Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Таблетки для рассасывания
Торговое наименование
Декатилен™
Действующее вещество
Прочие препараты
Назначение
Ауыз қуысы мен жұтқыншақтың (тамақтың) жедел қабыну ауруларында жергілікті емдеуде: фарингитте, ларингитте, тонзиллитте, афтозды-ойық жаралы стоматитте, гингивитте
Производитель
Балканфарма-Разград АД
Страна
Болгария
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: 0,25 мг деквалиний хлориді
0,03 мг цинхокаин гидрохлориді,
қосымша заттар: сорбитол, тальк, магний стеараты, коллоидты кремнийдің қостотығы, бұрыш жалбызы экстрактісі, бұрыш жалбызы майы
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, жалпақ беткейлі, бір жағында сызығы бар және екінші жағында «D» жазуы бедерленген ақ таблеткалар
Ауыз қуысы мен жұтқыншақтың (тамақтың) жедел қабыну ауруларында жергілікті емдеуде:
- фарингитте, ларингитте, тонзиллитте
- афтозды-ойық жаралы стоматитте, гингивитте
Декатиленді қосымша заттар ретінде қолдануға болады -
- ауыз бен жұтқыншақтың (тамақтың) аралас инфекцияларында
- катаральді және лакунарлы баспада – Симановский-Плаут-Венсан ойық жаралы-үлбірлі баспасында
- ауыз қуысы мен жұтқыншақтың (тамақтың) кандидозында
- жазылуды жылдамдату үшін тонзиллоэктомиядан, тіс экстракциясынан кейінгі жағдайда
Декатилен сондай-ақ ауыздан жағымсыз иісті жоюға көмектеседі және ауыз қуысы мен жұтқыншақтың инфекцияларында ауырсынуды азайтады.
Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Басқа да препараттар.
АТХ коды R02AA20
Декатилен бактерияға қарсы және зеңге қарсы әсер етеді. Деквалиний хлориді төмендегі грамм-теріс бактерияларға: Salmonella typhi, Escherichia coli, Pseudomonas aeruginosa, Proteus vulgaris, Salmonella typhimurium; грамм-оң бактерияларға: Bacillius subtilis, Corynebacteria diphtheriae, Mycobacteria tuberculosis; грамм-теріс кокктарға: Neiss. catarrhalis, Neiss. meningitides; грамм-оң кокктар: Staphylococcus aureus, Staphylococcus aureus penicillin-resistens, Streptococcus faecalis, Streptococcus pneumoniae, Streptococcus pyogenes, Streptococcus salivarius; зеңдік флораға: Actinomyces, Candida albicans, Trichophyton mentagrophytes, Trichophyton rubrium, Trichophyton verrucosum, сондай-ақ Spirochaeta Vinccenri қатысты тиімді.
Цинхокаин гидрохлориді ауыз қуысы мен жұтқыншақтың инфекцияларында ауыру сезімдерін саябырлата отырып, әлсіз жергілікті жансыздандыратын әсерге ие.
Декатилен таблеткалары жергілікті тітіркенуді немесе аллергиялық реакцияларды туындатпайды. Декатилен құрамында қант болмайтындығын ескере отырып, оны қант диабеті бар науқастар қолдануына болады.
Жалбыз экстрактісі болуының нәтижесінде Декатилен ауыз қуысының жедел қабыну аурулары кезінде ауыздағы жағымсыз иісті жоюға ықпал етеді.
Дозалау режимі
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға әрбір 2 сағат сайын 1 таблеткадан, қабыну симптомдары азайғаннан кейін - әрбір 4 сағат сайын 1 таблеткадан. 4 жастан асқан балаларға әрбір 3 сағат сайын 1 таблеткадан, симптомдары азайғаннан кейін - әрбір 4 сағат сайын 1 таблеткадан. Таблеткаларды баяу сору керек. Аурудың жедел кезеңінде ең жоғары тәуліктік доза 10-12 таблетка және содан соң қабыну симптомдары жойылғанға дейін 6 таблеткадан. Емдеу курсы қабыну симптомдары жойылуына байланысты болады және 5 күннен аспайды.
- деквалиний хлоридіне, дибукаин гидрохлоридіне немесе препараттың кез келген басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық - төрттік аммоний негіздеріне белгілі аллергиялық реакциялар (мысалы, бензалконий хлориді)
- 4 жасқа дейінгі балалар
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы
Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000).
Сирек (≥ 1/10000-нан < 1/1000 дейін)
- жергілікті аса жоғары сезімталдық реакциялары (қышыну, бөртпе)
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Қатысты емес
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолданылуы
Препараттың 4 жасқа дейінгі балаларда қолданылуы туралы деректер жоқ.
Ана денсаулығы үшін болжамды пайдасы шаранаға және балаға төнетін үлкен қауіптен артық болатын жағдайларда ғана қолданылуы мүмкін.
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Анионды детергенттермен бірге қолданғанда бактерияларға қарсы әсері азаяды (мысалы, тіс пастасымен). Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесулері сипатталмаған.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.