Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Капсулы ретард
Дозировка
200 мг
Торговое наименование
Дюспаталин®
Действующее вещество
Мебеверин
Назначение
Ішек және өт шығару жолдарының функционалдық бұзылыстарымен байланысты ауыру мен жайсыздықты симптоматикалық емдеу
Производитель
Майлан Лабораториз САС
Страна
Франция
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат – мебеверин гидрохлориді 200 мг,
қосымша заттар: магний стеараты, метакрил қышқылының сополимері (Eudragit E30D), тальк, гипромеллоза, метакрил және этакрил қышқылының сополимері (Eudragit L30D), глицерол триацетаты,
капсула қабығы: желатин, титанның қостотығы (E171),
сия құрамы: шеллак, темірдің қара тотығы (Е172), пропиленгликоль, аммиак ерітіндісі (күшті), калий гидроксиді.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ түсті корпусы мен қақпақшасы бар, корпусында “245” таңбасы бар, өлшемі №1 қатты желатинді капсулалар. Капсуланың ішіндегісі – ақ немесе ақ дерлік түйіршіктер.
- ішек және өт шығару жолдарының функционалдық бұзылыстарымен байланысты ауыру мен жайсыздықты симптоматикалық емдеу.
Мебеверин асқазан-ішек жолының тегіс бұлшықетіне тікелей әсер ететін миотропты спазмолитик болып табылады. Ол ішектің қалыпты моторикасына әсерін тигізбестен, түйілуді басады. Нақты әсер ету механизмі белгісіз, бірақ көптеген механизмдер, иондық өзекшелер өткізгіштігінің төмендеуі, норадреналинді кері қармау блокадасы, жергілікті жансыздандыратын әсері, су сіңірілуінің өзгеруі асқазан-ішек жолында мебевериннің жергілікті әсерін туындатуы мүмкін. Осы механизмдер арқылы мебевериннің түйілуге қарсы әсері болады, ол асқазан-ішек жолының тегіс бұлшықет жасушаларының тұрақты релаксациясын («гипотония» деп аталатын) туындатпай, ішек моторикасының қалыпқа келуіне әкеледі. Жүйелі жағымсыз әсерлер, әдеттегі антихолинергиялық әсерлер оған тән емес.
Емдеу ұзақтығы
Препаратты қабылдау ұзақтығы шектелмеген. Симптомдардың жеңілдеуі емдеудің 2-4 аптасы ішінде басталады, ал анағұрлым айқын клиникалық әсері емді 6-8 аптаға дейін ұзартқан кезде байқалады. Емдеу курсының ұзақтығын таңдағанда аурудың жеке ерекшеліктерін және пациенттің симптоматикасын ескеру қажет. Елеулі емдік әсерге қол жеткізу үшін дәрігер үздіксіз терапия кезінде 12 ай бойы және интермиттирлеуші емдеу сызбасы кезінде 6 ай бойы пациенттің жағдайын және емнің тиімділігін бақылауы тиіс. Емнің тиімділігін бағалауды, оның ішінде пациенттің емге жауабын және үздіксіз ем кезінде симптомдардың жақсаруын медициналық маман жүзеге асырады.
Клиникалық зерттеулердің нәтижелері АІЖ тарапынан симптомдардың жақсаруын және 2-4 апта ішінде пациенттердің өмір сүру сапасын растады, кейіннен емдеуді 6-8 аптаға дейін ұзартқан кезде жақсарады.
Дозалау режимі
Ересектер
200 мг (1 капсула) тәулігіне 2 рет (таңертең және кешке).
Емдеу ұзақтығы
Препаратты 200 мг дозада қабылдаған кезде симптомдарды жеңілдету емдеудің 2-4 аптасы ішінде басталады, тұрақты клиникалық әсерге қол жеткізу үшін емдеу ұзақтығы кемінде 6-8 аптаны құрауы тиіс. Қабылдау ұзақтығы шектелмейді.
Егер бір немесе одан көп дозаны қабылдауды өткізіп алса, келесі капсула тағайындау кестесіне сәйкес қабылданады, өткізіп алған дозаларды қосымша қабылдамау керек.
Енгізу жолы және тәсілі
Капсулалар жеткілікті мөлшерде сумен іше отырып, ішке қабылданады (100 мл-ден кем емес). Капсулаларды шайнамай, бүтіндей жұту керек, өйткені капсуланының сырты босап шығуы ұзаққа созылатын механизмді қамтамасыз етуге арналған.
• белсенді ингредиентке немесе қосымша мәліметтер бөлімінде тізілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Төменде тізілген жағымсыз әсерлері постмаркетингтік тәжірибеден белгілі, сондықтан олардың жиілігін нақты бағалау мүмкін емес.
- негізінен терідегі көріністер түріндегі аллергиялық реакциялар: есекжем, ангиодистрофия, беттің ісінуі, қышынумен және онсыз тері бөртпесі.
- Аса жоғары сезімталдық реакциялары (анафилаксиялық реакциялар).
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК.
http://www.ndda.kz
Симптомдары: артық дозалану жағдайында ОЖЖ қозғыштығының жоғарылауы теориялық тұрғыдан мүмкін. Мебевериннің артық дозалануы жағдайында симптомдар жоқ немесе шамалы болды және, әдетте, тез қайтымды болды. Артық дозаланудың байқалған симптомдары неврологиялық және жүрек-қантамырлық сипатта болды.
Емі: Спецификалық антидоты белгісіз; симптоматикалық емдеу ұсынылады. Асқазанды шаю препараттың бірнеше дозасын қабылдағаннан кейін шамамен бір сағат ішінде уыттану құбылыстары пайда болғанда ғана қажет. Абсорбцияны төмендету бойынша іс-шаралар талап етілмейді.
Препаратты қабылдау бойынша сұрақтар туындаған жағдайда дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгінуді ұсынамыз.
Егер осы бөлімде көрсетілген жағдайлар болса, препаратты қолданар алдында дәрігермен кеңесу керек.
Пациенттердің ерекше топтары
Егде немесе бүйрек және/немесе бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттердің қатысуымен арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ. Постмаркетингтік тәжірибе осы топтағы пациенттер үшін нақты қауіп факторларын анықтаған жоқ, сондай-ақ дозалау жөнінде арнайы нұсқаулар жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың көлікті жүргізуге және механизмдерді басқаруға әсері туралы зерттеулер жүргізілмеген. Фармакодинамикалық және фармакокинетикалық бейіні, сондай-ақ тіркеуден кейінгі қолдану тәжірибесі жүргізуге және механизмдерді басқаруға мебевериннің ешқандай зиян әсерін көрсетпеген.
Дюспаталин® препараты жүкті әйелдерге ұсынылмайды, өйткені Дюспаталин® препаратын пациенттердің осы тобында қолдану бойынша деректер шектеулі. Мебеверин немесе оның метаболиттері емшек сүтімен ерекшеленетіні белгісіз. Деректер болмауына байланысты лактация кезеңінде әйелдерге Дюспаталин® препаратын тағайындау ұсынылмайды.
Дәрілік өзара әрекеттесуді зерттеу бойынша зерттеулер жүргізілген жоқ.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамада 5С-ден 25С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.