Емдеуді үрей симптомдарын тоқтатуға, ал қажет болған жағдайда дозаны біртіндеп арттыруға мүмкіндік беретін ең аз тиімді дозадан бастау керек. Препаратты қабылдау біртіндеп тоқтатылуы керек. Бұл әсіресе ұзақ уақыт бойы бензодиазепин туындыларын қабылдайтын пациенттерге қатысты. Хлордиазепоксид қабылдауды күрт тоқтату ұйқы және көңіл-күй, зейін қою бұзылысын туындатуы мүмкін.
Элениум препаратымен емдеу кезінде және оны аяқтағаннан кейін 3 күн ішінде ешқандай спиртті сусындарды қолдануға болмайды.
Арнайы сақтандырулар
Егер 7-10 емделу күнінен кейін пациент жақсаруды байқамаса, дәрігерге қаралу керек.
Бензодиазепиндермен және басқа да ұйықтататын препараттармен емдеу кезінде байқалған әсерлерге қатысты жалпы ақпарат:
Төзімділік
Бензодиазепиндерді немесе осыған ұқсас әсер ететін препараттарды, оның ішінде Элениум препаратын бірнеше апта бойы тұрақты қолдану олардың әсер ету тиімділігін азайтуы мүмкін.
Дәрілік тәуелділік
Бензодиазепиндерді немесе осыған ұқсас әсер ететін препараттарды ұзақ қолдану психикалық және физикалық дәрілік тәуелділіктің дамуын туындатуы мүмкін. Дәрілік тәуелділіктің даму қаупі дозамен және емдеу ұзақтығымен бірге артады және анамнезінде алкогольге, есірткіге немесе дәрілік препараттарға тәуелділігі бар пациенттер немесе тұлғалық бұзылыстары бар пациенттерде де артады. Ондай пациенттерді тұрақты бақылау, дәрілік препараттарды жоспарлы түрде қайта тағайындауды болдырмау және дозаны біртіндеп азайту өте маңызды болып табылады.
Тоқтату симптомдары
Дәрілік тәуелділік дамыған жағдайда препаратты қолдануды күрт тоқтату тоқтату синдромын туындатуы мүмкін.
Тоқтату синдромына тән көріністер бас ауыру, бұлшықет ауыруы, жоғары мазасыздық, қозу және эмоциялық күштену, қимылды мазасыздық, сананың шатасуы, бағдарсыздық, ашушаңдық, ұйқысыздық болып табылады. Ауыр жағдайларда пайда болуы мүмкін: қоршаған бүкіл әлемді жалған деп күйзеліп сезіну (дереализация), тұлғаның бұзылуы, жанасып кетуге аса сезімталдық, есту және көру тітіркендіргіштеріне жоғары сезімталдық (жарыққа, шуылға), тұла бойдың шымылдау сезімі және аяқ-қолдың ұюы, елестеулер немесе құрысу ұстамалары.
Қысқа әсерлі бензодиазепиндер жағдайында тоқтату синдромы препаратты қабылдау арасында, әсіресе үлкен дозаларды қолданған жағдайда пайда болуы мүмкін. Ұзақ әсер ететін бензодиазепиндер жағдайында, қысқа әсер ететін препараттарға көшер алдында, тоқтату симптомдарының пайда болу мүмкіндігі туралы пациентті ескерту керек.
«Рикошет» синдромы және алаңдаушылық
Хлордиазепоксидпен емдеуді тоқтатқан кезде «рикошет» синдромы уақытша пайда болуы мүмкін – бензодиазепиндерді қолдануға себеп болған симптомдардың күшеюі. Ол көңіл-күйдің өзгеруі, алаңдаушылық, ұйқының бұзылуы және ұйқысыздық болуы мүмкін. Бұл құбылыс дәрілік препаратты қолдануды күрт тоқтатуға байланысты, сондықтан препарат дозасын біртіндеп азайту ұсынылады.
Емдеудің басында пациентке емдеу ұзаққа созылмайтынын және дозаны біртіндеп азайту қажеттілігін түсіндіру керек. Пациенттің емдеуді тоқтатқан кезде осындай симптомдардың пайда болуына байланысты алаңдаушылықты азайту үшін «рикошет» синдромының пайда болу ықтималдылығын түсінгені маңызды.
Қысқа әсерлі бензодиазепиндер жағдайында тоқтату синдромы препаратты қабылдау арасында, әсіресе үлкен дозаларды қолданған жағдайда пайда болуы мүмкін. Ұзақ әсер ететін бензодиазепиндер жағдайында, қысқа әсер ететін препараттарға көшер алдында, тоқтату симптомдарының пайда болу мүмкіндігі туралы пациентті ескерту керек
Антероградтық амнезия
Бензодиазепиндер тіпті емдік дозаларды қолданғанда пайда болуы ықтимал антероградтық амнезияны туындатуы мүмкін, ал жоғары дозаларда оның пайда болу қаупі артады. Амнезия симптомдары мінез-құлық жағдайы үшін талапқа сай емес байқалуы мүмкін. Антероградтық амнезия көбінесе дәрілік препаратты қабылдағаннан кейін бірнеше сағаттан кейін пайда болады, сондықтан оның пайда болу қаупін азайту үшін пациентке 7-8 сағаттық үздіксіз ұйқысын қамтамасыз етуі керек.
Психикалық және парадокстық реакциялар
Элениум препараты бензодиазепиндер және соған ұқсас препараттар сияқты қимылды мазасыздық, қозу, ашушаңдық, озбырлық, дұшпандық, сандырақ, қорқынышты түстер көру, елестеулер, психоздар, сомнамбулизм, тұлғаның бұзылуы, айқын ұйқысыздық сияқты парадокстық реакциялар және мінез-құлыққа байланысты басқа да жағымсыз реакциялар туындатуы мүмкін. Бұл реакциялар егде жастағы пациенттерде немесе алкогольдік тәуелділігі бар адамдарда айтарлықтай жиірек кездеседі.
Ондай симптомдар пайда болған жағдайда дәрігермен кеңесіп, емдеуді тоқтату керек.
Апиынды препараттарды бір мезгілде қабылдаумен байланысты қауіп
Элениум дәрілік препаратын және апиындарды бір мезгілде қолдану седацияға, тынысты тежеуге, комаға және тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Жоғарыда аталған қауіпке байланысты бензодиазепиндер немесе олардың туындылары сияқты седативтерді, мысалы, апиындармен Элениум препаратын бір мезгілде қолдану емдеудің баламалы әдістерін қолдану мүмкін болмайтын пациенттер үшін кейінге сақталуы тиіс. Егер Элениум препаратын апиындармен бір мезгілде тағайындау туралы шешім қабылданса, ең төменгі тиімді дозаны пайдалану керек, ал емдеу ұзақтығы мүмкіндігінше қысқа болуы тиіс.
Пациенттердің арнайы топтары
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде хлордиазепоксидтің аз дозаларын ("Қолдану жөніндегі нұсқаулар" бөлімін қараңыз), осы жас тобында жағымсыз әсерлердің, негізінен бағдардың және қозғалыс үйлесімінің (құлау, жарақаттар) бұзылыстарының күшеюіне байланысты қолдану керек.
Бауыр функциясының жеткіліксіздігі
Энцефалопатияның даму қаупіне байланысты, бауыр функциясының ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге бензодиазепиндерді қолдануға болмайды.
Педиатрияда қолданылуы
Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге дәрілік препаратты қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған, сондықтан дәрілік препаратты осы жас тобында қолдану ұсынылмайды.
Созылмалы тыныс алу жеткіліксіздігі
Хлордиазепоксидті созылмалы тыныс алу жеткіліксіздігі бар пациенттер тыныс алуға тигізетін ықтимал тежеуші әсеріне байланысты сақтықпен қолданған жөн. Препаратты азырақ мөлшерде қолдану қажет болуы мүмкін.
Бүйрек функциясының жеткіліксіздігі
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерге стандартты сақтық шараларын қабылдау керек.
