Дозалану режимі
Қарқынды ем, анестезиология және реанимация бөлімінде жатқан, қажетті тыныштану тереңдігі дауыстық стимуляцияға жауап ретінде оянуды тудырмайтын ересек пациенттерді тыныштандыру (Ричмонд ажитация-седация шкаласы бойынша 0-ден -3 баллға дейінгі диапазонға сәйкес келеді) (RASS)).
Тек қана стационар жағдайларында қолдануға арналған. Декстомидті қарқынды емдеу жағдайында пациенттерді емдеу тәжірибесі бар мамандар қолдануы тиіс.
Интубация жүргізілген және седация жағдайындағы пациенттерде инфузияның бастапқы жылдамдығы сағатына 0,7 мкг/кг болатын Декстомид препаратына ауыстыруға болады, әрі қарай седацияның қажетті тереңдігіне қол жеткізу мақсатында дозаны (пациенттің реакциясына қарай) сағатына 0,2-1,4 мкг/кг шегінде біртіндеп түзетуге болады. Әлсіз пациенттер үшін инфузияның бастапқы жылдамдығы төмендетілуі мүмкін. Дексмедетомидин күшті дәрі болып табылады, сондықтан оны енгізу жылдамдығы сағатына есептеліп беріледі. Дозаны түзеткеннен кейін мақсатты седация тереңдігіне жету бір сағатқа созылуы мүмкін.
Ең жоғарғы доза
Ең жоғары дозасын 1,4 мкг/кг/сағ асыру ұсынылмайды. Препараттың ең жоғары дозасында тиісті седативті әсерге жете алмаған пациенттер баламалы седативті дәріге ауыстырылуы тиіс. Препараттың қанықтыратын дозасын енгізу ұсынылмайды, өйткені бұл жағдайда жанама реакциялардың жиілігі жоғарылайды. Декстомид препаратын енгізгеннен кейін клиникалық әсер басталғанға дейін пропофол немесе мидазолам қолдануға жол беріледі.
Емдеу ұзақтығы
Декстомид препаратын 14 күннен артық уақыт бойы қолдану тәжірибесі жоқ. Препаратты 14 күннен ұзақ қолданғанда пациенттің жай-күйіне ұдайы бағалау қажет.
Диагностикалық немесе хирургиялық араласулар жүгізгенге дейін және/немесе оларды жүргізу кезінде интубацияланбаған ересек пациенттердегі седация, яғни шаралар жүргізу кезіндегі седация/санадан айырусыз седация.
Декстомидті операция бөлмесінде немесе диагностикалық процедуралар кезінде пациенттерге анестезиологиялық шаралар жүргізу тәжірибесі бар медицина мамандары ғана қолдануы керек. Есін жоғалтпай тыныштандыру үшін Декстомидті қолдану кезінде пациенттер тұрақты түрде диагностикалық немесе хирургиялық араласуларға қатыспайтын тұлғалардың бақылауында болуы тиіс. Гипотензия, гипертензия, брадикардия, тыныстың тарылуы, тыныс жолдарының обструкциялары, апноэ, диспноэ және/немесе сатурация төмендеуінің ерте белгілерін анықтау үшін пациенттерді тұрақты қадағалап отыру қажет.
Қосымша оттегігінің болуын қамтамасыз ету қажет және оны қолдану үшін көрсетімдер болған жағдайда дереу қолданылуы тиіс. Оттегі сатурациясын пульстік оксиметрия әдісімен қадағалау қажет. Декстомидті енгізуді инфузия түріндегі жүктеме дозадан бастайды, одан кейін демеуші инфузия жүргізіледі. Қажетті клиникалық әсерге жету үшін араласу түріне байланысты тиісті жергілікті анестезия немесе анальгезия қажет болуы мүмкін. Ауырсындыратын араласулар жағдайында немесе седацияның неғұрлым терең деңгейі қажет болғанда қосымша анальгезияны немесе седативті дәрілерді (мысалы, апиындар, мидазолам немесе пропофол) қолдану ұсынылады. Препараттың жартылай бөлінуінің фармакокинетикалық кезеңі шамамен 6 мин деп бағаланады, оны қажетті клиникалық әсеріне қол жеткізу үшін дозаны титрлеу үшін қажетті уақытты бағалау үшін басқа қолданылатын препараттардың әсерлерімен бірге назарға алуға болады.
Емшаралар кезінде седацияның басталуы:
- Жүктеме доза 10 минут бойы инфузия түрінде 1,0 мкг/кг. Мысалы, офтальмологиялық операциялар сияқты аз инвазиялық араласуларға қатысты 10 минут бойы 0,5 мкг/кг инфузия түрінде жүктеме дозасын қолдануға болады.
Емшаралар кезінде седацияны сақтау:
- Демеуші инфузияны әдетте 0,6-0,7 мкг/кг/сағ дозадан бастайды және 0,2-ден 1 мкг/кг/сағ доза диапазонында қажетті клиникалық әсерге жеткенге дейін титрлейді. Демеуші инфузияның жылдамдығын седативті әсердің қажетті деңгейіне жеткенге дейін түзету қажет.
Енгізу әдісі және жолы
Препаратты бақыланатын инфузиялық құрылғыны пайдалана отырып, вена ішілік инфузия түрінде сұйылтқаннан кейін ғана қолдану керек.
Ерітінді дайындау
Ұсынылған 4 мкг/мл немесе 8 мкг/мл концентрацияға қол жеткізу үшін Декстомидті қолданар алдында 5% глюкоза ерітіндісінде, Рингер ерітіндісінде, маннитолда немесе натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісінде сұйылтуға болады. Төменде концентрат көлемі мен инфузиялық ортаның қажетті көлемінің кестесі берілген.
Егер талап етілетін концентрация 4 мкг/мл болса
Декстомид препаратының көлемі, инфузия үшін ерітіндіге арналған концентрат, 100 мкг/мл — Инфузиялық орта көлемі — Инфузияның жалпы көлемі
2 мл — 48 мл — 50 мл
4 мл — 96 мл — 100 мл
10 мл — 240 мл — 250 мл
20 мл — 480 мл — 500 мл
Егер талап етілетін концентрация 8 мкг/мл болса
Декстомид препаратының көлемі, инфузия үшін ерітіндіге арналған концентрат, 100 мкг/мл — Инфузиялық орта көлемі — Инфузияның жалпы көлемі
4 мл — 46 мл — 50 мл
8 мл — 92 мл — 100 мл
20 мл — 230 мл — 250 мл
40 мл — 460 мл — 500 мл
Дайындалған ерітіндіні оның компоненттерін толық араластыру үшін абайлап сілку керек.
Ерітіндіні қолданар алдында бөгде бөлшектердің бар-жоғын және түсінің өзгеруін көзбен шолып тексеру керек.
Декстомид келесі вена ішілік сұйықтықтармен және препараттармен үйлесімді: Рингер лактатты ерітіндісі, 5% глюкоза ерітіндісі, 0,9% натрий хлориді ерітіндісі, 20% маннитол, натрий тиопенталы, этомидат, векуроний бромиді, панкуроний бромиді, сукцинилхолин, атракурий бесилаты, мивакурий хлориді, рокуроний бромиді, гликопиролат бромиді, фенилэфрин гидрохлориді, атропин сульфаты, допамин, норадреналин, добутамин, мидазолам, морфин сульфаты, фентанил цитраты және плазманы алмастыратын заттар.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіну үшін медицина қызметкерінен кеңес алу жөніндегі ұсынымдар
Тек қана стационар жағдайларында қолдануға арналған. Декстомидті қарқынды ем жағдайларында пациенттерді емдеу тәжірибесі бар мамандар қолдануға тиіс.