Әсер ету механизмі
Даратумумаб – бұл көп түрлі миелома жасушаларын, сондай-ақ жасушалар мен тіндердің басқа типтерін қоса, әртүрлі гематологиялық қатерлі жаңа түзілімдерде жасушалар беткейіндегі жоғары экспрессия деңгейімен сипатталатын CD38 ақуызымен байланысатын адамның моноклонды IgG1κ антиденесі. CD38 ақуызының рецепторлар арқылы адгезиясын, дабылдық және ферменттік белсенділігін қоса, көптеген функциялары бар.
Даратумумабтың in vivo экспрессиялайтын CD38 ісік жасушаларының өсуін қуатты тежейтін қабілеті көріністелді. In vitro зерттеулері негізінде даратумумаб көптеген эффекторлық функциялар есебінен иммундық жүйе арқылы ісік жасушаларының қырылуын тудыруы мүмкін. Осы зерттеулер деректері даратумумаб CD38 экспрессиясымен қатерлі жаңа түзілімдерде комплементке тәуелді цитоуыттылық, антиденеге тәуелді жасушалық цитоуыттылық және антиденеге тәуелді жасушалық фагоцитоз арқылы ісік жасушаларының лизисін индукциялауға қабілетті деп болжауға мүмкіндік береді.
Миелоидты супрессорлық жасушалардың (CD38 + MDSCs), реттеуші Т-жасушаларының (CD38 + Tregs) және В-жасушаларының (CD38 + Bregs) қосалқы шоғыры даратумумаб арқылы жасуша лизисіне сезімтал. Т-жасушаларының (CD3+, CD4 + және CD8+) даму сатысы мен белсенділену деңгейіне байланысты CD38 экспрессиялайтыны да белгілі. Даратумумабпен емдеу кезінде CD4+ және CD8+ Т-лимфоциттерінің абсолютті санының, сондай-ақ жаңа алынған шеткері қан мен сүйек кемігіндегі лимфоциттердің пайыздық мөлшерінің едәуір артуы байқалды. Бұдан бөлек, Т-жасушалардың ДНҚ рецепторын секвенирлеу даратумумабпен емдеу кезінде Т-жасушалар клондығының артуын растады, бұл клиникалық жауапқа ықпал етуі мүмкін иммуномодуляциялау әсерлерін көрсетеді.
Бұдан бөлек, даратумумаб Fc арқылы айқаспалы байланысуынан және CD38 ферменттік белсенділігінің модуляциясынан кейін in vitro апоптозды индукциялады, бұл циклазалардың ферменттік белсенділігінің тежелуін және гидролазалар белсенділігінің көтермеленуін тудырды. Осы әсерлерінің in vitro клиникалық практикадағы маңыздылығы, сондай-ақ олардың ісіктің өсуіне әсері толық зерттелмеген.
Фармакодинамикалық әсерлері
Табиғи киллер-жасушалар (NK-жасушалар) және T-жасушалар саны
NK-жасушалардың едәуір мөлшерде CD38 экспрессиялайтыны белгілі, сол себепті, олар даратумумаб арқылы жүретін лизиске сезімтал. Даратумумабты қолдану кезінде шеткері қанда және сүйек кемігінде NK-жасушалардың (CD16+CD56+) және белсендірілген NK-жасушалардың (CD16+CD56dim) абсолютті саны мен пайыздық мөлшерінің төмендеуі байқалды. Дегенмен де, NK-жасушалардың бастапқы мөлшері мен клиникалық жауап арасындағы өзара байланыс анықталмады.
Иммуногенділігі
Клиникалық сынақтарда вена ішіне даратумумаб алған пациенттерде емдеу барысында туындаған даратумумабқа қарсы антиденелер пациенттердің 1%-дан азында дамыды.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Алғаш диагностикаланған көп түрлі миелома
Дің жасушаларын аутологиялық трансплантациялауға сай келмейтін пациенттерде леналидомидпен және дексаметазонмен біріктірілген ем
MMY3008 зерттеуінде – белсенді бақыланатын III фазаның ашық рандомизацияланған, бақыланатын зерттеуінде көп түрлі миеломасы алғаш диагностикаланған пациенттерде леналидомидпен және дексаметазонның төмен дозаларымен (DRd) біріктірілімде Дарзалекс 16 мг/кг препаратымен ем леналидомидпен және дексаметазонның төмен дозаларымен (Rd) жүргізілген еммен салыстырылды. Леналидомид (28 күндік қайталанатын [4 апталық] циклдың 1-21 күндері пероральді 25 мг күніне бір рет) 40 мг/аптасына пероральді немесе вена ішіне дексаметазонның төмен дозаларымен (немесе >75 жастағы пациенттер үшін 20 мг/апта азайтылған доза немесе дене салмағы индексі (ДСИ) <18.5) қабылданды. Дарзалекс препаратын инфузиялаған күндері дексаметазон инфузия алдындағы дәрілік зат ретінде енгізілді. Леналидомид пен дексаметазон дозасын түзету өндірушінің нұсқаулығына сәйкес жүргізілді. Емдеу екі топта да аурудың үдеуіне немесе қолайсыз уыттылыққа дейін жалғасты.
Жалпы жиынтығы, 737 пациент рандомизацияланды: DRd тобына 368 және Rd тобына 369. Бастапқы демографиялық деректер мен ауру сипаттамасы екі емдеу тобының арасында ұқсас болды. Пациенттердің орташа жасы 73 жас (диапазон: 45-тен 90 жасқа дейін), ал пациенттердің 44%-ы ≥ 75 жас құрады. Көпшілігі еуропалық нәсіл өкілдері (92%), ерлер (52%) болды, 34%-ы Шығыс біріккен онкологтар тобының (ECOG) шкаласы бойынша 0, 49.5%-ы ECOG 1, ал 17%-ы ECOG ≥ 2 бағасына ие болды.
Жиырма жеті пайызы халықаралық кезеңдерге бөлу жүйесі (ISS) бойынша I сатыда, 43%-ы ISS бойынша II сатыда, ал 29%-ы ISS бойынша III сатыда болды. Тиімділігі Халықаралық көп түрлі миеломаны зерттеу тобының (IMWG) критерийлері негізінде үдеусіз тіршілік қабілеті (ҮТҚ) және жалпы тіршілік қабілеті (ЖТ) бойынша бағаланды.
Орташа қадағалау ұзақтығы 28 айға созылғанда MMY3008 зерттеуіндегі үдеусіз тіршілік қабілетінің (ҮТҚ) бастапқы талдауы, Rd тобымен салыстырғанда, DRd тобында жақсаруын көріністеді; DRd тобындағы ҮТҚ медианасына қол жеткізілмеді және Rd тобында 31.9 айға созылды (қауіптер қатынасы [ҚҚ] = 0.56, 95% СА: 0.43, 0.73, p < 0.0001), бұл DRd алған пациенттерде аурудың үдеу немесе өлім қаупінің 44% төмендеуін құрайды. Жаңартылған ҮТҚ талдауының нәтижелері шамамен 64 ай орташа қадағалау ұзақтығынан соң, Rd тобымен салыстырғанда, DRd тобындағы пациенттерде аурудың үдеуінсіз тіршілік қабілетінің жақсаруын көрсетуді жалғастырды. ҮТҚ медианасы DRd тобында 61.9 айға және Rd тобында 34.4 айға созылды [ҚҚ] = 0.55; 95% СА: 0.45, 0.67).
1 сурет: MMY3008 зерттеуінде аурудың үдеуінсіз тіршілік қабілетінің (ҮТҚ) Каплан-Мейер қисығы.
Орташа қадағалау ұзақтығы 56 айға созылғанда DRd тобы Rd тобынан жалпы тіршілік қабілетінің (ЖТ) артықшылығын көріністеді (ҚҚ= 0.68; 95% СА: 0.53, 0.86; р = 0.0013). Жаңартылған ЖТ талдауының нәтижелері 89 ай орташа қадағалау ұзақтығынан кейін, Rd тобымен салыстырғанда, DRd тобындағы пациенттерде ЖТ жақсаруын көрсетуді жалғастырды. DRd тобындағы ЖӨ медианасы 90,3 айды және Rd тобында 64,1 айды құрады [ҚҚ] = 0.67; 95% СА: 0.55, 0.82).
2 сурет: MMY3008 зерттеуінде жалпы тіршілік қабілетінің (ЖТ) Каплан-
Мейер қисығы.
MMY3008 зерттеуінен алынған тиімділігінің қосымша нәтижелері 7 кестеде ұсынылған.
7 кесте: MMY3008 зерттеуінен алынған тиімділігінің қосымша нәтижелеріа
DRd (n = 368) — Rd (n = 369)
Жалпы жауап деңгейі (қТЖ+ТЖ+ӨЖЖЖ+ЖЖ) n (%)а р-мәніb Қатаң толық жауап (қТЖ) Толық жауап (ТЖ) Өте жақсы жартылай жауап (ӨЖЖЖ) Жартылай жауап (ЖЖ) — 342 (92.9%) < 0.0001 112 (30.4%) 63 (17.1%) 117 (31.8%) 50 (13.6%) — 300 (81.3%) 46 (12.5%) 46 (12.5%) 104 (28.2%) 104 (28.2%)
ТЖ немесе үздік (қТЖ + ТЖ) р-мәніb ӨЖЖЖ немесе үздік (қТЖ+ТЖ+ ӨЖЖЖ) р-мәніb — 175 (47.6%) < 0.0001 292 (79.3%) < 0.0001 — 92 (24.9%) 196 (53.1%)
ЕҚА болмау жиілігі а, с n (%) — 89 (24.2%) — 27 (7.3%)
95% СА (%) — (19.9%, 28.9%) — (4.9%, 10.5%)
қауіптер қатынасы 95% САd — 4.04 (2.55, 6.39)
p-мәніе — < 0.0001
DRd = даратумумаб-леналидомид-дексаметазон; Rd = леналидомид-дексаметазон; ЕҚА = ең аз қалдық ауру; СА = сенім аралығы
а «Intention-to-treat» қауымына негізделген
b Кохран-Мантель-Гензель және хи-квадрат критерийінен алынған р-мәні
с 10-5 шекті мән негізінде
d стратификацияланбаған кестелер үшін стандартты қауіптер қатынасын бағалайтын Мантель-Гензель критерийі пайдаланылады. Қауіптер қатынасы > 1 DRd емінің артықшылығын көрсетеді.
е Фишердің дәл критерийінен алынған р-мәні.
Емге жауап берген пациенттерде жауаптың орташа уақыты DRd тобында 1.05 айға (диапазон: 0.2 айдан 12.1 айға дейін) және Rd тобында 1.05 айға (диапазон: 0.3 айдан 15.3 айға дейін) созылды. Жауап беру ұзақтығының медианасына DRd тобында қол жеткізілмеді және Rd тобында 34.7 айға созылды (95% СА: 30.8, бағаланбайды). Дің жасушаларын аутологиялық трансплантациялауға сай келмейтін пациенттерде бортезомиб, мелфалан және преднизонды (VMP) қолданумен біріктірілген ем
MMY3007 зерттеуінде – белсенді бақылаумен III фазаның ашық рандомизацияланған, бақыланатын зерттеуінде көп түрлі миеломасы таяуда диагностикаланған пациенттерде Дарзалекс 16 мг/кг препаратымен бортезомиб, мелфалан және преднизонмен (D -VMP) біріктірілімде емдеу VMP емдеуімен салыстырылды. Бортезомиб дене беткейінің ауданына 1.3 мг/м2 дозада тері астына бірінші 6-апталық цикл (1 цикл; 8 доза) бойына 1, 2, 4 және 5 апта ішінде аптасына екі рет, одан кейін аптасына бір рет, 1, 2, 4 және 5 аптада тағы сегіз 6-апталық цикл (2-9 цикл; цикл үшін 4 доза) бойы енгізілді. Мелфалан 9 мг/м2 дозада және преднизон 60 мг/м2 дозада 6 апталық тоғыз циклдың (1-9 циклдар) 1-ден 4 дейінгі күндері пероральді тағайындалды. Дарзалекс препаратымен ем аурудың үдеуіне немесе қолайсыз уыттылығына дейін жалғасты.
Жалпы жиынтығы, 706 пациент рандомизацияланды; D-VMP тобына 350 және VMP тобына 356. Бастапқы демографиялық деректер мен аурудың сипаттамасы екі емдеу тобының арасында ұқсас болды. Пациенттердің орташа жасы 71 жас (диапазон: 40-тан 93 жасқа дейін), ал пациенттердің 30%-ы ≥ 75 жас құрады. Көпшілігі еуропалық нәсіл өкілдері (85%), әйелдер (54%) болды, 25%-ы Шығыс онкологтарының бірлескен тобының (ECOG) шкаласы бойынша 0, 50%-ы ECOG 1, 25%-ы ECOG 2 бағасына ие болды.
IgG/IgA/жеңіл тізбекті миеломаға шалдыққан пациенттер 64%/22%/10% жағдайда 19%-ы халықаралық сатылау жүйесі (ISS) бойынша I сатыда болды, 42%-ы ISS бойынша II сатыда болды, 38%-ы ISS бойынша III сатыда болды және 84%-ы стандартты қауіп цитогенетикасына ие болды. Тиімділігі Халықаралық көптеген миеломаны зерттеу тобының (IMWG) критерийлері негізінде үдеусіз тіршілік қабілеті (ҮТҚ) және жалпы тіршілік қабілеті (ЖТ) бойынша бағаланды.
Орташа қадағалау ұзақтығы 16.5 айға созылғанда MMY3007 зерттеуіндегіҮТҚ бастапқы талдауы, VMP тобымен салыстырғанда, D-VMP тобында жақсаруын көріністеді; D-VMP тобындағы ҮТҚ медианасына қол жеткізілмеді және VMP тобында 18.1 айға созылды (қауіптер қатынасы [ҚҚ] = 0.5, 95% СА: 0.38, 0.65, p < 0.0001). Жаңартылған ҮТҚ талдауының нәтижелері шамамен 40 ай өткен соң, VMP тобымен салыстырғанда, D-VMP тобында емделген пациенттерде аурудың үдеуінсіз тіршілік қабілетінің жақсаруын көрсетуді жалғастырды. ҮТҚ медианасы D-VMP тобында 36.4 айға және VMP тобында 19.3 айға созылды [ҚҚ] = 0.42; 95% СА: 0.34, 0.51; р < 0.0001), бұл D-VMP тобында емделген пациенттерде аурудың үдеу немесе өлім қаупін 58% төмендетеді.
3 сурет: MMY3007 зерттеуінде аурудың үдеуінсіз тіршілік қабілетінің (ҮТҚ) бастапқы талдауының Каплан-Мейер қисығы.
40 ай бойы медианалық қадағалаудан кейін D-VMP тобы VMP тобынан ЖТ артықшылығын көріністеді (ҚҚ = 0.60; 95% СА: 0.46, 0.80; р = 0.0003), бұл D-VMP тобында ем қабылдаған пациенттерде өлім қаупін 40% төмендетеді. 87 ай бойы медианалық қадағалаудан кейін ЖТ медианасы D-VMP тобында 83 айға (95% СА: 72.5, бағаланбайды), ал VMP тобында 53.6 айға (95% СА: 46.3, 60.9) созылды.
4 сурет: MMY3007 зерттеуіндегі жалпы тіршілік қабілетінің (ЖТ) Каплан-Мейер
қисығы.
MMY3007 зерттеуінен алынған тиімділігінің қосымша нәтижелері 8 кестеде берілген.
8 кесте: MMY3007 зерттеуінен алынған тиімділігінің қосымша нәтижелері a
D-VMP (n = 350) — VMP (n = 356)
Жалпы жауап деңгейі (қТЖ+ТЖ+ ӨЖЖЖ +ЖЖ) n (%) — 318 (90.9) — 263 (73.9)
р-мәніb — < 0.0001
Қатаң толық жауап (қТЖ) n (%) — 63 (18.0) — 25 (7.0)
Толық жауап (ТЖ) n (%) — 86 (24.6) — 62 (17.4)
Өте жақсы жартылай жауап (ӨЖЖЖ) n (%) — 100 (28.6) — 90 (25.3)
Жартылай жауап (ІЖ) n (%) — 69 (19.7) — 86 (24.2)
ЕҚАс болмау жиілігі 95% СА (%) қауіптер қатынасы 95% САd p-мәніе — 22.3 (18.0, 27.0) — 6.2 (3.9, 9.2)
4.36 (2.64, 7.21)
< 0.0001
D-VMP = даратумумаб-бортезомиб-мелфалан-преднизон; VMP = бортезомиб-мелфалан-преднизон; ЕҚА = ең аз қалдық ауру, СА = сенім аралығы
а «Intention-to-treat» қауымына негізделген
b Кохран-Мантель-Гензель және хи-квадрат критерийінен алынған р-мәні
с 10-5 шекті мән негізінде
d стратификацияланған кестелер үшін стандартты қауіптер қатынасын бағалайтын Мантель-Гензель критерийі пайдаланылады. Қауіптер қатынасы > 1 D-VMP емінің артықшылығын көрсетеді.
е Фишердің нақты тестісінен р-мәні.
Емге жауап берген пациенттерде орташа жауап беру уақыты D-VMP тобында 0.79 айға (диапазон: 0.4 айдан 15.5 айға дейін) және VMP тобында 0.82 айға (диапазон: 0.7 айдан 12.6 айға дейін) созылды. Жауап беру ұзақтығының медианасына D-VMP тобында қол жеткізілмеді және VMP тобында 21.3 айға (диапазон: 18.4, бағаланбайды) созылды.
Қосалқы топқа талдау кемінде 70 жасқа толған немесе ECOG 2 шкаласы бойынша бағалаумен 65-69 жас аралығындағы немесе елеулі қатарлас аурумен немесе ECOG 2 шкаласы бойынша бағалаумен 65 жасқа толмаған пациенттерде (D-VMP: n = 273, VMP: n = 270) жүргізілді. Осы қосалқы топтағы тиімділік нәтижелері жалпы қауымға сәйкес болды. Бұл қосалқы топта үдеусіз орташа тіршілік қабілетіне D-VMP тобында қол жеткізілмеді және VMP тобында 17.9 айға созылды (ҚҚ= 0.56; СА 95%: 0.42, 0.75); р < 0.0001). Жалпы жауап деңгейі D-VMP тобында 90% және VMP тобында 74% құрады (ӨЖЖЖ көрсеткіші: D-VMP тобында 29% және VMP тобында 26%; ТЖ: D-VMP тобында 22% және VMP тобында 18%; қТЖ: D-VMP тобында 20% және VMP тобында 7%). Осы қосалқы топтың қауіпсіздік нәтижелері жалпы қауымға сәйкес болды. Бұдан бөлек, ECOG 2 шкаласы бойынша бағалаумен пациенттердің қосалқы тобының қауіпсіздігін талдау жалпы қауымға да сәйкес болды (D-VMP: n = 89, VMP: n = 84).
Дің жасушаларының аутологиялық трансплантациясын (Ауто-ДЖТ) жасауға үміткерлер болып табылатын пациенттерде бортезомиб, талидомид және дексаметазон (VTd) қолданумен біріктірілген ем
MMY3006 зерттеуі екі бөліктен тұратын белсенді бақыланатын III фазаның ашық рандомизацияланған, бақыланатын зерттеуі түрінде болады. 1 бөлімде дің жасушаларының аутологиялық трансплантациясын жасауға үміткерлер болып табылатын көп түрлі миелома алғаш диагностикаланған пациенттерде бортезомиб, талидомид және дексаметазон (VTd) емімен біріктірілімде Дарзалекс 16 мг/кг препаратымен емдеудің индукциялық және шоғырландыру режимі бортезомиб, талидомид және дексаметазон (D-VTd) емімен салыстырылды. Емдеуді шоғырландыру фазасы Ауто-ДЖТ жасалған соң, кем дегенде, 30 күн өткеннен кейін пациент жеткілікті түрде сауығып және кірігу аяқталған соң басталды. 2 бөлімде трансплантациядан кейінгі 100-ші күнге қарай, ең болмаса, жартылай жауап (ЖЖ) берген пациенттер даратумумабпен демеуші емге немесе тек қадағалауға 1:1 арақатынасында қайта ре-рандомизацияланды. Тек 1 бөлімнің нәтижелері төменде сипатталды.
Бортезомиб индукциялық режимнің қайталанатын 28 күндік (4-апталық) циклдарының (1-4 циклдар) және 4 циклдан соң Aуто-ДЖТ жасалуынан кейінгі шоғырландыру режимінің екі циклының (5 және 6 циклдар) екі аптасының ішінде (1, 4, 8 және 11 күндер) аптасына екі рет дене беткейі ауданына 1.3 мг/м2 дозада тері астына немесе вена ішіне енгізілді. Талидомид бортезомибтің алты циклы ішінде күніне 100 мг пероральді енгізілді. Дексаметазон (пероральді немесе вена ішіне) 1 және 2 циклдың 1, 2, 8, 9, 15, 16, 22 және 23 күндері 40 мг дозада және 3-4 циклдың 1-2 күндері 40 мг және келесі дозалау күндері (8, 9, 15, 16 күндер) 20 мг дозада енгізілді. Дексаметазон 5 және 6 циклдарда 1, 2, 8, 9, 15, 16 күндері 20 мг енгізілді. Дарзалекс препаратын инфузиялау күндері дексаметазон инфузия алдындағы дәрілік зат ретінде енгізілді. Бортезомиб, талидомид және дексаметазон дозасын түзету өндірушінің нұсқаулығына сәйкес жүргізілді.
Жалпы жиынтығы, 1085 пациент рандомизацияланды; D-VTd тобына 543 және VTd тобына 542. Бастапқы демографиялық деректер мен аурудың сипаттамасы екі емдеу тобының арасында ұқсас болды. Пациенттердің орта жасы 58 жас (22-ден 65 жасқа дейін) құрады. Барлық пациенттер ≤ 65 жаста болды: 43%-ы ≥ 60-65 жастағы жас тобында, 41%-ы ≥ 50-60 жастағы жас тобында болып, 16%-ы 50 жасқа толмады. Олардың көпшілігі ерлер (59%) болды, 48%-ы Шығыс онкологтарының бірлескен тобының (ECOG) шкаласы бойынша 0, 42%-ы ECOG 1 және 10%-ы ECOG 2 бағасына ие болды. Қырық пайызында халықаралық кезеңдерге бөлу жүйесі (ISS) бойынша I сатыда, 45%-ы ISS бойынша II сатыда, ал 15%-ы ISS бойынша III сатыда болды.
Тиімділігі трансплантациядан кейінгі 100-ші күні толық жауаптың қатаң жиілігі (қТЖ) және ҮТҚ бойынша бағаланды.
9 кесте: MMY3006 зерттеуінен алынған тиімділік нәтижелері a
D-VTd (n = 543) — VTd (n = 542) — р-мәніb
Трансплантациядан кейінгі 100-ші күнгі жауапты бағалау
Қатаң толық жауап (қТЖ) — 157 (28.9%) — 110 (20.3%) — 0.0010
ТЖ немесе үздік (қТЖ + ТЖ) — 211 (38.9%) — 141 (26.0%) — <0.0001
Өте жақсы жартылай жауап немесе үздік (қТЖ + ТЖ+ ӨЖЖЖ) — 453 (83.4%) — 423 (78.0%)
ЕҚАс,d n болмау жиілігі (%) — 346 (63.7%) — 236 (43.5%) — <0.0001
95% СА (%) — (59.5%, 67.8%) — (39.3%, 47.8%)
қауіптер қатынасы 95% САe — 2.27 (1.78, 2.90)
ЕҚА болмау жиілігі ТЖ-пен немесе n-үздік жауаппен бірігіпс (%) — 183 (33.7%) — 108 (19.9%) — <0.0001
95% СА (%) — (29.7%, 37.9%) — (16.6%, 23.5%)
қауіптер қатынасы 95% САе — 2.06 (1.56, 2.72)
D-VTd = даратумумаб-бортезомиб-талидомид-дексеметазон; VTd = бортезомиб- талидомид-дексеметазон; ЕҚА = ең аз қалдық ауру, СА= сенім аралығы
а «Intention-to-treat» қауымына негізделген
b Кохран-Мантель-Гензель және хи-квадрат критерийінен алынған р-мәні
с 10-5 шекті мән негізінде
d IMWG жауабына қарамастан
e стратификацияланған кестелер үшін стандартты қауіптер қатынасын бағалайтын Мантель-Гензель критерийі пайдаланылады.
Орташа қадағалау ұзақтығы 18.8 айға созылғанда екінші рандомизацияда даратумумабпен демеуші емге рандомизацияланған пациенттерді цензуралау арқылы ҮТҚ бастапқы талдауы екінші рандомизация күні ҚҚ= 0.50; 95% СА: 0.34, 0.75; р = 0.0005 екенін көрсетті. Даратумумабқа рандомизацияланған пациенттерді цензуралау арқылы 44.5 ай орташа қадағалау ұзақтығымен ҮТҚ талдауы жаңартылғанда екінші рандомизацияда ҚҚ = 0.43; 95% СА: 0.33, 0.55; p < 0.0001 екенін көрсетті. D-VTd тобындағы ҮТҚ медианасына қол жеткізілмеді және VTd тобында 37.8 айға созылды.
5 сурет: MMY3006 зерттеуіндегі ҮТҚ Каплан-Мейер қисығы.
Қайталамалы/рефрактерлі көп түрлі миелома
Монотерапия
Алдыңғы емінде протеасома тежегіштері мен иммуномодуляторлар қамтылған және соңғы ем барысында аурудың үдеуі тіркелген қайталамалы және рефрактерлі көп түрлі миеломасы бар ересек пациенттерді емдеу кезінде монотерапияда даратумумаб клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі екі ашық зерттеуде көріністелді.
MMY2002 зерттеуінде қайталамалы және рефрактерлі көп түрлі миеломасы бар 106 пациент аурудың үдеуіне дейін 16 мг/кг дозада даратумумаб қабылдады. Пациенттердің орташа жасы 63.5 жас (диапазон: 31-ден 84 жасқа дейін), пациенттердің 11%-ы ≥ 75 жас құрап, 49%-ы ерлер және 79%-ы еуропалық нәсіл өкілдері болды. Пациенттер, орта есеппен, алдыңғы 5 емдеу желісін алды. Пациенттердің сексен пайызына бұрын дің жасушаларының аутологиялық трансплантациясы (Ауто-ДЖТ) жасалған. Алдыңғы емде бортезомиб (99%), леналидомид (99%), помалидомид (63%) және карфилзомиб (50%) қамтылды. Бастапқы деңгейде пациенттердің 97%-ы емнің соңғы желісіне төзімді, 95%-ы протеасома тежегіштеріне де (ПТ), иммуномодуляциялайтын дәріге де (ИМД) төзімді болды, пациенттердің 77%-ы алкилдеуші агенттерге төзімді, 63%-ы помалидомидке төзімді және пациенттердің 48%-ы карфилзомибке төзімді болды.
Тәуелсіз қадағалау комитетінің (IRC) бағалауы негізінде алдын ала жоспарланған аралық талдау тиімділігінің нәтижелері төмендегі 10 кестеде берілген.
10 кесте: MMY2002 зерттеуі үшін Тәуелсіз қадағалау комитеті (IRC) жүргізген тиімділігін бағалау нәтижелері
Соңғы нүктенің тиімділігі — Даратумумаб 16 мг/кг дозада, n = 106
Жалпы жауап деңгейі1 (ЖЖД: қТЖ+ТЖ+ӨЖЖЖ+ЖЖ) [n (%)] 95% СА — 31 (29.2) (20.8, 38.9)
Қатаң толық жауап (қТЖ) [n (%)] — 3 (2.8)
Толық жауап (ТЖ) [n] — 0
Өте жақсы жартылай жауап (ӨЖЖЖ) [n (%)] — 10 (9.4)
Жартылай жауап (ІЖ) [n (%)] — 18 (17.0)
Клиникалық пайда деңгейі (ЖЖД+ЕАЖ) [n (%)] — 36 (34.0)
Жауап беру ұзақтығының медианасы [ай (95% СА)] — 7.4 (5.5, NE)
Жауап беру уақытының медианасы [ай (диапазон)] — 1 (0.9; 5.6)
1 Тиімділігінің бастапқы соңғы нүктесі (Халықаралық көп түрлі миеломаны зерттеу тобының критерийлері)
СА = сенім аралығы; NE = бағалау мүмкін емес; ЕЖ = ең аз жауап
MMY2002 зерттеуіндегі жалпы жауап деңгейі (ЖЖД) миеломаны емдеуге бағытталған алдыңғы ем типіне қарамастан ұқсас болды.
Орташа қадағалау ұзақтығы 14.7 айға созылғанда тіршілік қабілеті туралы ақпарат жаңартылғанда ЖТ медианасы 17.5 айға созылды (95% СА: 13.7, бағалау мүмкін емес).
GEN501 зерттеуінің барысында көп түрлі миеломаның қайталамалы және рефрактерлі түріне шалдыққан 42 пациент аурудың үдеуіне дейін 16 мг/кг дозада даратумумаб қабылдады. Пациенттердің орта жасы 64 жас құрады (диапазон: 44-тен 76 жасқа дейін), 64%-ы ерлер және 76%-ы еуропалық нәсіл өкілдері болды. Зерттеуге қатысқан пациенттер, орта есеппен, 4 алдыңғы ем желісін алды.
Пациенттердің жетпіс төрт пайызына бұрын дің жасушаларының аутологиялық трансплантациясы (Aуто-ДЖТ) жасалған. Алдыңғы емде бортезомиб (100%), леналидомид (95%), помалидомид (36%) және карфилзомиб (19%) қамтылды. Бастапқы деңгейде пациенттердің 76%-ы емнің соңғы желісіне төзімді болды, 64%-ы протеасома тежегішіне (ПТ) де, иммуномодуляторлық емге де төзімді болды, 60%-ы алкилдеуші агенттерге төзімді, 36%-ы помалидомидке төзімді болып, 17%-ы карфилзомибке сезімтал емес болды.
Алдын ала жоспарланған аралық талдау 16 мг/кг дозада даратумумабпен емдеу 5% ТЖ (толық жауап) және 5% ӨЖЖЖ (өте жақсы жартылай жауап) бар 36% ЖЖД (жалпы жауап деңгейіне) әкелгенін көрсетті. Жауап/жауап беруге дейінгі уақыт медианасы 1 айға созылды (диапазон: 0.5-тен 3.2 дейін).
Жауап беру ұзақтығының медианасына қол жеткізілмеді (95% СА: 5.6 ай, бағалау мүмкін емес).
15.2 айға созылатын орташа қадағалау ұзақтығымен тіршілік қабілеті туралы ақпарат жаңартылғанда жалпы тіршілік қабілетінің медианасына қол жеткізілмеді (95% СА: 19.9 ай, бағалау мүмкін емес), субъектілердің 74%-ы әлі күнге дейін тірі.
Леналидомидпен біріктірілген ем
MMY3003 зерттеуінде – белсенді бақылаумен III фазаның ашық рандомизацияланған, бақыланатын зерттеуінде осының алдында, кем дегенде, бір ем қабылдаған көп түрлі миеломаның қайталамалы және рефрактерлі түріне шалдыққан пациенттерде леналидомидпен және дексаметазонның төмен дозаларымен (DRd) біріктірілімде Дарзалекс 16 мг/кг препаратымен емдеу леналидомидпен және дексаметазонның төмен дозаларының (Rd) көмегімен емдеумен салыстырылды. Леналидомид (қайталанатын 28- күндік [4-апталық] циклдың 1-21 күндері пероральді 25 мг күніне бір рет) дексаметазонның төмен дозаларымен 40 мг/апта (немесе > 75 жастағы немесе дене салмағы индексі (ДСИ) <18.5 пациенттер үшін 20 мг/апта азайтылған доза) қабылданды. Дарзалекс препаратын инфузиялау күндері 20 мг дексаметазон инфузия алдындағы дәрілік зат ретінде берілді, қалған доза инфузиядан кейін келесі күні қабылданды. Емдеу екі топта да аурудың үдеуіне немесе қолайсыз уыттылығына дейін жалғасты.
Жалпы жиынтығы, 569 пациент рандомизацияланды: DRd тобына 286 және Rd тобына 283. Бастапқы демографиялық деректер мен ауру сипаттамалары Дарзалекс алған топ пен бақылау тобы арасында ұқсас болды. Пациенттердің орта жасы 65 жас (34-тен 89 жасқа дейін), ал пациенттердің 11%-ы ≥ 75 жас құрады. Пациенттердің басым бөлігі (86%) бұрын протеасома тежегіштерін (ПТ) қабылдады, пациенттердің 55%-ы бұрын иммуномодуляциялайтын дәрілер (ИМД) алды, оның ішінде, пациенттердің 18%-ы бұрын леналидомид қабылдады, ал пациенттердің 44%-ы бұрын протеасома тежегіштерін де (ПТ), иммуномодуляциялайтын дәрілер де (ИМД) қабылдады. Емдеудің басында пациенттердің 27%-ы емдеудің соңғы курсына төзімді болды. Пациенттердің он сегіз пайызы (18%) тек протеасома тежегіштеріне (ПТ) төзімді болды, ал 21%-ы бортезомибке төзімді болды. Леналидомидке төзімді пациенттер зерттеуден шығарылды.
Орташа қадағалау ұзақтығы 13.5 айға созылғанда MMY3003 зерттеуіндегі ҮТҚ бастапқы талдауы, RD тобымен салыстырғанда, DRd тобында жақсаруын көріністеді; DRd тобындағы ҮТҚ медианасына қол жеткізілмеді және Rd тобында 18.4 айға созылды (қауіптер қатынасы [ҚҚ] = 0.37, 95% СА: 0.27, 0.52, p < 0.0001).
Жаңартылған ҮТҚ талдауының нәтижелері шамамен 55 ай өткен соң, Rd тобымен салыстырғанда, DRd тобындағы пациенттерде аурудың үдеуінсіз тіршілік қабілетінің жақсаруын көрсетуді жалғастырды. ҮТҚ медианасы DRd тобында 45.0 айға және Rd тобында 17.5 айға созылды [ҚҚ] = 0.44; 95% СА: 0.35, 0.54; р < 0.0001), бұл DRd тобында ем қабылдаған пациенттерде аурудың үдеу немесе өлім қаупін 56% төмендетеді (6 суретті қараңыз).
6 сурет: MMY3003 зерттеуінде аурудың үдеуінсіз тіршілік қабілетінің (ҮТҚ) Каплан-Мейер қисығы.
80 ай бойы медианалық қадағалаудан кейін, Rd тобына қарағанда, DRd тобында жалпы тіршілік қабілетінің (ЖТ) артықшылығы көріністелді (ҚҚ = 0.73; 95% СА: 0.58, 0.91; р = 0.0044). Жалпы тіршілік қабілетінің медианасы DRd тобында 67.6 айға және Rd тобында 51.8 айға созылды.
7 сурет. MMY3003 зерттеуіндегі жалпы тіршілік қабілетінің (ЖТ) Каплан-Мейер қисығы
MMY3003 зерттеуінен алынған тиімділігінің қосымша нәтижелері 11 кестеде берілген.
11 кесте: MMY3003 зерттеуінен алынған тиімділігінің қосымша нәтижелері
Жауап бағаланған пациенттер саны — DRd (n = 281) — Rd (n = 276)
Жалпы жауап деңгейі (қТЖ+ТЖ+ ӨЖЖЖ +ІЖ) n (%) р-мәніа Қатаң толық жауап (қТЖ) Толық жауап (ТЖ) Өте жақсы жартылай жауап (ӨЖЖЖ) Жартылай жауап (ІЖ) — 261 (92.9) < 0.0001 51 (18.1) 70 (24.9) 92 (32.7) 48 (17.1) — 211 (76.4) 20 (7.2) 33 (12.0) 69 (25.0) 89 (32.2)
Жауап беру уақытының медианасы [ай (95% СА)] — 1.0 (1.0; 1.1) — 1.3 (1.1; 1.9)
Жауап беру ұзақтығының медианасы [ай (95% СА)] — NE (NE, NE) — 17.4 (17.4, NE)
ЕҚА болмау жиілігі (95% СА)b (%) қауіптер қатынасы 95% САс р-мәніd — 21.0 (16.4, 26.2) 9.31 (4.31, 20.09) < 0.0001 — 2.8 (1.2, 5.5)
DRd = даратумумаб-леналидомид-дексаметазон; Rd = леналидомид-дексаметазон; ЕҚА = ең аз қалдық ауру; СА = сенім аралығы; NE = бағаланбады.
а Кохран-Мантель-Гензель және хи-квадрат критерийінен алынған р-мәні
b «Intention-to-treat» қауымына және 10-5 шекті мәнге негізделген
c Стандартты қауіптер қатынасын бағалайтын Мантель-Гензель критерийі пайдаланылады. Қауіптер қатынасы > 1 DRd-мен емдеу артықшылығын көрсетеді
d Фишердің нақты критерийінен алынған р-мәні.
Бортезомибпен біріктірілген емдеу
MMY3004 зерттеуінде – белсенді бақылаумен III фазаның ашық рандомизацияланған, бақыланатын зерттеуінде осының алдында, кем дегенде, бір ем қабылдаған көп түрлі миеломаның қайталамалы және рефрактерлі түріне шалдыққан пациенттерде бортезомибпен және дексаметазонмен (DVd) біріктірілімде Дарзалекс 16 мг/кг препаратымен емдеу бортезомибпен және дексаметазонмен (Vd) емдеумен салыстырылды. Бортезомиб, жалпы жиынтығы, 8 цикл құрайтын қайталамалы 21 күндік [3 апталық] емдеу циклдарының екі аптасы бойына (1, 4, 8 және 11 күндер) аптасына екі рет дене беткейі ауданына 1/3 мг/м2 дозада т/а немесе в/і енгізілді. Дексаметазон >75 жастағы, дене салмағы индексі (ДСИ) < 18.5, нашар бақыланатын қант диабеті немесе стероидтарға алдыңғы жақпаушылығы бар пациенттер үшін бортезомиб 8 циклының әрқайсысының 1, 2, 4, 5, 8, 9, 11 және 12 күндері (бортезомиб циклының үш аптасының екеуінде 80 мг/апта) күніне 20 мг дозада немесе 20 мг/апта төмендетілген дозада пероральді тағайындалды. Дарзалекс препаратын инфузиялау күндерінде 20 мг дексаметазон инфузия алдындағы дәрілік зат ретінде берілді. Дарзалекс препаратымен емдеу аурудың үдеуіне немесе қолайсыз уыттылығына дейін жалғасты.
Жалпы жиынтығы, 498 пациент рандомизацияланды: DVd тобына 251 және Vd тобына 247. Бастапқы демографиялық деректер мен аурудың сипаттамасы Дарзалекс препаратын қабылдаған топ пен бақылау тобы арасында ұқсас болды. Пациенттердің орта жасы 64 жас (30-дан 88 жасқа дейін), ал 12%-ы ≥ 75 жас құрады. Пациенттердің алпыс тоғыз пайызы (69%) бұрын протеасома тежегіштерін (ПТ) (66% - бортезомиб) және пациенттердің 76%-ы иммуномодуляциялайтын дәрілер (ИМД) алды (42%-ы леналидомид қабылдады). Зерттеудің басында пациенттердің 32%-ы емнің соңғы желісіне төзімді болды. Пациенттердің отыз үш пайызы (33%) тек иммуномодуляциялайтын дәрілерге (ИМД) төзімді болды, ал 28%-ы леналидомидке төзімді болды. Бортезомибке төзімді пациенттер зерттеуден шығарылды.
Орташа қадағалау ұзақтығы 7.4 айға созылғанда MMY3004 зерттеуіндегі ҮТҚ бастапқы талдауы, VD тобымен салыстырғанда, DVd тобында жақсаруын көріністеді; DVd тобындағы ҮТҚ медианасына қол жеткізілмеді және Vd тобында 7.2 айға созылды (ҚҚ [95% СА]: 0.39 [0.28, 0.53]; p-мәні < 0.0001). 50 ай бойы медианалық қадағалаудан кейін жаңартылған ҮТҚ талдауының нәтижелері, VD тобымен салыстырғанда, DVd тобындағы пациенттерде аурудың үдеуінсіз тіршілік қабілетінің жақсаруын көрсетуді жалғастырды. ҮТҚ медианасы DVd тобында 16.7 айға және Vd тобында 7.1 айға созылды. ҚҚ [95% СА]: 0.31 [0.24, 0.39]; p < 0.0001), бұл Vd тобымен салыстырғанда, DVd тобында емделген пациенттерде аурудың үдеу немесе өлім қаупін 69% төмендетеді (8 суретті қараңыз).
8 сурет: MMY3004 зерттеуінде аурудың үдеуінсіз тіршілік қабілетінің (ҮТҚ) Каплан-Мейер қисығы.
73 ай бойы медианалық қадағалаудан кейін DVd тобында жалпы тіршілік қабілетінің (ЖТ) Vd тобынан артықшылығы көріністелді (ҚҚ = 0.74; 95% СА: 0.59, 0.92; р = 0.0075). Жалпы тіршілік қабілетінің медианасы DVd тобында 49.6 айға және Vd тобында 38.5 айға созылды.
9 сурет. MMY3004 зерттеуіндегі жалпы тіршілік қабілетінің (ЖТ) Каплан-Мейер қисығы
MMY3004 зерттеуінен алынған тиімділігінің қосымша нәтижелері 12 кестеде берілген.
12 кесте: MMY3004 зерттеуінен алынған тиімділігінің қосымша нәтижелері
Жауап бағаланған пациенттер саны — DVd (n = 240) — Vd (n = 234)
Жалпы жауап деңгейі (қТЖ+ТЖ+ ӨЖЖЖ +ЖЖ) n (%) р-мәніа Қатаң толық жауап (қТЖ) Толық жауап (ТЖ) Өте жақсы жартылай жауап (ӨЖІЖ) Жартылай жауап (ЖЖ) — 199 (82.9) < 0.0001 11 (4.6) 35 (14.6) 96 (40.0) 57 (23.8) — 148 (63.2) 5 (2.1) 16 (6.8) 47 (20.1) 80 (34.2)
Жауап беру уақытының медианасы [ай (диапазон)] — 0.9 (0.8; 1.4) — 1.6 (1.5, 2.1)
Жауап беру ұзақтығының медианасы [ай (95% СА)] — NE (11.5, NE) — 7.9 (6.7, 11.3)
ЕҚА болмау жиілігі (95% СА)b қауіптер қатынасы 95% САс р-мәніd — 8.8% (5.6%, 13.0%) 9.04 (2.53, 32.21) 0.0001 — 1.2% (0.3%, 3.5%)
DVd= даратумумаб-бортезомид-дексаметазон; Vd= бортезомид -дексаметазон; ЕҚА= ең аз қалдық ауру; СА= сенім аралығы; NE= бағаланбаған.
а Кохран-Мантель-Гензель және хи-квадрат критерийінен алынған р-мәні
b «Intention-to-treat» қауымына және 10-5 шекті мәнге негізделген
c Стандартты қауіптер қатынасын бағалайтын Мантель-Гензель критерийі пайдаланылады. Қауіптер қатынасы > 1 DVd-мен емдеу артықшылығын көрсетеді
d Фишердің нақты критерийінен алынған р-мәні.
Кардиоэлектрофизиология
Даратумумабтың ірі ақуыз ретінде иондық өзектермен тікелей әрекеттесу ықтималдығы төмен. Даратумумабтың QTс аралығына әсері 4-тен 24 мг/кг дейінгі дозада даратумумаб енгізілген көп түрлі миеломаның қайталамалы және рефрактерлі түріне шалдыққан 83 пациентке жүргізілген ашық зерттеуде (GEN501 зерттеуі) бағаланды. Дозаға тәуелді біріктірілген ФК-ФД талдауы даратумумаб Cmax кезінде Фридериция (QTcF) (яғни, 20 мс-ден көп) түзетуімен орташа QT аралығының едәуір ұзаруының болмауын көрсетті.
Балалар
Еуропалық дәрілік заттар агенттігі көп түрлі миеломасы бар педиатриялық қауымның барлық топтарында Дарзалекс препаратына жүргізілген зерттеулер нәтижелерін ұсыну міндеттемесін алып тастады.