Дозалау режимі
Алғашқы көмек
Ауру немесе құтыруға шалдыққандығына күдік бар жануар тістегеннен немесе сілекейі жұққаннан кейін жараларды жергілікті өңдеу тістегеннен немесе зақымданғаннан кейін дереу немесе барынша ертерек басталуы тиіс. Жараны мол сабынды сумен немесе басқа жуғыш құралмен (детергентпен) жуып-шаю қажет немесе сабын немесе детергент болмаған жағдайда, зақымданған орын ағынды сумен бірнеше минут (15 минутқа дейін) жуылып шайылады. Содан соң жараның шеттерін 70% спиртпен немесе 5% сулы-спиртті йод ерітіндісімен сүртеді.
Сарысуды профилактикалық шаралардан кейін барынша қысқа мерзім ішінде енгізу қажет.
Зақымдану санаты — Ауру немесе ауруға күдікті, қадағалауға мүмкіндік жоқ жануармен жанасудың түрі — Ұсынылатын емі
1 — Жануарлармен жанасу немесе тамақ беру, жарақаттанбаған теріні жалауы — Анамнезі нақты анықталған жағдайда - жүргізілмейді
2 — Жарақаттанбаған теріге сілекейінің жұғуы, сыдырылулар, тырнап алған жерлер, кеудені, аяқ-қолдың (бас, бет, мойын, қол басы, қол мен аяқтың саусақтарынан басқа) беткі жағын тістеуі — Дереу вакцинациялау. Егер жануар 10 күн ішінде сау күйінде қала берсе, немесе өлтірілсе, және жүргізілген талдаулардың нәтижесі теріс болып шықса, емдеуді тоқтату керек
3 — Кез келген шырышты қабықтарға сілекей жұғуы, басты, бетті, мойынды, қол басын, аяқ-қолдың саусақтарын, гениталийді кез келген дәрежеде тістеп алуы; жалғыз немесе көптеген терең, жырымдалған жаралар — Дереу вакцинациялау және иммундық сарысуды енгізу. Егер жануар 10 күн ішінде сау күйінде қала берсе, немесе өлтірілсе, және жүргізілген талдаулардың нәтижесі теріс болып шықса, емдеуді тоқтату керек
Құтырудың профилактикасы үшін, иммундық сарысумен және вакцинамен біріктіріп емдеу ұсынылады, әйтсе де тәжірибелерден, кішігірім жұқтыру жаралары (2 санат) кезінде вакцинаның бір өзі-ақ жеткілікті болуы мүмкін екендігін көрсетеді. Егер біріктіріп емдеуге көрсетілім бар болған жағдайда (3 санат), онда алдымен антирабиялық сарысу енгізіледі және одан кейін 30 минуттан аспайтын уақыттан соң антирабиялық вакцина, бірақ дененің түрлі бөліктеріне енгізіледі.
Ұсынылатын дозасы
Иммундық сарысу жараланғаннан кейін барынша ерте мерзім ішінде - тістегеннен кейін 3 тәуліктен кешіктірмей тағайындалады. Егер алғашқы вакцинациялау кезінде сарысу қолда болмаса, оны 7 күн ішінде тағайындауға болады.
Эквираб бірліктік дозасында – кг дене салмағына 40 ХБ тағайындалады. Балалар мен ересектер антирабиялық сарысудың бірдей – кг дене салмағына 40 ХБ дозасын қабылдайды. Сарысудың дозасын ешбір жағдайда арттыруға болмайды, өйткені ол адамның өзінің антиденелерінің өндірілуінің ішінара бәсеңдеуіне алып келуі мүмкін.
Қолдануға көрсетілім болған жағдайда, сіреспенің емін бастау және инфекцияларды емдеу үшін микробқа қарсы препараттарды тағайындау қажет.
Сарысудың жергілікті енгізілетіндігіне кепілдік беру үшін, жараны тікпей қоя тұру керек.
Антирабиялық иммундық сарысудың есептеп шығарылған дозасының барынша көп бөлігі, тіпті егер, жара жазыла бастаса да жара айналасындағы тінге және жараның түбіне инфильтрациялануы тиіс. Егер зақымданған жердің анатомиялық орналасымы (саусақтардың ұштары және т.б.) антирабиялық сарысудың дозасын жара айналасындағы тінге түгел енгізуге мүмкіндік бермесе, онда қалдығын б/і (бөксе бұлшықетіне, санның, иықтың жоғарғы бөлігіне) енгізеді. Сарысу енгізілетін орын вакцина енгізілген орыннан басқа жерде болуы тиіс.Егер сарысудың есептеп шығарылған дозасы жаралардың барлығын инфильтрациялау үшін жеткіліксіз болса, жараларды мұқият инфильтрациялау мақсатында сарысуды 2 немесе 3 есе сұйылту үшін физиологиялық ерітіндіні пайдалануға болады.
Сезімталдық сынамасы
Антирабиялық сарысуды енгізер алдында пациенттің жылқы ақуызына жекелей сезімталдығын тексеру қажет. 1:10 арақатынаста сұйылтылған (натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісімен сұйылтылады) 0,1 мл сарысу сол жақ иыққа, диаметрі 3 мм қабыршық түзілетіндей қылып тері ішіне енгізіледі. Бақылау үшін оң жақ иыққа 0,1 мл физиологиялық ерітінді енгізіледі. Пациент 15 минут бойы қадағалауда болады. Егер эритема (>6 мм), жергілікті ісіну немесе жүйелі реакция байқалса, тест оң болып есептеледі, бұл жағдайда бақылау инъекциясы тері реакциясын көрсетпейді. Жылқының тазартылған иммуноглобулині (иммундық сарысудың белсенді компоненті) адам иммуноглобулинінің қауіпсіз баламасы болып табылады. Оң нәтиже серотерапияны пайдалану үшін ресми түрдегі қарсы көрсетілім болып табылмайды, бірақ оны ескерту ретінде қарастыру керек. Ондай жағдайларда, сарысу тек, анафилаксиялық шок дамыған кезде көмек көрсетуге арналған барлық дәрілерді дайындап алғаннан кейін ғана тағайындалады. Тест нәтижесінің теріс болуы анафилаксиялық реакция дамуын жоққа шығару үшін түбегейлі кепілдік болып табылмайды. Реакциялардың көпшілігі комплемент жүйесінің белсенуі нәтижесінде туындайды және теріге жасалатын тест арқылы болжап білу мүмкін емес.