Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Таблетки для рассасывания со вкусом малины
Торговое наименование
Деквадол
Действующее вещество
Прочие препараты
Назначение
Ауыз қуысы мен жұтқыншақтың жедел қабыну ауруларын жергілікті емдеу: катаральді баспа және лакунарлы баспа (қосымша дәрі ретінде)
Производитель
АО «КИЕВСКИЙ ВИТАМИННЫЙ ЗАВОД»
Страна
Украина
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар-деквалиний хлориді 0.25 мг, цинхокаин гидрохлориді (дибукаин гидрохлориді) 0.03 мг,
қосымша заттар: сорбит (Е 420), тальк, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, «Бүлдірген» тағамдық хош иістендіргіші (сұйық), ұнтақ тектес тағамдық хош иістендіргіш (таңқурай).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ түсті, жалпақ цилиндр пішінді, бір жағында ойығы және сызығымен, таңқурай дәмі мен иісі бар таблеткалар.
Ауыз қуысы мен жұтқыншақтың жедел қабыну ауруларын жергілікті емдеу:
- катаральді баспа және лакунарлы баспа (қосымша дәрі ретінде)
- Симановский-Плаут-Венсан ойық жаралы үлбірлі баспасы (қосымша дәрі ретінде)
- фарингит, ларингит, тонзиллит
- афтозды-ойық жаралы стоматит, гингивит
- ауыз қуысы мен жұтқыншақ кандидомикозы (көмекші дәрі ретінде)
- тонзиллоэктомиядан, тіс экстракциясынан кейінгі жағдай
Антисептиктер. Басқа препараттар.
ATХ коды R02AA20.
Деквадол вирусқа қарсы, зеңге қарсы, қабынуға қарсы, гемостатикалық әсер етеді. Деквалиний хлориді грамтеріс бактерияларға қатысты тиімді: Salmonella typxi, Escherichia coli, Pseudomonas aeruginosa, Proteus vulgaris, Salmonella typhimurium; грамоң бактериялар: Bacillius subtitis, Corynebacteria diphtheriae, Mycobacteria tuberculosis; грамтеріс кокктар: Neiss. catarrhalis, Neiss. meningitides; грамоң кокктар: Staphylococcus aureaus, Staphylococcus aureaus penicillin resistens, Streptococcus laecalis, Streptococcus pneumoniae, Streptococcus pyogenes, Streptococcus salivarius; зеңдік флоралар: Actinomycis, Candida albicans, Trichophyton mentagrvophytes, Trichophyton rubrium, Trichophyton verrucosum, сондай-ақ Spirochaeta Vinccenri.
Цинхокаин гидрохлоридінің ауыз қуысы мен жұтқыншақтың инфекцияларында ауырсынуды әлсірететін әлсіз жергілікті анестетикалық әсері бар.
Деквадол таблеткалары жергілікті тітіркенуді немесе аллергиялық реакцияны тудырмайды.
Дозалау режимі
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға 2 сағат сайын 1 таблеткадан, қабыну симптомдары азайғаннан кейін - 4 сағат сайын 1 таблеткадан тағайындалады.
4 жастан асқан балаларға 3 сағат сайын 1 таблеткадан, симптомдар азайғаннан кейін - 6 сағат сайын 1 таблеткадан тағайындайды.
Аурудың жедел кезеңінде ең жоғары тәуліктік доза 10-12 таблетка және содан кейін 6 таблеткадан қабыну симптомдары жоғалғанға дейін.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу курсы қабыну симптомдарының жойылуына байланысты және 5 күннен аспайды.
Егер дәрілік затпен 5 күн емдегеннен кейін симптомдар жойылмаса немесе күшейіп кетсе, пациент дәрігермен кеңесуі тиіс.
Енгізу жолы және тәсілі
Таблеткаларды тістемей, баяу сору керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне консультацияға жүгіну бойынша нұсқаулар
Препаратты қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз.
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- төрттік аммоний негіздеріне (мысалы, бензалконий хлориді) белгілі аллергиялық реакциялар
- тұқым қуалайтын фруктозаға жақпаушылығы (ТҚФЖ)
- 4 жасқа дейінгі балалар.
Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).
Иммундық жүйенің бұзылуы
Жиі емес: есекжем, эритема, ісіну сияқты аса жоғары сезімталдық реакциялары.
Өте сирек: деквалиний хлориді мен цинхокаинді қолданғаннан кейін жанаспалы дерматит.
Белгісіз: деквалиний хлоридін қолданғаннан кейінгі қызба.
Кез келген ерекше реакциялар туындаған жағдайда дәрілік затты қолдануды тоқтату және одан әрі емдеуге қатысты міндетті түрде дәрігермен кеңесу керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Дәрілік заттың құрамында сорбитол бар, сондықтан оны тұқым қуалайтын фруктозаға жақпаушылығы бар пациенттерге қолдануға болмайды.
Деквадолдың құрамында қант жоқ екенін ескере отырып, оны қант диабеті бар пациенттерге қолдануға болады.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Препаратты 4 жасқа дейінгі балаларда қолдану туралы деректер жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ.
Ана үшін күтілетін әсері шарана мен балаға төнетін ықтимал қауіптен асып түскен жағдайда қолдануға болады.
Антибактериялық әсері анионды детергенттермен (мысалы, тіс пастасымен) бірге қолданғанда азаяды.
Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі сипатталмаған
Дәрілік затты қолдануды холинэстераза тежегіштерін қабылдаумен біріктіруге болмайды.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.