Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Раствор для инъекций
Дозировка
1%
Торговое наименование
Дибазол-Дарница
Действующее вещество
Бендазол
Назначение
Қосымша дәрі ретінде қан тамырларының түйілулерінде (гипертониялық аурудың өршуінде, гипертониялық криздер)
Производитель
«Фармацевтическая фирма «Дарница»
Страна
Украина
Условия отпуска
По рецепту
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір миллилитр препараттың құрамында:
белсенді зат: 10 мг бендазол гидрохлориді;
қосымша заттар: 96% этанол, глицерин, 1 М хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрін, иісін, дәмін сипаттау
Мөлдір түссіз немесе сәл сарғыш немесе жасыл реңді ерітінді.
- қосымша дәрі ретінде қан тамырларының түйілулерінде (гипертониялық аурудың өршуінде, гипертониялық криздер)
- қосымша дәрі ретінде асқазанның, ішектің пилорус түйілулерінде
- неврологиялық ауруларды (ең бастысы, полиомиелиттің қалдық құбылыстарын, бет жүйкесінің шеткергі салдануын, полиневритті) емдеуде).
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Дозалау режимі
Дибазол-Дарницаны вена ішіне, бұлшықет ішіне немесе теріастына тағайындайды. Гипертониялық кризді басу үшін көктамыр ішіне немесе бұлшықет ішіне 35 мл 1 % ерітіндіні (3050 мг) енгізеді. Артериялық қысым айтарлықтай жоғарылаған кезде 23 мл 1 % препаратты (2030 мг) бұлшықет ішіне тәулігіне 2–3 рет енгізу керек. Емдеу курсы жекелей тағайындалады, орташа алғанда – 814 күн.
Енгізу әдісі мен жолы
Препарат вена ішіне, бұлшықет ішіне немесе тері астына тағайындалады.
Қолдану уақытын көрсете отырып қолдану жиілігі
Артериялық қысым айтарлықтай жоғарылаған кезде бұлшықет ішіне тәулігіне 2–3 рет енгізу керек.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсын дәрігер жеке тағайындайды, орташа есеппен 814 күн.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп жіберу кезінде қажетті шаралар
Препарат медициналық мекемеде қолдануға арналған. Дәрілік затты өткізіп алған қабылдаудың орнын толтыру үшін қос дозаны қабылдамаңыз. Егер препаратты қолдану туралы сұрақтар туындаса, емдеуші дәрігерге хабарласыңыз.
Тоқтату симптомдары қаупінің болуын көрсету
Бұл дәрілік затқа қатысты емес.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Әрқашан препаратты қосымша параққа немесе емдеуші дәрігердің ұсыныстарына сәйкес қабылдаңыз.
- бендазолға немесе препараттың қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық
- бұлшықет тонусының төмендеуімен, құрысу синдромымен, ауыр жүрек жеткіліксіздігімен өтетін аурулар
- артериялық гипотензия
- ісінулері және бүйректің азот шығару функциясының бұзылуы бар созылмалы нефрит
- қан кетумен жүретін асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы
- қант диабеті
- алкоголизмнен, эпилепсиядан зардап шегетін адамдар
- бауыр аурулары бар науқастар
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
- жүктілік және лактация кезеңі.
Барлық дәрілік препараттар сияқты, препарат жағымсыз реакцияларды тудыруы мүмкін, бірақ олар барлығында бола бермейді.
Жиі емес:
- енгізу орнындағы реакциялар: жергілікті ауыру, енгізу орнындағы өзгерістер.
