Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Порошок для приготовления раствора для внутривенного введения в комплекте с растворителем (0.9 % раствор натрия хлорида)
Дозировка
20 мг
Торговое наименование
ФАМОТЕЛ
Действующее вещество
Фамотидин
Назначение
Он екі елі ішектің ойық жарасы, малигнизациясыз асқазан ойық жарасы, гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы
Производитель
Браун Лабораториес Лимитед
Страна
Индия
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір құтының ішінде
белсенді зат - 20 мг фамотидин;
қосымша заттар: маннитол (DC санаттары), динатрий гидрофосфаты дигидраты, L-аспаргин қышқылы, натрий дигидрофосфаты дигидраты, инъекцияға арналған су
еріткіш - 0.9% натрий хлориді
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ түсті лиофилизацияланған масса.
Қалпына келтірілген ерітінді. Мөлдір түссіз ерітінді.
- он екі елі ішектің ойық жарасы
- малигнизациясыз асқазан ойық жарасы
- гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы
- гиперсекрециямен қатар жүретін басқа жағдайлар (мысалы, Золлингер-Эллисон синдромы)
- жалпы анестезия жүргізу кезінде қышқылды асқазан ішіндегісінің (Мендельсон синдромы) аспирациясын болдырмау
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Дозалау режимі
Асқазанның немесе он екі елі ішектің рефрактерлі белсенді ойық жарасы бар емдеуге жатқызылған пациенттерге немесе препаратты ішке қабылдай алмайтын асқазан-ішек жолының жоғарғы бөлімдерінің қан кететін ойық жарасы бар пациенттерге вена ішіне баяу енгізу (2 минут) немесе 15-30 минут ішінде тамшылатып инфузия арқылы 20 мг фамотидин енгізу ұсынылады. Бұл дозаны әр 12 сағат сайын енгізуге болады. Тәулігіне 40 мг-ден артық фамотидин енгізуге болмайды. Доза бөлінетін қышқылдың мөлшеріне және пациенттің жағдайына байланысты болуы тиіс. Жедел симптомдар жоғалғаннан кейін және вена ішіне емдеуді тоқтатқаннан кейін пероральді емдеуді қажетінше (1 жылға дейін) жалғастыруға болады. Бұрын Н2-рецепторлардың басқа антагонистін қабылдаған пациенттерге ем алмаған пациенттерге қарағанда фамотидиннің бастапқы дозасы неғұрлым жоғары болуы қажет болуы ықтимал.
Золлингер-Эллисон синдромы:
Бастапқыда препарат әр 6 сағат сайын 20 мг дозада енгізіледі; кейінгі дозалау бөлінетін қышқылды асқазан сөлінің мөлшеріне және пациенттің клиникалық жағдайына байланысты.
Пациенттердің ерекше топтары
Балаларда қолдану
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды.
Егде жастағы пациенттер
Жасына байланысты дозаны түзету қажет емес.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Фамотидин негізінен бүйрекпен шығарылатындықтан, ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде сақтық шараларын сақтау қажет.
Егер креатинин клиренсі 30 мл/мин аз болса, ал креатининнің сарысулық концентрациясы 3 мг/100 мл асса, онда тәуліктік дозаны 20 мг дейін төмендету немесе енгізулер арасындағы аралықты 36-48 сағатқа дейін арттыру қажет.
Енгізу әдісі мен жолы
Инъекцияға арналған қалпына келтірілген ФАМОТЕЛ ерітіндісі тек вена ішіне енгізуге арналған, препаратты ішке қабылдауға мүмкіндігі жоқ пациенттерде стационарлық жағдайда қолдануға ұсынылады.
Препарат пероральді ем жүргізу мүмкін болғанға дейін қолданылуы мүмкін.
Инъекцияға арналған ерітінділерді дайындау және енгізу ережелері
Ерітінді тікелей енгізер алдында дайындалуы керек.
Құтының ішіндегісін (20 мг фамотидин) 5-10 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде (еріткіші бар ампула) ерітіп, кемінде 2 минут вена ішіне баяу енгізу керек.
Тамшылатып инфузия жүргізуге арналған ФАМОТЕЛ ерітіндісін дайындау
Ерітінді тікелей енгізер алдында дайындалуы керек.
Құтының ішіндегісін (20 мг фамотидин) 100 мл 5% глюкоза ерітіндісінде ерітіп, 15-30 минут ішінде тамшылатып инфузия түрінде енгізу керек.
Препаратты қолданар алдында фамотидиннің дайындалған ерітіндісі мөлдір және түссіз екеніне көз жеткізіңіз. Дайындалған ерітінді бөлме температурасында 24 сағат тұрақты болады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Сұрақ туындаған жағдайда дәрілік препаратты қабылдамас бұрын кеңес алуға дәрігерге жүгініңіз.
- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- жүктілік және лактация кезеңі (қолдану тәжірибесінің болмауына байланысты)
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
- анамнезінде Н2-рецепторлардың басқа антагонистеріне аса жоғары сезімталдығы бар пациенттер, айқаспалы сезімталдық байқалған
Өте жиі
- бас ауыруы, бас айналуы
- іш қату, диарея
Жиі емес
- метеоризм
Сирек
- қызба, астения, қажу
- аритмия, атриовентрикулярлық блокада, жүректің қағуы
- холестаздық сарғаю, бауыр ферменттерінің жоғарылауы
- құсу, жүрек айну, іштегі жайсыздық, анорексия, ауыздың құрғауы, дәмнің бұзылуы
- агранулоцитоз, панцитопения, лейкопения, тромбоцитопения
- анафилаксия, ангионевроздық ісіну, есекжем, бөртпе, көз ұясының немесе беттің ісінуі, конъюнктивит
- бұлшықеттің құрысуы, артралгия, миалгия, қаңқа-бұлшықеттің ауыруы
- жайылған құрысулар
- елестеулер, сананың шатасуы, жүйке қозуы, депрессия, мазасыздық, либидоның төмендеуі, парестезия (шаншу, шаншу және т. б. сияқты сезімдер), ұйқысыздық, шамадан тыс ұйқышылдық сияқты өтпелі психикалық бұзылулар
- бронх түйілуі
- құлақтың шуылдауы
- импотенция және гинекомастия (алайда бақыланатын клиникалық зерттеулерде кездесу жиілігі плацебо тобына қарағанда жоғары болмаған)
Өте сирек
- эпидермальді некролиз, алопеция, безеу, есекжем, терінің құрғақтығы, қызару
Белгісіз
- терінің өтпелі қызаруы
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Патологиялық гиперсекреция синдромы бар пациенттерде бір жылдан астам уақыт бойы тәулігіне 800 мг дейінгі дозалар пайдаланылды, бұл елеулі жағымсыз құбылыстардың пайда болуымен қатар жүрген жоқ.
Емі: симптоматикалық және демеуші ем; пациенттің жай-күйіне мониторинг.
Фамотидинмен емдеу асқазан обыры симптомдарын бүркемелеуі мүмкін, сондықтан асқазан жарасын емдеуді бастамас бұрын, зақымданудың қатерлі емес екеніне көз жеткізіңіз.
Фамотидин метаболизміне байланысты бүйрек жеткіліксіздігі бар адамдарда дозалауға ерекше назар аудару керек.
H2-рецепторлардың антагонистерін пайдаланған жағдайда айқаспалы реактивтілік сипатталғандықтан, анамнезінде басқа H2-рецепторлардың антагонистеріне аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерде ФАМОТЕЛ қолдану сақтықты талап етеді.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Фамотидиннің көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсері туралы деректер жоқ.
Жүкті әйелдерде талапқа сай немесе жақсы бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ. ФАМОТЕЛ препаратын жүктілік кезінде қолдану ұсынылмайды.
Фамотидин адамда емшек сүтімен секрецияланады; осыған байланысты ФАМОТЕЛ қолдану кезінде емшек емізуді тоқтату керек.
Фамотидин бауыр Р-450 цитохромының ферменттік жүйесіне әсер етпейді. Клиникалық зерттеулер фамотидиннің варфарин, фенитоин, теофиллин, диазепам, пропанолол, аминофеназон және феназон деңгейлерін арттырмайтынын көрсетті. Фамотидин кетоконазолдың және сіңірілуі асқазан сөлінің қышқылдығына байланысты басқа препараттардың сіңірілуін төмендетуі мүмкін.
Фамотидинмен бір мезгілде қолданғанда гемодиализдегі пациенттерде байланыстыратын фосфат ретінде кальций карбонаты тиімділігін жоғалту қаупі бар.
• Фамотидин позаконазол (кейбір зеңдік инфекциялардың профлактикасы және емдеу үшін қолданылатын дәрілік зат) пероральді суспензиясының әсерін төмендетуі мүмкін.
• Фамотидин дазатиниб, эрлотиниб, гефитиниб, пазопаниб әсерін төмендетуі мүмкін (обырды емдеуде қолданылатын дәрілер).
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.