Дорзоламид/тимололдың біріктіріліміндегі препаратты байқамай немесе әдейі жұтқан адамдағы артық дозалануға қатысты деректер жоқ.
Симптомдары
Жүйелі әсер ететін бета-адреноблокаторларды қолданғанда байқалатын бас айналу, бас ауыруы, ентігу, брадикардия, бронх түйілуі және жүрек ұстамасы сияқты жүйелі жағымсыз әсерлер дамуына әкелетін тимолол малеаты көзге тамызатын дәрісінің байқаусызда артық дозалануы туралы хабарлар бар.
Дорзоламидтің артық дозалануында күтілетін ең көп кездесетін белгілер мен симптомдары электролиттер теңгерімсіздігі, ацидоз дамуы және орталық жүйке жүйесінің тарапынан бұзылулар ықтималдығы болып табылады.
Дорзоламид гидрохлоридін кездейсоқ немесе әдейі қабылдаған адамда артық дозалануы туралы қолда шектеулі ғана ақпарат бар.
Ішке қабылдаған кезде ұйқышылдық сияқты; жергілікті қолданғанда жүрек айну, бас айналу, бас ауыруы, әлсіздік, ұйқының бұзылуы және дисфагия сияқты симптомдар туралы хабарланды.
Емі
Емі симптоматикалық және демеуші болуы тиіс. Сарысудағы электролиттердің деңгейін (атап айтқанда, калий) және қанның рН деңгейін бақылап отыру керек. Диализ көмегімен тимололдың шығарылуы қиын екенін деректер бар.
Дәрілік препарат стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Өте жиі (≥ 1/10)
• ашыту және шаншу
• дисгевзия
Жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін)
• бас ауыруы
• конъюнктивалық инъекциясы, бұлыңғыр көру, мөлдір қабықтың эрозиясы, көздің қышуы, көзден жас ағу
• қабақтың қабынуы, қабақтың тітіркенуі
• астения/ жалпы әлсіздік
• жүрек айнуы
• көздің тітіркенуі белгілері мен симптомдары, оның ішінде блефарит, кератит, мөлдір қабық сезімталдығының төмендеуі және көздің құрғауы
• синусит
Жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін)
• депрессия
• бас айналу, естен тану
• иридоциклит
• рефракцияның өзгеруін қоса, көрудің бұзылуы (кейбір жағдайларда миотиктермен емді тоқтатуға байланысты)
• брадикардия
• диспноэ
• жүрек айнуы , диспепсия
• несеп-тас ауруы
Сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000 дейін)
• ангионевроздық ісіну, есекжем, жергілікті және жайылған бөртулер, анафилаксияны қоса, жүйелі аллергиялық реакциялардың белгілері мен симптомдары
• ұйқысыздық, түнгі қорқынышты түстер, есте сақтау қабілетін жоғалту
• бас айналу, парестезия
• миастения белгілері мен симптомдарының күшеюі, либидоның төмендеуі, ми қан айналымының жедел бұзылуы, мидың ишемиясы
• көздің тітіркенуі қызаруын қоса, ауырсынуы, қабақ терісінің қабыршақтануы, өтпелі миопия (емдеу тоқтатылғаннан кейін қайтады), мөлдір қабықтың ісінуі, КІҚ төмендеуі, көздің тамырлы қабығының ажырауы (сүзілу хирургиясынан кейін)
• птоз, диплопия, сүзілу хирургиясынан кейін көздің тамырлы қабығының ажырауы
• құлақтағы шуыл
• жүректің жиі қағуы
• кеудедегі ауырсыну, жүрек қағуы, ісіну, аритмия, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, жүректің тоқтап қалуы, жүрек блокадасы
• гипотония*, мезгіл мезгіл ақсақтық, Рейно феномені*, қол мен аяқтың мұздауы
• ентігу, тыныс алу жеткіліксіздігі, ринит, сирек бронх түйілуі
• мұрыннан қан кету
• бронх түйілуі (негізінен анамнезінде бронх түйілу аурулары бар пациенттерде), тыныс алу жеткіліксіздігі, жөтел
• тамақтың жыбырлауы, ауыздың құрғауы
• диарея
• жанаспалы дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз
• бөртпе
• алопеция, псориаз тәрізді бөртпелер немесе псориаздың өршуі
• жүйелі қызыл жегі
• Пейрони ауруы, либидо төмендеуі
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде баға беру мүмкін емес)
• қышыну
• гипогликемия
• елестеулер
• көздегі бөгде денені сезіну
• мөлдір қабықтың эрозиясы
• тахикардия, артериялық гипертензия, атриовентрикулярлық блокада, жүрек жеткіліксіздігі
• ентігу
• іш ауыруы, құсу
• миалгия
• сексуалдық дисфункция
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтке немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz