Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Раствор для инъекций
Дозировка
1%
Торговое наименование
Эмсибел
Действующее вещество
Офтальмологические препараты другие
Назначение
Әртүрлі генездегі субконъюнктивалық және көзішілік қан кетулер
Производитель
РУП «Белмедпрепараты»
Страна
Беларусь
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір ампуланың ішінде
белсенді зат – метилэтилпиридинол гидрохлориді, 10 мг,
қосымша заттар: хлорсутек қышқылының 0.1 М ерітіндісі, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз ерітінді.
• әртүрлі генездегі субконъюнктивалық және көзішілік қан кетулер;
• ангиоретинопатия (диабеттік ретинопатияны қоса);
• орталық және шеткері хориоретинальді дистрофиялар;
• торқабықтың орталық венасы мен оның тармақтарының тромбозы;
• асқынған миопия;
• ангиосклероздық макулодистрофия (құрғақ түрі);
• операциядан кейінгі кезеңде глаукома бар науқастарда көздің тамырлы қабығының ажырауы;
• мөлдір қабықтың дистрофиялық аурулары;
• мөлдір қабықтың жарақаттары, күйіктері;
• жоғары қарқынды жарықпен көз тіндерінің зақымдануын емдеу және профилактикасы (күн сәулесі, лазерлік коагуляция кезінде лазер сәулесі).
Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Ангиопротектор, қантамыр жақтауы өткізгіштігін төмендетеді, антигипоксант және антиоксидант болып табылады.
Қанның тұтқырлығын және тромбоциттердің агрегациясын азайтады, тромбоциттердегі циклдік нуклеотидтердің (цАМФ және цГМФ) құрамын арттырады.
Ретинопротекторлық қасиеттерге ие, торқабықты жоғары қарқынды жарықтың зақымдаушы әсерінен қорғайды, көзішілік қан кетулердің қайтуына ықпал етеді, көз тіндеріндегі микроциркуляцияны жақсартады.
Метилэтилпиридинол гидрохлориді қанның ұю жүйесіне жағымды әсер етеді: тромбоциттердің агрегациясын тежейді, коагуляцияның жалпы индексін төмендетеді, қанның ұю уақытын ұзартады. Қантамырлар мен эритроциттер жасушаларының жарғақшаларын тұрақтандырады, эритроциттердің механикалық жарақаты мен гемолизге резистенттілігін арттырады. Ангиопротекторлық қасиеттері бар. Микроциркуляцияны жақсартады.
Биомембрана липидтерінің еркін-радикалды тотығуын тиімді тежейді, антиоксидантты ферменттердің белсенділігін арттырады. Р-450 цитохромын тұрақтандырады, антиуытты әсерге ие. Липидтер асқын тотығуының күшеюімен және гипоксиямен бірге жүретін төтенше жағдайларда биоэнергетикалық процестерді оңтайландырады.
Препарат көздің торқабығын жоғары қарқынды жарықтың зиянды әсерінен қорғайды, көзішілік қан кетулердің қайтуына ықпал етеді.
Метилэтилпиридинол гидрохлориді церебральді гемодисфункцияның белгілерін азайтады. Мидың гипоксия мен ишемияға төзімділігін арттырады. Ми қан айналымының бұзылуында (ишемиялық және геморрагиялық) вегетативті дисфункцияларды түзетуге ықпал етеді, мидың интегративті қызметін қалпына келтіреді, ішкі функцияларды жақсартады.
Липидтер асқын тотығуының жоғарылауымен бірге жүретін жағдайларда тиімді (глаукома, панкреатит және т.б.).
Дозалау режимі
Орталық хориоретинальді дистрофиямен, жоғары дәрежелі миопия кезіндегі торқабықтың дистрофиялық өзгерістерімен, диабеттік ретинопатиямен, торқабықтың орталық вена мен оның тармақтары окклюзиясымен, глаукомамен, оптиконевропатиямен ауыратын науқастарда ретробульбарлық (парабульбарлы) 10-15 күн ішінде тәулігіне 1 рет 1% ерітіндіден 0,5–1 мл тағайындайды. Ең жоғары бір реттік доза – 10 мг. Бір көздің зақымдануындағы курстық доза – 100–150 мг, екі жақты зақымданумен – 200–300 мг).
Гифем, кератит, кератоконус, увеит кезінде 10-15 күн ішінде тәулігіне 1 рет 0,2–0,5 мл 1% ерітіндіден субконъюнктивальді тағайындайды.
Ең жоғары бір реттік доза – 5 мг. Емдеу ұзақтығы 30 күнге дейін созылуы мүмкін. Курсты жылына 2-3 рет қайталауға болады.
Лазерокоагуляция кезінде торқабықты қорғау үшін (оның ішінде ісіктерді шектейтін және бұзатын коагуляция кезінде) – парабульбарлы немесе ретробульбарлы–0,5–1 мл 1% ерітіндіден 24 сағат бұрын және коагуляциядан 1 сағат бұрын (ең жоғары бір реттік доза – 10 мг), содан кейін – 0,5 мл 1% ерітіндіден тәулігіне 1 рет 2-10 күн ішінде.
Қажет болған жағдайда 2-4 аптадан кейін қайта емдеу курстарын жүргізуге болады.
Енгізу әдісі мен жолы
Субконъюнктивальді, парабульбарлы. Қажет болған жағдайда ретробульбарлық енгізуге болады. Дозалар, емдеу курсының ұзақтығы жекелей анықталады.
Қолдану уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Тәулігіне 1 рет.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар
Дәрілік препараттың кезекті инъекциясын өткізіп алған жағдайда жақын арада келесі инъекцияны жасау керек. Өткізіп алған дозаны толықтыру мақсатында қосарлы дозаны енгізуге болмайды.
Препаратты қалай қолдану керектігін түсіндіру үшін денсаулық сақтау маманынан кеңес алу бойынша ұсыныстар.
Препаратты қолдану бойынша сұрақтар болған жағдайда медицина қызметкеріне жүгіну керек.
- метилэтилпиридинол гидрохлоридіне немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- жүктілік;
- лактация;
- 18 жасқа дейінгі балалар.
Сирек
- артериялық қысымның жоғарылауы
- қысқа мерзімді қозу, ұйқышылдық
- терінің қышуы, бөртпе, ісіну, терінің қабыршақтануы, терінің қызаруы
- ауырсыну, күйдіру, қышу, гиперемия, парорбитальді тіндердің тығыздалуы (өздігінен қайтады)
Күтілетін дәрілік реакциялар пайда болған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне медициналық қолдану жөніндегі осы нұсқаулықтың соңында көрсетілген мекенжайға немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық дерекқорға тікелей жүгінуге болады
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: ұйқышылдық және седация, артериялық қысымның қысқа мерзімді жоғарылауы.
Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық емдеу, оның ішінде артериялық қысымды бақылаумен гипотензивті препараттарды тағайындау. Арнайы антидоты жоқ.
Емдеу барысында артериялық қысымды және қанның ұюын үнемі бақылап отыру қажет.
Арнайы ескертулер
Пациенттердің ерекше топтары
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы және әлсіреген науқастарда дозаны түзету қажет емес.
Педиатрияда қолдану
Жеткілікті деректердің болмауына байланысты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде дәрілік препаратты қолдану ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратпен емдеу кезінде жоғары зейін қою мен психомоторлық реакциялардың жылдамдығын талап ететін аса қауіпті қызмет түрлерімен айналыспаған жөн.
Жүктілік кезінде қолдануға болмайды.
Лактация кезеңінде қолдану ана үшін күтілетін пайда балаға төнетін ықтимал қауіптен асып кеткен жағдайда ғана мүмкін болады.
Метилэтилпиридинол гидрохлоридінің фертильділікке әсері туралы деректер жоқ.
Басқа дәрілік препараттармен ем аясында метилэтилпиридинол гидрохлоридін қолдану кезіндегі жағымсыз көріністер сипатталмаған.
а-Токоферол ацетаты метилэтилпиридинол гидрохлоридінің антиоксиданттық әсерін күшейтеді.
Эмсибелді басқа дәрілік препараттармен араластыруға болмайды.
Сақтау мерзімі
4 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.