- иммундық жүйе тарапынан қышыну, гиперемия, бөртпелер, есекжем
Сирек:
- жүйке жүйесі тарапынан бас айналуы, бас ауыруы
- кардиальді бұзылулар: жүрек соғуын сезіну, жүрек тұсының ауыруы, ұзақ қолданған кезде – жүрек лықсытуы азаюына байланысты ЭКГ көрсеткіштерінің нашарлауы; артериялық қысымның төмендеуі
Өте сирек:
- жалпы бұзылулар: ысыну сезімі, қатты терлеу, беттің қызаруы
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы тарапынан құрғақ жөтел, мұрынның бітелуі, тыныс алудың қиындауы
- асқазан-ішек жолы тарапынан жүрек айну, тамақтың күйдіріп ашуы
Жағымсыз дәрілік реакциялар пайда болған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) жөніндегі ақпараттық дерекқорға тікелей жүгінуге болады
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: препаратты тоқтатқаннан кейін жылдам қайтатын гипотензия, тершеңдік, ысынуды сезіну, бас айналуы, жүрек айнуы, жеңіл түрдегі бас ауыруы.
Емі. Препаратты тоқтату. Айқын гипотензия кезінде артериялық қысымды бақылай отырып, трансфузиялық емді, тамыр тарылтатын дәрілерді, жүрек гликозидтерін тағайындайды. Бұдан әрі қарай симптоматикалық ем жүргізіледі.
Емдеуді бастар алдында дәрігермен кеңесу керек!
Дибазол инъекция түрінде басқа гипотензивті дәрілерге сезімталдығы болған жағдайда артериялық гипертензияда қолданылатын қосымша дәрі болып табылады. Артериялық гипертензияны емдеу кезінде басқа да гипотензивті препараттармен үйлестіре қолдану ұсынылады.
Дибазол-Дарницаны гипертензияға қарсы дәрі ретінде ЭКГ көрсеткіштерінің нашарлауы, жүрек лықсытуының төмендеуі мүмкін болуына байланысты қарттық жастағы науқастарға ұзақ қолдану мақсатқа сай емес.
Артериялық гипертензияны, әсіресе егде жастағы пациенттерді ұзақ емдеуде қолдану ұсынылмайды.
Препарат құрамында этанолдың (алкогольдің) аздаған мөлшері, 100 мг/дозадан аз.
Балалар
Препарат 18 жасқа дейінгі балаларда қолданылмайды.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Препарат 18 жасқа дейінгі балаларда қолданылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратпен емделіп жүрген кезде көлік құралдары мен күрделі механизмдермен жұмыс істегенде сақ болу керек, бас айналу жағдайы туындап жатса, жоғары назар шоғырландыруды және психомоторлық реакциялар жылдамдығын талап ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысудан бас тарта тұрған дұрыс.
Қолдану бойынша ұсыныстар
Препаратты жүктілік немесе бала емізу кезеңінде қолданбаңыз.
Егер сіз басқа қандай да бір дәрілік заттарды қабылдап жүрсеңіз, препаратты қолдану мүмкіндігі жайында міндетті түрде дәрігермен кеңесіңіз.
Папаверин гидрохлориді, теобромин, сальсолин-дибазолмен біріктіріп қолданған кезде папаверин гидрохлоридінің, теоброминнің, сальсолиннің фармакологиялық әсер ету ауқымы кеңейеді.
Барбитураттар-дибазолмен біріктіріп қолданған кезде барбитураттардың, атап айтқанда фенобарбиталдың ұзақ әсер ету тиімділігін күшейтеді.
Фентоламин, гипотензивті препараттар (ренин-ангиотензин жүйесіне әсер ететін дәрілер және т.б.), салуретиктер – дибазолмен біріктірілімде қолданғанда гипотензиялық әсерін күшейтеді.
β-блокаторлар - дибазолмен біріктіріп қолданғанда соңғысының гипотензивті әсері өзгермейді, бірақ ұзақ қолданған кезде дибазол β-блокаторлары туғызатын жалпы шеткергі қарсыластық жоғарылауының алдын алады.
Дибазол салицилаттармен және бензоаттармен үйлеспейді, өйткені дибазол салицилаты немесе бензоатының шөгінділері түседі.
Сақтау мерзімі
4 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босату шарттары
Рецепт арқылы.
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.