Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Суппозитории вагинальные
Дозировка
100 мг/16 мг
Торговое наименование
Депантол®
Действующее вещество
Другие антисептики и противомикробные препараты
Назначение
Жедел және созылмалы вагиниттерді, бактериялық вагинозды, эндо/экзоцервициттерді, соның ішінде эктопиямен асқынған жатыр мойнын емдеу
Производитель
АО "Нижфарм"
Страна
Россия
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір суппозиторийдің құрамында
белсенді заттар - декспантенол, 100 мг,
хлоргексидин биглюконаты (20 % ерітінді хлоргексидин биглюконаты түрінде), 16 мг,
қосымша заттар: макроголдардың қоспасы (макрогол 400, макрогол 1500).
Сыртқы түрінің иісінің, дәмінің сипаттамасы
Торпеда тәрізді пішінді ақ немесе сұрғылт немесе сарғыш реңді ақ түсті суппозиторийлер. Мәрмәрлануына және кесіндіде ауа өзегі мен құйғы тәрізді ойықтың болуына жол беріледі.
• жедел және созылмалы вагиниттерді, бактериялық вагинозды, эндо/экзоцервициттерді, соның ішінде эктопиямен асқынған жатыр мойнын емдеу
• спецификалық этиологиядағы жатыр мойынының шынайы эрозиясын емдеу (кешенді ем құрамында)
• акушерлік және гинекологиядағы инфекциялық-қабыну асқынуларының профилактикасы: гинекологиялық ауруларды жедел емдеу, босандыру, жүктілікті медициналық тоқтату, жатырішілік тексерулер (оның ішінде гистероскопия, гистеросальпингография), жатырішілік контрацептивті орнатар алдында
• операциядан кейінгі, босанғаннан кейінгі кезеңдерде деструктивті емдеу әдістерінен кейін (диатермокоагуляция, криодеструкция, лазеродеструкция) қынаптың және жатыр мойнының шырышты қабығының регенерациясын жақсарту үшін
Депантол – регенерациялық, антисептикалық және метаболизмдік әсер ететін жергілікті қолдануға арналған біріктірілген препарат.
Препараттың құрамына кіретін хлоргексидин грамоң және грамтеріс бактериялар: Treponema pallidum, Chlamidia spp., Ureaplasma spp., Neisseria gonorrhoeae, Gardnerella vaginalis, Bacteriodes fragilis, Escherichia coli, Staphylococcus spp., Streptococcus spp.; ашытқылар, дерматофиттер, қарапайымдыларға (Trichomonas vaginalis) қатысты белсенді. Pseudomonas spp., Proteus spp. кейбір штаммдарының препаратқа сезімталдығы аз, сондай-ақ бактериялардың қышқылға төзімді түрлері, бактериялар споралары төзімді.
Препараттың құрамына кіретін декспантенол шырышты қабықтардың регенерациясын көтермелейді, жасушалық метаболизмді қалпына келтіреді, митозды жылдамдатады және коллагенді талшықтардың беріктігін арттырады.
Депантол лактобациллалардың функционалдық белсенділігін бұзбайды. Қан, ірің болғанда (біршама төмен болса да) белсенділігін сақтайды.
Дозалау режимі
Ересектерге: 7-10 күн бойы тәулігіне 2 рет 1 суппозиторийден. Қажет болған жағдайда емдеу курсын 20 күнге дейін ұзартуға болады.
Егер емдеуден кейін жақсару болмаса, немесе симптомдар ушыға түссе немесе жаңа симптомдар пайда болса, дәрігермен кеңесу қажет. Препаратты тек қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген көрсетілімдерге, қолдану тәсіліне және дозаларға сәйкес қолданыңыз.
Енгізу әдісі мен жолы
Қынап ішіне қолданылады. Қолданар алдында суппозиторийлерді пішінді қаптамасынан шығарады.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алуға жүгіну жөніндегі нұсқаулар
Егер Сізде осы препаратты қолдануға қатысты қосымша сұрақтар туындаса, дәрігерге немесе мейірбикеге кеңес алуға жүгініңіз.
Дәрілік препаратты стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Жиілігі белгісіз:
• препаратты қолдануды тоқтатқаннан кейін қайтатын аллергиялық реакциялар, қышыну, күйдіру
Өте сирек
• хлоргексидиннен туындаған ауыр аллергиялық реакцияларды және анафилаксияны қоса, аса жоғары сезімталдық реакциялары
Егер нұсқаулықта көрсетілген жағымсыз реакциялардың кез келгені ушығатын болса немесе нұсқаулықта көрсетілмеген кез келген басқа реакциялар байқалса, бұл туралы дереу дәрігерге хабарлау керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК.
http://www.ndda.kz
• әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• балалық жас 18 жасқа дейін
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Препараттың артық дозалануы жағдайлары туралы хабарланбаған.
Жағымсыз әсерлер пайда болған кезде препаратты қолдануды тоқтатып, дәрігерге қаралу керек.
Емдеу кезеңінде жыныстық қатынастарды тоқтата тұру ұсынылады.
Препаратты қолданғанға дейін және кейін қолды жуу керек.
Арнайы ескертулер
Педиатрия
Балалар тәжірибесінде қолданылмайды.
Көрсетілімдер бойынша қолданылады.
Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Ықтималды өзара әрекеттесулерге (антагонизм немесе белсенділігінің жойылуы) қатысты сақтандыру шаралары ретінде қынап ішіне енгізілетін басқа антисептиктермен бір мезгілде қолдануға болмайды.
Депантол® құрамында анион тобы (сапониндер, натрий лаурилсульфаты, натрий карбоксиметилцеллюлозасы) бар детергенттермен және егер қынап ішіне енгізілсе, сабынмен үйлеспейді.
Қынап ішіне пайдаланылатын құрамында йод бар препараттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.