Әсер ету механизмі
Бозентан А және В эндотелин (ETA және ETB) үшін тектестігі бар эндотелин рецепторларының (ERA) қосарлы антагонисі болып табылады. Бозентан өкпелік және жүйелік қантамырлық қарсыласуды азайтады, бұл жүректен қанды лықсытудың жүректің жиырылу жиілігін арттырмай-ақ артуына әкеледі. Эндотелий-1 (ЕТ-1) нейрогормоны қазіргі таңдағы белгілі вазоконстрикторлардың арасындағы өте қуаттыларының бірі болып табылады, оның сондай-ақ фиброзды, жасушалық пролиферацияны, гипертрофияны және миокардтың қайта модельденуін индукциялау қабілеті бар және қабынуға қарсы да белсенділік танытады. Бұл әсерлер қантамырлардың тегіс бұлшықеттерінің жасушаларына және эндотелийде орналасқан, ЕТА және ЕТВ рецепторларымен байланысқанда ЕТ-1 туындайды.
Тіндерде және қан плазмасында кейбір жүрек-қантамыр ауруларында және дәнекер тіннің патологиясында, соның ішінде өкпенің артериялық гипертензиясында, склеродермияда, жүректің жедел және созылмалы жеткіліксіздігінде, миокард ишемиясында, жүйелі гипертензияда және атеросклерозда ЕТ-1 концентрациялары жоғарылайды, бұл осы аурулар пайда болуындағы ЕТ-1 патогендік рөліне болжам жасауға мүмкіндік береді.
ӨАГ және жүрек жеткіліксіздігінде эндотелин рецепторлары антагонистерінің болмауы, ET-1 концентрацияларының артуы осы аурулардың ауырлығымен және болжамымен өзара қатты байланысты.
Бозентан, ETB рецепторларына (Ki = 38-730 нМ) қарағанда, ETA (Ki = 4.1-43 нМ) рецепторларына жақындығы аздап жоғары болатын ETA және ETB рецепторлары сияқты басқа да ET пептидтерімен ЕТ-1 байланысқанда бәсекелеседі. Бозентан ЕТ рецепторларына анық қарсы әсер етеді және басқа рецепторлармен байланыспайды..
Тиімділігі
Жануарлар моделі
Жануарлар моделіндегі өкпе гипертензиясында бозентанның созылмалы пероральді енгізілуі өкпе тамырларының қарсылығын төмендетіп, өкпе тамырлары мен оң қарыншаның гипертрофиясын кері қалпына келтірді. Өкпе фиброзының жануарлар моделінде бозентан өкпеде коллаген шөгінділерін азайтты.
Өкпе артериялық гипертензиясы бар ересек пациенттердегі тиімділік
32 (AC-052-351 зерттеуі) және 213 (AC -052-352 зерттеуі [BREATHE-1]) ДДҰ жіктеуі бойынша III-IV функционалдық класты өкпе артериялық гипертензиясы (ӨАГ) бар ересек пациенттерде екі рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын, көп орталықты, плацебо–бақыланатын зерттеулер жүргізілді (бастапқы өкпе гипертензиясы немесе өкпе гипертензиясы, негізінен склеродермаға қатысты екіншілік). 4 аптадан кейін бозентанды күніне екі рет 62,5 мг дозада қабылдағаннан кейін, осы зерттеулерде зерделенген қолдау дозалары күніне екі рет AC-052-351-де 125 мг, AC-052-352-де күніне екі рет 125 мг және күніне екі рет 250 мг құрады.
Бозентан пациенттердің қазіргі терапиясына қосылды, ол эпопростенолдан басқасын, антикоагулянттардың біріктірілімдерін, вазодилататорларды (мысалы, кальций өзекшелерінің блокаторлары), диуретиктер, оттегі және дигоксин комбинациясын қамтуы мүмкін. Бақылау плацебо плюс ағымдағы терапия болды.
