Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Гель для наружного применения
Дозировка
2 %
Торговое наименование
Диклофенак-Тева Форте
Действующее вещество
Диклофенак
Назначение
Ересектерде, жасөспірімдерде және 12 жастан асқан балаларда ауырсынуды, қабынуды және ісінуді жергілікті емдеу: терінің тұтастығын бұзбай (көгеру, созылу, шығып кету)…
Производитель
Меркле ГмбХ
Страна
Германия
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
100 г гельдің құрамында:
белсенді зат – 23,2 мг диклофенак диэтиламині (20,0 мг натрий диклофенагына баламалы),
қосымша заттар: изопропил спирті, пропиленгликоль (Е1520), кокоил каприлокапраты, сұйық парафин, карбомер 974Р, макрогол 22 цетостеарил эфирі, диэтиламин, «Feel better» хош иістендіргіш, олеин қышқылы (E570), бутилгидрокситолуол (Е321), тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Біртекті, крем тәрізді, ақтан ақ дерлік түске дейінгі гель.
Ересектерде, жасөспірімдерде және 12 жастан асқан балаларда ауырсынуды, қабынуды және ісінуді жергілікті емдеу:
- терінің тұтастығын бұзбай (көгеру, созылу, шығып кету) сіңірлердің, байламдардың, бұлшықеттер мен буындардың жарақаттық (оның ішінде спорттық) зақымдануларында, спорттық жаттығулар немесе жазатайым оқиға нәтижесінде созылу және арқадағы ауыруы
- ревматизмнің оқшауланған түрлерінде: тендинитте («теннистік шынтақ» деп аталатын), қолдың альгодистрофиялық синдромы («иық-қол» синдромы), бурситтерде, периартритте
- теріге жақын орналасқан шеткері буындардың остеоартроздарда (мысалы, тізе немесе саусақтар).
Әсер ету механизмі және фармакодинамикалық әсерлер
Диклофенак ауырсынуды басатын, қабынуға қарсы және ыстықты түсіретін айқын әсері бар қабынуға қарсы стероидты емес препарат (ҚҚСП). Диклофенак-Тева Форте қабынуға қарсы және ауырсынуды басатын сыртқа қолдануға арналған препарат болып табылады. Ақ, крем тәрізді, майсыз гель теріге оңай жағылады және су-спиртті негізіне байланысты тыныштандыратын және салқындататын әсерге ие. Простагландин биосинтезінің диклофенакпен расталған тежелуі оның әсер ету механизмінің маңызды құрамдас бөлігі болып саналады. Шығу тегі жарақаттық қабыну жағдайларында Диклофенак-Тева Форте ауырсынуды басады және ісінудің пайда болуын азайтады.
Дозалау режимі
Ересектерге, жасөспірімдерге және 12 жастан асқан балаларға дененің ауырған жерлеріне теріге жеңіл ысқылай отырып күніне 2 рет.
Өңделетін аймақтың мөлшеріне байланысты 2-4 грамм препаратты (шие немесе грек жаңғағы көлеміндегі гель мөлшері 400-800 см2 тері аймағына қолдану үшін жеткілікті) күніне 2 рет жеңіл қозғалыстармен ысқылай отырып (жақсырақ таңертең және кешке) жағу керек.
Егер препаратты қолдану басталғаннан кейін 7 күн ішінде жағдайдың жақсаруы байқалмаса немесе жағдайы нашарласа, ауырсынудың басқа ықтимал себебін болдырмау үшін дәрігермен кеңесу керек.
Пациенттердің ерекше топтары
12 жасқа дейінгі балалар
Қазіргі уақытта 12 жасқа дейінгі балалардағы Диклофенак-Тева Форте қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
65 жастан асқан пациенттер
Ересектер үшін әдеттегі тәуліктік дозаны қолдануға болады.
Бауыр және бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер
Жүйелік қолжетімділіктің төмендігіне байланысты дозаны түзету талап етілмейді.
Енгізу әдісі және жолы
Сыртқа.
Тек теріге жағу үшін.
Бірінші қолданар алдында түтіктің қорғаныс жарғақшасын полипропиленді бұрандалы қақпақтың сыртқы жағындағы арнайы шығыңқы бөлікпен тесу керек.
Препаратты қолданғаннан кейін алдымен қолыңызды құрғақ қағаз сүлгімен сүру, содан кейін жуу ұсынылады (саусақтарды емдеуін қоспағанда). Пайдаланылған қағаз сүлгіні тұрмыстық қоқыспен бірге утилизациялау керек. Душ немесе ванна қабылдағанға дейін пациент теріге қолданылатын препараттың кебуін күтуі керек.
- диклофенакқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
-ацетилсалицил қышқылын немесе басқа да қабынуға қарсы стероидты емес препараттарды (мысалы, ибупрофен) қолданған кезде бронх демікпесі, ангионевроздық ісіну, есекжем немесе жедел ринит ұстамаларының туындауына бейімділік
- терінің қабынуымен немесе инфекцияларымен байланысты терінің ашық зақымдалған жерлерінде, экзема кезінде, шырышты қабаттарда
- жүктіліктің соңғы триместрінде
- 12 жасқа дейінгі балалар
Жиі
- дерматит (жанаспалы дерматитті қоса), бөртпе, эритема, экзема, қышыну
Сирек
- буллезді дерматит
Өте сирек
- Квинке ісінуі, аса жоғары сезімталдық реакциялары (есекжемді қоса)
- бронх демікпесі
- іріңді бөртпе, фотосенсибилизация реакциялары
Ішке қабылдауға арналған диклофенак препараттарымен салыстырғанда, жүйелік жағымсыз әсерлердің туындау ықтималдығы өте төмен.
Егер Диклофенак-Тева Форте дененің үлкен аймақтарына және ұзақ уақыт бойы қолданылса, онда жүйелік жағымсыз әсерлердің пайда болуын жоққа шығаруға болмайды. Мұндай жағдайларда диклофенактың пероральді түрі туралы ақпаратты ескеру керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz
Жергілікті қолдануға арналған диклофенактың жүйелік қолжетімділігінің төмендігіне байланысты артық дозалану ықтималдығы өте аз.
Диклофенак-Тева Фортені кездейсоқ жұту нәтижесінде (50 г 1 сақпаның құрамында 1 г диклофенак натрийі бар) диклофенак таблеткаларының артық дозалануынан туындайтын жағымсыз әсерлер пайда болуы мүмкін. Егер дұрыс пайдаланбау (мысалы, балаларда) немесе кездейсоқ артық дозалану нәтижесінде елеулі жүйелік жағымсыз әсерлер пайда болса, онда улануды емдеуге арналған әдеттегі іс- шаралар жүргізіледі.
Гельді терінің үлкен беткейіне ұзақ қолданған кезде жүйелі жағымсыз әсерлердің болу мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды.
Пероральді ҚҚСП және құрамында диклофенак бар басқа препараттарды бір мезгілде пайдаланудан аулақ болу керек, өйткені жағымсыз әсерлердің жиілігі, әсіресе жүйелі жағымсыз әсерлер артуы мүмкін.
Гельді тері жараларына немесе ашық жараларға емес, тек зақымдалмаған теріге жағу керек. Көзбен немесе шырышты қабықпен жанасуды және ішке қабылдауды болдырмау керек.
Тері бөртпесі пайда болған кезде гельді пайдалануды тоқтату керек.
Гель окклюзиялық емес таңғыштармен пайдаланылуы мүмкін, бірақ ауа өткізбейтін окклюзиялық таңғышпен пайдаланылмауы тиіс.
Кейбір жағдайларда анамнезінде асқазан-ішек жолынан қан кету болған пациенттерде асқазан-ішектен қан кету мүмкіндігі туралы хабарланған.
Арнайы ескертулер
Диклофенак-Тева Форте ашық жараларға түсірмей, тек зақымдалмаған теріге қолданылуы керек. Препараттың ауызға, көзге және шырышты қабыққа түсуіне жол бермеу керек, жұтпау керек. Препаратты қолданғаннан кейін бинт таңғышын салуға рұқсат етіледі, бірақ ауа өткізбейтін окклюзиялық таңғышты салуға болмайды. Егер қол ауырсынудың оқшаулау аймағы болмаса, препаратты қолданғаннан кейін қолды жуу керек. Препаратты қолданғаннан кейін тері бөртпесі пайда болған жағдайда оны одан әрі пайдалануды тоқтату керек.
Егер сыртқы қолдануға арналған диклофенак ұсынылғаннан жоғары дозада немесе ұзағырақ уақыт пайдаланылса, әртүрлі органдар мен жүйелерде (диклофенактың жүйелік түрлерін пайдаланумен ұқсас) жағымсыз реакциялардың пайда болу мүмкіндігін ескеру қажет.
Сақтықпен
Диклофенак-Тева Форте препаратын бауыр порфириясы (өршу сатысында), асқазан-ішек жолдарының эрозиялық-ойық жаралы зақымданулары, бауыр мен бүйрек функциясының ауыр бұзылулары, қан ұюының бұзылуы (оның ішінде гемофилия, қан кету уақытының ұзаруы, қан кетуге бейімділігі), жүректің созылмалы жеткіліксіздігі, бронх демікпесі бар пациенттерде, егде жаста сақтықпен қолдану керек.
Қосымша заттар
Диклофенак-Тева Форте препаратының құрамында пропиленгликоль бар, ол кейбір адамдарда аздап жергілікті тітіркенуді тудыруы мүмкін. Құрамында сонымен қатар жергілікті тері реакцияларын (мысалы, жанаспалы дерматит) немесе көз бен шырышты қабықтың тітіркенуін тудыруы мүмкін бутилгидрокситолуол бар.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Диклофенак-Тева Форте препараты көлік құралдары мен механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Жүктілік және бала емізу кезінде қолдану ұсынылмайды. Препаратты дәрігердің тағайындауы бойынша қолданған кезде Диклофенак-Тева Фортені кеуде аймағына, терінің үлкен аймағына және ұзақ уақыт бойы жағуға болмайды.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.