Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Сироп
Торговое наименование
Энтобан
Действующее вещество
Прочие антидиарейные препараты
Назначение
Шығу тегі әртүрлі диарея
Производитель
Хербион Пакистан Пвт. Лтд
Страна
Пакистан
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
10 мл шәрбаттың құрамында
белсенді заттар
қою экстрактілер
үлпекті холархена қабығы25 мг
кәдімгі мирт жемістері70,5 мг
қылқанды бөріқарақат жемістері10,6 мг
бенгал бежесі жемістері30,5 мг
боялған емен жемістері15,2 мг
керемет бутея шайыры8,2 мг
қосымша заттар: қант, натрий хлориді, лимон қышқылы, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, глицерин, пропиленгликоль, «Тутти – фрутти» хош иістендіргіші, бұрыш жалбызы майы, тазартылған су
-ЩЕСТВО333333333333333333333333333333333333333333333333333333333333333333333333333333333333333333333333333333333333333Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Тәтті дәмі және өзіне тән иісі бар қоңыр түсті шәрбат
Кешенді ем құрамында
- шығу тегі әртүрлі диарея
- дизентерия (оның ішінде жедел амебалық, бактериялық), ішек амебиазы
- жедел гастроэнтерит
- тағамдық токсикоинфекция
Энтобан – диареяға қарсы, бактерияға қарсы, протозойға қарсы әсер көрсететін біріктірілген фитопрепарат. Құрамында иіткіш заттардың көп болуының арқасында, препараттың диареяға қарсы, тұтқыр және антисептикалық қасиеттерге ие. Тегіс бұлшықеттерге әсер ете отырып, ішек перистальтикасын төмендетеді, түйілулер кезінде жай-күйді жеңілдетеді. Препараттың құрамына кіретін биологиялық белсенді заттар кешені E.histolitica STA (дизентерия амебасы) штаммына, ДНҚ құрылымының бұзылуымен және синтездің басылуымен байланысты бактерицидтік әсерге ие. Энтобан айқын бактерияға қарсы (бактерицидтік және бактериостатикалық) көрсетеді. Препарат компоненттерінің құрамына кіретін иіткіш заттар патогенді микроорганизмдердің протоплазмасын коагуляциялай отырып, бактерияға қарсы агенттер ретінде әсер етеді. Ас қорыту жолдарының шырышты қабығын қорғайды. Ішектің табиғи микрофлорасын бұзбайды. Ас қорыту бездерінің секрециясын арттырады, ас қорытуды жақсартады.
Үлпекті холархена – құрамында конессин қатарының стероидты типті алкалоидтары бар. Микробқа қарсы және амебаға қарсы белсенділікке ие.
Кәдімгі мирт – құрамында мирт майы, иіткіш, ащы заттар бар. Бактерицидтік (әсіресе стафилококктарға және стрептококктарға қатысты), вирусқа қарсы, фунгицидтік және қабынуға қарсы әсер көрсетеді. Регенирация үдерісін стимуляциялайды. Ащы - ас қорыту бездерінің секрециясын арттырады, ас қорытуды жақсартады.
Қылқанды бөріқарақат – құрамында алкалоидтар (берберин, бербамин), қант, иіткіш заттар, пектин, С, К дәрумендері, органикалық қышқылдар (алма, шарап, лимон және т.б.), микроэлементтер (Р, К, В, Са, Mg, Fe) бар.
Қабынуға қарсы, диареяға қарсы, тұтқыр және антисептикалық әсерге ие. Берберин алкалоиды бактерияларға қарсы айқын белсенділікке ие.
Бенгал бежесі құрамында мармелозин гликозиді, азулендер, иіткіш және пектиндік заттар, кумариндер, эфир майы, шайырлар, шырыштар, В2 дәрумені бар. Ол гипогликемиялық әсер көрсетеді, астың қорытылуына ықпал етеді.
Боялған еменнің құрамында галлотанин, иіткіш заттар бар. Тұтқыр, қабынуға қарсы және микробтарға қарсы әсерге ие.
Керемет бутеяның құрамында гликозидтер, бутин бар. Тұтқыр және ішек құрттарын айдайтын қасиеттерге ие.
Балалар:
6 айдан 3 жасқа дейін – әрбір 4 сағат сайын ½ шай қасықтан.
3 жастан 8 жасқа дейін – әрбір 4 сағат сайын 1 шай қасықтан.
8 жастан 18 жасқа дейін – әрбір 4 сағат сайын 2 шай қасықтан.
Ересектер:
Әрбір 4 сағат сайын 3-4 шай қасықтан.
Препарат ас қабылдауға байланыссыз қабылданады.
Емдеу курсы – диарея, гастроэнтерит, тамақтан улану – 2-5 күн;
амебиаз, дизентерия - 7- 10 күн.
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- жүктілік және лактация кезеңі
- бауыр функциясының бұзылуы
- ішектің бітелуі
Аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz.
Қазіргі уақытта Энтобан препаратымен артық дозалану жағдайлары туралы сипатталмаған.
Шәрбаттың құрамында сахароза бар, мұны қант диабеті, экссудативті диатезі бар, науқастар, сондай-ақ төмен калориялы диета ұстанатын адамдар назар аударуы керек. Егде жастағы пациенттер үшін препараттың дозасын түзету қажет емес. Энтобанды 75 жастан асқан пациенттерде қолдану зерттелмеген.
Дәрілік препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді
Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдану туралы клиникалық деректер жоқ. Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға болмайды.
Анықталмаған
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.