Әрбір зерттеудің бастапқы соңғы нүктесі бірінші зерттеу үшін 12 аптадан кейін және екінші зерттеу үшін 16 аптадан кейін 6 минуттық жүру қашықтығын өзгерту болды. Екі зерттеуде де бозентанмен емдеу дене жүктемесіне төзімділіктің айтарлықтай артуына әкелді. Бастапқы деңгеймен салыстырғанда плацебо арқылы түзетілген жүру қашықтығының ұлғаюы әрбір зерттеудің бастапқы соңғы нүктесінде сәйкесінше 76 метр (p = 0,02; t-критерий) және 44 метр (p = 0,0002; U-критерий Манна-Уитни) болды. Екі топтың арасындағы айырмашылықтар (күніне екі рет 125 мг және күніне екі рет 250 мг) статистикалық тұрғыдан маңызды болмады, бірақ күніне екі рет 250 мг қабылдаған топта дене жүктемесіне қабілетінің жақсару тенденциясы байқалды. Жаяу жүру қашықтығының жақсаруы 4 апталық емдеуден кейін айқын болды, 8 апталық емдеуден кейін айқын көрінді және пациенттердің кіші тобында 28 апталық жасырын салыстырмалы емдеу бойына сақталды.
Плацебо-бақыланатын зерттеулерде күніне екі рет 125 мг дозада бозентан қабылдау үшін рандомизацияланған 95 пациентте жүру қашықтығының, ДДҰ функционалдық класының және ентігудің өзгеруіне негізделген респонденттердің ретроспективті талдауы 8-ші аптада 66 пациенттің жақсарғанын, 22 –де тұрақтанғаны және 7-нашарлау анықтады.
8-ші аптада жағдайы тұрақтанған 22 пациенттің 6-ы 12/16-шы аптада жақсарды, ал 4-і бастапқы деңгеймен салыстырғанда нашарлады. 8-ші аптада жағдайы нашарлаған 7 пациенттің 3-і 12/16-шы аптада жақсарған және 4-і бастапқы деңгеймен салыстырғанда нашарлады. Инвазивті гемодинамиканың параметрлері тек бірінші зерттеуде бағаланды. Бозентанмен емдеу жүрек индексінің айтарлықтай жоғарылауына әкелді, бұл өкпе артериясының қысымының, өкпе қантамырларының кедергісінің және оң жақ жүрекшенің орташа қысымының айтарлықтай төмендеуімен бірге жүрді.
Бозентанмен емдеу кезінде ӨАГ симптомдарының азаюы байқалды. Жаяу жүру кезінде ентігуді өлшеу бозентан қабылдаған пациенттерде жақсарғанын көрсетті. AC-052-352 зерттеуінде 213 пациенттің 92% -ы бастапқыда ДДҰ-ның III функционалдық класына, ал 8% - ы IV класқа жатады. Бозентанмен емдеу ДДҰ функционалдық класы бойынша пациенттердің 42,4% (плацебо-30,4%) жақсаруына әкелді. Екі зерттеу кезінде де ДДҰ-ның функционалдық класындағы жалпы өзгеріс плацебо қабылдаған пациенттермен салыстырғанда бозентан қабылдаған пациенттер арасында айтарлықтай жақсы болды. Бозентанмен емдеу 28 аптадан кейін плацебомен салыстырғанда клиникалық нашарлау жиілігінің айтарлықтай төмендеуімен байланысты болды (тиісінше 10,7% қарсы 37,1%; p = 0,0015). Рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын, көп орталықты, плацебо бақыланатын зерттеуде (AC-052-364 [EARLY]) ДДҰ-ның функционалды II класының ӨАГ бар 185 пациент (орташа бастапқы 6 минуттық жүру қашықтығы 435 метр) бозентанды 4 апта бойы күніне екі рет 62,5мг дозада, содан кейін 6 ай ішінде күніне екі рет 125 мг (n = 93) немесе плацебо (n = 92) қабылдады.
Зерттеуге енгізілген пациенттер бұрын ӨАГ (n = 156) ем қабылдамаған немесе силденафилдің тұрақты дозасын (n = 29) алған.
Бастапқы соңғы нүктелерде өкпе тамырларының кедергісінің (ӨТК) бастапқы деңгеймен салыстырғанда пайыздық өзгеруі болды және плацебомен салыстырғанда 6 айға қарай 6 минуттық жүру қашықтығындағы бастапқы деңгеймен салыстырғанда өзгеріс болды. Төмендегі кестеде алдын-ала берілген хаттамалық талдаулар көрсетілген.
ӨТК (дин.сек/см5) — 6 минут жүру қашықтығы (м)
Плацебо (n=88) — Бозентан (n=80) — Плацебо (n=91) — Бозентан (n=86)
Бастапқы мәні (БМ); орташа (СО) — 802 (365) — 851 (535) — 431 (92) — 443 (83)
БМ бойынша өзгерісі; орташа (СО) — 128 (465) — -69 (475) — -8 (79) — 11 (74)
Емнің әсері — -22.6% — 19
95% сенімділік шегі — -34, -10 — -4, 42
Р-мәні — < 0.0001 — 0.0758
ЛСС — өкпе тамырларының кедергісі; СО — стандартты ауытқу.
Бозентанмен емдеу плацебомен салыстырғанда симптомдардың үдеуінің, ӨАГ бойынша ауруханаға жатқызудың және өлімге әкеп соқтырудың үйлесімі ретінде анықталған клиникалық нашарлау жиілігінің төмендеуімен байланысты болды (қауіптің пропорционалды төмендеуі 77%, 95% сенім аралығы [СА] 20-94%, р = 0,0114).
Емдеудің әсері компоненттің симптоматикалық үдеуінің жақсаруына байланысты болды. Бозентан тобында ӨАГ нашарлауымен байланысты бір ауруханаға жатқызу және плацебо тобында үш ауруханаға жатқызу болды. Жасырын салыстырмалы зерттеудің 6 айлық кезеңінде әр емдеу тобында бір ғана өлім болды, сондықтан тірі қалу туралы ешқандай қорытынды жасауға болмайды.
Ұзақ мерзімді деректер бақыланатын фазада бозентан қабылдаған және/немесе EARLY зерттеуінің ашық кеңейтілген кезеңінде плацебодан бозентанға ауыстырылған барлық 173 пациенттің барлығы бойынша алынды. Бозентанмен емдеудің орташа ұзақтығы 3,6 ± 1,8 жылды (6,1 жасқа дейін) құрады, пациенттердің 73% - ы кем дегенде 3 жыл және 62% - ы кем дегенде 4 жыл ем алды. Пациенттер кеңейтілген ашық зерттеу аясында қажет болған жағдайда қосымша ӨАГ ем ала алады. Пациенттердің көпшілігінде идиопатиялық немесе тұқым қуалайтын ӨАГ диагнозы (61%) қойылды. Жалпы, пациенттердің 78%-ы ДДҰ-ның II функционалды класында қалды. Каплан-Мейер бағалауы бойынша емдеу басталғаннан кейін 3 және 4 жылдан соң тіршілік қабілеті сәйкесінше 90% және 85% құрады. Сол уақытта пациенттердің 88% және 79%-да ӨАГ нашарлауы (барлық себептерден болатын өлім, өкпе трансплантациясы, жүрекше септостомиясы немесе простаноидтармен вена ішіне немесе тері астына емдеудің басталуы ретінде анықталады) байқалмады. Жасырын салыстырмалы фазадағы алдыңғы плацебо емінің және ашық ұзартылған кезеңде басталған басқа препараттардың салыстырмалы үлесі белгісіз.
Проспектілі көп орталықты, рандомизацияланған, жасырын салыстырмалы, плацебо-бақыланатын зерттеуде (AC-052-405 [BREATHE-5]) ДДҰ-ның III функционалды класы және туа біткен жүрек ақауымен байланысты Эйзенменгер физиологиясы бар пациенттер 4 апта бойы күніне екі рет 62,5 мг дозада бозентан алды, содан кейін 125 мг күніне екі рет келесі 12 апта ішінде күніне бір рет (n = 37, оның 31-інде көбіне оңнан солға қарай екі бағытты қан ағымы байқалды) алды. Негізгі мақсат бозентанның гипоксемияны күшейтпейтінін көрсету болды. 16 аптадан кейін бозентан тобында оттегінің орташа қанықтылығы плацебо тобымен (n = 17) салыстырғанда 1,0% –ға (95% СА–0,7-2,8%) өсті, бұл бозентанның гипоксемияны нашарлатпағанын көрсетеді. Бозентан тобында өкпе қан тамырларының орташа кедергісі айтарлықтай төмендеді (екі бағытты жүрек ішілік шунттауы бар пациенттердің кіші тобында басым әсер байқалды). 16 аптадан кейін плацебомен түзетілген орташа 6 минуттық жүру қашықтығы 53 метрді құрады (p = 0,0079), бұл дене жүктемесіне қабілетінің жақсарғанын көрсетеді. Жиырма алты пациент BREATHE-5 зерттеуінің 24 апталық ашық кеңейтілген фазасында (AC-052-409) бозентан қабылдауды жалғастырды (емдеудің орташа ұзақтығы = 24,4 ± 2,0 апта) және жалпы тиімділігі сақталды.
Ашық салыстырмалы емес зерттеу (AC-052-362 [BREATHE-4]) АИТВ-инфекциясымен байланысты ДДҰ бойынша III функционалды кластың ӨАГ бар 16 пациентте жүргізілді. Пациенттер бозентанды 4 апта бойы күніне екі рет 62,5 мг, содан кейін келесі 12 апта ішінде күніне екі рет 125 мг дозада қабылдады.
16 апталық емдеуден кейін дене жүктемесіне қабілетінің бастапқы деңгейінен айтарлықтай жақсарулар байқалды: 6 минуттық жаяу жүру қашықтығының орташа өсуі 91,4 метрді құрады, ал бастапқы деңгейдегі орташа есеппен 332,6 метр (p <0,001). Бозентанның антиретровирустық препараттардың тиімділігіне әсері туралы ресми қорытынды жасау мүмкін емес (сонымен қатар 4.4 бөлімін қараңыз).
Бозентан емінің тіршілік қабілетіне оң әсерін растайтын зерттеулер жоқ. Дегенмен, ұзақ мерзімді өмірлік тіршілік қабілетінің екі негізгі плацебо бақыланатын зерттеуде (AC-052-351 және AC-052-352) және/немесе екі бақыланбайтын ашық кеңейтілген зерттеулерде бозентан қабылдаған барлық 235 пациентте тіркелді. Бозентанды қолданудың орташа ұзақтығы 1,9 жыл ± 0,7 жыл болды (мин: 0,1 жыл; максимум: 3,3 жыл) және пациенттер орташа есеппен 2,0 ± 0,6 жыл бақыланды. Пациенттердің көпшілігінде бастапқы өкпе гипертензиясы диагнозы қойылды (72%) және олар ДДҰ-ның III функционалды класына (84%) жатқызылды.
Бұл жалпы популяцияда Каплан-Мейер бойынша тіршілік қабілеті бозентанмен емдеуді бастағаннан кейін 1 және 2 жылдан соң сәйкесінше 93% және 84% құрады. Жүйелік склерозға қатысты салдарлы ӨАГ бар пациенттердің кіші тобында тіршілік қабілетінің берілген бағасы төмен болды. Бұл бағалауларға 235 пациенттің 43-інде эпопростенолмен емдеудің басталуы әсер етуі мүмкін.
Өкпенің артериялық гипертензиясы бар балаларда жүргізілген зерттеулер
BREATHE-3 (AC-052-356)
Үлбірлі қабықпен қапталған бозентан таблеткалары 3-тен 15 жасқа дейінгі жастағы ӨАГ бар 19 баланың қатысуымен ашық бақыланбайтын зерттеуде бағаланды. Бұл зерттеу бастапқыда фармакокинетикалық зерттеу ретінде ойластырылған (5.2 бөлімін қараңыз).
Пациенттерде бастапқы өкпе гипертензиясы (10 пациент) немесе туа біткен жүрек ақауларымен байланысты ӨАГ (9 пациент) болды және басынан ДДҰ II функционалды класына (n = 15, 79%) немесе III класқа (n = 4, 21%) қатысты болды. Пациенттер дене салмағы бойынша үш топқа бөлінді және 12 апта бойы күніне екі рет шамамен 2 мг/кг дозада бозентан қабылдады. Әр топтағы пациенттердің жартысы вена ішіне эпопростенол қабылдап жүрген және эпопростенол дозасы түгел зерттеу барысында тұрақты болып қалды.
Гемодинамика 17 пациентте өлшенді. Жүрек индексінің бастапқы деңгейден орташа жоғарылауы 0,5 л/мин/м2, өкпе артериясындағы орташа қысымның орташа төмендеуі 8 мм сын.бағ. болды, ПВР төмендеуінің орташа мәні 389 дин * сек * см-5 болды.
Бастапқы деңгеймен салыстырғанда бұл гемодинамикалық жақсартулар эпопростенолды бір мезгілде қолданғанда да, онсыз да бірдей болды. 12 аптадағы жүктеме тесттердің параметрлерінің бастапқы деңгеймен салыстырғанда өзгеруі өте өзгермелі болды және олардың ешқайсысы маңызды болмады
FUTURE 1/2 (AC-052-365/AC-052-367)
FUTURE 1 ашық бақыланбайтын зерттеу болды, онда 2-ден 11 жасқа дейінгі 36 пациентке күніне екі рет 4 мг/кг қолдау дозасында ұсақталатын таблетка түріндегі бозентан қолданылды. Ол бастапқыда фармакокинетикалық зерттеу ретінде ойластырылған (5.2 бөлімін қараңыз).
Бастапқыда пациенттерде идиопатиялық (31 пациент [86%]) немесе отбасылық (5 пациент [14%]) ӨАГ болды және ДДҰ бойынша II функционалды класқа (n = 23, 64%) немесе III класқа (n = 13, 36%) қатысты. FUTURE 1 зерттеуінде зерттелетін препаратты қабылдау ұзақтығының медианасы 13,1 аптаны құрады (диапазоны: 8,4-тен 21,1-ге дейін). Осы пациенттердің 33-і бақыланбайтын ұзартылған FUTURE 2 фазасында күніне екі рет 4 мг/кг дозада ұсақталатын бозентан таблеткаларымен емдеуді орташа жалпы емдеу ұзақтығы 2,3 жыл (диапазоны: 0,2-ден 5,0 жылға дейін) жалғастырды.
Бастапқыда FUTURE 1 зерттеуінде тоғыз пациент эпопростенол қабылдады. Зерттеу барысында 9 пациент алғаш рет ӨАГ ғана тән препараттарды қабылдай бастады. Каплан-Мейер бойынша ӨАГ нашарлауының оқиғасыз бағасы (өлім, өкпе трансплантациясы немесе ӨАГ нашарлауына байланысты ауруханаға жатқызу) 2 жылдан кейін 78,9% құрады. Каплан-Мейер бойынша бағалау 2 жылдан кейінгі жалпы тіршілік қабілеті 91,2% құрады.
FUTURE 3 (AC-052-373)
32 мг ұсақталатын бозентан таблеткалары бар бұл ашық рандомизацияланған зерттеуде 3 айдан 11 жасқа дейінгі тұрақты ӨАГ бар 64 бала 24 апта бойы күніне екі рет 2 мг/кг дозада (n = 33) немесе 2 мг/кг дозада күніне үш рет (n = 31) бозентан қабылдау үшін рандомизацияланған.
43 пациент (67,2%) ≥ 2 жастан 11 жасқа дейін, 15 (23,4%) 1 жастан 2 жасқа дейін және 6 (9,4%) 3 айдан 1 жасқа дейін болды. Зерттеу бастапқыда фармакокинетикалық зерттеу ретінде жоспарланған (5.2 бөлімін қараңыз) және тиімділіктің соңғы нүктелері тек зерттеушілік сипатта болды. Dana Point жіктемесіне сәйкес ӨАГ этиологиясына идиопатиялық ӨАГ (46%), тұқым қуалайтын ӨАГ (3%), түзету кардиохирургиясынан кейінгі ӨАГ (38 %) және жүйелі өкпе шунттарымен бірге жүретін туа біткен жүрек ақауларымен байланысты ӨАГ, соның ішінде Эйзенменгер синдромы (13%) кірді.
Зерттелетін емнің басында пациенттер ДДҰ-ның I функционалдық класына (n = 19, 29 %), II класына (n = 27, 42 %) немесе III класына (n = 18, 28%) жатқызылды. Зерттеуге енгізілген кезде пациенттер ӨАГ препараттарымен емделді (көбінесе 5 типті фосфодиэстераза тежегіші [силденафил] [35,9%], тек бозентан [10,9%] және бозентан, илопрост және силденафил біріктірілімі [10,9%]) және зерттеу кезінде ӨАГ емдеуді жалғастырды.
Қосылған кезде пациенттердің жартысынан азы (45,3 %, 64-тен 29) монотерапия түрінде бозентан алды. Бозентанмен монотерапияда емдеудің 24 аптасында 40,6 % (64 пациенттің 26-сы) ӨАГ нашарлау белгілерінсіз қалды. Қосылған жалпы популяцияны (64 пациентті) талдау ДДҰ — ның функционалдық класының (педиатриялық популяцияға бейімделмеген) бағалауы бойынша олардың көпшілігі кем дегенде тұрақты (яғни нашарлаусыз) екенін көрсетті-топта күніне екі рет 97% және топта күніне үш рет 100% — және дәрігердің жаһандық клиникалық бағалауы — тиісінше 94% және 93%.24 аптадан кейін ӨАГ прогрессиясының белгілері жоқ пациенттердің үлесі (өлім, өкпе трансплантациясы немесе ӨАГ нашарлауына байланысты ауруханаға жатқызу ретінде анықталатын) Каплан–Майер бағалауы бойынша күніне екі рет топта 96,9% және күніне үш рет топта 96,7% құрады.
Күніне екі рет 2 мг/кг дозамен салыстырғанда күніне үш рет 2 мг/кг дозада қайсыбір клиникалық пайда туралы ешқандай дәлел болған жоқ.
Жаңа туған нәрестенің персистирленетін өкпе гипертензиясы (ЖНПӨГ) бар жаңа туған нәрестелерде жүргізілген зерттеу:
FUTURE 4 (AC-052-391)
Бұл ЖНПӨГ бар шала туған немесе мерзімі жеткен жаңа туған нәрестелер (гестациялық жасы 36-42 апта) арасындағы жасырын салыстырмалы, плацебо бақыланатын, рандомизацияланған зерттеу болды. Ингаляциялық азот тотығына (iNO) жауабы оңтайлы емес пациенттер кем дегенде 4 сағат үздіксіз емге қарамастан, қосымша ем ретінде назогастральді зонд арқылы күніне екі рет (N = 13) немесе плацебо (N = 8) 2 мг/кг дозада ұсақталатын бозентан таблеткаларын, iNO қосымша, iNO қабылдауды толығымен тоқтатқанға дейін немесе емдеу тиімсіз болғанға дейін (экстракорпоральді жарғақшалық оксигенация [ЭКМО] немесе баламалы өкпе вазодилататорларын қолдануды бастау қажеттілігі ретінде анықталады) және ең көбі 14 күн ішінде алды. Зерттелетін препараттың әсер ету медианасы бозентан тобында 4,5 (диапазон: 0,5–10,0) күн және плацебо тобында 4,0 (диапазон: 2,5–6,5) күн болды.
Нәтижелер осы тұрғындар тобындағы бозентанның қосымша пайдасын көрсетпеді:
• Бозентан үшін iNO қабылдауды толық тоқтатудың орташа уақыты 3,7 күнді (95% сенім аралығы [СА] 1,17, 6,95) және плацебо үшін 2,9 күнді (95% СА 1,26, 4,23) (p = 0,34) құрады.
• Жасанды желдетуден толық ажыратудың орташа уақыты бозентан үшін 10,8 күн (95% СА 3,21, 12,21 күн) және плацебо үшін 8,6 күн (95% СА 3,71, 9,66 күн) (p = 0,24) болды.
• Бозентан тобындағы бір пациентте емдеудің тиімсіздігі орын алды (хаттаманың анықтамасына сәйкес ЭКМО қажеттілігі), бұл зерттелетін препараттың бірінші дозасын қабылдағаннан кейін 8 сағат ішінде оттегімен қанықтыру индексінің мәндерін арттыру негізінде анықталды. Бұл пациент 60 күндік бақылау кезеңінде сауығу қалпына келді.
