Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Концентрат для приготовления раствора для инфузий
Дозировка
250 мг/20 мл
Торговое наименование
Добкард
Действующее вещество
Добутамин
Назначение
Добкард органикалық кардиопатиядан немесе жүрекке жасалған операциядан туындаған миокардтың жиырылу қабілетінің бұзылуы салдарынан созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің жедел…
Производитель
Вем Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.
Страна
Турция
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір мл препарат құрамында
белсенді зат - 14.00 мг добутамин гидрохлориді (12.50 мг добутамин негізіне баламалы),
қосымша заттар: натрий метабисульфиті, натрий гидроксиді немесе хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір, түссіз ерітінді.
Добкард органикалық кардиопатиядан немесе жүрекке жасалған операциядан туындаған миокардтың жиырылу қабілетінің бұзылуы салдарынан созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің жедел декомпенсациясы кезінде ересектердегі жай-күйлерді қысқа мерзімді парентеральді инотропты қолдаушы емде қолданылады.
ATХ коды C01CA07
Әсер ету механизмі
Добутамин β-адренергиялық рецепторларды стимуляциялайды және әдетте селективті β1-адренергиялық агонист болып саналады, бірақ препараттың әсер ету механизмі күрделі болып табылады. Β-адренергиялық әсерлер аденилциклазаның белсенділігін стимуляциялау нәтижесі деп саналады. Емдік дозаларда сондай-ақ добутамин β2- және α1-адренергиялық рецепторлар агонисінің әлсіз әсерлеріне ие, олар салыстырмалы түрде теңестірілген және жүрек-қантамыр жүйесіне ең аз тікелей әсер етуге әкеледі. Допаминнен айырмашылығы, добутамин норэпинефриннің эндогендік шығарылуын тудырмайды. Добутаминнің емдік дозаларының негізгі әсері жүректі стимуляциялау болып табылады. Препараттың миокардқа оң инотропты әсері негізінен β1-адренергиялық стимуляциялаумен жүретіні болжанса да, эксперименттік деректер α1-адренергиялық стимуляциялау да қосылуы мүмкіндігін айғақтайды және α1-адренергиялық белсенділік негізінен препараттың (-) -стереоизомеріне байланысты екенін көрсетеді.
Добутаминнің β1-адренергиялық әсері миокардқа оң инотропты әсер етеді және дені сау субъектілерде және декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде миокардтың жиырылуы мен қағу көлемінің ұлғаюына байланысты жүрек лықсытуының жоғарылауына әкеледі. Декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде сол жақ қарыншаны толтырудың жоғары қысымы төмендейді. Емдік дозаларда добутамин тамырлардың жалпы шеткері кедергісінің (ТЖШК) төмендеуін туындатады; алайда, систолалық қан қысымы мен пульстік артериялық қысым өзгеріссіз қалуы немесе жүрек лықсытуының ұлғаюына байланысты жоғарылауы мүмкін. Әдеттегі дозаларда ЖЖЖ әдетте айтарлықтай өзгермейді. Коронарлық қан ағымы және миокардтың оттегін тұтынуы, әдетте, миокардтың жиырылуының жоғарылауына байланысты артады.
Жүректің электрофизиологиялық зерттеулері (ЭФЗ) добутаминнің атриовентрикулярлық өткізгіштікке ықпал ететінін және қарыншаішілік өткізгіштіктің айтарлықтай өзгеруін төмендететінін немесе тудырмайтынын көрсетті. Добутаминнің аритмияны тудыруы дофаминге қарағанда біршама аз болуы мүмкін және изопротеренолға немесе басқа катехоламиндерге қарағанда едәуір аз болуы мүмкін. Өкпе тамырларының кедергісі азаюы мүмкін, егер ол бастапқыда жоғарыласа, артериялық қысым төмендеуі немесе өзгеріссіз қалуы мүмкін.
Дофаминнен айырмашылығы, добутамин дофаминдік рецепторларға әсер етпейді және бүйрек немесе мезентериялық тамырлардың вазодилатациясын тудырмайды; дегенмен, жүрек лықсытуы артуына байланысты диурез жоғарылауы мүмкін.
Дозалау режимі
Ересектер
Әдеттегі ұсынылатын доза минутына 2,5 - 10 мкг/кг құрайды. Кейбір жағдайларда минутына 0,5 мкг/кг сияқты төмен дозалар жеткілікті болуы мүмкін.
Сирек жағдайларда дозаны минутына 40 мкг/кг дейін арттыру қажет болуы мүмкін.
Енгізу жылдамдығы мен ем ұзақтығын пациенттің жүрек жиырылу жиілігімен, қан қысымымен, диурезбен және егер мүмкін болса, жүрек лықсытуын өлшеумен анықталатын реакциясына сәйкес түзету керек.
Дозаға байланысты және 10 мкг/кг/мин төмен жылдамдықпен Добкард препаратын енгізу кезінде жағымсыз әсерлер жиі кездеспейді. Кейде айқын жағымсыз әсерлерін дамытпайтын 40 мкг/кг/мин дейінгі дозалар қолданылған.
Соңғы енгізілетін көлемі пациенттің сұйықтыққа деген қажеттілігіне байланысты анықталады. Сұйықтықты шектеулі тұтынатын пациенттерде 5000 мкг/мл дейінгі концентрациялар қолданылған. Добкардтың жоғары концентрациясын дәл дозалауды қамтамасыз ету үшін инфузиялық помпаның көмегімен ғана енгізу керек.
Стресс-эхокардиография: жүректің стресс-эхокардиографиясын жүргізу үшін дене жүктемесіне балама ретінде қолданған кезде дозаны 5-тен 20 мкг/кг/мин. дейін минутына 5 мкг/кг-ге біртіндеп арттыру түрінде енгізу ұсынылады, бұл ретте әрбір доза 8 минут ішінде енгізіледі. Зерттеу барысында ЭКГ үздіксіз мониторингі қажет. Инфузияны ST >3 мм сегментінің депрессиясы немесе қарыншалық аритмияның дамуы, сондай-ақ осы жас/жыныс үшін ең жоғары ЖЖЖ-не қол жеткізу, систолалық артериялық қысымның 220 мм сын.бағ. астам үдемелі жоғарылауы немесе қандай да бір жағымсыз әсерлердің пайда болуы жағдайында тоқтату керек.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде добутаминнің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттер үшін ересек пациенттерге ұсынылған дозалар қолданылады.
Бауыр/бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге добутаминнің әсері белгісіз. Осы пациенттерге препаратты қолданған кезде мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады.
Енгізу әдісі және жолы
Препарат тек вена ішіне енгізуге арналған.
Добкард препаратын инфузияға арналған ерітінділердің бірімен енгізер алдында 50 мл-ге дейін сұйылту керек: натрий хлориді ерітіндісі, 5% декстроза ерітіндісі, 5% декстроза ерітіндісі + 0,9% натрий хлориді ерітіндісі, натрий лактаты ерітіндісі.
Мысалы, 250 мл немесе 500 мл дейін сұйылту кезінде енгізу үшін келесі концентрацияларды алуға болады:
250 мл құрамында 1 000 мкг/мл добутамин.
500 мл құрамында 500 мкг/мл добутамин.
Дайындалған ерітіндіні 24 сағат ішінде пайдалану керек.
Добкард препаратын жартылай шығарылу кезеңінің қысқа болуына байланысты вена ішіне үздіксіз ұзақ инфузия түрінде енгізу керек. Сұйылтқаннан кейін ерітіндіні вена ішіне немесе ағын жылдамдығын бақылау үшін тамшылатқышты немесе басқа өлшеу құрылғысын пайдалана отырып катетердің көмегімен енгізу керек.
Ерітінді бір рет қолдануға арналған.
Ішіндегі пайдаланылмаған заттарды жою керек.
Ерітіндінің түсі өзгерген жағдайда қолдануға болмайды.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кездегі қажетті шаралар
Қолдануға болмайды, өйткені препарат стационарда қолдануға арналған.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Осы дәрілік препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда дәрігерге немесе фармацевтке жүгіну керек.
- әсер етуші затқа, натрий метабисульфитіне немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- феохромацитома
Добутаминмен стресс-эхокардиография жүргізу кезінде қосымша
Добутаминді миокард ишемиясын және өмірге қабілетті миокардты анықтау үшін келесі жағдайларда қолдануға болмайды:
- жуырда өткерген миокард инфаркті (соңғы 30 күн ішінде)
- тұрақсыз стенокардия
- сол жақ коронарлық артерия діңінің стенозы
- гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатияны қоса алғанда, сол жақ қарыншаның шығу жолының гемодинамикалық маңызды обструкциясы
- жүрек қақпақшаларының гемодинамикалық маңызды зақымдануы
- жүректің ауыр жеткіліксіздігі (NYHA жіктемесі бойынша III және IV функционалдық класы)
- анамнездегі бейімділік немесе құжатпен расталған клиникалық маңызды немесе созылмалы аритмия, әсіресе қайталанатын тұрақты қарыншалық тахикардия
- өткізгіштіктің айқын бұзылуы
- жедел перикардит, миокардит және эндокардит
- аорта қатпарлануы
- аорта аневризмасы
- ультрадыбыстық зерттеу кезінде қанағаттанарлықсыз визуализация
- емделмеген/бақыланбайтын артериялық гипертензия
- қарыншаларда толтырылу обструкциясы (констриктивті перикардит, перикард тампонадасы)
- гиповолемия
- анамнездегі добутаминге аса жоғары сезімталдық
Өте жиі (≥ 1/10)
- ЖЖЖ ≥ 30 соғу/мин ұлғаюы
Жиі ( ≥ 1/100 бастап < 1/10 дейін)
- эозинофилия, тромбоциттер агрегациясының бәсеңдеуі (бірнеше күн бойы инфузия кезінде ғана)
- бас ауыруы
- артериялық қан қысымының төмендеуі, қарыншалық аритмия, дозаға тәуелді қарыншалық экстрасистолалар. Жүрекше фибрилляциясы бар пациенттерде қарыншалық жиырылу жиілігінің жоғарылауы. Мұндай пациенттерге добутамин инфузиясы алдында дигитализация керек
- АҚ ≥ 50 мм сын. бағ. жоғарылауы. Елеусіз вазоконстрикция, әсіресе бұрын бета-адреноблокаторлар қабылдаған пациенттерде
Жиі емес ( ≥ 1/1000 бастап < 1/100 дейін)
- қарыншалық тахикардия, қарыншалар фибрилляциясы
Өте сирек (< 1/10000)
- гипокалиемия
- брадикардия, миокард ишемиясы, миокард инфаркті, жүрек тоқтауы
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- бөртпе, дене температурасының жоғарылауы, эозинофилия және бронх түйілуі түріндегі аса жоғары сезімталдық реакциялары туралы хабарланды. Анафилаксиялық реакциялар және өмірге қауіп төндіретін ауыр демікпе ұстамалары сульфитке аса жоғары сезімталдықтан туындауы мүмкін
- мазасыздық, ысыну және үрейлену сезімі
- парестезия, тремор, миоклонустық құрысулар. Добутаминді қолдану кезіндегі миоклония жағдайлары ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде тіркелген
- трансплантациядан бұрын добутаминмен немесе басқа да инотропты препараттарды қоса, басқа дәрілік препараттармен емдеуде болған жүрек ауыстырып салған пациенттерде эозинофильді миокардит байқалады
Электрокардиограммада ST сегментінің көтерілуі
- өкпе капиллярларындағы қысымның төмендеуі
- жүрек айнуы
- несеп шығаруға қысылудың жиілеуі
Балалар: ересектермен салыстырғанда ЖСЖ және/немесе артериялық қан қысымының айқынырақ жоғарылауы, сондай-ақ өкпе капиллярларындағы қысым шамасының тым елеусіз төмендеуі байқалады.
Добутаминмен стресс-эхокардиография
Өте жиі (≥ 1/10)
- 6/мин астам жиілікпен қарыншалық экстрасистолия
- кеудедегі жайсыздық
Жиі (≥ 1/100 бастап < 1/10 дейін)
- суправентрикулярлық экстрасистолалар, қарыншалық тахикардия
- бронх түйілуі, ентігу
- жүрек айнуы
- экзантема
- кеуденің ауыруы
- жоғары дозаларды енгізгенде несеп шығаруға қысылудың жиілеуі
Жиі емес (≥ 1/1000 бастап < 1/100 дейін)
- қарыншалар фибрилляциясы, миокард инфаркті
Өте сирек (< 1/10000)
- екінші дәрежелі атриовентрикулярлық блокада, жүрек қағуын сезіну
- коронарлық тамырлардың түйілуі, гипертониялық/гипотензиялық артериялық қысымның декомпенсациясы, қуысішілік қысым градиентінің пайда болуы
- петехиальді қан құйылулар
- тері некрозы
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- стресстен индукцияланған кардиомиопатия, жүректің фатальді жарылуы
- сол жақ қарыншаның шығу жолының обструкциясы
Балалар
Жағымсыз әсерлерге систолалық АҚ жоғарылауы, жүйелік гипертензия немесе гипотензия, тахикардия, бас ауруы және іркілу құбылыстарына, өкпе ісінуіне, сондай-ақ симптоматикалық шағымдарға әкелетін өкпе артериясындағы кептелу қысымының жоғарылауы жатады.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Добутамин концентратымен артық дозаланудың сирек жағдайлары туралы хабарланды. Уыттылық симптомдарына анорексия, жүрек айну, құсу, тремор, үрей сезіну, жүрек қағуын сезіну, бас ауруы, ентігу, стенокардия және кеуденің әдеттен тыс ауыруы жатуы мүмкін. Добутаминнің оң инотропты және хронотропты әсері гипертензияны, тахиаритмияны, миокард ишемиясын және қарыншалық фибрилляцияны тудыра алады. Вазодилатация нәтижесінде гипотония пайда болуы мүмкін.
Добутаминнің әсер ету ұзақтығы қысқа (жартылай шығарылу кезеңі шамамен 2 минутты құрайды). Пациенттің жай-күйі тұрақтанғанша добутамин инфузиясын уақытша тоқтату керек. Пациент бақылауда болуы керек және қажет болған жағдайда реанимациялық шараларды дереу бастау керек. Жеделдетілген диурез, перитонеалдық диализ, гемодиализ және белсендірілген көмір арқылы гемоперфузия тиімсіз деп танылды.
Пероральді қолдану жағдайында ауыз қуысында немесе асқазан - ішек жолында сіңу дәрежесі белгісіз.
Ересектер
Жүректің жиырылу жиілігі немесе систолалық артериялық қан қысымының едәуір жоғарылауында немесе аритмияның дамуында добутамин дозасын азайту немесе препаратты қабылдауды уақытша тоқтату керек.
Добутаминді қолдану қарыншалық эктопиялық белсенділікке түрткі болуы немесе күшейтуі мүмкін, сирек жағдайларда қарыншалық тахикардияны немесе фибрилляцияны тудыруы мүмкін. Добутамин атриовентрикулярлық өткізгіштікті жеңілдететіндіктен, жүрекшенің дірілдеуі немесе жыпылықтауы бар пациенттерде қарыншалардың жиырылу жиілігін арттыруы мүмкін.
Жедел миокард инфарктісі бар пациенттерде добутамин препаратын қолданғанда ерекше сақтық қажет, себебі жүрек жиырылу жиілігінің (ЖЖЖ) артуы немесе артериялық қысымның (АҚ) едәуір жоғарылауы ишемияны күшейтуі және ангинозды ауырсынуды және ST сегментінің көтерілуін тудыруы мүмкін.
Инотропты препараттар, добутаминді қоса, механикалық обструкциясы бар пациенттердің көпшілігінде гемодинамиканы жақсартпайды, бұл қарыншаларда қанның толтырылуына да, шығарылуына да кедергі келтіреді. Инотропты жауап қарыншалық сәйкестігі айтарлықтай төмендеген пациенттерде жеткіліксіз болуы мүмкін. Мұндай жағдайлар жүрек тампонадасына, аорта қақпақшасының стенозына және идиопатиялық гипертрофиялық субаорталық стенозға тән.
Кейде, әсіресе жақында бета-блокаторлар қабылдаған пациенттерде қан тамырларының аздап тарылуы байқалады. Добутаминнің инотропты әсері жүректі β-1 рецепторларының стимуляциялауының салдары болып табылады және бұл әсер бета-блокаторлармен теңестіріледі. Алайда, добутамин бета-блокаторлардың кардиодепрессивті әсеріне қарсы тұрады. Және керісінше, адренергиялық блокада β-1 және β-2 рецепторларына әсерді айқын етуі мүмкін, бұл тахикардияға және тамырлардың кеңеюіне әкеледі.
Добутаминмен стресс-эхокардиография
Стресс-эхокардиографияны осы көрсеткіштер бойынша добутаминді қолдану тәжірибесі жеткілікті дәрігер ғана жүргізуі тиіс.
Жаттығуларға балама ретінде жүректің стресс-тестін жүргізу үшін Добкард концентратын қолдану тұрақсыз стенокардиясы, Гис шоғыры тармағының блокадасы, жүрек ақауы, аортадан ағып шығу жолы обструкциясы немесе пациентті дене жүктемесі бар тест жүргізуге жарамсыз деп тануға негіз болатын басқа жүрек ауруы бар пациенттерге ұсынылмайды.
Жүрек бұлшықетінің жыртылуы-миокард инфарктісінің потенциалды асқынуы. Миокардтың жыртылу қаупі (қарынша аралық қалқа және бос қабырғасы) әр түрлі факторларға, соның ішінде инфаркт аймағының орналасқан жеріне және одан кейінгі өткен уақытқа байланысты болуы мүмкін. Сирек жағдайларда, добутаминмен стресс-эхокардиография кезінде жүрек жарылуы миокард инфарктісінің асқынуы ретінде байқалды. Бұл құбылыстар тексеру кезінде жуырда миокард инфарктісімен (4-12 күн ішінде) ауруханаға жатқызылған пациенттерде шығарар алдында болған. Бос қабырғаның жыртылуы сипатталған жағдайларында тыныш күйдегі эхокардиограммада дискинетикалық және жіңішкерген төменгі қабырғаны көрсетті. Жүрек қабырғасының немесе аралық қалқасының жарылу қаупі бар пациенттерді тест өткізгенге дейін міндетті түрде тексеру қажет.
Добутаминмен стресс-эхокардиографияны тоқтатудың критерийлері:
- жасына қарай болжанған жүректің жиырылуының ең жоғары жиілігіне қол жеткізу [(220-жылдық жасы) х 0,85]
- систолалық АҚ-ның 20 мм сын.бағ. артық төмендеуі
- артериялық қысымның 220/120 мм сын.бағ. жоғары көтерілуі.
- үдемелі симптомдар (стенокардия, ентігу, бас айналу, қимыл-қозғалысты үйлестірудің бұзылуы)
- үдемелі аритмия (мысалы, бигеминия, топтық экстрасистолия)
- өткізгіштіктің үдемелі бұзылуы
-миокардтың жергілікті жиырылуының 1 сегменттен астам бұзылуы (эхокардиографияның 16-сегменттік моделі)
-ақырғы-систолалық көлемнің ұлғаюы
- анамнезінде миокард инфарктісі жоқ пациенттерде аномальді реполяризацияның дамуы (бастапқы деңгеймен салыстырғанда J нүктесінен кейін ұзындығы 80 (60) миллисекунд 0,2 мВ астам ST сегментінің көлденең немесе төмен көлбеу депрессиясы; ST сегментінің үдемелі немесе монофазалы 0,1 мВ жоғары көтерілуі)
- ең жоғары дозаға қол жеткізу
Ауыр асқынулар дамыған жағдайда («Жағымсыз реакциялар сипаттамасы» бөлімін қараңыз) добутаминмен стресс-эхокардиографияны дереу тоқтату қажет.
Добутамин концентратын қабылдау кезінде, кез-келген парентеральді катехоламин сияқты, жүрек жиырылу жиілігін және ырғағын, артериялық қысымын және инфузия жылдамдығын мұқият бақылау керек. Емнің басында тұрақты жауапқа қол жеткізгенге дейін электрокардиографиялық мониторинг жүргізу ұсынылады.
Добутамин еміне байланысты артериялық қысымның күрт төмендеуі туралы хабарлар бар. Дозаны азайту немесе инфузияны тоқтату әдетте артериялық қысымның бастапқы мәндеріне тез оралуға әкеледі, бірақ сирек жағдайларда қайтымдылық тез болмай медициналық араласу қажет болуы мүмкін.
Кардиогенді шокпен асқынған ауыр гипотензия болған кезде (орташа АҚ 70 мм сын. бағ. кем құрайды) добутаминді сақтықпен қолдану керек.
Қажет болса, добутаминді енгізер алдында гиповолемияны жаңа алынған қанды немесе плазманы енгізумен түзету керек.
Егер қарыншаны толтырудың және жүректің лықсытуының қанағаттанарлық қысымына қарамастан артериялық қан қысымы төмен болып қалса немесе добутаминді енгізу кезінде төмендей берсе, шеткері допамин немесе норепинефрин вазоконстрикторларын бір мезгілде қолдану мүмкіндігін қарастыруға болады.
Балалар
Добутаминді жүрек жеткіліксіздігінің декомпенсациясы, хирургиялық араласулар, кардиогендік және сепсистік шоктың нәтижесінде лықсытуы төмен гипоперфузия жағдайы бар балаларда қолдануға болады.
