Жиі
• дисгевзия
• нүктелік кератит, көрудің бұлыңғырлауы, көздің ауыруы, көздің тітіркенуі
• жүрек жиырылу жиілігінің азаюы
Жиі емес
• лейкоциттер мөлшерінің азаюы
• кератит, көз құрғауы, мөлдір қабықтың витальды бояғышпен боялуы, көзден бөлінді бөлінуі, көздің қышынуы, көзде бөгде заттарды сезіну, көз гиперемиясы, конъюнктива гиперемиясы
• артериялық қысым төмендеуі
• жөтел
• несепте қан болуы
• дімкәстік
• қанда калий деңгейінің жоғарылауы , қанда лактатдегидрогеназа деңгейінің жоғарылауы
Сирек
• ұйқысыздық
• мөлдір қабықтың эрозиясы, алдыңғы камераның шығыңқы болуы, көздің қарығуы, көз жасының көбеюі, склера гиперемиясы, қабақтың эритемасы , қабақ жиегінде қабыршақ түзілуі
• ауыз-жұтқыншақтың ауыруы, ринорея
Белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес)
• назофарингит , фарингит, синусит, ринит
• эритроциттер мөлшерінің азаюы, қанда хлоридтер құрамының артуы
• анафилаксия, анафилаксиялық шок, ангионевроздық ісінуді қоса, жүйелі аллергиялық реакциялар, оқшауланған және жайылған бөртпе, аса жоғары сезімталдық, есекжем, қышыну
• гипогликемия
• елестеулер, депрессия, жадының жоғалуы, апатия, көңіл күйдің басылуы, либидо төмендеуі, түнгі қорқынышты түстер, күйгелектік
• церебральді ишемия, ми қан айналымының бұзылуы, естен тану, миастения белгілері мен симптомдарының күшеюі, ұйқышылдық, қимыл-қозғалыс дисфункциясы, амнезия, жадының бұзылуы, парестезия, тремор, гипестезия, агевзия, бас айналуы, бас ауыруы
• көру жүйкесінің тостағы/дискісінің арасының жоғарылауы, сүзгілеу операциясынан кейінгі көздің тамыр қабығының ажырауы, кератопатия, мөлдір қабық эпителийі ақауы, мөлдір қабық эпителийі бұзылуы, көзішілік қысым жоғарылауы,көздегі қалдықтар, мөлдір қабық боялуы, мөлдір қабық ісінуі, мөлдір қабықтың сезімталдығының төмендеуі, конъюнктивит, мейбомианит, диплопия, жарқылдаулар, фотопсия, көру өткірлігінің төмендеуі, көрудің бұзылуы, птеригиум, көздегі жайсыздық, құрғақ кератоконъюнктивит, көз гипестезиясы, склера пигментациясы, субконъюнктивальді киста, көрудің бұзылуы, көздің ісінуі, көздің аллергиясы, мадароз, қабақтың зақымдануы, қабақтың ісінуі, птоз
• бас айналуы, құлақтың шуылдауы
• жүрек тоқтауы, жүрек жеткіліксіздігі, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, атриовентрикулярлық блокада, жүрек-респираторлық дистресс, стенокардия, брадикардия, жүрек ырғағының жүйесіздігі, аритмия, жүрек қағуы, тахикардия, пульстің жиілеуі, кеуденің ауыруы, ісінулер
• гипотензия, гипертония, артериялық қысым жоғарылауы, Рейно феномені , аяқ пен қолдың мұздауы
• бронх түйілуі (көбіне бұрыннан бронх түйілуі аурулары бар пациенттерде), ентігу, демікпе, мұрыннан қан кету, бронхтардың шамадан тыс белсенділігі, тамақ тітіркенуі, мұрынның бітелуі, жоғарғы тыныс алу жолдарының іркілісі, постназальді синдром, түшкіру, мұрын құрғауы
• құсу, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, іштің ауыруы, диарея, ауыз құрғауы, жүрек айнуы, эзофагит, диспепсия, іштің жайсыздануы, асқазан жайсыздануы, жиі дефекация, асқазан-ішек бұзылыстары, оральді гипестезия, оральді парестезия, метеоризм
• бауырдың функциялық тесттерінің бұзылуы
• Стивенс-Джонсон синдромы (SJS) / уытты эпидермальді некролиз (ТЕN), есекжем, макуло-папулезді бөртпе, жайылған қышыну, терінің тартылуы, дерматит, алопеция, псориазға ұқсас бөртпе немесе псориаздың өршуі, бөртпе, эритема
• миалгия, бұлшықет түйілуі, артралгия, арқаның ауыруы, аяқ-қолдың ауыруы
• бүйректің ауыруы, поллакиурия
• эректильді дисфункция, сексуалдық дисфункция, либидо төмендеуі
• кеуденің ауыруы, ауыру, қажу, астения, кеудедегі жайсыздану, күйгелектік, ашушаңдық, шеткері ісінулер, көздегі дәрінің қалдығы
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz