Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Паста для приема внутрь
Торговое наименование
Энтеросгель®
Действующее вещество
Прочие кишечные адсорбенты
Назначение
Ересектерде детоксикациялық дәрі ретінде: шығу тегі әр түрлі жедел және созылмалы уыттанулар, күшті әсер ететін және улы заттармен, оның ішінде, дәрілік
Производитель
ООО ТНК СИЛМА
Страна
Россия
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
100 г препараттың құрамында
белсенді зат - полиметилсилоксан полигидраты
(дозаға тәуелсіз поликонденсация өнімі 1, 1, 3, 3 –
тетрагидрокси -1,3-диметилдисилоксан полигидраты) 70 г,
қосымша зат - 30 г тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақтан ақ дерлік түске дейінгі иіссіз бір текті паста тәрізді масса.
Ересектерде детоксикациялық дәрі ретінде:
• шығу тегі әр түрлі жедел және созылмалы уыттанулар;
• күшті әсер ететін және улы заттармен, оның ішінде, дәрілік
препараттармен және алкогольмен, алкалоидтармен, ауыр металл
тұздарымен жедел улану;
• жедел ішек инфекцияларында кешенді ем құрамында;
• айқын уыттанумен қатар жүретін іріңді-сепсистік аурулар, кешенді ем
құрамында;
• тағамға және дәріге аллергия;
• гипербилирубинемия (вирустық гепатиттер) және гиперазотемия
(созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі);
• зиянды өндірісте істейтін жұмысшыларға созылмалы уыттану
профилактикасы мақсатында (политропты әсер ететін химиялық
агенттермен кәсіби, ксенобиотиктермен, бір құрамға бірлестірілген
радионуклидтермен, қорғасын, сынап, мышьяк қосылыстарымен, мұнай
өнімдерімен, органикалық еріткіштермен, азот тотықтарымен,
көміртегімен, фторидтермен, ауыр металл тұздарымен уыттануда).
Диареяға қарсы, ішекке арналған қабынуға қарсы/микробқа қарсы препараттар. Ішек адсорбенттері. Басқа да ішек адсорбенттері.
АТХ коды А07ВС
Энтеросгель шығу тегі гидрофобты кремнийорганикалық матрицаның (молекулярлық губка) кеуекті құрылымы бар, ол көбіне орташа молекулалы уытты метаболитіне қатысты сіңіргіш әсермен сипатталады (м.м. 70-тен 1000 дейін). Энтеросгель айқын сіңіргіш және детоксикациялық қасиеттерге ие. Асқазан-ішек жолы өзегінде препарат бактериялар және бактериялық токсиндер, антигендер, тағамдық аллергендер, дәрілік препараттар және улар, ауыр металл тұздары, радионуклидтерді, алкогольді қоса, әр текті эндогендік және экзогендік уытты заттарды байланыстырады және организмнен шығарады. Препарат организмнің кейбір зат алмасу өнімдері, оның ішінде билирубин, мочевина, холестерин және липидтік кешендердің артығын, сондай-ақ эндогендік токсикоздың дамуына жауапты метаболиттерді де сіңіреді. Энтеросгель дәрумендер мен микроэлементтердің сіңірілуін төмендетпейді, ішектің бұзылған микрофлорасының қалпына келуіне ықпал етеді және оның қозғалтқыш функциясына ықпал етпейді.
Дозалау режимі
Ересектерге ұсынылған доза - 15 г - 22,5 г (1 - 1,5 ас қасық) тәулігіне 3 рет. Тәуліктік дозасы 45 г - 67,5 г.
Созылмалы уыттанулар профилактикасы үшін – күніне 2 рет айсайын 7-10 күн бойы 22,5 г-ден.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке тағам немесе басқа дәрілерді қабылдау алдында 1-2 сағат бұрын немесе одан кейін, сумен іше отырып қабылдайды. Препараттың қабылдауға қажет мөлшерін бөлме температурасындағы стақандағы судың үш есе артық көлемімен араластырып немесе сумен іше отырып ішке қабылдау керек.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Ауыр уыттанулар кезінде алғаш үш тәулік бойы препарат дозасын екі есе ұлғайтуға болады.
Емдеу ұзақтығы
Жедел улануда емдеу ұзақтығы - 3-5 тәулік, ал созылмалы уыттануларда және аллергиялық жағдайларда - 2-3 апта. Қайталау курсы дәрігердің ұсынысы бойынша.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған жағдайда, оны кейіннен қолдануды осы нұсқаулықта көрсетілгендей немесе емдеуші дәрігер ұсынғандай әдеттегі режимде жүргізілуі керек.
Тоқтату симптомдары қаупінің болуына нұсқау
Туындатпайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңеске жүгіну бойынша ұсынымдар
Препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтар туындаса, кеңес алу үшін емдеуші дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.
- әсер етуші затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары
сезімталдық
- ішек атониясы
- ішек бітелісі
- әйелдерге жүктілік және лактация кезінде
- балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге
Емдеу уақытында туындауы мүмкін жағымсыз реакциялардың жиілігі келесі градация түрінде келтірілген: өте жиі (>1/10); жиі (>1/100, <1/10); жиі емес (>1/1000, <1/100); сирек (>1/10000, <1/1000); өте сирек (<1/10000).
Өте сирек
- жүрек айнуы, іш қату
- бүйрек немесе бауырдың ауыр жеткіліксіздігінде препаратқа жиіркену сезімінің пайда болуы.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Препаратты басқа дәрілік заттарды қабылдауға дейін 1-2 сағат бұрын немесе кейін уақытпен бөлінген қабылдау ережелерін сақтаған жағдайда, басқа дәрілік заттармен кешенді емде пайдалануға болады.
Сізде кез келген, оның ішінде аталған нұсқаулықта көрсетілмеген жағымсыз реакциялар мен сезімдер пайда болғаны туралы, сондай-ақ емдеу аясында зертханалық көрсеткіштердің өзгерістері туралы дәрігерді хабардар етіңіз.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Энтеросгель® препаратының көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсері анықталған жоқ.
Энтеросгель® жүктілік және лактация кезінде қолдануға болмайды.
Энтеросгель® препаратымен бір уақытта қабылдағанда басқа препараттардың сіңірілуі азаюы мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
4°С-ден төмен емес және 30°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Алғаш ашқаннан кейін тығыз жабылған қаптамада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.