Добутаминнің кейбір гемодинамикалық әсерлері ересектермен салыстырғанда балаларда сандық немесе сапалық жағынан ерекшеленуі мүмкін. Жүректің жиырылу жиілігінің және артериялық қысымның жоғарылауы балаларда жиірек және айқын білінген. Балалардағы өкпе артериясындағы кептелу қысымы ересектердегідей төмендемейді немесе әсіресе бір жасқа дейінгі емшектегі нәрестелерде жоғарылауы мүмкін. Нәрестелердің жүрек-қантамыр жүйесінің добутаминге сезімталдығы аз және гипотензивті әсері балаларға қарағанда ересек пациенттерде жиі байқалады.
Тиісінше, фармакодинамикалық сипаттамалардың деректерін назарға ала отырып, балаларда добутаминді сақтықпен қолдану керек.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде добутаминнің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Қолданылуы мен препараттың жартылай шығарылу кезеңінің қысқа екендігі ескеріле отырып, қолданылмайды.
Жүктілік кезінде Добкард препаратын қолдану туралы деректер жоқ.
Жануарларды зерттеу деректері жүктілікке/эмбриональді дамуға/шарананың дамуына/босануға немесе постнатальді дамуға тікелей немесе жанама зиянды әсерін көрсеткен жоқ.
Жүкті әйелдерде добутаминді қолдану қауіпсіздігі дәлелденбеген. Добутаминнің адам ұрығына әсері белгісіз. Осының нәтижесінде жүктілік кезінде Добкардты қолдану, егер ана үшін болжамды пайда шарана үшін ықтимал қауіптен асып кеткен жағдайда ғана мүмкін болады.
Добутамин емшек сүтіне өтетін-өтпейтіні белгісіз. Жануарларда сүтпен добутаминнің шығарылуы зерттелмеген. Емшекпен емізуді тоқтату немесе Добкардпен емдеуді тоқтату/тоқтата тұру туралы шешімді бала үшін емшекпен емізудің артықшылықтары мен ана үшін емнің пайдасын ескере отырып қабылдау керек.
Қосымша заттар туралы ақпарат
Добкард препараты құрамында натрий метабисульфиті бар. Сульфиттер ауыр аллергиялық реакцияларды, соның ішінде анафилаксиялық өмірге қауіп төндіретін симптомдарды немесе сезімталдығы жоғары кейбір пациенттерде демікпе ұстамаларын тудыруы мүмкін. Сульфитке аса жоғары сезімталдық бронх демікпесі бар пациенттерде жиі байқалады.
Фармацевтикалық ҮЙЛЕСІМСІЗДІГІ
Добкард препаратын вена ішіне енгізу 5 % натрий бикарбонаты ерітінділерімен немесе басқа күшті сілтілік ерітінділермен үйлесімсіз. Үйлесімсіздігіне байланысты добутаминді басқа дәрілік препараттармен бір ерітіндіде араластыру ұсынылмайды.
Добкардты құрамында натрий метабисульфиті және этанол бар басқа препараттармен немесе ерітінділермен қолдануға болмайды.
Құрамында галогені бар анестетиктер
Добкардты циклопропанмен, галотанмен және құрамында галогені бар басқа анестетиктермен анестезия кезінде ерекше сақтықпен қолдану керек, дегенмен адреналинмен салыстырғанда қарыншалық аритмиялардың пайда болу ықтималдығы аз.
Энтакапон
Энтакапон Добкард әсерін өзгертуі мүмкін.
Бета-адреноблокаторлар
Добутаминнің инотропты әсері миокардтың β1-рецепторларының стимуляциясымен байланысты, β-адренорецепторлар блокаторларын бір мезгілде қолданғанда бұл әсер әлсіреуі мүмкін. Добутамин бета-блокаторлардың әсеріне қарсы тұратыны дәлелденді. Емдік дозаларда добутамин альфа1 - және бета2-агонистерінің орташа қасиеттеріне ие.
Пропанолол сияқты селективті емес бета-адреноблокаторды бір уақытта қолдану альфа арқылы вазоконстрикция мен рефлекторлық брадикардиядан туындаған артериялық қан қысымының жоғарылауына әкелуі мүмкін. Бір мезгілде қолданған кезде карведилол сияқты альфа-бөгейтін әсерлері бар бета-адреноблокаторлар бета2-рецепторлардың әсерінің басым болуынан туындаған вазодилатация салдарынан гипотензияны туындатуы мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.