Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Раствор для внутривенного и внутримышечного введения
Дозировка
12.5 %
Торговое наименование
Этамзилат
Действующее вещество
Этамзилат
Назначение
Шығу тегі және орналасуы әртүрлі капиллярлық қан кетулердің профилактикасында және емдеуде: хирургиялық операцияларға дейін, операция кезінде және одан кейін, сондай-ақ…
Производитель
"Фармацевтическая компания "Здоровье"
Страна
Украина
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат – 125 мг этамзилат,
қосымша заттар: натрий метабисульфиті, сусыз натрий сульфиті, динатрий эдетаты (Трилон Б), инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір, түссіз немесе аздаған сарғыш реңді сұйықтық.
• шығу тегі және орналасуы әртүрлі капиллярлық қан кетулердің профилактикасында және емдеуде: хирургиялық операцияларға дейін, операция кезінде және одан кейін, сондай-ақ отоларингологияда, гинекологияда, акушерлікте, урологияда, стоматологияда, офтальмологияда, пластикалық және қайта қалпына келтіру хирургиясында барлық жақсы васкуляризацияланған тіндерде
• гинекологияда: жатырішілік ұрықтануға қарсы құралдармен әйелдердегі метроррагия, меноррагия, гиперменорея
• педиатрияда: шала туған балаларда перивентрикулярлық қан кетудің профилактикасы
Әсер ету механизмі
Этамзилат – бұл бастапқы қан тоқтататын дәрі ретінде қолданылатын (эндотелий-тромбоциттердің өзара әрекеттесуі) синтетикалық қан тоқтататын және ангиопротекторлық препарат. Препарат тромбоциттердің адгезивтілігін жоғарылатады, капиллярлар жақтауының төзімділігін қалпына келтіреді, осылайша олардың өткізгіштігін төмендетеді, тромбоциттер дезагрегациясын, капиллярлардың вазодилатациясын және жоғары өткізгіштігін туғызатын простагландиндер биосинтезін тежейді. Осының нәтижесінде қан кету уақыты айтарлықтай қысқарады, қан жоғалту төмендейді.
Этамзилаттың тамыр тарылтқыш қасиеті жоқ, фибринолизге әсер етпейді және плазма коагуляциясының факторын өзгертпейді.
Дозалау режимі
Ересектерге профилактикалық мақсатпен препаратты вена ішіне немесе бұлшықет ішіне операцияға дейін 1 сағат бұрын 0,25-0,5 г (12,5 % ерітіндінің 2-4 мл) енгізеді. Операция кезінде қажет болғанда вена ішіне 0,25-0,5 г (2-4 мл 12,5 % ерітінді) енгізеді. Операциядан кейін 0,25-0,5 г (2-4 мл 12,5 % ерітінді) әр 4-6 сағат сайын қан кету қаупі жойылғанға дейін енгізеді. Емдеу мақсатында, шұғыл жағдайларда ересектерге этамзилатты вена ішіне немесе бұлшықет ішіне 0,25-0,5 г (2-4 мл 12,5 % ерітінді) әр 4-6 сағат сайын қан кету қаупі жойылғанға дейін енгізеді. Метроррагияны және меноррагияны емдеуде этамзилатты 0,25 г (12,5 % ерітіндінің 2 мл-ін), парентеральді 5-10 күн бойы әр 6-8 сағат сайын, ал әрі қарай – 0,25 г (12,5 % ерітіндінің 2 мл) қан кету кезінде және келесі 2 циклінде күніне 2 рет парентеральді тағайындайды.
Балалар: балаларға арналған тәуліктік доза ересектерге арналған дозаның жартысын құрайды.
Неонатология: этамзилатты бұлшықет ішіне дене салмағына 10 мг/кг (0,1 мл = 12,5 мг), туылғаннан кейін 2 сағат ішінде және одан әрі қарай әр 6 сағат сайын 4 күн бойы енгізу қажет.
Инъекцияға арналған ерітіндіні жергілікті қолдануға болады: препарат сіңірілген стерильді тампонды жараға қою керек.
Бауыр және бүйрек функциясының бұзылуы. Дозалау жөніндегі ұсынымдарға қатысты клиникалық деректер жеткіліксіз, сондықтан мұндай пациенттерге сақтықпен қолданған жөн.
Ересектер үшін ең жоғары бір реттік доза - 4 мг (0,5 г), тәуліктік 14 мг (1,75 г) құрайды.
Енгізу жолы және тәсілі
Этамзилатты вена ішіне (баяу) немесе бұлшықет ішіне қолданады.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алу үшін ұсыныстар
Егер препаратты қолдану туралы сұрақтар туындаса емдеуші дәрігерге хабарласыңыз.
• әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• расталған сульфиттерге аса жоғары сезімталдық
• антикоагулянттық дәрілер туғызған геморрагиялар
• анамнезде тромбоздар немесе эмболиялар
• лактация кезеңі
• бронх демікпесі
• балалардағы гемобластоз (лимфалық және миелоидты лейкемия, остеосаркома)
• жедел порфирия
• қан ұюының жоғарылауы
Жағымсыз құбылыстар жиілігі бойынша жіктелген: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, <1/10), жиі емес (≥1/1000, <1/100), сирек (≥1/10000, <1/1000), өте сирек (<1/10000) және жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде анықтау мүмкін емес жиілік).
Жиі
• жүрек айнуы, іштің ауыруы, іш тұсындағы жайсыздық, диарея
• тері бөртпесі
• астения
• бас ауыруы
Жиі емес
• бронх демікпесінің ұстамасы
Сирек
• артралгия
Өте сирек
• қызба
• тромбоэмболия, артериялық гипотензия
• агранулоцитоз, нейтропения, тромбоцитопения
• аса жоғары сезімталдық (анафилаксиялық шокты қоса)
Бұл жағымсыз әсерлері әдетте қайтымды және емді тоқтатқаннан кейін басылады.
Жағымсыз тері реакциялары немесе қызба жағдайында емдеуді тоқтатып, хабарлау керек, өйткені бұл аса жоғары сезімталдықтың алғашқы симптомдары болуы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Препараттың артық дозалануы туралы деректер жоқ. Жағымсыз әсерлері өтпелі сипатта және арнайы шара қолдануды талап етпейді.
Емді бастар алдында қан кетудің басқа себептерін жоққа шығарған жөн. Анамнезінде тромбозы немесе тромбоэмболиясы бар пациенттерге тағайындағанда сақтық таныту керек. Антикоагулянттардың артық дозалануымен байланысты геморрагиялық асқынуларда арнайы антидотты пайдалану керек. Этамзилатты негізінен гемостаздың тромбоцитарлы-қантамырлық компоненті бұзылған кезінде қосымша дәрі ретінде ғана тағайындайды. Препарат тромбоцитопениясы бар пациенттерде тиімсіз.
Жүрек ырғағы бұзылғанда және жүктемелік стенокардиясы бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек.
Этамзилат құрамында сульфиттер бар, сол себепті де оны бронх демікпесі және аллергиясы бар науқастарға сақтықпен енгізу талап етіледі.
Аллергиялық реакциялар туындаған жағдайда емдеуді дереу тоқтату керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Емдеу кезінде қозғалыс және психикалық реакциялардың жылдамдығын талап ететін қауіпті қызмет түрлерімен (оның ішінде автомобиль жүргізу), сақтықпен айналысу керек, өйткені препарат өтпелі бас айналуын немесе артериялық қысымның төмендеуін туындатуы мүмкін.
Жүктілік кезінде анасы үшін емнің әлеуетті пайдасы шарана үшін болжамды қауіптен асатын жағдайларда ғана қолданылуы мүмкін.
Препаратты лактация кезеңінде тағайындау қажеттілігі болғанда бала емізуді тоқтату мәселесін шешкен жөн.
Тиамин (В1 дәрумені) препарат ерітіндісінде болатын сульфитпен белсенділігін жояды.
Этамзилат ерітіндісін басқа препараттармен бір шприцте араластыруға болмайды. Реополиглюкинмен біріктіріп қолданғанда екі препараттың да әсері толық тежеледі.
Препаратты басқа гемостатикалық дәрілермен бірге қолдануға болады.
Препаратты вена ішіне тамшылатып енгізу қажет болғанда этамзилатты глюкоза ерітіндісіне немесе натрий хлоридінің физиологиялық ерітіндісіне қосу керек.
Этамзилат ерітіндісін 0,9 % натрий хлориді ертіндісімен араластырғанда оны дереу қолдану қажет.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.