Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Капли глазные
Торговое наименование
Динаф®
Действующее вещество
Нафазолин в комбинации с другими препаратами
Назначение
Маусымдық немесе жыл бойына созылған аллергиялық конъюнктивиттің өршуі
Производитель
ЛеКос
Страна
Казахстан
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
1 мл препараттың құрамында
белсенді заттар - дифенгидрамин гидрохлориді (димедрол) 1,0 мг,
нафазолин нитраты 0,25 мг,
қосымша заттар: бор қышқылы, натрий тетрабораты, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Түссіз немесе сәл сарғыш түсті мөлдір сұйықтық
– маусымдық немесе жыл бойына созылған аллергиялық конъюнктивиттің өршуі;
– жанаспалы линзаларды қолдану, күн сәулесінің әсері, темекі түтіні, жүзу бассейніндегі сумен жанасу және т.б. нәтижесінде конъюнктиваның тітіркенуімен байланысты қабыну жағдайлары.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Дозалау режимі
Ересектер мен 6 жастан асқан балалар: қажет болса әр 6-8 сағат сайын конъюнктивальді қалтаға 1-2 тамшыдан.
Дәрілік препаратты 3-5 күннен артық қолдануға болмайды.
Ұзақ емдеу қажеттілігі әрбір нақты жағдайда дәрігермен жекелей анықталады.
Енгізу әдісі мен жолы
Жергілікті, конъюнктивальді қалтаға.
Тамшылатқыш-құтыны пайдалану
Тамшылатқыш-құтыдан қақпақты шешіңіз және құтыны төңкеріңіз. Құтының ұшын қандай да бір беткейлерге тигізуге болмайды.
Қолданғаннан кейін тамшылатқыш-құтының қақпағын бұрап бекітіңіз.
– әсер етуші затқа (оның ішінде симпатомиметикалық аминдерге) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
– жабық бұрышты глаукома
– моноаминоксидаза (МАО) тежегіштерімен бір мезгілде және оны тоқтатқаннан кейін 14 күн ішінде қолдану
– 6 жасқа дейінгі балалар
– конъюнктива ксерозы
– жүктілік
– бала емізу
Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мына критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000-нан < 1/100 дейін), сирек (≥1/10000 < 1/1000 дейін), өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
Жиі
күйдіру, қышыну, көздің ауыруы, көру бұзылыстары, гиперемия, конъюнктиваның тітіркенуі
Сирек
ұйқышылдық, жүрек соғысы, гипертензия, бас ауруы және бас айналу, жүрек айнуы, көзішілік қысымның жоғарылауы.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Жергілікті қолдану кезінде препаратпен артық дозалану екіталай.
Симптомдары: 6 жасқа дейінгі балаларда ұзақ немесе жиі қолдану орталық жүйке жүйесінің басылуына, гипотермияға (дене температурасының төмендеуі), ұзақ мерзімді мидриазға, АҚ жоғарылауына, тахикардияға әкелуі мүмкін.
Емі: симптоматикалық.
Конъюнктивальді қалтаға енгізгеннен кейін препарат компоненттерінің жүйелік әсер ету ықтималдығы аз, алайда оны гипертензиясы, аритмиясы бар пациенттерге, атеросклероз, созылмалы ринит, бронх демікпесі, гипертиреоз кезінде, сондай-ақ қуықасты безінің гиперплазиясында және егде жаста сақтықпен қолдану керек. Бұл пациенттерге нафазолиннің сіңуін көрсететін қандай да бір жүйелі реакциялар пайда болған жағдайда препаратты қолдануды тоқтату қажет екендігі туралы ескерту керек.
Препарат тек конъюнктивальді қалтаға инстилляция түрінде жергілікті қолдануға арналған.
Ұзаққа созылған конъюнктивит жағдайында тамшыларды қолдануға болмайды, оларды созылмалы аурудың өршуі кезінде қысқа уақыт ішінде қолдануға болады.
Пациентке тітіркену симптомдары немесе көздің ауыруы 72 сағаттан артық сақталса препаратты тоқтатудың көрсеткіші екенін ескерту керек.
Препаратты 5 күннен артық немесе ісіну мен гиперсекрецияның салдарлы күшеюіне, сондай-ақ эпителийдің тұрақты өзгерістерінің даму мүмкіндігіне әкелетін синдромның даму қаупіне байланысты, 3 сағаттан аз аралықпен қолдануға болмайды.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Дәрілік затты 6 жасқа дейінгі балаларда қолдану ұсынылмайды.
Дәрілік препараттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Емдеу кезінде көлік құралдарын басқарудан және көру арқылы қабылдау айқындылығын қажет ететін басқа қауіптілігі зор қызмет түрлерінен бас тарту керек.
Препаратты жүктілік кезінде және бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды.
Препаратты лактация кезеңінде қолдану қажет болған кезде, бала емізуді тоқтату ұсынылады.
Трициклді антидепрессанттармен бірге қолданған кезде нафазолиннің тамыр тарылтатын әсері күшеюі мүмкін.
Нафазолинді МАО тежегіштерімен бір мезгілде қолдану, сондай-ақ нафазолинді оларды тоқтатқаннан кейін 14 күн ішінде қолдану гипертониялық кризге әкелуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Препаратты қолдану кезеңі құты ашылғаннан кейін 4 аптадан аспауы керек.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.