Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Порошок для приготовления раствора для приема внутрь, малиновый с сахаром
Торговое наименование
Фервекс
Действующее вещество
Парацетамол, комбинации исключая психолептики
Назначение
Дене салмағы 50 кг-нан асатын ересектерде суық тию, ринит, ринофарингит және тұмау (мұрынның ағуы және көз жасы ағу, түшкіру, бас ауруы және / немесе қызба) белгілерін емдеу үшін
Производитель
УПСА САС
Страна
Франция
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір пакет (12,75 г) ішінде
белсенді заттар: 0,500 г парацетамол, 0,200 г аскорбин қышқылы, 0,025 г фенирамин малеаты,
қосымша заттар: сахароза, сусыз лимон қышқылы, акация, натрий сахарині Е954, таңқурай хош иістендіргіші*.
* Таңқурай хош иістендіргіші: этилацетат, изоамилацетат, сірке қышқылы, бензил спирті, триацетин, ванилин, п-гидроксибензилацетон, мальтодекстрин, Е 1450 (түрлендірілген жүгері крахмалы), Е 129 алюр қызыл, Е 133 бриллиантты көгілдір, Е 110 сансет сары, 505528 R1, пермастабил 054428 А таңқурай хош иістендіргіші, тұз.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ашық қызғылттан ақшыл-сарғыш түске дейінгі түйіршіктелген ұнтақ.
Дене салмағы 50 кг-нан асатын ересектерде суық тию, ринит, ринофарингит және тұмау (мұрынның ағуы және көз жасы ағу, түшкіру, бас ауруы және / немесе қызба) белгілерін емдеу үшін.
Дәрілік препаратты қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Фармакодинамикалық әсерлері
Фервекс препаратының әсері 3 фармакологиялық қасиетке байланысты:
• Н1-гистаминдік рецепторларының фенирамин малеатының – блокаторының гистаминге қарсы әсері. Инфекцияның жергілікті экссудативті көріністерінің ауырлығы, көздің және мұрынның қышуы төмендейді, көз жасы ағу, ринорея, түшкіру ұстауы тоқтатылады.
• парацетамолдың қызу басатын және ауырсынуды басатын әсері. Қызба мен ауырсыну азаяды (бас ауруы, миалгия);
• ағзаның аскорбин қышқылының жоғалуын өтеу. Ағзаның инфекцияға қарсыласуы артады.
Дозалану режимі
Бір берілетін доза 1 пакетті құрайды. Ең жоғары тәуліктік доза 3 пакетті құрайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Дозаны төмендету және келесі кестеге сәйкес екі қабылдау арасындағы аралықты ұлғайту ұсынылады:
Креатинин клиренсі — Қабылдаулар арасындағы ең аз аралық
≥50 мл/мин — 4 сағат
10–50 мл/мин — 6 сағат
<10 мл/мин — 8 сағат
Ең жоғары тәуліктік доза 3 пакетті құрайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдау. Пакеттің ішіндегісін жеткілікті мөлшерде ыстық немесе суық суда ерітіңіз.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Препаратты қабылдау арасындағы аралық 4 сағаттан кем болмауы тиіс. Тұмауға ұқсас күйлерде ыстық суда еріткен дұрыс және кешкісін қабылдау керек.
Емдеу ұзақтығы
Емнің ең жоғарғы ұзақтығы 5 күнді құрайды.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар
Өткізіп алған дозаны толықтыру үшін қос дозаны қабылдамаңыз.
Тоқтату симптомдары қаупінің болуын көрсету
Қолданылмайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Егер сізде осы дәрілік препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтарыңыз бар болса, дәрігеріңізге жүгініңіз.
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың біріне жоғары сезімталдық;
- гепатоцеллюлярлы жеткіліксіздік;
- жабық бұрышты глаукома қатері;
- қуық асты безі функциясы бұзылуына байланысты несеп іркілу қаупі;
- фруктоза жақпаушылығының, глюкоза мальабсорбциясы синдромынан, галактоза немесе құрамында сахароза бар болғандықтан сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігімен зардап шегетін тұлғалар үшін;
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер;
- жүктілік және емізу кезеңі.
Сирек
- жоғары сезімталдық реакциялары (анафилаксиялық шок, ангионевроздық ісіну, эритема, есекжем, тері бөртпесі, қышыну, экзема, пурпура);
- әсіресе емнің басында, седативті әсер немесе ұйқышылдық;
- антихолинергиялық әсерлер: шырышты қабық құрғақтығы, іш қату, аккомодация бұзылуы, мидриаз, жүрек қағуының жиілеуі, несеп іркілуі қатері
- ортостатикалық гипотензия
- тепе-теңдіктің бұзылуы, вертиго, егде адамдарда көп кездесетін жадының немесе зейін қоюдың төмендеуі
- қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, діріл, сананың шатасуы, елестеулер;
- қозу әсері: мазасыздық қозу, жоғары қозғыштық, ұйқының бұзылуы.
Өте сирек
- лейкоцитопения, нейтропения, тромбоцитопения, гемолиздік анемия;
- ауыр тері реакциялары;
- ХНҚ теңгерімсіздігі.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
- тағайындаусыз қабылданатындарды қоса алғанда, басқа дәрілік препараттардың құрамында парацетамолдың жоқтығына көз жеткізу қажет;
- ұсынылатын ең жоғары дозаларды сақтау қажет
Фервекс мынадай пациенттерге сақтықпен қолдану қажет:
• дене салмағы 50 кг кем;
• ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі гепатоцеллюлярлы жеткіліксіздікпен;
• бүйрек жеткіліксіздімен;
• созылмалы алкоголизммен;
• созылмалы асқа жарымаумен (бауыр глутатионы қорының төмен деңгейі);
• сусыздандырумен.
Емдеу кезінде антигистаминдердің тыныштандыратын әсерін күшейтетін алкогольдік ішімдіктерді немесе тыныштандырғыш заттарды (әсіресе барбитураттар) тұтынудан аулақ болу керек.
С дәруменін темір метаболизмі бұзылған пациенттерге және глюкоза-6-фосфат-дегидрогеназа тапшылығы бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Парацетамолмен байланысты
Пайдалану кезінде сақтық шаралардың сақталуын талап ететін біріктірілімдер
К дәрумені антагонистері
Парацетамол пероральді антикоагулянттардың әсерін күшейтеді және 4 күннен асырып ең жоғарғы дозада (күніне 4 г) қабылдаған жағдайда қан кету қаупінің пайда болуы күшейеді.
Халықаралық нормаланған қатынасын (ХНҚ) жүйелі түрде бақылап отыру керек. Парацетамолмен емдеу кезінде және оны тоқтатқаннан кейін антикоагулянттың дозасы түзетілуі мүмкін.
Парацетамолды аномальды жоғары концентрацияларда қабылдау қандағы глюкозаны анықтау нәтижелерін бұрмалауы мүмкін.
Парацетамолды қабылдау несеп қышқылы мөлшерін анықтауда қателіктер тудыруы мүмкін.
Фенирамин малеатымен байланысты
Ұсынылмайтын біріктірілімдер
Спирт (спирттік ішімдіктер түрінде немесе қосымша зат ретінде)
Спирт H1 антигистаминінің седативті әсерін күшейтеді. Зейін қоюдың бұзылуы көлік құралын жүргізу мен механизмдерді басқаруды қауіпті етуі мүмкін.
Спирттік ішімдіктерді немесе құрамында спирт бар дәрілік препараттарды тұтынудан аулақ болу керек.
Натрий оксибитураты
ОЖЖ-не бәсеңдететін әсер береді. Зейін қоюдың бұзылуы көлік құралын жүргізу мен механизмдерді басқаруды қауіпті етуі мүмкін.
Назар аудару керек біріктірілімдер
Седативті әсері бар басқа препараттар: морфин туындылары (ауыруды басатын, жөтелге қарсы дәрілер және орнын алмастыру емінің препараттары), нейролептиктер, барбитураттар, бензодиазепиндер, бензодиазепиндерден ерекшеленетін анксиолитиктер (мысалы, мепробамат), ұйықтататын, седативті антидепрессанттар (амитриптилин, доксепин, миансерин, миртазапин, тримипрамин), седативті әсері бар Н1-рецептор блокаторы, орталыққа әсер ететін гипертензияға қарсы препараттар, баклофен және талидомид ОЖЖ-не бәсеңдететін әсер береді. Зейін қоюдың бұзылуы көлік құралын жүргізу мен механизмдерді басқаруды қауіпті етуі мүмкін.
Басқа атропинді дәрілік заттар: имипраминді антидепрессанттар, атропин тәрізді Н1-рецепторлардың блокаторлардың көпшілігі, антихолинергиялық паркинсонизмге қарсы дәрілер, атропинді антиспазматикалық дәрілер, дизопирамид, фенотиазинді нейролептиктер және клозапин несеп іркілуі, іш қатуы және ауыздың кеберсуі сияқты жағымсыз әсерлердің даму қаупін арттырады.
Антихолинэстеразды дәрілер
Атропин препараттарына байланысты ацетилхолин рецепторларының антагонизмі арқылы антихолинэстераза заттарының тиімділігінің төмендеу қаупі.
Опиоидтер
Ауыр констипациямен акинезияның маңызды қаупі.
Арнайы сақтандырулар
Парацетамол терінің ауыр реакциясын тудыруы мүмкін. Тері бөртпесінің симптомдары немесе аса жоғары сезімталдықтың басқа да симптомдары пайда болса емдеуді тоқтатып, дереу дәрігерге көрініңіз.
Фруктоза жақпаушылығының, глюкоза-галактоза мальабсорбциясының немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігінің сирек тұқым қуалайтын проблемалары бар пациенттерге бұл дәрілік препаратты қабылдамаған жөн.
Препарат құрамында 11,5 г/доза сахароза бар, бұл жайытты қант диабеті бар және кейбір қанттарға жақпаушылығы бар пациенттер ескеруі тиіс.
Препарат құрамында 0,28 мг / доза бензил спирті бар. Бензил спирті жоғары сезімталдық реакцияларын тудыруы мүмкін.
Препарат құрамында спирт (0,015 мг) іздері бар.
Препарат құрамында бір пакетке 1 ммольден аз натрий (23 мг) бар, яғни натрий іс жүзінде жоқ.
Парацетамолдың ең жоғары тәуліктік дозасы тәулігіне 3000 мг аспауы тиіс, неғұрлым жоғары доза бауыр үшін ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
Бұл дәрілік препарат құрамында алюминий қоспасы бар мырыш тотығы бояғыштары, сансет сары (E 110) бояғыш және жоғары сезімталдықты тудыруы мүмкін қызыл аллюр (E129) бояғышы қамтылған.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік, емізу немесе жүктілікті жоспарлау жағдайында дәрігерге көрініңіз.
Бұл дәрілік препаратты жүктілік және лактация кезінде қабылдау ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ұйқышылдық қатері туындауына байланысты пациенттер жоғары зейін қоюды және психикалық және қозғалыс реакцияларының шапшаңдығын талап ететін барлық қызмет түрлерімен айналысудан бас тартқаны дұрыс. Бұл әсер спиртті ішімдіктерді, құрамында спирт бар дәрілік препараттарды немесе седативті дәрілік препараттарды қолдану арқылы күшейтіледі.
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Симптомдар: әдетте бірінші тәуліктерде пайда болатын жүрек айнуы, құсу, анорексия, бозару, қыжыл, диарея, іштің аймағындағы ауыруы. Селкілдек ұстамалар (әсіресе балаларда), естен тану, кома.
Емі: улану белгілері пайда болғанда дереу емдеуді тоқтатып, дәрігерге көрініңіз. Ауруханаға жатқызу ұсынылады.
Ауыр немесе ұзаққа созылған қызба, суперинфекция симптомдары пайда болған немесе 5 күн бойы симптомдардың тұрақтылығы жағдайында емдеуді қайта қарау керек.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!
Егер пакет ашылған немесе жыртылған болса, қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.