Жағымсыз әсерлер емдеудің бірінші немесе екінші аптасында едәуір жиі пайда болады, содан кейін әдетте аз қарқынды болады және емдеуді жалғастырған кезде сирек пайда болады.
Өте жиі
- қынаптан бөліністер
Жиі
- вагинит, вульваның және қынаптың тітіркенуі, жамбас аймағының ауыруы
Жиі емес
- шөлдеу сезімі
Сирек
- анафилаксия
- қынапта күйдіріп ашу сезімі, қышыну, тітіркену, іштің ауыруы, тері бөртпесі, аллергиялық реакциялар (анафилаксиялық шок)
Өте сирек
- агранулоцитоз, нейтропения, тромбоцитопения, панцитопения
- көңіл-күйдің өзгеруі, сананың шатасуы және елестеулерді қоса, психоздық бұзылыстар
- энцефалопатия (мысалы, сананың шатасуы, дене температурасының жоғарылауы, бас ауыруы, елестеулер, салдану, фотофобия, қозғалыс бұзылулары, мойын бұлшықетінің сіресуі) және жеделалды мишық синдромы (атаксия, дизартрия, жүрістің бұзылуы, нистагм және треморды қоса), олар препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін қайтымды болады, бас айналу, құрысулар, ұйқысыздық, бас ауыруы
- диплопия және жақыннан көру сияқты көрудің, негізінен өтпелі бұзылулары
- бауыр ферменттерінің белсенділігінің жоғарылауы (АСТ, АЛТ, сілтілі фосфатаза), холестаздық гепатит немесе аралас гепатит және бауырдың гепатоцеллюлярлық зақымдануы, препаратты тоқтату кезінде қайтымды сарғаю және панкреатит; метронидазолды басқа антибиотиктермен біріктіріп қабылдаған пациенттерде бауыр трансплантациясын қажет ететін бауыр жеткіліксіздігі жағдайлары туралы хабарланды
- тері бөртпесі, пустулезды бөртпе, жедел жайылған экзантематозды пустулез, қышыну, гиперемия
- миалгия, артралгия
- несептің қараюы (метронидазол метаболиттерінің болуына байланысты)
Белгісіз
- лейкопения, метгемоглобинемия
- ангионевроздық ісіну, есекжем, қызба
- анорексия
- депрессиялық бұзылыс
- шеткері сенсорлық нейропатия немесе транзиторлы эпилептиформалы ұстамалар (жоғары дозада және/немесе метронидазолмен ұзақ уақыт емдегенде; көп жағдайда нейропатия емдеуді тоқтатқаннан немесе препараттың дозасын төмендеткеннен кейін жоғалып кетті), шаршау немесе әлсіздік, бозару, шаншу, ұйып қалу, парестезия, бағдардан адасу, қозу, психоз, құрысулар, сөйлеу бұзылыстары,гиперестезия, гипостезия, солбырлық, елестеулер, ысыну сезімі, ашушаңдық, мазасыздық, эйфория, ұйқышылдық, көіністіің қосарлануы немесе бұлыңғырлануы, қалтырау, тремор, естен тану, кома (сирек), үрей, ұйқысыздық, асептикалық менингит
- көру жүйкесінің нейропатиясы/невриті
- есту қабілетінің бұзылуы/жоғалуы (соның ішінде нейросенсорлық), құлақтағы шуыл
- дәмнің өзгеруі, ауыз қуысының мукозиті, ауыздағы металл дәмі, жүрек айнуы, құсу, эпигастрийдің ауыруы және диарея, ауыздың құрғауы, тәбеттің жоғалуы, іштің ауыруы немесе түйілуі
- мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, бекітілген дәрілік бөртпе
- енгізу орнында тітіркену және ауырсыну, жанаспалы дерматит.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz