Әсер ету механизмі
Тадалафил циклдік гуанозин монофосфаты (цГМФ) - 5 типті спецификалық фосфодиэстеразаның (ФДЭ-5) қайтымды селективті тежегіші болып табылады. Сексуалдық қозу азот тотығының жергілікті бөлінуін тудырғанда, тадалафилдің ФДЭ-5 тежелуі жыныс мүшесінің кавернозды денесінде цГМФ деңгейінің жоғарылауына әкеледі. Мұның салдары артериялардың тегіс бұлшықеттерінің релаксациясы және жыныс мүшесінің тіндеріне қан ағымы, бұл эрекцияны тудырады. Тадалафил сексуалдық стимуляция болмаса әсер етпейді.
Жыныс мүшесінің кавернозды денесінде цГМФ концентрациясының жоғарылауына әкелетін ФДЭ-5 тадалафилді тежеу әсері қуық асты безінің, қуықтың және оларды қанмен қамтамасыз ететін тамырлардың тегіс бұлшықеттерінде де байқалады. Тамырлардың тегіс бұлшықеттерінің босаңсуы нәтижесінде осы ағзаларда қан перфузиясының жоғарылауына және салдарынан қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясының (ҚБҚГ) симптомдары айқындығының төмендеуіне әкеледі. Тамырға қатысты осы әсерлер қуықтың афферентті жүйкелері белсенділігінің тежелуімен және қуық асты безі мен қуықтың тегіс бұлшықеттерінің босаңсуымен қатар жүруі мүмкін.
Фармакодинамикалық әсерлері
Тадалафил ФДЭ-5 селективті тежегіші болып табылады. ФДЭ-5 кавернозды дененің тегіс бұлшықеттерінде, ішкі ағзалардың тамырларының тегіс бұлшықеттерінде, қаңқа бұлшықеттерінде, тромбоциттерде, бүйректе, өкпеде және мишықта кездесетін фермент. Тадалафилдің ФДЭ-5-ке әсері басқа фосфодиэстеразаларға қарағанда күштірек. Тадалафил жүректе, мида, қан тамырларында, бауырда және басқа ағзаларда орналасқан ФДЭ-1, ФДЭ-2, ФДЭ-4-ке қарағанда ФДЭ-5-ке қатысты 10 000 есе тиімді. Тадалафил жүрек пен қан тамырларында табылатын ФДЭ-3 ферментіне қарағанда ФДЭ-5-ті 10 000 есе белсенді бөгейді. ФДЭ-5 қатысты бұл селективтілік ФДЭ-3-пен салыстырғанда маңызды, өйткені ФДЭ-3 жүрек бұлшықетінің жиырылуына қатысатын фермент болып табылады. Сонымен қатар, тадалафил көздің торқабығында кездесетін және фототасымалдауға жауап беретін фермент ФДЭ-6-ға қарағанда ФДЭ-5-ке қатысты шамамен 700 есе белсенді. Тадалафил ФДЭ-5-ке оның ФДЭ-7-ге ФДЭ-10 арқылы әсер етуімен салыстырғанда 10 000 есе күшті әсер етеді.
Клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі
Сау адамдарда Тадалафил жатқан қалыпта (орташа ең жоғары төмендеу тиісінше 1,6/0,8 мм сын. бағ. құрайды) және тұрған қалыпта (орташа ең жоғары төмендеу тиісінше 0,2/4,6 мм сын.бағ. құрайды) систолалық және диастолалық қысымның плацебомен салыстырғанда сенімді өзгеруін тудырмайды. Тадалафил жүректің жиырылу жиілігінің сенімді өзгеруіне әкелмейді.
Фарнсворт-Манселлдің 100 реңкті тесті кезінде тадалафилдің көру қабілетіне әсерін зерттеу түс айырмашылығы (көк/жасыл) нашарлауының жоқтығын көрсетті. Бұл тұжырым ФДЭ-5-пен салыстырғанда ФДЭ-6-мен тадалафил төмен троптылығына сәйкес келеді. Түс көру қабілетінің өзгеруі туралы есептер барлық клиникалық зерттеулерде сирек болды (<0,1%).
