Өте жиі
- көз гиперемиясы
Жиі
- нүктелік кератит
- көздің ауыруы
- көрудің бұзылуы
- бұлыңғыр көру
- көздің құрғауы
- көздің қышуы
- көздегі жайсыздық
- көздің тітіркенуі
Жиі емес
- аса жоғары сезімталдық
- бас айналуы, бас ауыруы
- кератит, ирит, конъюнктивит, алдыңғы камерадағы қабыну құбылыстары, блефарит, көздің қарығуы, көру өткірлігінің төмендеуі, астенопия, көздің ісінуі, көп жас ағу, қабақтың эритемасы, кірпік өсуінің күшеюі, көз тарапынан аллергиялық реакциялар, конъюнктиваның ісінуі, қабақтың ісінуі
- брадикардия
- гипертензия, гипотензия
- ентігу, постназальді синдром
- жанаспалы дерматит, гипертрихоз, тері гиперпигментациясы (периокулярлы аумақта)
Сирек
- күйгелектік
- мөлдір қабық эрозиясы, мейбомианит, субконъюнктивальді қан құйылу, қабақ шетінде қабыша түзілуі, трихиаз, дистихиаз
- аритмия, жүрек жиырылуының жүйелі емес жиілігі
- дисфония, бронх түйілуі, жөтел, тамақтың тітіркенуі, жұтқыншақ-көмей ауруы, мұрындағы жайсыздық
- аспартатааминотрансфераза, аланинаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы
- есекжем, терінің түссізденуі, алопеция
- қол-аяқтың ауыруы
- хроматурия
- шөлдеу, қажу
Белгісіз
- елестеулер*
- депрессия
- ми қан айналымының бұзылуы, естен тану (синкопе), парестезия
- макулярлық ісіну, қабақ птозы, қабақ қатпарының тереңдеуі, нұрлы қабық гиперпигментациясы, мөлдір қабық тарапынан бұзылу
- жүрек жеткіліксіздігі, тахикардия, кеуденің ауыруы, жүрек қағуын сезіну
- шеткері ісіну
- бронх демікпесі
- дисгевзия
- бөртпе
* Тимололмен терапия кезінде байқалған жағымсыз реакциялар.
Белсенді заттардың бірімен емдеу барысында байқалған және ДуоТрав препаратымен емдеу барысында байқалуы мүмкін қосымша жағымсыз реакциялар.
Травопрост
- маусымдық аллергия
- мазасыздық, ұйқысыздық
- увеит, конъюнктива фолликулезі, көзден шығатын бөлінді, периорбитальді ісіну, қабақтың қышуы, көз қабығының айналуы, катаракта, иридоциклит, офтальмогерпес, көздің қабынуы, фотопсия, көз қабығының экземасы, гало-эффект, көз гипестезиясы, көздің алдыңғы камерасының пигментациясы, мидриаз, кірпік гиперпигментациясы, кірпіктің қалыңдауы, көру өрісінің ақауы
- вертиго, тиннитус
- диастолалық қан қысымының төмендеуі, систолалық қан қысымының жоғарылауы
- ауыр демікпе, аллергиялық ринит, мұрыннан қан кету, тыныс алу ағзалары функциясының бұзылуы, мұрынның бітелуі, мұрынның құрғауы
- ойық жара ауруының жаңғыруы, АІЖ ағзалары функциясының бұзылуы, диарея, іш қату, ауыздың құрғауы, іш ауыруы, жүрек айнуы, құсу
- терінің қабыршақтануы, шаш текстурасының бұзылуы, аллергиялық дерматит, шаш түсінің өзгеруі, мадароз, қышу, шаштың қалыптан тыс өсуі, эритема
- сүйек-бұлшықет ауыруы, артралгия
- дизурия, несепті ұстай алмау
- астения
- простаталық спецификалық антигеннің жоғары деңгейі
Тимолол
- ангиоэдеманы, есекжемді, жергілікті және жайылған бөртпені, қышынуды, анафилаксияны қоса, жүйелі аллергиялық реакциялар
- гипогликемия
- елестеулер, ұйқысыздық, қорқынышты түс көру, есті жоғалту
- церебральді ишемия, миастения белгілері мен симптомдарының ұлғаюы
- көздің тітіркену белгілері мен симптомдары (мысалы, шымылдату/шаншу сезімі, қышыну, көз жасының ағуы, қызару), фильтрация операциясынан кейінгі хориоидтық ажырау, мөлдір қабық сезімталдығының төмендеуі, диплопия
- ісіну, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, атриовентрикулярлық блокада, жүрек тоқтауы
- Рейно феномені, қол-аяқтың мұздауы
- жүрек айнуы, диспепсия, диарея, ауыздың құрғауы, іштің ауыруы, құсу
- псориазды бөртпе немесе псориаздың өршуі
- бұлшықет ауыруы
- сексуалдық дисфункция, либидоның төмендеуі
- астения
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz