Инфузиялық ерітінділерді дайындау үшін 0,9% (M/V) венаішілік инфузияға арналған хлорлы натрий ерітіндісін; 5% (M/V) венаішілік инфузияға арналған глюкоза ерітіндісін; немесе венаішілік инфузияға арналған натрий хлориді мен глюкоза ерітінділерінің қоспасын пайдалану ұсынылады.
Осы заттың уыттылығын ескере отырып, келесі ұсыныстар жасалды:
- персонал препаратпен дұрыс жұмыс істеу техникасын оқыған болуы тиіс;
- жүкті қызметкерлер препаратпен жұмыс істеуге жіберілмейді;
- эпирубицинмен жұмыс істеген кезде персонал өкілдері арнайы қорғаныш киімінде: химиялық көзілдірік, жұмыс халаттары, бір рет қолданылатын маскалар мен қолғаптар киюге тиіс;
- препаратты тағайындау немесе тазалау кезінде пайдаланылатын барлық заттар қауіпті қалдықтарды сақтайтын қапшықтарға салынып, жоғары температурада жағылуы керек;
- төгілген материалды натрий гипохлоритінің сұйылтылған ерітіндісімен (құрамында 1% хлорит бар) өңдеп, содан кейін оны сумен жуу керек.
- егер өнім теріге түссе, зақым тиген аймақты сумен және сабынмен немесе натрий бикарбонаты ерітіндісімен мұқият жуыңыз; көзге тиген жағдайда, қабақтарыңызды тартып, көзді кем дегенде 15 минут бойы көп мөлшерде сумен шайыңыз және дәрігермен кеңесіңіз;
- препаратпен жұмыс аяқталғаннан кейін қолғаптарды шешіп, қолдарды жуу керек.
Арнайы ескертулер
Эпирубицин-Келун-Казфармды тек ісікке қарсы және цитоуытты емді жүргізу тәжірибесі бар дәрігердің бақылауымен қолдану керек. Емдеу басталғанға дейін пациентте алдыңғы цитоуытты емнің (стоматит, нейтропения, тромбоцитопения және жайылған инфекциялар сияқты) жедел уытты әсерлері басылуы тиіс.
Эпирубициннің жоғары дозаларын қолданған кезде (әр 3-4 апта сайын > 90 мг/м2), жағымсыз құбылыстар стндартты дозаларды қолданған кездегімен ұқсас болады (әр 3-4 апта сайын <90 мг/м2), алайда нейтропения мен стоматит/мукозититтің айқындылық дәрежесі жоғары болуы мүмкін. Миелосупрессия салдарынан болатын ықтимал асқынуларға байланысты эпирубициннің жоғары дозаларын қабылдайтын пациентте мұқият бақылауда болуы тиіс.
Жүрек
Айқын кардиоуыттылық қаупін төмендету үшін Эпирубицин-Келун-Казфарм препаратымен емдеу басталғанға дейін және кезінде эхокардиография (Эхо-КГ) немесе көпөзекшелі радиоизотоптық ангиография (МӨРА) деректері бойынша сол жақ қарыншаның лықсу фракциясын бағалауды қоса, жүрек функциясына тұрақты мониторинг, сондай-ақ ЭКГ-мониторинг, әсіресе жоғары кардиоуыттылық қаупі факторлары бар пациенттерде (жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары, көкірекортасы/перикард саласындағы алдыңғы немесе қатарлас сәулелік ем, басқа да кардиоуытты препараттар, сондай-ақ «Басқа дәріліка заттармен өзара әрекеттесуі» қараңыз). СҚЛФ динамикамен өлшенуі керек, әсіресе антрациклиндердің жиынтық дозаларын арттырғанда, СҚЛФ бағалаудың бірдей әдісін пайдалану мақсатқа сай. Препаратты қолдануға түрткі болатын жүрек жеткіліксіздігінің ерте клиникалық диагнозы, сәтті емдеу үшін өте маңызды. Жедел (ертерек) кардиоуыттылық көп жағдайда транзиторлы (қайтымды) сипатта болады және оны әдетте Эпирубицин-Келун-Казфарм препаратымен емдеуді тоқтатуға көрсетілім ретінде қарастырмайды. Симптомдары синустық тахикардия және/немесе ST-T толқындарының ЭКГ-да спецификалық емес өзгерістері болып табылады. Сондай-ақ тахиаритмияның, қарыншалық тахикардияның, брадикардияның (жүрек жиырылу жиілігінің төмендеуі), атриовентрикулярлық блокаданың, ГИС шоғыры тармақтарының блокадасы пайда болуы туралы хабарламалар бар. Бұл әсерлер әдетте кешіктірілген кардиоуыттылықтың пайда болуына әкелмейді. Кеш (кешіктірілген) кардиоуыттылық жиынтық дозаға тәуелді, осыған байланысты эпирубициннің ұсынылған кумулятивті дозасын (900 мг/м2) тек ерекше жағдайларда ғана арттыруға болады. Кардиоуыттылық қаупінің факторларына мыналар жатады: жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары (белсенді сатыдағы немесе жасырын), көкірекортасы/перикардиальді аймақтағы алдыңғы немесе қатарлас сәулелік ем, басқа антрациклиндермен немесе антраценедиондармен бұрынғы жүргізілген ем, сондай-ақ миокардтың жиырылу функциясын басатын басқа да препараттарды бір мезгілде тағайындау. Эпирубициннен туындаған кардиоуыттылық негізінен емдеу аясында немесе оны аяқтағаннан кейін екі ай ішінде дамиды, бірақ кешіктірілген жағымсыз әсерлер (ем аяқталғаннан кейін бірнеше ай немесе тіпті жылдар) пайда болуы мүмкін. Кеш кардиоуыттылық симптомдары сол қарыншаның миокардының жиырылу қабілетінің төмендеуі және/немесе ентігу, өкпенің ісінуі, ортостатикалық ісіну, кардио және гепатомегалия, олигоурия, асцит, плевральды жалқық, галоп ырғағы сияқты іркілісті жүрек жеткіліксіздігінің симптомдары болып табылады. Сондай-ақ, перикардит/миокардит сияқты жеделге жуық құбылыстар байқалуы мүмкін. Кардиоуыттылық дамуының алдын алу үшін жүректің аспаптық зерттеуін (эхокардиография, позитронды-эмиссиялық томография және т.б.) тұрақты жүргізу ұсынылады.
Бұрын антрациклинді қабылдаған пациенттер сондай-ақ трастузумабпен емнің қаупі жоғары топта болады, дегенмен қауіп бірге қолданылғанға қарағанда төмен. Ұзақ шығарылу кезеңіне байланысты (Т.; трастузумаб 4-5 аптаны құрайды, трастузумаб 20-27 апта бойы қанайналымында сақталуы мүмкін), бұрын осы препаратты қабылдаған пациенттер кардиоуыттылық дамуының қаупі жоғары топта болады. Трастузумабпен емдеуді тоқтатқаннан кейін мұндай пациенттерде кемінде 27 апта бойы эпирубицинді қолданудан мүмкіндігінше аулақ болу керек.
Кеш кардиоуыттылық белгілері анықталған жағдайда Эпирубицин-Келун-Казфарм препаратымен емдеуді дереу тоқтатады.
Гематологиялық уыттылық
Басқа цитоуытты агенттер сияқты, эпирубицин миелосупрессияны тудыруы мүмкін. Эпирубицин-Келун-Казфарм препаратымен емдеу үрдісінде, әсіресе жоғары дозаларды қолданған кезде, емнің әр циклі алдында және кезінде гематологиялық көрсеткіштерді (лейкоциттердің, тромбоциттердің, гемоглобиннің, қанның формалық элементтері) және лейкоциттарлық формуланы бағалау қажет. Лейкопения және нейтропения дозаға тәуелді сипатқа ие және препаратты енгізгенннен кейін орташа есеппен 10-14 күннен кейін ең төмен мәніне (надира) жетеді, қан көрінісінің қалпына келуі әдетте 21 күнге байқалады. Сондай-ақ тромбоцитопения және анемия дамуы мүмкін. Клиникалық тұрғыдан бұл қызба, инфекция, сепсис/септицемия, септикалық шок, геморрагия, тіндік гипоксия және өліммен байқалуын мүмкін.
Салдарлы лейкоз
Эпирубицинді қоса, антрациклиндерді қабылдайтын пациенттерде салдарлы лейкоз дамуы мүмкін. Салдарлы лейкоз емнен кейін 1-3 жылдан кейін прелейкемиялық фазамен немесе онсыз дамуы мүмкін. Антрациклиндермен емнің бұл асқынуы басқа ДНҚ-ны зақымдайтын препараттармен, сәулелік еммен, цитоуытты препараттармен алдын-ала емдеуде, сондай-ақ антрациклиндердің жоғары дозаларын қолданғанда жиі кездеседі.
Асқазан-ішек жолы
Эпирубицин жүрек айнуы мен құсуды тудыруы мүмкін. Мукозит және стоматит жиі емнің ерте жағымсыз әсерлері болып табылады және ауыр ағымында бірнеше күн ішінде шырышты қабықтың ойық жаралануына әкелуі мүмкін. Көптеген пациенттерде бұл жағымсыз құбылыс цикл басталғаннан үшінші аптада өтеді.
Бауыр
Эпирубицин негізінен бауыр арқылы шығарылатындықтан, ем басталғанға дейін бауыр функциясын бағалау қажет, әрі қарай «бауыр» трансаминазаларының белсенділігіне және қан плазмасындағы жалпы билирубиннің концентрациясына тұрақты мониторинг жүргізу ұсынылады.
Бүйрек
Емді бастағанға дейін креатининнің плазмалық концентрациясын және әрі қарай оны ем кезінде үнемі бағалау керек. Креатинин концентрациясы > 5 мг/дл кезінде дозаны түзету қажет.
Енгізу орнындағы реакциялар
Препаратты ұсақ тамырға енгізудің немесе бір тамырға бірнеше рет енгізудің салдары флебосклероздың дамуына әкелуі мүмкін. Енгізудің ұсынылатын емшараларын орындау инъекция орнында флебиттің/тромбофлебиттің даму қаупін азайтуы мүмкін («Қолдану тәсілі және дозасы» бөлімін қараңыз).
Препараттың экстравазациясы
Препараттың экстравазациясы жергілікті ауыруға және ауыр жергілікті асқынулардың (күлбіреуіктердің түзілуі, ауыр целлюлит, некроз) дамуына әкелуі мүмкін. Эпирубициннің экстравазациясының алғашқы белгілерінің пайда болуы (инъекция орнында күйдіріп-ашыту немесе ауыру) инфузияны дереу тоқтату керек. Экстравазацияның салдарын жою бойынша іс-шараларды (дексразоксанды енгізу пайдалы болуы мүмкін) жергілікті жүргізу керек. Мұз пакеттерін пайдалана отырып (24 сағат ішінде), инъекция орнын салқындату мақсатқа сай болуы мүмкін. Зақымданған аяқ-қолды үнемі тексеру ұсынылады, себебі тіннің некрозы бірнеше апта ішінде дамуы мүмкін. Қажет болған жағдайда ықтимал алып тастау мақсатында пластикалық хирургтан кеңес алу керек.
Басқалар
Басқа цитоуытты препараттармен болғандағыдай, тромбофлебит және тромбоэмболиялық құбылыстар, соның ішінде өкпе эмболиясы (кейбір жағдайларда өліммен аяқталатын), эпирубицинді пайдалану кезінде кездейсоқ тіркелген.
Ісік лизисінің синдромы
Эпирубицинді қолдану кезінде ісік жасушаларының жылдам лизисі салдарынан гиперурикемия байқалуы мүмкін, осыған байланысты ем кезінде қан плазмасындағы несеп қышқылының, калийдің, кальций фосфаты мен креатининнің концентрациясын үнемі анықтау ұсынылады. Баламалы гидратация, несептің сілтілі рН демеу, аллопуринолды профилактикалық тағайындау ісік лизисінің синдромымен байланысты асқынулардың қаупін азайтуға мүмкіндік береді.
Вакцинация
Эпирубицин-Келун-Казфарм иммуносупрессиялық қасиеттерге ие болғандықтан, вакцинацияны тірі вакциналармен жүргізу ұсынылмайды, себебі суперинфекция дамуы мүмкін. Инактивацияланған немесе өлтірілген вакциналарды енгізуге жол беріледі, алайда мұндай вакциналарды енгізуге жауап төмендеуі мүмкін.
Ұрпақ өрбіту уыттылығы
Эпирубицин-Келун-Казфарм препаратымен ем қабылдайтын ерлер мен әйелдер контрацепцияның сенімді әдістерін қолдануы тиіс. Эпирубицинмен емделетін және бала тууды жоспарлаған пациенттерге генетиктен кеңес алу ұсынылады («Жүктілік және емшек емізу кезеңінде қолдану» бөлімін қараңыз).
Басқа енгізу тәсілдері үшін қосымша ескертулер мен сақтық шаралары
Қуыққа енгізу
Эпирубицинді енгізу химиялық циститтің симптомдарын (дизурия, полиурия, никтурия, странгурия, гематурия, қуықтың жайсыздығы, қуық қабырғасының некрозы) және қуықтың тарылуын туындатуы мүмкін. Катетеризация мәселелеріне ерекше назар аудару керек (мысалы, үлкен қуықішілік ісіктерге байланысты несепағардың обструкциясы).
Артерияішілік енгізу
Эпирубицинді артерия ішіне енгізу (бастапқы гепатоцеллюлярлы карциномалардың немесе бауырда метастаздардың жергілікті немесе аймақтық ем үшін транскатетерлік артериялық эмболизация) дәрілік склероздаушы холангитке байланысты асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасын (асқазан артериясына дәрілердің рефлюксіне байланысты болуы ықтимал) және өт жолдарының тарылуын қамтитын жергілікті немесе аумақтық құбылыстарға (жүйелі уыттылыққа қосымша эпирубицинді вена ішіне енгізгеннен кейін байқалатындарға сапалы ұқсас) әкелуі мүмкін. Енгізудің мұндай тәсілі перфузияланған тіннің кең таралған некрозына әкелуі мүмкін.