Тадалафилмен емдеу кезінде сперматозоидтар санының және олардың екіталай клиникалық маңыздылығының концентрациясының төмендеуі мүмкін. Бұл әсерлер қозғалғыштық, морфология және ФСГ сияқты басқа параметрлердің өзгеруімен байланысты болмады.
Эректильді дисфункция. Қажетіне қарай қабылданған тадалафилге реакция беру кезеңін анықтау үшін үш клиникалық сынақ жүргізілді, оның барысында 1054 пациент препаратты үйде қабылдады. Тадалафил эректильді функцияның статистикалық маңызды жақсарғанын және қабылдағаннан кейін 36 сағатқа дейін толық жыныстық қатынасқа түсу мүмкіндігін, сондай-ақ пациенттердің препаратты қабылдағаннан кейін 16 минуттан соң плацебомен салыстырғанда толық жыныстық қатынас үшін эрекцияға қол жеткізу және демеу қабілетін көрсетті.
Жұлынның зақымдануы салдарынан дамыған эректильді дисфункциясы бар 186 пациентке (142-сі тадалафил және 44-і плацебо қабылдаған) жүргізілген 12 апталық зерттеуде тадалафил эректильді функцияны едәуір жақсартты, бұл 10 немесе 20 мг (қажет болса икемді дозалау режимі) тадалафил қабылдаған адамдарда плацебо тобындағы 17%-бен салыстырғанда сәтті әрекеттердің орташа үлесінің 48% өсуіне әкелді.
Тадалафилді тәулігіне бір рет 2.5, 5 және 10 мг дозада қабылдаудың тиімділігін бағалау үшін бастапқыда әртүрлі жастағы (21 жастан 82 жасқа дейін) 853 пациенттің және әртүрлі ауырлық дәрежесіндегі (жеңіл, орташа, ауыр)және этиологиядағы эректильді дисфункциясы бар этникалық топтардың қатысуымен 3 клиникалық зерттеу жүргізілді. Пациенттердің жалпы топтарындағы препараттың тиімділігін екі бастапқы зерттеу барысында бір пациентке жыныстық қатынасқа түсудің сәтті әрекеттерінің орташа саны 5 мг тадалафил қабылдаған пациенттер тобында 57% және 67%, 2,5 мг тадалафил қабылдаған пациенттер тобында 50%, плацебо қабылдаған топта 31% және 37% құрады. Қант диабеті аясында эректильді дисфункциясы бар пациенттерге жүргізілген зерттеуде бір пациентке жыныстық қатынасқа түсудің орташа сәтті әрекеттері 5 мг және 2,5 мг тадалафил қабылдаған пациенттер тобында плацебо қабылдаған топтағы 28%-бен салыстырғанда тиісінше 41% және 46% құрады. Осы үш зерттеуге қатысқан пациенттердің көпшілігінде қажет жағдайда ФДЭ-5 тежегіштерімен емдеу кезінде емдік әсерге қол жеткізілді. Келесі зерттеуде ФДЭ-5 тежегіштерімен алдын ала емделмеген 217 пациент кездейсоқ түрде тәулігіне 5 мг тадалафил және плацебо қабылдайтын топтарға тағайындалды. Бір пациентке жыныстық қатынастың сәтті әрекеттерінің орташа саны плацебо алған топтағы 52%-бен салыстырғанда тадалафил қабылдаған пациенттерде 68% құрады.
Қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы. Тадалафилді бағалау 12 аптаға созылған 4 клиникалық зерттеу барысында жүргізілді, оған қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясының белгілері мен симптомдары бар 1500-ден астам пациент қатысты. Төрт зерттеуде тадалафилді 5 мг қабылдаған кезде простаталық симптомдарды бағалаудың халықаралық шкаласы бойынша жалпы жақсару плацебо қабылдаған топтағы -2,2, -3,6, -3,8 және -4,2-мен салыстырғанда -4,8, -5,6, -6,1 және -6,3 құрады. Простаталық симптомдарды бағалаудың халықаралық шкаласы бойынша жалпы жақсарулар қабылдау басталғаннан кейін 1 аптадан соң байқалды. Белсенді салыстыру препараты ретінде 0,4 мг тамсулозинді қолданған зерттеулердің бірінде 5 мг тадалафил, тамсулозин және плацебо қабылдаған кезде простаталық симптомдарды бағалаудың халықаралық шкаласы бойынша жалпы жақсару тиісінше -6,3, -5,7 және -4,2 құрады.
Зерттеулердің бірінің барысында эректильді дисфункцияның және қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясының белгілері мен симптомдарының жақсаруы осы екі патологиялық жағдайы бар пациенттерде бағаланды. Халықаралық эректильді функция индексі бойынша эректильді функцияның жақсаруы және простаталық симптомдарды бағалаудың халықаралық шкаласы бойынша жалпы жақсартулар плацебо қабылдаған топтағы 1,8 және -3,8-мен салыстырғанда 5 мг тадалафил қабылдаған пациенттер тобында тиісінше 6,5 және -6,1 құрады. Бір пациентке жыныстық қатынастың сәтті әрекеттерінің орташа саны плацебо қабылдаудағы 48,3% салыстырғанда 5 мг тадалафилмен 71,9% құрады.
Әсердің сақталуын бағалау 12 аптада байқалған простаталық симптомдарды бағалаудың халықаралық шкаласы бойынша жалпы жақсарулар 5 мг тадалафилмен емдеуден кейін 1 жылға дейін сақталғанын көрсететін зерттеулердің бірінің ашық жалғасуы барысында жүргізілді.
Балалар
Дюшенн бұлшықет дистрофиясы (ДБД) бар балалар қатысқан бір ғана зерттеу жүргізілді, онда препараттың тиімділігі туралы ешқандай дәлел болмады. 3 параллель топтағы тадалафилдің рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын, плацебо бақыланатын зерттеуіне ДБД шалдыққан және бір мезгілде кортикостероидтармен ем алатын 7-14 жас аралығындағы 331 ұл қатысты. Зерттеуге 48 апталық салыстырмалы жасырын кезең кірді, оның барысында пациенттер тадалафилді күнделікті 0,3 мг/кг немесе 0,6 мг/кг дозада немесе плацебо қабылдауға рандомизацияланды. Зерттеу тадалафилдің қозғалу қабілеті төмендеуінің баяулауымен көрініс табуы керек болған тиімділігін көрсетпеді, ол 6 минутта (6MWD) жүріп өткен қашықтықты бағалайтын бастапқы соңғы нүктемен өлшенді: 48-ші аптада ең аз квадраттар әдісімен (ЕАКӘ) есептелген 6MWD орташа өзгерісі 0,3 мг/кг (p=0,307) дозада тадалафил тобындағы -64,7 м және 0,6 мг/кг (p=0,538) дозада тадалафил тобындағы -59,1-мен салыстырғанда плацебо тобында -51,0 метр (м) құрады. Сонымен қатар, зерттеу аясында жүргізілген қайталама талдаулардың ешқайсысында препараттың тиімділігі туралы дәлелдер алынған жоқ. Бұл зерттеудегі тиімділікті бағалаудың жалпы нәтижелері әдетте белгілі тадалафил қауіпсіздік бейінімен және кортикостероидтар қабылдап жүрген ДБД бар педиатриялық пациенттерде күтілетін жағымсыз құбылыстар бейінімен сәйкес келді.
Еуропадағы Дәрілік заттардың айналымын бақылау агенттігі фармацевтикалық компанияларды балалар популяциясының барлық қосалқы топтарында эректильді дисфункцияны емдеу туралы зерттеу нәтижелерін ұсыну міндеттемесінен босатты. Педиатрияда қолдану туралы ақпарат алу үшін 4.2 бөл. қараңыз.