Емдеудің бас кезінде, болмаса метилдопаның дозасын жоғарылатқанда өтпелі седативтік әсер, өтпелі бас ауыруы, астения, әлсіздік дамуы мүмкін.
Жоғарыда аталғандардан басқа, келесі жағымсыз әсерлері де метилдопамен емдеу кезінде байқалды:
Әрбір жиілік тобында жағымсыз реакциялар күрделілігінің азаю тәртібімен беріледі.
Сирек:
-гемолиздік анемия, лейкопения, гранулоцитопения, тромбоцитопения
Өте сирек:
-паркинсонизм
- стенокардияның күшеюі
-панкреатит
- гепатит, бауыр некрозы
Жиілігі белгісіз:
-сілекей бездерінің қабынуы
- сүйек кемігінің бәсеңдеуі, эозинофилия
- васкулит, дәрілік заттарды қабылдаумен шартталған қызба
- гиперпролактинемия
- әдетте айқын емес қорқынышты түстер көру, өтпелі психоз немесе депрессия
- бет жүйкесінің шеткері парезі, сылбырлық, ырықсыз хореоатетозды қимылдар, ми қанайналымы жеткіліксіздігінің симптомдары (гипотензиямен байланысты болуы мүмкін), бас ауыруы, седация (әдетте өтпелі), бас айналуы, парестезия, психикалық белсенділігі нашарлауы
- іркілген жүрек жеткіліксіздігі, каротидті синус сезімталдығының жоғарылауы, АВ блокадасы, синустық брадикардия, миокардит, перикардит
- ортостатикалық гипотензия (бұл кезде дозаны төмендету ұсынылады), ісінулер, дене салмағының артуы. Ісінулер және дене салмағының артуы әдетте диуретиктермен жақсы емделеді. Егер ісінулер айқынырақ байқалса, сондай-ақ жүрек жеткіліксіздігінің симптомдары пайда болса, метилдопамен емдеуді тоқтату керек;
- мұрынның бітелуі
- колит, құсу, диарея, тілдің ауыруы немесе қараюы, жүрек айнуы, іш қату, іштің кебуі, метеоризм, ауыздың құрғауы
-холестаз, сарғаю, бауырдың функциональді сынамаларының бұзылуы
- жегіге ұқсас синдром, уытты эпидермалық некролиз, экзема, лихеноидты бөртулер, ангионевроздық ісіну, есекжем
- елеусіз артралгия, буындардың ісінуімен немесе онсыз, бұлшықет ауыруы
- импотенция, эякуляция бұзылулары, либидо төмендеуі, сүт безінің ұлғаюы, гинекомастия, галакторея, аменорея
- астения, әлсіздік
- Кумбстің оң тесті, антиядерлық антиденеге оң тест, қызыл жегі жасушалары (LE), ревматоидты факторға оң реакция; қанның қалдық азотының жоғарылауы.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz