.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- 6 жасқа дейінгі балалар
Белгісіз
- есекжем, ангионевроздық ісінуді қоса, анафилаксиялық реакциялар
- панкреатиннің жоғары дозаларын қабылдау кезінде гиперурикозурия жағдайлары туралы хабарламалар бар
- гиперурикемия
- муковисцидозы бар балаларда ішек бітелісі және іш қату жағдайлары, әсіресе панкреатиннің жоғары дозаларымен емдеу кезінде байқалды,
- құсу, ауыз қуысының шырышты қабығының тітіркенуі
- іштің ауыруы, диарея, анальді қышыну, іш қату, жуан ішек стенозы, фиброзды колонопатия
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz
Симптомдары: жоғары дозаларда ұзақ уақыт қолданған кезде қан плазмасында және несепте несеп қышқылының деңгейі жоғарылауы мүмкін. Балаларда жоғары дозаларды қолданған кезде артқы өтіс аймағындағы теріде және ауыз қуысы шырышты қабығының тітіркенуі дамуы мүмкін.
Шұғыл емшара: симптоматикалық ем. Препаратты тоқтату.
Фестал® Н препаратын жедел панкреатит немесе созылмалы панкреатиттің өршуі кезінде қолдану ұсынылмайды. Оны дәрігермен кеңескеннен кейін қалпына келтіру кезеңінде және диетаны түзету кезінде қолдануға болады.
Арнайы ескертулер
Таблетканы шайнауға немесе ұсақтауға болмайды, өйткені бұл ферменттердің мерзімінен бұрын шығарылуына әкелуі мүмкін, бұл ауыз қуысының шырышты қабығын тітіркендіруі мүмкін және/немесе ферменттер белсенділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Фестал® Н құрамында пуриндер бар, сондықтан оны подагра, гиперурикемия, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Педиатрияда қолдану
Панкреатинді жоғары дозада немесе ұзақ уақыт бойы қабылдайтын муковисцидозы бар балаларда жуан ішектің тарылуы (фиброзды колонопатия), ішек бітелісі және іш қату жағдайлары тіркелді. Сондықтан шағымдарды сақталғанда немесе күшейгенде немесе қандай болмасын қосымша симптомдар пайда болған кезде пациент дәрігерге қаралу тиіс.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Фестал® Н көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.
Жүктілік кезінде панкреатинді қолданғанда қауіпсіздігі анықталмаған. Сондықтан жүктілік кезінде Фестал® Н қолданудан аулақ болу керек. Емшек емізу кезінде панкреатинді қолданғанда қауіпсіздігі анықталмаған. Сондықтан емшек емізу кезеңінде Фестал® Н қолданудан аулақ болу керек.
Фертильділік
Препараттың адам фертильділігіне әсерін зерттеулер жүргізілген жоқ.
Бір мезгілде қолданған кезде панкреатин акарбозаның әсерін төмендетуі мүмкін, сондықтан бұл препараттарды бірге қолдану ұсынылмайды.
Кальций карбонаты және/немесе магний гидроксиді панкреатин әсерін төмендетуі мүмкін.
Циметидин панкреатиннің әсерін күшейте алады.
Панкреатин фолий қышқылының сіңуін төмендетуі мүмкін.
Панкреатинді ұзақ уақыт қолданғанда темірдің сіңуінің төмендеуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде, 25ºС-ден төмен температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.