Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Крем для наружного применения
Дозировка
10 мг/г
Торговое наименование
Эрбинол
Действующее вещество
Тербинафин
Назначение
Дерматофиттер
Производитель
"Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш."
Страна
Турция
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір грамм кремнің құрамында
белсенді зат - 10 мг тербинафин гидрохлориді
қосымша заттар: цетостеарил спирті, ақ вазелин, сұйық парафин, полисорбат 80, троламин, бензил спирті, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Иіссіз ақ түсті біртекті крем.
Дерматофиттер
Емдеу:
- дененің тегіс терісінің дерматофиттері
- гениталийдің және жіліншіктің баздануы
- аяқ башпайларының баздануы
Кандидоз
Клиникаларда кездесетін тері кандидозын әдетте Candida albicans қоздырады. Алайда, Сandida-ны теріде анықтау емдеуге көрсетім бола алмайды.
Емдеу:
- баздану, атап айтқанда сан-жыныстық, анустық және перианальды
- ангулярлық стоматит (ауыз бұрыштарындағы жарықтар)
- вульвит, баланит
Кейбір жағдайларда ас қорыту жолдарын бір мезгілде емдеу ұсынылады.
Ониксис пен периониксисті емдеу кезіндегі қосымша зат.
Түрлі-түсті теміреткі
Әсер ету механизмі және фармакодинамикалық әсерлері
Тербинафин Эрбинол препаратының белсенді заты, құрамында зеңге қарсы белсенділіктің кең спектрі бар аллиламиннен тұрады. Төменгі концентрацияда тербинафин дерматофиттерге, зеңді және кейбір диморфты зеңдерге қатысты фунгицидтік әсер етеді. Ашытқы зеңдеріне қатысты белсенділігі олардың түріне қарай фунгицидтік немесе фунгистатикалық болуы мүмкін.
Тербинафин ерте сатысында зеңдердегі стеролдардың биосинтезін басады. Бұл эргостеролдың тапшылығына және скваленнің жасушаішінде жиналуына әкеледі, ол зеңді жасушалардың өліміне алып келеді. Тербинафин зеңнің жасушалық жарғақшасында скваленэпоксидазаны тежейді. Скваленэпоксидаза адамның P450 цитохромы жүйесіне жатпайды. Сәйкесінше, тербинафин Р450 цитохромы жүйесіне және тиісінше гормондардың немесе басқа дәрілік препараттардың метаболизміне әсер етпейді.
Дозалау режимі
Ересектерге көрсетілімдеріне байланысты тәулігіне 1 немесе 2 рет тағайындалады.
Енгізу әдісі және жолы
Тек сыртқа қолдануға арналған.
Препаратты жағар алдында зақымданған жерлерді тазалау және кептіру қажет. Крем зақымдалған теріге және оған жақын жерлерге жұқа қабатпен жағылады және аздап сіңдіріледі. Базданумен қатар жүретін инфекциялар кезінде (сүт бездері астында, саусақ аралықтарында, бөкселер арасында, шап аймағында) кремді жағатын жерлерді дәкемен жабуға болады, әсіресе түнде.
Емдеу ұзақтығы
Емдеудің орташа ұзақтығы:
- табанның, дененің, сирақтың дерматомикоздары – 1 апта тәулігіне 1 рет;
- тері кандидозы – 1-2 апта тәулігіне 1-2 рет;
- түрлі түсті теміреткі – 2 апта тәулігіне 1-2 рет.
Әдетте бірнеше күн ішінде симптомдардың жеңілдеуі орын алады. Тұрақты емдемеу немесе препаратпен емдеуді мерзімінен бұрын тоқтату қайта қайталануына әкелуі мүмкін. Егер емді бастағаннан кейін бір аптадан соң жақсару белгілері байқалмаса, диагнозды растау керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Дәрілік препаратты қолдану бойынша сұрақтар туындаған жағдайда, дәрігеріңізге жүгініңіз.
- тербинафинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер.
