Варфаринмен өзара әрекеттесуіне жүргізілген зерттеулерден басқасында дәрілік өзара әрекеттесулерге зерттеулер жүргізілген жоқ.
Ацеклофенак P450 2C9 цитохромы жүйесінде метаболизденеді және осы ферментті тежеуі мүмкін. Сондықтан фенитоинмен, циметидинмен, толбутамидпен, фенилбутазонмен, амиодаронмен, миконазолмен және сульфафеназолмен фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер қаупі болуы мүмкін. ҚҚСП тобының басқа препараттары жағдайларындағыдай, бүйрек арқылы белсенді түрде шығарылатын метотрексат және литий сияқты басқа препараттармен фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер қаупі бар. Ацеклофенак қан плазмасының ақуыздарымен іс жүзінде толық байланысады, демек, орнын алмастыру типі бойынша қан плазмасының ақуыздарына ұқсастығы жоғары басқа препараттармен өзара әрекеттесуі ықтимал, мұны ескеру керек.
Ацеклофенак бойынша қолда бар деректер жеткіліксіз болғандықтан, төменде берілген ақпарат басқа ҚҚСП қолдану тәжірибесіне негізделген:
Препараттарлың келесі біріктірілімдеріне жол бермеу керек
Метотрексат: ҚҚСП метотрексаттың өзекшелік секрециясын тежейді, бұдан өзге, метотрексат клиренсінің төмендеуіне әкелетін аздаған дәрілік өзара әрекеттесу орын алуы мүмкін, сондықтан метотрексаттың жоғары дозаларымен емдеу кезінде ҚҚСП тағайындауға әрдайым жол бермеу керек.
Мифепристон: мифепристонды енгізгеннен кейін 8-12 күн бойы ҚҚСП қолданбау керек, өйткені ҚҚСП мифепристонның әсерін төмендетуі мүмкін.
Литий және дигоксин: кейбір ҚҚСП литийдің және дигоксиннің бүйректік клиренсін тежейді, бұл осы препараттардың қан сарысуындағы концентрацияларының артуына әкеледі. Литийдің және дигоксиннің концентрацияларына жиі мониторинг мүмкін болған жағдайларды қоспағанда, препараттардың осы біріктіріліміне жол бермеу керек.
Антикоагулянттар: ҚҚСП тромбоциттердің агрегациясын тежейді және асқазан-ішек жолының шырышты қабығын зақымдайды, бұл антикоагулянттар белсенділігінің жоғарылауына әкелуі және антикоагулянттар қабылдап жүрген пациенттерде асқазан-ішектік қан кетулер қаупін арттыруы мүмкін. Ацеклофенакті және ішке қабылдауға арналған кумарин тобының антикоагулянттарын, тиклопидинді, тромболитикалық препараттарды және гепаринді біріктіріп, мұқият мониторинг жүзеге асырылатын жағдайлардан басқасында, тағайындауға жол бермеу керек.
Антиагрегациялық препараттарды және серотонинді кері қармайтын селективті тежегіштерді ҚҚСП-пен біріктіру асқазан-ішектік қан кетулер қаупін арттыруы мүмкін.
Хинолонды антибиотиктер: ҚҚСП-ті және хинолонды антибиотиктерді бір мезгілде қолдану құрысулардың пайда болуының жоғары қаупіне әкеледі.
Төменде берілген препараттардың біріктірілімдері дозаны түзетуді және сақ болуды қажет етуі мүмкін
Метотрексат: Метотрексаттың төмен дозаларымен емдеген кезде, әсіресе бүйрек функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттерде, ҚҚСП пен метотрексат арасында өзара әрекеттесулер болуы ықтимал екендігін ескеру керек. Біріктірілген емді қолдану қажет болған жағдайларда бүйрек функциясын бақылау керек. ҚҚСП де, метотрексат та 24 сағат ішінде бірге енгізілетін жағдайларда сақ болу қажет, өйткені метотрексаттың концентрациясы жоғарылауы мүмкін, бұл оның уыттылығының артуына әкеледі.
