Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Гель стоматологический
Торговое наименование
Дентамет
Действующее вещество
Прочие
Назначение
Пародонт пен ауыз қуысының шырышты қабығының инфекциялық-қабыну аурулары: жедел және созылмалы гингивитте, жедел ойық жаралы-некроздық Венсан гингивитінде
Производитель
«Алтайвитамины»
Страна
Россия
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
100 г препараттың құрамында
белсенді заттар: метронидазол - 1.00 г,
хлоргексидин биглюконатының 20 % ерітіндісі - 0.50 г,
хлоргексидин биглюконатына шаққанда - 0.10 г;
қосымша заттар: левоментол (L-Ментол), глицерол (глицерин), пропиленгликоль, троламин (термотұрақты триэтаноламин), карбомер, натрий сахаринаты дигидраты, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ түстен сарғыш реңді ақ түске дейінгі, бір текті гель.
Дәрілік препарат ересектерде қолданылады.
Пародонт пен ауыз қуысының шырышты қабығының инфекциялық-қабыну аурулары:
• жедел және созылмалы гингивитте;
• жедел ойық жаралы-некроздық Венсан гингивитінде;
• жедел және созылмалы пародонтитте;
• гингивитпен асқынған пародонтозда;
• афтозды стоматитте;
• хейлитте;
• протез киген жағдайда ауыз қуысының шырышты қабығының қабынуында;
• постэкстракциялық альвеолитте (тісті жұлғаннан кейін ойығы қабынғанда);
• периодонтит периодонтальді абсцесс (біріктірілген ем құрамында).
Фармакотерапевтикалық тобы: Стоматологиялық препараттар. Ауыз қуысы ауруларын жергілікті емдеуге арналған инфекцияға қарсы және антисептикалық препараттар. Басқалары.
АТХ коды: А01АВ11
Әсер ету механизмі:
Микробқа қарсы біріктірілген препарат. Препараттың тиімділігі оның құрамында метронидазол және хлоргексидин сияқты әсер ететін заттардың болуымен байланысты.
Фармакодинамикалық әсерлері
Пародонт ауруларын тудыратын, анаэробты бактерияларға қарсы, метронидазол бактерияға қарсы әсер етеді: Porphyromonas gingivalis, Prevotella intermedia, Fusobacterium fusiformis, Wolinella recta, Eikenella corrodens, Borrelia vincenti, Bacteroides melaninogenicus, Selenomonas spp.
Хлоргексидин - антисептикалық және микробқа қарсы дәрі, грамоң және грамтеріс аэробты және анаэробты бактерияларға (Treponema spp., Neisseria gonorrhoeae, Trichomonas spp., Chlamydia spp., Ureaplasma spp., Bacteroides fragilis) қатысты тиімді.
Pseudomonas spp. және Proteus spp. кейбір штамдары, қышқылға төзімді бактериялар түрі мен бактериялық споралары сияқты, препаратқа сезімталдығы аз. Ол лактобациллалардың функционалдық белсенділігін бұзбайды.
Дозалау режимі
Жергілікті, тек стоматологиялық қолдануға арналған.
Қызыл иек қабынғанда (гингивитте):
Дентамет қызылиек аймағына жұқалап саусақпен немесе мақта таяқшасы арқылы күніне 2 рет жағылады. Гельді жаққаннан кейін 30 минут бойы тамақ және сусын ішуден бас тартқан жөн. Гельді шайып тастауға болмайды. Емделу курсының ұзақтығы орта есеппен 7-10 күнді құрайды.
Пародонтитте:
Тіс қақтарын алып тастағаннан кейін пародонтальді қалталарды Дентамет гелімен өңдейді және қызылиек аймағына гельді аппликациялайды. Экспозиция уақыты – 30 минут. Емшара саны аурудың ауырлығына байланысты. Әрі қарай гельді науқастың өзі аппликациялайды: Дентамет қызылиек аймағына күніне 2 рет 7-10 күн бойы жағылады.
