Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Таблетки
Дозировка
150 мг
Торговое наименование
Эуфиллин
Действующее вещество
Аминофиллин
Назначение
Созылмалы обструктивті бронхит
Производитель
Открытое акционерное общество «Борисовский завод медицинских препаратов»
Страна
Беларусь
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір таблетканың құрамында:
белсенді зат– аминофиллин 150 мг;
қосымша заттар: картоп крахмалы, повидон, магний стеараты
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Жалпақ цилиндр пішінді, ойығы бар, ақ немесе сарғыш реңді ақ түсті таблеткалар.
• созылмалы обструктивті бронхит
• бронх демікпесі (бронхтың түйілуін алдын алу, дене жүктемесі кезіндегі демікпеде таңдау препараты, демікпенің басқа түрлеріндегі қосымша дәрілер ретінде)
• өкпе эмфиземасы
• түнгі пароксизмальді апноэ (Пиквик синдромы)
• созылмалы «өкпелік жүрек»
Эуфиллин бронходилятациялық, вазодилятациялық, спазмолитикалық, токолитикалық және диурездік әсер етеді.
Әсер ету механизмі бронхтар тегіс бұлшық еттері пуриндік рецепторларының А2 типіне бөгегіш әсер етуімен байланысты. Рецепторлар белсенділігінің төмендеуі осылармен астасқан кальций иондарының жасушаларға тасымалдануын бұзады және оның босаңсуын туындатады. Жоғары концентрацияларда Эуфиллин ІІІ пен ІҮ типті фосфодиэстераза белсенділігін тежейді, бұл цАМФ гидролизінің тоқтауын, оның жасушадағы деңгейінің тұрақтануын және миозин жеңіл тізбегі киназасының белсенді емес фосфорланған жағдайда ұсталып тұруын туғызады. Миозин жеңіл тізбегі киназасы белсенділігінің бәсеңсуі оның актинмен өзара әрекеттесуіне және жасуша көлемінің кішіреюін қамтамасыз етуіне мүмкіндік бермейді.
Эуфиллин бронхтар, коронарлық, церебральдік және өкпе тамырлары тегіс бұлшық еттерінің, асқазан-ішек жолдары мен өт шығару жолдары бұлшық еттерінің босаңсуын туғызады. Жуан жасушалардан гистамин мен лейкотриендердің бөлініп шығуы төмендеуі салдарынан Эуфиллин оларға аллергеннің келіп түсуіне жауап ретінде тыныс жолдарының асқын белсенділігін төмендетеді.
Эуфиллин қаңқа бұлшықеттерінің (оның ішінде тыныс алу бұлшықеттері - диафрагмалардың, қабырға аралық бұлшық еттердің) жиырылғыштығын арттырады және олардың шаршағыштығы дамуын баяулатады. Оның жиырылу күшін арттыра отырып, жүрек бұлшықетіне көтермелегіш әсер етеді (жағымды инотроптық әсері ІІІ типті фосфодиэстераза белсенділігіне әсерімен байланысты болуы мүмкін).
Бүйрек шумақшалары тамырларының кеңеюі бүйректе қан сүзілуінің артуымен және диурездің қысқа уақыттық артуымен қатар жүреді.
Көмірқышқылы газының көтермелегіш әсеріне оның сезімталдығын арттыру есебінен сопақша мидың тыныс алу орталығын көтермелейді, соңында түнгі апноэ эпизодының жиілігі мен ауырлығын төмендетеді.
Эфуллин жүктілік кезінде жатырдың ырғақты жиырылуын бәсеңдетіп, асқазандағы тұз қышқылының сөлінісін арттырады, тромбоциттердің адгезия мен агрегацияға қабілеттілігін төмендетуі есебінен қанның реологиялық (оның тұтқырлығы) қасиеттерін жақсартады.
Дозалау режимі
Тамақтан кейін көп мөлшердегі сумен бірге, ішу арқылы қабылдайды. Препараттың дозасы түрлі пациенттерде препараттың түрліше шығарылу жылдамдығын ескере отырып, дербес таңдап алынады. Дозаны есептеуді таза дене салмағына қарай жүргізеді (өйткені препарат май тініне таралмайды).
Ересектер мен дене салмағы 50 кг артық жасөспірімдерге клиникалық ситуацияға байланысты күніне 3 рет 150-300 мг-нан (1-2 таблетка), ауыр жағдайларда 6 сағаттық аралықпен күніне 4 рет 300 мг-нан (2 таблетка) тағайындайды. Тәуліктік доза орташа алғанда 3-4 қабылдауға 600-1200 мг немесе 4-8 таблетка. Дене салмағы 50 кг-нан аз пациенттерге және дене салмағы 45-55 кг жасөспірімдерге күніне 3-4 рет 150 мг-нан (1 таблетка) тағайындайды. Тәуліктік доза 600 мг аспауы тиіс.
6-17 жастағы балаларға препарат дене салмағына 13 мг/кг дозада тағайындалады, әдетте күніне 3 рет 150 мг (1 таблетка).
Енгізу жолы және тәсілі
Тамақтан кейін көп мөлшердегі сумен бірге, ішу арқылы қабылдайды.
– әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
– жедел сатыдағы миокард инфарктісі
– тахиаритмия
– гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатия
– өршу сатысындағы асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруы
– бауыр және/немесе бүйрек функциясының ауыр бұзылулары
– гипертиреоз
– эпилепсия
– эфедрин қабылдау (балаларда)
– 6 жасқа дейінгі балалар
– қышқылдығы жоғары гастрит
– ауыр артериялық гипер- және гипотензия
– геморрагиялық инсульт
– көздің торқабығына қан құйылу
- бас айналуы, бас ауыруы, ұйқысыздық, қозу, үрейлену, ашушаңдық, тремор
- жүрек қағуы, тахикардия (оның ішінде жүкті әйел III триместрде қабылдаған кезде шаранада), аритмия, кардиалгия, артериялық қысымның төмендеуі, стенокардия ұстамалары жиілігінің жоғарылауы
- гастралгия, жүрек айну, құсу, гастроэзофагеальді рефлюкс, қыжыл, асқазан және 12 елі ішек ойық жара ауруының асқынуы, диарея, ұзақ қолданғанда – тәбеттің төмендеуі.
- тері бөртпесі, қышыну, қызба
- кеуденің ауыруы, тахипноэ, бетке «қан тебуді» сезіну, альбуминурия, гематурия, гипогликемия, диурездің күшеюі, қатты тершеңдік.
Жағымсыз реакциялар препарат дозасын төмендеткенде азаяды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: тәбеттің төмендеуі, гастралгия, диарея, жүректің айнуы, құсу (оның ішінде қан аралас), асқазан-ішектік қан кету, тахипноэ, бет терісінің қызаруы, тахикардия, қарыншалық аритмиялар, ұйқысыздық, қимыл қозушылығы, үрейлену, жарықтан қорқу, тремор, құрысу.
Ауыр уыттануда эпилептоидты ұстамалар (ешқандай алдын ала белгілерінсіз әсіресе балаларда), гипоксия, метаболизмдік ацидоз, гипергликемия, гипокалиемия, АҚ төмендеуі, қаңқа бұлшықеттерінің некрозы, сананың шатасуы, миоглобинуриямен бүйрек жеткіліксіздігі дамуы мүмкін.
Емі: препаратты тоқтату, асқазанды шаю, белсенділендірілген көмірді, іш жүргізетін ДП тағайындау, полиэтиленгликоль және электролиттер біріктірілімімен ішекті шаю, қарқынды диурез, гемосорбция, плазмосорбция, гемодиализ (тиімділігі жоғары емес, перитонеальді диализ тиімсіз), симптоматикалық ем.
Құрысу пайда болған жағдайда тыныс жолдарының өткізгіштігін демеу және оксигенотерапия жүргізу.
Сақтықпен қолдану.
Жүректің ишемиялық ауруы (стенокардия), жайылған тамырлар атеросклерозы, жиі қарыншалық экстрасистолия, құрысу жағдайының жоғарылауы, жеңіл және орташа дәрежедегі бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі, анамнездегі асқазан және 12 елі ішек ойық жара ауруы, таяудағы анамнездегі асқазан-ішектен қан кету, бақыланбайтын гипотиреоз (жинақталу мүмкіндігі), ұзақ гипертермия, гастроэзофагеальді рефлюкс, қуық асты безі аденомасы, жүктілік, лактация кезеңі, егде жас, балалар жасында.
Эуфиллин басқа да ксантиннің туындыларымен бір мезгілде қолданылмайды. Емделу кезінде құрамында ксантин туындылары бар тағамдық өнімдерді және сусындарды тұтынуға болмайды ( қою шай, кофе, шоколад, какао, мате).
Арнайы ескертулер
Жүктілік және лактация. Эуфиллинді жүктілік кезінде қолдану жаңа туылған сәби мен шарананың организмінде теофиллин мен кофеиннің зор қауіпті концентрацияларының пайда болуына әкелуі мүмкін. Аналары жүктілік кезінде (әсіресе, III триместрде) эуфиллин қабылдаған жаңа туылған сәбилер метилксантиндерден улану симптомдарының болу мүмкіндігін бақылау үшін медициналық бақылауды қажет етеді. Жүктілік және лактация кезеңінде препаратты тағайындау сәбиге төнетін зор қауіп-қатерді бағалауды қажет етіп, экстремальді өмірлік көрсеткіштер бойынша ғана жүргізіледі.
Гериатрия мен неонатологияда қолдану. Эуфиллинді таблетка түрінде препаратты енгізу кезіндегі қиындықтарға байланысты 6 жастан кіші балаларға қолдану ұсынылмайды. 60 жастан асқан адамдарда эуфиллин қолдану төменгі дозаларда, қан плазмасында эуфиллин концентрациясына мониторинг жасау жағдайында жүргізілуі тиіс.
Автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі. Емдік дозада ішке қабылдаған кезде эуфиллин қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысу қабілетіне әсер етпейді.
Дәрілік препарат жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз реакциялар (бас айналуы, қозу, тремор) туындатуы мүмкін, пациенттер автокөлік жүргізгенде және қозғалатын механизмдермен жұмыс істегенде сақ болуы қажет.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Глюкокортикостероидтар және минералокортикостероидтар (гипернатриемия), жалпы анестезияға арналған дәрілер (қарыншалық аритмия қаупі артады), орталық жүйке жүйесін қоздыратын дәрілер (нейроуыттылықты ұлғайтады) жағымсыз реакциялардың даму ықтималдығын арттырады.
Диареяға қарсы препараттар және энтеросорбенттер аминофиллин сіңуін төмендетеді. Рифампицин, фенобарбитал, фенитоин, изониазид, карбамазепин, сульфинпиразон, аминоглутетимид, құрамында пероральді эстроген бар контрацептивтер және морицизин микросомальді тотығу индукторлары бола отырып, аминофиллин клиренсін арттырады, бұл оның дозасын арттыруды қажет етуі мүмкін.
Макролидтер тобы антибиотиктері, линкомицин, аллопуринол, циметидин, изопреналин, эноксацин тобымен, этанолдың аздаған дозасымен, дисульфирам, фторхинолон, рекомбинантты интерферон альфа, метотрексат, мексилетин, пропафенон, тиабендазол, тиклопидин, верапамилмен бір мезгілде қолданғанда және тұмауға қарсы вакцинация кезінде аминофиллин әсерінің қарқындылығы ұлғаюы, бұл оның дозасын төмендетуді қажет етуі ықтимал.
Бета-адреностимуляторлар және диуретиктер әсерін ұлғайтады (оның ішінде шумақтық сүзілудің ұлғаюы есебінен), литий және бета-адреноблокаторлар препараттары тиімділігін төмендетеді. Спазмолитиктермен үйлесімді, басқа ксантин туындыларымен бірге қолданбайды. Антикоагулянттармен бір мезгілде сақтықпен тағайындайды.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.