Басқа да жай-күйлер
Бензодиазепиндерді анамнезінде алкогольге, есірткіге немесе дәріге тәуелділігі бар пациенттерге үлкен сақтықпен қолдану керек. Ондай пациенттер хлордиазепоксидпен емдеу кезінде қатаң бақылауда болуы тиіс, өйткені дағдылану мен психикалық тәуелділіктің даму қаупі тобына кіреді. Сондықтан пациенттер Элениум препаратын қолданар алдында дәрігерге осы зиянды әдеттері туралы хабарлауы керек.
Бензодиазепиндер фобияның психоздық бұзылыстарын немесе обсессивті-компульсивті ауруларды емдеуде көрсетілмеген.
Тұлғалық бұзылыстары бар пациенттерге бензодиазепиндерді тағайындау кезінде өте сақ болу керек.
Депрессия кезінде қолдану
Дәрігерге барлық психикалық аурулары туралы хабарлау керек. Эндогендік депрессия немесе депрессиямен байланысты үрей симптомдары бар пациенттерді емдеу үшін дәрігер бір уақытта бірнеше дәрі тағайындауы керек. Депрессияға шалдыққан пациенттерде тек Элениум препаратын қолдану депрессия симптомдарының, соның ішінде суицидтік ойлардың күшеюіне әкелуі мүмкін.
Жақын адамы жоғалған немесе қайтыс болған жағдайда бензодиазепиндер психологиялық реабилитацияны тежеуі мүмкін.
Бұлшықет босаңсыту әсерін ескере отырып, егде жастағы адамдарда құлап қалу және тиісінше сыну қаупі бар.
Элениум препаратын порфирияға шалдыққан пациенттерге қолдану осы аурудың симптомдарын күшейтуі мүмкін. Порфириямен ауыратын пациенттер Элениум препаратымен емдеуді бастамас бұрын бұл ауру туралы дәрігерге хабарлауы тиіс.
Глаукомасы бар, әсіресе жабықбұрышты түрі бар пациенттер Элениум препаратымен емдеуді бастамас бұрын окулистпен кеңесуі тиіс.
Мишық және жұлын атаксиясы, сондай-ақ миастениясы бар пациенттер Элениум препаратымен емдеуді бастамас бұрын бұл аурулар туралы дәрігерге хабарлауы тиіс.
Элениум препаратының кейбір компоненттері туралы маңызды ақпарат
Элениум препараты, қабықпен қапталған таблеткаларының құрамында сахароза бар. Дәрілік препарат фруктоза жақпаушылығымен, глюкоза-галактозаның нашар сіңу синдромымен немесе сахараза-изомальтаза тапшылығымен байланысты тұқым қуалайтын сирек кездесетін бұзылулары бар пациенттерде қолданылмауы тиіс.
Элениум препараты, қабықпен қапталған таблеткаларының құрамында лактоза моногидраты бар. Дәрілік препарат сирек кездесетін тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лопарь лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактозаның нашар сіңу синдромы бар пациенттерде қолданылмауы тиіс.
Егер пациентте қандай да бір қантқа жақпаушылығы болса, онда препаратты қабылдағанға дейін пациент дәрігермен кеңесу керек.
Элениум препаратының 10 мг дозасында жасыл лак [хинолинді сары Е (104) + индигокармин (E 132)] бар, ол аллергиялық реакцияларды туындатуы мүмкін.
Жоғарыда айтылған ескертулер бұрын байқалған жағдайларға қатысты болса да, дәрігермен кеңесу керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Хлордиазепоксид, бензодиазепиндер тобындағы барлық дәрілік препараттар сияқты, дозаға, енгізу жолына және жеке сезімталдыққа байланысты реакция жылдамдығына әсер етуі мүмкін. Реакцияның баяулауы, зейін қоюдың бұзылуы, жадының бұзылуы көлікті басқару және механикалық құрылғыларға қызмет көрсету қабілетіне теріс әсер етуі мүмкін. Хлородиазепоксидті қолдану кезінде, сондай-ақ қабылдау тоқтатылғаннан кейін 2-3 күн ішінде автокөлікті басқаруға және қозғалатын механикалық құрылғыларға қызмет көрсетуге болмайды.