Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Капли для приема внутрь
Торговое наименование
Ферровит – С
Действующее вещество
Железа сульфат
Назначение
Темір тапшылығы анемиясын емдеу мен профилактикасында
Производитель
Химфарм
Страна
Казахстан
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
25 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат - темір (II) 0.2370 г
(гептагидрат сульфаты түрінде (1.1800 г))
қосымша заттар: сорбитол, аскорбин қышқылы, «Құлпынай 546» тағамдық хош иістендіргіші, тазартылған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Жасылдау немесе сарғыш-қоңыр түсті, өзіне тән құлпынай хош иісі бар мөлдір сұйықтық.
- темір тапшылығы анемиясын емдеу мен профилактикасында
Ферровит-С – анемияға қарсы препарат. Темір организмнің тіршілік әрекеті үшін қажет: ол гемоглобиннің, миоглобиннің, әртүрлі ферменттердің құрамына кіреді. Оттегін қайтымды байланыстырады және тотығу-тотықсыздану реакцияларының бірқатарына қатысады; эритропоэзді стимуляциялайды.
Аскорбин қышқылы темірдің асқазан-ішек жолынан сіңірілуін жақсартады.
Ферровит-С – организмдегі темір жеткіліксіздігінің орнын толтырады.
Дозалау режимі
Ферровит-С тамақтанудың дәл алдында немесе тамақтану кезінде аз мөлшердегі сұйықтықпен (жеміс шайы немесе су) ішке қабылданады. Егер емдеуші дәрігер дозаны басқаша тағайындамаса, төменде келтірілген нұсқауларды қатаң сақтау қажет.
Ферровит-С тамшылары жаңа туған нәрестелер мен жасы кіші балалар үшін ең қолайлы дәрілік түр болып табылады. Тәуліктік доза дене салмағының 1 кг-на 5 тамшы есебінен белгіленеді, қабылдау жиілігі – тәулігіне 2–3 рет.
Пациенттердің ерекше топтары
жасы — дозалануы — қабылдау жиілігі
2 жасқа дейінгі балалар — 10-15 тамшыдан (0,5-0,8 мл) — тәулігіне 3 рет
2 жастан 5 жасқа дейінгі балалар — 25-35 тамшыдан (1,35-1,9 мл) — тәулігіне 3 рет
6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар — 40-45 тамшыдан (2,2 -2.4 мл) — тәулігіне 3 рет
Ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдер — 45-50 тамшыдан (2,4-2.7 мл) — тәулігіне 3 рет
Гемоглобиннің қалыпты көрсеткіштеріне қол жеткеннен кейін препаратпен емдеуді кемінде тағы 8-12 аптаға дейін жалғастырады.
Енгізу әдісі және жолы
Ферровит-С тамшыларын тікелей тамақтанар алдында немесе тамақтану кезінде аз ғана сұйықтықпен (су) ішеді.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізу кезінде қажетті шаралар
Қабылданбай қалған дозаның орнын толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдамаңыз
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсыныстар
Дәрілік препаратты қолданар алдында кеңес алу үшін дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.
• әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• организмде темір құрамы жоғары болуы (гемосидероз, гемохроматоз)
• темір утилизациясының бұзылуы (аплазиялық анемия)
• асқазан резекциясынан кейінгі жағдайда, қан кету
• бауырдың созылмалы аурулары
• бүйрек жеткіліксіздігі
• лейкоз
Ферровит-С тамшыларының кез келген жастағы пациенттерде әдетте жағымдылығы жақсы.
Жиі
- жүрек айну, эпигастрий аймағындағы ауырлық сезімі, метеоризм, дозаны
азайтқанда немесе препаратты тағаммен бірге қабылдағанда жойылатын
іш қату немесе диарея
Сирек
- аллергиялық тері реакциялары
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Балаларда темір препараттарымен уыттанудың жоғары қаупі бар, өмірге қауіп төндіретін жағдай 1 г темір сульфатын қабылдағанда туындауы мүмкін. Сондықтан темір препараттары балалардың қолы жетпейтін жерде сақталуы тиіс.
Симптомдары: жүрек айнуы, іштің ауыруы, диарея, құсу, ауыр жағдайларда - цианоз, сананың шатасуы, гипервентиляция симптомдары, 12-48 сағаттан соң Чейн-Стокс тыныс алуымен шок, олигурия, уытты гепатиттен болатын сарғаю, уытты бауыр жеткіліксіздігінің дамуы мүмкін. Кейбір жағдайларда – салдану, құрысу, кома, қан ұюының бұзылуы сияқты орталық жүйке жүйесінің бұзылулары болуы мүмкін.
Емі: ауруханаға жеткізілгенге дейін – сүт, шикі жұмыртқа ішу. Арнайы ем жүргізгенге дейін – препаратты асқазан-ішек жолынан шығару шаралары (құстырту, бикарбонатты және фосфатты ерітінділермен асқазанды шаю), шок және ацидоз симптоматикалық емі. Арнаулы емді 300-350 мкг/дл сарысулық темір концентрациясы кезінде 1-2 г дефероксаминді (Десферал) вена ішіне тамшылатып дене салмағына 15 мг/кг есебінен әрбір 3-12 сағат сайын жүргізеді. Жедел улану кезінде асқазан-ішек жолынан әлі сіңбеген темірді байланыстыру үшін 10-20 ампула ішіндегісін ішетін суда сұйылту арқылы ішке 5-10 г препарат береді.
Олиго және ануриясы бар пациенттерге темір тұздарымен артық дозаланғанда перитонеальді немесе гемодиализ тағайындайды.
Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруында, ішектің қабыну ауруларында (энтерит, дивертикул, ойық жаралы колит, Крон ауруы),
аллергиялық ауруларда сақтықпен тағайындайды.
Пациент тістерінде қайтымды күңгірт өңез пайда болуының профилактикасы үшін Ферровит – С сұйылтылмаған күйде қабылдамаған жөн, ас қабылдағаннан кейін тісті мұқият жуу ұсынылады.
Препаратты қабылдағанда нәжістің күңгірт (қара) түске боялуы білінеді, бұның клиникалық маңызы жоқ.
Препаратты курстық тағайындауда гемоглобинді жүйелі түрде бақылап отыру қажет.
Арнайы сақтандырулар
Препараттың бір құтысының ішінде 3.75 г сорбитол бар, сондықтан тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы бар пациенттерге қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат негізінен, педиатрияда қолдануға арналған. Дәрілік затты ересектер қабылдағанда, бас айналуының болу мүмкіндігін ескере отырып,
автокөлік немесе басқа қауіптілігі зор механизмдерді басқарғанда сақ болу керек
Жүктілік және лактация (бала емізу) кезінде организмдегі темір тапшылығы анықталса, препаратты қолдану негізді және қауіпсіз болып табылады.
Ферровит - С препараты мен құрамында алюминий, магний, кальций бар антацидтік дәрілерді, сондай-ақ құрамында колестирамин бар препараттарды бір мезгілде қолданғанда темірдің асқазан-ішек жолынан сіңірілуі азаяды.
Этидрон қышқылы, асқазан сөлінің қышқылдығын төмендететін препараттар (соның ішінде циметидин, құрамында карбонаттар, бикарбонаттар, фосфаттар, оксалаттар бар препараттар), панкреатин препараттың сіңуін төмендетеді (қабылдау арасындағы аралық 1–2 сағатты құрауы тиіс).
Сіңуін қара шай, кофе, сүт, сондай-ақ қатты тағам, нан, шикі дәндер, сүт өнімдері, жұмыртқа азайтады.
Аскорбин қышқылы сіңірілуді жоғарылатады.
Ферровит – С фторхинолондардың сіңірілуін төмендетеді (қабылдау арасындағы аралық 2 сағатты құрауы тиіс).
Темір препараттарының жоғары дозалары мырыш препараттарының бүйректік сіңірілуін төмендетеді (қабылдау арасындағы аралық 2 сағатты құрауы тиіс). Препаратты тетрациклин тобының антибиотиктерімен бір мезгілде, сондай-ақ Д-пеницилламинді қолданғанда темірдің де, антибиотиктердің де сіңірілуін азайтатын кешенді қосылыстар түзіледі. Глюкокортикостероидтармен бір мезгілде қолданғанда, препараттың эритропоэзді стимуляциялауы күшеюі мүмкін.
Этанол темірдің сіңірілуі мен уытты асқынулардың туындау қаупін ұлғайтады.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Препараттың сақталу мерзімі алғаш ашқаннан кейін - 1 ай
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.