Циклоспорин, такролимус: ҚҚСП-ті және циклоспоринді немесе такролимусты бір мезгілде қолдану, бүйрек арқылы простациклиннің синтезі төмендейтін болғандықтан, бүйректің уыттылық қаупін арттырады деп саналады. Сондықтан біріктірілген ем кезінде бүйрек функциясын мұқият бақылау өте маңызды.
Кортикостероидтар: ойық жараның немесе асқазан-ішек жолынан қан кетулердің туындау қаупі ұлғаяды.
Диуретиктер: Ацеклофенак, басқа да ҚҚСП сияқты, диуретиктердің белсенділігін тежеуі, фуросемидтің, буметанидтің диурездік әсерін және тиазидтердің гипотензиялық әсерін төмендетуі мүмкін. Калий жинақтайтын диуретиктермен бір мезгілде емдеу калий мөлшерінің артуымен байланысты болуы мүмкін, демек, қан сарысуындағы калий мөлшерін бақылау қажет.
Ацеклофенак, бендрофлуаметиазидпен бір мезгілде енгізгенде, басқа диуретиктермен дәрілік өзара әрекеттесулерін жоққа шығаруға болмайтынына қарамастан, артериялық қысымды бақылауға ықпалын тигізбейтіндігін көрсетті.
Гипотензиялық препараттар: ҚҚСП сондай-ақ белгілі бір гипотензиялық препараттардың тиімділігін төмендетуі мүмкін. АӨФ тежегіштерінің немесе ангиотензин II рецепторлары антагонистерінің ҚҚСП-пен біріктірілімі бүйрек функциясының бұзылуына әкелуі мүмкін. Бүйрек функциясы төмендеген кейбір пациенттерде, мысалы, егде жастағы пациенттерде немесе сусыздануға ұшыраған пациенттерде бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігінің қаупі орын алуы мүмкін, ол әдетте қайтымды. Демек, осы препараттарды ҚҚСП-пен біріктіріп қолданғанда, әсіресе егде жастағы пациенттерді немесе сусыздануға ұшыраған пациенттер, сақтық танытуы қажет. Пациенттер жеткілікті дәрежеде гидратациялануы тиіс, бұдан басқа, біріктірілген емді бастағаннан кейін, сондай-ақ соңында мезгіл-мезгіл бүйрек функциясына мониторинг жүргізу қажеттілігін ескеру ұсынылады.
Бендрофлуаметиазидпен бір мезгілде енгізгенде, басқа диуретиктермен дәрілік өзара әрекеттесулері жоққа шығаруға болмайтынына қарамастан, ацеклофенак артериялық қысымды бақылауға ықпалын тигізбейтіндігін көрсетті.
Бендрофлуаметиазидпен бір мезгілде енгізгенде, басқа диуретиктермен дәрілік өзара әрекеттесулерін жоққа шығаруға болмайтынына қарамастан, ацеклофенак артериялық қысымды бақылауға ықпалын тигізбейтіндігін көрсетті.
Гипогликемиялық препараттар: Диклофенак ішке қабылдауға арналған гипогликемиялық препараттармен, олардың клиникалық тиімділігіне ықпалын тигізбей, бір мезгілде қолданылуы мүмкін. Алайда осы препараттың гипогликемиялық және гипергликемиялық әсерлері туралы жекелей мәлімдемелер бар. Демек, ацеклофенакке қатысты, гипогликемияны туындатуы мүмкін препараттардың дозаларын түзету ықтималдылығын ескеру керек.
Зидовудин: ҚҚСП пен зидовудинді бір мезгілде қолданғанда гематологиялық уыттылық қаупі жоғарылайды. Гемофилиядан зардап шегіп жүрген, және зидовудинмен және ибупрофенмен қатар ем қабылдап жүрген АИТВ-оң пациенттерде гемартроз және гематомалардың түзілу қаупінің артқаны туралы деректер бар.
Басқа ҚҚСП: Ацетилсалицил қышқылын және қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды бір мезгілде қолдану жағымсыз құбылыстардың жиілігін арттыруы мүмкін, сондықтан сақтық танытуы керек.