Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Порошок лиофилизированный для приготовления раствора для инъекций для внутривенного введения в комплекте с растворителем - вода для инъекций стерильная
Дозировка
5 г
Торговое наименование
Езафосфина
Действующее вещество
Фосфруктоза
Назначение
Анықталған гипофосфатемия
Производитель
Biomedica Foscama Industria Chimico-Farmaceutica S.p.A.
Страна
Италия
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір құтының ішінде
белсенді зат - фруктоза-1.6-натрий дифосфаты – 5.00 г, 3.75 г фруктозо-1.6-дифосфатқа сәйкес келеді
қосымша зат - инъекцияға арналған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Лиофилизацияланған ұнтақ
Ақтан сарғышқа дейінгі кристалды, гигроскопиялық ұнтақ
Қалпына келтірілген ерітінді - мөлдір түссіз немесе ашық сары түсті сұйықтық
Инъекцияға арналған су
Мөлдір түссіз сұйықтық.
• анықталған гипофосфатемия
Фосфат жасушаішілік сұйықтықтардағы негізгі анион болып табылады. Ол плазмада бейорганикалық және органикалық түрінде, фосфолипидтер, ферментативті кофакторлар және нуклеин қышқылдарының құрамында болады. Фосфат әртүрлі физиологиялық процестерде маңызды рөл атқарады, өйткені ол, мысалы, жоғары энергия байланыстарын (АТФ) құруға, тіндерге оттегін тасымалдауға (2,3-дифосфоглицерат), гликолизді реттеуге, плазма мен несептің рН-ын демеуге қатысады.
Ересек адамда фосфаттардың қалыпты деңгейі 0,8-ден 1,5 ммоль/л-ге дейін.
Гипофосфатемия жедел (қан құю, денеден тыс қан айналымы) және созылмалы, мысалы, алкоголизм мен алкогольдік абстиненция, созылмалы обструктивті өкпе ауруы салдарынан тыныс алу жеткіліксіздігі, тамақтану жеткіліксіздігі, фосфатты байланыстыратын антацидтерді ұзақ уақыт қабылдау, ауыр және ауқымды күйіктер, диабеттік кетоацидоз, респираторлық алкалоз, хирургиялық араласудан кейінгі қалпына келтіру, гиперпаратиреоз, D дәрумені тапшылығы сияқты кең ауқымды клиникалық жағдайларда жиі кездеседі. Ауыр гипофосфатемия фосфат жеткіліксіз тұтынылған жағдайда парентеральді тамақтанатын пациенттерде де жиі пайда болуы мүмкін. Парестезия, бұлшықет гипотензиясы және аса жоғары желдету сияқты гипофосфатемияның клиникалық белгілері әсіресе ауыр фосфат депривациясында байқалады. Сонымен қатар, нақты клиникалық белгілер болмаған кезде фосфат тапшылығы нәтижесінде кейбір метаболизмдік функциялар бұзылуы мүмкін.
Әсер ету механизмі және фармакодинамикалық әсерлері
In vitro және in vivo биохимиялық зерттеулері фармакологиялық дозалардағы фруктоза-1,6-дифосфат жасуша жарғақшасымен әрекеттесетінін, айналымдағы калийдің жасушалық сіңуін жеңілдететінін және жоғары энергиялы жасушаішілік фосфат пулы мен 2,3-дифосфоглицераттың жиналуын жеделдететінін көрсетеді.
Сондай-ақ, фосфордың жеткілікті мөлшерде тұтынылуы парентеральді тамақтану кезінде амин қышқылдары мен көмірсулардың тиісінше сіңуі үшін маңызды шарт екендігі көрсетілді.
Клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі
Фруктоза-1,6-дифосфат сияқты қарқынды метаболизденетін органикалық фосфаттарды енгізу плазмадағы фосфаттардың физиологиялық деңгейін тез қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Жалпы парентеральді тамақтану қоспаларында фруктоза-1,6-дифосфаттың катиондармен, атап айтқанда кальций ионымен үйлесімділігі бейорганикалық фосфатқа қарағанда едәуір жоғары.
Дозалау режимі
Ұсынылатын тәуліктік доза және емдеу ұзақтығы жай-күйдің ауырлығымен айқындалады. Жедел жағдайларда препаратты әдетте 70-160 мг/кг есебінен (тәулігіне 1-2 құтыға сәйкес келеді) енгізеді .
Фосфордың артық дозалануын болдырмау үшін енгізілетін мөлшері гипофосфатемия дәрежесіне байланысты белгіленуі тиіс. Толық парентеральді тамақтанатын пациенттерде дозасы фосфорды тұтынудың ұсынылатын тәуліктік деңгейін ескере отырып айқындалуы тиіс.
Жоғары дозалар үшін жалпы тәуліктік дозаны екі қабылдауға бөлу ұсынылады.
Ұсынылған дозадан асыруға болмайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Балаларда дозаны дене салмағына сәйкес белгілеу керек.
Қолдану тәсілі
Вена ішіне енгізуге арналған.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Дәрілік затты қабылдамас бұрын дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
• әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• гиперфосфатемия
• бүйрек жеткіліксіздігі
• фруктозаның тұқым қуалайтын жақпаушылығы
• 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
• жүктілік және лактация кезеңі
Өте сирек
• гиперфосфатемия (теңгерімсіз дозаларда)
• анафилаксиялық шокқа дейінгі әртүрлі ауырлықтағы аллергиялық реакциялар
Болуы мүмкін
• терінің қызаруы, жүрек соғуының жиілеуі, аяқ-қолдардың ұйып қалуы (препаратты 10 мл/мин астам жылдамдықпен енгізген жағдайда)
• енгізу орнындағы ауырсыну, терінің тітіркенуі, тромбоздар, флебиттер (экстравазация кезінде).
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: Езафосфинаның шамадан тыс және / немесе тым жиі дозалары гиперфосфатемияны тудыруы мүмкін, бұл өз кезегінде гипокальцемияға әкелуі ықтимал.
Емі: препаратты қолдануды дереу тоқтату және пайда болған электролиттік теңгерімсіздікті түзету қажет. Фосфатемияны төмендету үшін фосфордың хелатирлеуші кешендерін пероральді енгізу немесе бүйрек диализін пайдалану сияқты шараларды қабылдау қажет.
Инфузиялық ерітінді экстравазациясы ауырсыну мен жергілікті тітіркенуді тудыруы мүмкін. Емдеу кезінде плазмадағы электролиттердің деңгейін бақылап отыру қажет. Креатинин клиренсі 50 мл/мин төмен пациенттерде плазма фосфаттарының деңгейін бақылау және қажет болған жағдайда дәрілік заттың дозасын азайту ұсынылады.
Бұлыңғырланып, шөгінді түскен жағдайда ерітіндіні қолдануға болмайды. Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Арнайы ескертулер
Жүктілік
Клиникаға дейінгі зерттеулер жүктілікке, эмбриондыққа/эмбриондық дамуға, босануға немесе постнатальді дамуға қатысты тікелей немесе жанама зиянды әсерін көрсетпейді.
Әйелдерде жүктіліктің үшінші триместрінде Езафосфина жағымсыз реакцияларсыз қолданылды.
Лактация
Клиникалық деректер жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Езафосфина көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Үйлесімділік: РН 5.5 кезінде ерімейтін басқа препараттармен, сондай-ақ кальций тұздарының сілтілі ерітінділерімен біріктірілмеуі керек. Басқа ерітінділермен араластырмаңыз.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Дайындалған ерітіндіні сақтау мерзімі 24 сағат
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.