Жағымсыз реакциялар жиілігінің параметрлері былайша айқындалады: өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥1/100, бірақ < 1/10); жиі емес (≥1/1000, бірақ < 1/100); сирек (≥ 1/10000, бірақ < 1/1000); өте сирек (< 1/10000); жиілігі белгісіз* * (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес).
Дорзоламид + тимолол біріктірілімінің келесі ықтимал жағымсыз реакциялары белгілі:
Өте жиі (≥ 1/10);
- көздің түйілуі және күйдіріп ашуы;
- дисгевзия;
Жиі (≥ 1/100, бірақ < 1/10);
- конъюнктивалық инъекция, көру айқындығының бұзылуы, мөлдір қабықтың эрозиясы, көздің қышуы, көзден жас ағу;
- синусит;
- бас ауыруы*;
- қабақтың қабынуы*, қабақтың тітіркенуі*;
- жүрек айнуы*;
- астения / шаршау*;
- бас ауыруы*;
- блефаритті*, кератитті * қоса алғанда, көздің шырышты қабығының тітіркенуінің клиникалық көріністері мен симптомдары, мөлдір қабық сезімталдығының төмендеуі және көздің құрғауы*;
Жиі емес (≥ 1/1000, бірақ < 1/100);
- несеп-тас ауруы;
- иридоциклит*;
- депрессия*;
- көздің сыну қабілетінің өзгеруін қамтитын көрудің бұзылуы (бірқатар жағдайларда миотиктердің тоқтатылуына байланысты)*;
- бас айналуы*;
- брадикардия*;
- жүрек айнуы*, диспепсия*;
- диспноэ*;
- астения / шаршау*.
Сирек (≥ 1/10000, бірақ < 1/1000);
- жүйелі аллергиялық реакциялар, оның ішінде ангионевроздық ісіну, есекжем, қышыну, бөртпе, анафилаксия;
- ентігу, тыныс алу жеткіліксіздігі, ринит, бронх түйілуі;
- жанаспалы дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз;
- бас айналу*, парестезия*.
- қызаруды қоса алғанда, тітіркенулер*;
- қабақтың ауыруы* және қабыршақтануы*;
- транзиторлы миопия (препаратты тоқтатқаннан кейін өтетін);
- мөлдір қабықтың ісінуі*;
- көздің гипотониясы*;
- көздің хориоидальді қабығының қабаттануы (хирургиялық араласымдардан кейін)*;
- мұрыннан қан кету*;
- жұтқыншақтың тітіркенуі, ауыздың құрғауы*;
- бөртпе*
- ангионевроздық ісінуді, есекжемді, шоғырланған және жайылған бөртпелерді қоса алғанда, аллергиялық реакциялар, анафилаксиялық реакциялар;
- ұйқысыздық*, қорқынышты түстер*, жады жоғалту;
- парестезиялар*, миастения гравис симптомдарының жоғарылауы, либидоның төмендеуі*, ми қан айналымының бұзылуы*, церебральді ишемия.
- птоз, диплопия, хирургиялық араласымдардан кейін көздің хориодальді қабығының қабаттануы*;
- құлақтағы шуыл*;
- кеуденің ауыруы*, пальпитация*, ісіну*, аритмия*, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі*, жүректің тоқтап қалуы*, жүрек блокадасы*;
- гипотензия*, мезгіл-мезгіл ақсақтық, Рейно синдромы*, қол мен аяқ температурасының төмендеуі*.
- бронх түйілуі (көбінесе алдыңғы бронхоспастикалық патологиясы бар пациенттерде)*, тыныс алудың бұзылуы, жөтел*;
- диарея, ауыздың құрғауы*;
- алопеция*, псориаз тәрізді бөртпе немесе псориаздың өршуі*;
- жүйелі қызыл жегі;
- Пейрони ауруы*, либидоның төмендеуі;
Жиілігі белгісіз** (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес)
- көздегі бөгде затты сезіну;
- пальпитация;
- диспноэ;
- қышыну;
- гипогликемия;
- елестеулер;
- қышыну, жас ағу, қызару, көру айқындығының бұзылуы, мөлдір қабықтың эрозиясы;
- атриовентрикулярлық блокада, жүрек жеткіліксіздігі;
- дисгевзия, іштің ауыруы, құсу;
- тері бөртпесі;
- миалгия;
- жыныстық дисфункция;
* Бұл жағымсыз реакциялар дорзоламид + тимолол біріктірілімінің маркетингтен кейінгі зерттеулерінде байқалды.
** Қосымша жағымсыз реакциялар офтальмологиялық бета-блокаторларды қолдану кезінде байқалды және ДОРТИМОЛ-DF препаратын қолдану кезінде туындауы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz