Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Суппозитории вагинальные
Дозировка
100 мг
Торговое наименование
ДинодесТМ
Действующее вещество
Натамицин
Назначение
Негізінен Candida зеңдерінен туындаған вагиниттер, вульвиттер, вульвовагиниттер
Производитель
ООО ФАРМАПРИМ
Страна
Республика Молдова
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір суппозиторийдің құрамында
белсенді зат – натамицин, 100 мг
қосымша заттар: цетил спирті, сорбитан триолеаты, полисорбат-80, натрий гидрокарбонаты, адипин қышқылы, қатты май.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Цилиндр-конус пішінді, ашық сарыдан сары түске немесе сарғыштау реңді сары түске дейінгі суппозиторийлер. Суппозиторийдің жылтыр және/немесе күңгірт бетіне, ауа және кеуекті өзектің және шұңқыр тәрізді ойықтың болуына рұқсат етіледі.
• негізінен Candida зеңдерінен туындаған вагиниттер, вульвиттер, вульвовагиниттер
Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
ATX коды: G01AA02
Макролидтер тобына жататын, әсер ету ауқымы кең, зеңге қарсы полиендік антибиотик. Фунгицидтік әсер береді. Натамицин жасуша жарғақшаларының стеролдарын байланыстырып, олардың бүтіндігі мен функциясын бұзады, ол микроорганизмдердің қырылуына алып келеді. Ашытқы тәрізді патогендік зеңдердің көпшілігіне (әсіресе, Candida albicans), дерматофиттерге (Trichophyton, Microsporum, Epidermophyton), ашытқыларға (Torulopsis, Rhodotorula), басқа патогендік зеңдерге (Aspergillus, Penicillium, Fusarium, Cephalosporium) қатысты, сондай-ақ, кейбір қарапайымдарға (трихомонадалар) қатысты белсенді. Грамоң және грамтеріс бактерияларға әсер етпейді. Клиникалық тәжірибеде натамицинге резистенттілік кездеспеген.
Дозалау режимі
Ересектерге тәулігіне 1 рет (түнде), 3-6 күн бойы 1 суппозиторий тағайындайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Препарат қынаптық түрде қолданылады.
Қолыңызды жуып, суппозиторийді пластик қабықтан босатыңыз. Суппозиторийді қолдың сұқ саусағымен қынапқа мүмкіндігінше тереңірек (жатқан күйде) енгізіңіз.
• натамицинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• порфирия
Сирек (≥ 1/10000 - <1/1000 дейін)
• шырышты қабықтың жеңіл тітіркенуі, ашыту сезімі.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http:// www.ndda.kz
Осы уақытқа дейін препараттың артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбаған.
Қынаптық суппозиторийлерді қолданған кезде жүйелік әсер етуі іс жүзінде жоққа шығарылады, өйткені препарат шырышты қабық арқылы сіңірілмейді.
Қажет болған жағдайда дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну ұсынылады
Суппозиторийлер дене температурасының әсерінен тез ериді, көбіктенетін масса түзеді, бұл натамициннің қынаптың шырышты қабығына біркелкі таралуына ықпал етеді.
Менструация кезінде суппозиторийлер қолдануды тоқтату керек.
Емдеу кезеңінде жыныстық байланыстарды шектеудің қажеті жоқ, бірақ жыныстық жұптастарын тексеру және кандидозды зақымдану анықталған жағдайда жұптасын емдеу курсын жүргізу ұсынылады. Сондай-ақ емдеу кезеңінде бөгейтін контрацептивтерді қолдануды қарастырған жөн.
Созылмалы немесе қайталанатын инфекция жағдайында таблеткаларды және/немесе натамицин кремін тағайындаумен жергілікті емдеуді толықтыруға болады.
Арнайы ескертулер
Суппозиторийлердің құрамына кіретін цетил спирті жергілікті тері реакцияларын (мысалы, байланыс дерматиті) тудыруы ықтимал.
Бауыр мен бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде қолдану
ДинодесТМ жергілікті әсер етеді. Белсенді заттың жүйелі сіңуі іс жүзінде жоқ, сондықтан пациентте бауыр мен бүйрек функциясы бұзылған кезде дозалау режимін өзгерту талап етілмейді.
Препаратты балаларда қолдану
Натамицин осы дәрілік түрінде балаларға қолданылмайды.
Гериатриялық тәжірибеде қолдану
Препаратты стандартты сызба бойынша кез келген жаста қолдануға болады.
Көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер ету
Препаратты қолдану көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді.
ДинодесТМ препараты жүктілік және лактация кезеңінде қолданылуы мүмкін.
Басқа препараттармен дәрілік өзара әрекеттесуі сипатталмаған.
Пероксидтер, перманганат, йод, гипохлориттер және т.б. сияқты тотығу қасиеттері бар заттар натамицинді белсенді етпеуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.