Жағымсыз реакциялар жиілігінің параметрлері былайша анықталады: өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥ 1/100, бірақ < 1/10); жиі емес (≥ 1/1000, бірақ < 1/100); сирек (≥ 1/10000, бірақ < 1/1000); өте сирек (< 1/10000); жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес). Жиілігі бойынша әр топта жағымсыз реакциялар ауырлық дәрежесін төмендету тәртібімен ұсынылған.
Жиі
- терінің қабыршақтануы, қышыну;
Жиі емес
- терінің зақымдануы, қабыршақтың пайда болуы, тері аурулары, пигменттенудің бұзылуы, эритема, теріні ашытып, күйдіру сезімі;
- ауыру, жағу орнындағы ауырсыну, қолданған жердегі тітіркену;
Сирек
- көздің тітіркенуі;
- терінің құрғауы, жанаспалы дерматит, экзема;
- жағдайдың нашарлауы;
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- аса жоғары сезімталдық;
- тері бөртпелері.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Тербинафиннің сыртқа қолдануға арналған крем түріндегі жүйелік сіңуінің төмен болуына байланысты артық дозалануы екіталай. Құрамында 300 мг тербинафин гидрохлориді бар препараттың бір сықпасының (30 г) ішіндегісін абайсызда жұту, 250 мг дозадағы бір тербинафин таблеткасын қабылдаумен салыстыруға болады (ересектерге арналған бір реттік пероральді доза). Препараттың көп мөлшерін абайсызда жұтып қойған жағдайда, тербинафин таблеткаларының артық дозалану симптомдарына ұқсас жағымсыз реакциялар байқалады.
Симптомдары: бас ауыруы, жүрек айну, эпигастрий аймағындағы ауырсыну және бас айналу.
Емі: белсендірілген көмір, қажет болған жағдайда – симптоматикалық демеуші ем.
Тербинафиннің сіңу жылдамдығының төмендігіне байланысты (<5%) жүйелік әсер ету қаупі іс жүзінде жоқ дерлік.
Алайда, терінің зақымдануы, тері беткейінің үлкен ауданының зақымдануы және нәрестелерде (тері беткейі/салмақ қатынасы мен қабаттар окклюзиясының әсеріне байланысты) бұл мүмкіндікті болдырмау үшін сақ болу керек.
Пайдалану кезіндегі сақтық шаралары
Тек сыртқа қолдануға арналған.
- Кандидоз: қышқыл рН бар сабынды қолдану ұсынылмайды (мұндай рН Candida көбеюіне себеп болады).
- препараттың көзді тітіркендіру ықтималдығына байланысты кремді бетке жаққан кезде көзге тигізбеу керек. Көзге кездейсоқ тиіп кеткенде, оны ағынды сумен жақсылап шайыңыз.
- Жаңа туған нәрестелер/ сәбилер кеудені қоса, крем жаққан тері аймағына жанаспауы керек.
Сирек жағдайларда негізгі зең инфекциясы өршуі мүмкін.
Тербинафин, сыртқа қолдануға арналған осы дәрілік заттың әсер етуші зат онихомикозды емдеу үшін жарамсыз.
Арнайы сақтандырулар
Қосымша заттар
Препарат құрамында цетостеарил спирті бар, ол жергілікті тері реакцияларын тудыруы мүмкін (мысалы, жанаспалы дерматит).
Препаратта 1 г кремнің құрамында 0,02 г бензил спирті бар. Бензил спирті аздап жергілікті тітіркенуді және аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін.
Педиатрияда қолдану
Осы жас тобында тербинафинді қолданудың шектеулі тәжірибесіне байланысты препаратты балаларда қолдануға ұсынылмайды.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде дозаны түзету қажет емес.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат автокөлікті жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсерін тигізбейді.
Жүкті әйелдерде крем түріндегі тербинафинді клиникалық қолдану тәжірибесі жоқ, сондықтан препаратты жүктілік кезінде әлеуетті пайда ықтимал қауіптен асқан жағдайда ғана қолдану керек.
Тербинафин емшек сүтіне енеді. Препаратты лактация кезінде қолдануға болмайды. Препаратпен өңделген терімен нәрестелердің жанасуына жол бермеу керек.
Эрбинол препараты үшін қандай да бір дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі белгісіз.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25˚С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.