Эпопростенолмен біріктірілім
Бозентан мен эпопростенолдың біріктірілімі екі зерттеуде зерттелді: AC-052-355 (BREATHE-2) және AC-052-356 (BREATHE-3). AC-052-355 эпопростенолмен қатар емделген, 33 ауыр ӨАГ бар пациенттеріндегі параллель топтардағы плацебомен салыстырғанда бозентанның көп орталықты, рандомизацияланған, жасырын салыстырмалы зерттеуі болды. AC-052-356 ашық бақыланбайтын зерттеу болды;
19 педиатриялық пациенттің 10-ы 12 апталық зерттеу барысында бозентан мен эпопростенолды бір уақытта қабылдады. Біріктірілімнің қауіпсіздік бейіні компоненттердің әрқайсысын пайдалану кезінде күткеннен өзгеше болмады және біріктірілген емді балалар мен ересектер жақсы қабылдады. Біріктірілімнің клиникалық пайдасы көрсетілмеген.
Саусақтың ойық жарасы ауруы бар жүйелік склероз
122 (AC -052-401 [RAPIDS-1] зерттеуі) және 190 (AC -052-331 сынағы [RAPIDS-2]) жүйелі склеродермиясы және саусақтың ойық жарасы ауруы бар ересек пациенттерде (немесе бұрыннан келе жатқан саусақтың ойық жарасы ауруы немесе алдыңғы жылғы анамнезіндегі саусақтың ойық жара ауруы) екі рандомизацияланған, жасырын салыстырмалы, көп орталықты, плацебо-бақыланатын зерттеулер жүргізілді.
AC-052-331 зерттеуінде пациенттерде кем дегенде бір жаңадан пайда болған саусақтың ойық жарасы болуы керек еді, ал екі зерттеуде пациенттердің 85% - ында басынан саусақ ойық жарасы жалғасып келген. Бозентанды күніне екі рет 62,5 мг дозада қабылдағаннан кейін 4 аптадан соң екі зерттеуде де зерттелген қолдау дозасы күніне екі рет 125 мг құрады. Жасырын салыстырмалы терапияның ұзақтығы AC-052-401 зерттеуінде 16 апта және AC-052-331 зерттеуінде 24 апта болды. Жүйелік склеродерма мен саусақтың ойық жараларын фондық емдеуге рұқсат етілді, егер ол емдеу басталғанға дейін кем дегенде 1 ай бойы және жасырын салыстырмалы зерттеу кезеңінде тұрақты болып қалса.
Екі зерттеудің де бастапқы соңғы нүктесі бастапқы деңгейден зерттеудің соңғы нүктесіне дейінгі саусақтардағы жаңа ойық жаралардың саны болды. Бозентанмен емдеу плацебомен салыстырғанда терапияның барлық кезеңінде саусақтың жаңа ойық жараларының азаюына әкелді. Жасырын салыстырмалы терапияның 16 аптасында АС-052-401 зерттеуінде бозентан тобындағы пациенттерде плацебо тобындағы 2,7 саусақтардағы жаңа ойық жаралармен салыстырғанда (p = 0,0042) орта есеппен 1,4 саусақтың жаңа ойық жарасы пайда болды. Жасырын салыстырмалы AC-052-331 зерттеуінде 24 апта ішінде терапия сәйкесінше 1,9 және 2,7 саусақтың жаңа ойық жаралары болды (p = 0,0351).
Екі зерттеуде де бозентан қабылдаған пациенттерде зерттеу кезінде көптеген жаңа саусақ ойық жараларының пайда болу ықтималдығы аз болды және әрбір келесі жаңа саусақ ойық жарасының дамуы үшін плацебо қабылдаған пациенттердегіге қарағанда ұзағырақ уақыт керек болды. Бозентанның жаңа саусақ ойық жараларының саны азаюына әсері көптеген саусақ ойық жаралары бар пациенттерде айқынырақ болды.
Ешбір зерттеуде саусақтың ойық жараларының қалпына келіп сауығу уақытына бозентанның әсері байқалған жоқ.