Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Шампунь
Дозировка
2 %
Торговое наименование
ДЕРМАЗОЛ®
Действующее вещество
Кетоконазол
Назначение
Бастың шашты бөлігіндегі терінің зең ауруларын (қайызғақты, себореялық дерматитті) емдеуде және профилактикасында
Производитель
Кусум Хелткер Пвт. Лтд.
Страна
Индия
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
1 мл сусабынның құрамында
белсенді зат - кетоконазол 20 мг,
қосымша заттар: натрий лаурил эфир сульфаты, кокодиэтаноламид, пропиленгликоль, динатрии монолаурил эфир сульфосукцинаты, макрогол 120 метилглюкоза диолеаты, концентрацияланған хлорлы сутек қышқылы, натрий хлориді, натрий гидроксиді, бутилгидрокситолуол, имидомочевина, Понсо 4R (Е124), СК D00923 хош иістендіргіші, тазартылған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Өзіне тән иісі бар қызғылт түсті мөлдір, тұтқыр сұйықтық.
- бастың шашты бөлігіндегі терінің зең ауруларын (қайызғақты, себореялық дерматитті) емдеуде және профилактикасында
- кебек тәрізді теміреткіде
ДЕРМАЗОЛ сусабыны – сыртқа қолдануға арналған зеңге қарсы құрал, имидазолдиоксолан туындысы. Оның зеңге қарсы айқын әсері бар, зең эргостеролдарының синтезін нақты бөгейді. Дерматофиттерге қатысты белсенді: Trichophyton spp., Microsporum spp., Epidermophyton floccosum және: Candida spp., Malassezia furfur (Pityrosporum ovale) сияқты ашытқылар.
Фармакологиялық қасиеттері ланостеролдың зең жарғақшасының негізгі құрылымдық компоненті - эргостеролға айналуын катализдейтін Р450-14α деметилазаға тәуелді цитохромды тежеу жолымен зеңдердің жасушалық жарғақшаларын зақымдау қабілетіне байланысты.
Дозалау режимі
Сусабынды бастың шашты бөлігіне жағып, 3 - 5 минтутқа қалдырады, содан кейін сумен жуып-шаяды. Себореялық дерматитті емдеу үшін сусабынды 2–4 апта бойы тәулігіне 2 рет қолданады. Кебек тәрізді теміреткіде сусабынды тәулігіне 1 рет қолданады, емдеу курсы 5 күнді құрайды.
Кебек тәрізді теміреткінің профилактикасы үшін сусабынды 3 күн бойы тәулігіне 1 рет (жаз айының басында бір курс) қолданады; себореялық дерматитте және қайызғақта – 2 аптада 1 рет.
Енгізу әдісі мен жолы
Сыртқа қолдануға арналған.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
Жиі емес
– фолликулит
– көзжастың шамадан тыс ағуы
– алопеция, құрғағандай, ашытқандай сезіну, шаш құрылымының өзгеруі, тері бөртпесі
жиі емес – эритема, тітіркену, қолдану орнының қышуы
Сирек
– аса жоғары сезімталдық
– дисгевзия
– көздің тітіркенуі
– акне, жанаспалы дерматит, терінің зақымдануы, қабыршақтану
– аса жоғары сезімталдық, қолдану орнындағы пустулалар
Жиілігі белгісіз
– ангионевроздық ісіну, есекжем, шаш түсінің өзгеруі
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Кездейсоқ ішке қабылдағанда симптоматикалық және демеуші ем тағайындау керек. Аспирацияны болдырмау үшін құстыртуға немесе асқазанды шаюға тыйым салынады.
ДЕРМАЗОЛ® тек сыртқа қолдануға арналған. Препарат терінің жергілікті реакцияларын (жанаспалы дерматиттер) туындатуы, көзді және шырышты қабықтарды тітіркендіруі мүмкін. Сусабынды көзге тигізіп алмаған жөн. Көзге тиген жағдайда, сумен жуу керек.
Қосымша заттар
ДЕРМАЗОЛ® препаратының қосымша заттарының құрамында терінің жергілікті реакцияларын (жанаспалы дерматиттер және терінің тітіркенуі) туындатуы мүмкін пропиленгликоль бар.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Препарат мүлдем сіңбейтіндіктен, ДЕРМАЗОЛ® сусабыны бала емізу және жүктілік кезеңінде қолданылуы мүмкін.
Өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілген жоқ.
Сақтау мерзімі
4 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.