Афтозды стоматитте:
Дентамет ауыз қуысының шырышты қабығының зақымданған аймағына күніне 2 рет 7-10 күн бойы жағылады.
Созылмалы гингивиттің және пародонтиттің асқынуының профилактикасы үшін:
Дентамет қызылиек аймағына күніне 2 рет 7-10 күн бойы жағады. Профилактикалық емдеу курсы жылына 2-3 рет жүргізіледі.
Постэкстракциялық альвеолиттің профилактикасы үшін:
Тісті жұлғаннан кейін ойығын Дентамет гелімен өңдейді, содан кейін гель күніне 2-3 рет 7-10 күн бойы қолданылады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Препаратты осы қосымша параққа немесе емдеуші дәрігердің және дәріхана қызметкерінің ұсынымдарына сәйкес қолданыңыз. Күмәнданған жағдайда емдеуші дәрігермен немесе дәріхана қызметкерімен кеңесіңіз.
- белсенді заттарға немесе препараттың кез келген қосымша затына аса жоғары сезімталдық
- қан жүйесінің аурулары, соның ішінде анамнезінде;
- шеткері және орталық жүйке жүйесінің аурулары;
- жүктілік және лактация кезінде
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дентамет гелін жергілікті қолдану кезінде аллергиялық реакциялар байқалуы мүмкін (тері бөртпелері, қышыну, есекжем, ангионевротикалық ісіну, анафилаксиялық реакциялар, соның ішінде анафилаксиялық шок), сонымен қатар бас ауыруы.
Өте сирек: аса жоғары сезімталдық, ангионевротикалық ісіну
Егер нұсқаулықта көрсетілген жағымсыз әсерлердің кез келгені нашарласа немесе нұсқаулықта көрсетілмеген басқа жағымсыз әсерлерді байқасаңыз, ол туралы дәрігерге хабарлаңыз.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Гельдің көп мөлшерін кездейсоқ немесе әдейі жұту негізінен метронидазолға байланысты жанама әсерлердің күшеюіне себепші болуы мүмкін (іс жүзінде хлоргексидин асқазан-ішек жолынан сіңірілмейді).
Жүрек айнуы, құсу, бас айналу және ауыр жағдайларда - парестезия және құрысулардың байқалуы мүмкін.
Емдеу
Асқазанды шаю, қажет болған жағдайда симптоматикалық ем.
Арнайы ескертулер
Дентамет препаратын алкогольмен, варфаринмен және басқа кумарин туындыларымен, дисульфираммен, фенобарбиталмен, фенитоинмен және гедантоин туындылары тобының басқа құрысуға қарсы препараттарымен бір мезгілде қолданған кезде сақ болу керек.
Көзге тигізуден аулақ болу керек.
Дентамет гелін қолдану тістерді гигиеналық тазалауды алмастырмайды, сондықтан препаратпен емдеу курсы кезінде тазалау жалғастырылуы тиіс.
Препаратты балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек. Бала, препаратты кездейсоқ немесе әдейі жұтқан кезде дереу медициналық көмекке жүгінуі керек.
Қосымша заттар
Препаратты жергілікті қолданған кезде, құрамындағы пропиленгликоль тітіркендіру тудыруы мүмкін.
Педиатрияда қолдану
Қолдану қауіпсіздігі туралы деректердің болмауына байланысты Дентамет препаратын 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге тағайындау ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Теріс әсерлер туралы деректер жоқ.
Клиникалық деректердің болмауына байланысты жүктілік кезінде және емшек емізу кезеңінде препаратты қолдану қауіпсіздігі анықталмаған. Жүктілік кезеңінде препаратты қолдану ұсынылмайды. Емшекпен емізу кезеңінде препаратты тағайындау қажет болған жағдайда емшек емізуді тоқтату туралы мәселені шешу керек.
Жергілікті қолдану кезінде ұсынылған дозаларда Дентамет гелінің басқа дәрілік заттармен жүйелі өзара әрекеттесуі анықталған жоқ.
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.