Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
1 г гельдің құрамында
белсенді заттар: диклофенак диэтиламин 12.75 мг
(натрий диклофенагына баламалы)
метилсалицилат 106.06 мг
рацементол 52.50 мг
зығыр майы 30.00 мг
қосымша заттар: карбомер 934, полиоксил 40 гидрогенделген майсана майы, пропиленгликоль, бутилденген гидрокситолуол, лимон қышқылының моногидраты, бензил спирті, динатрий эдетаты, диэтиламин.
Сыртқы түрінің сипаттамасы
Ақ түсті, тегіс, бір текті гель, түйірлерден және механикалық қосындылардан бос.
- тірек-қимыл аппаратының аурулары: ревматоидты артрит, псориаздық артрит, шорбуынданатын спондилоартрит, шеткергі буындардың және омыртқа бағанының остеоартрозы;
- шығу тегі ревматизмдік және ревматизмдік емес буын ауырулары;
- жұмсақ тіндердің жарақаттық зақымданулары.
Боли-нов актив гелінің құрамында диэтиламин диклофенагы, зығыр майы, метилсалицилат және рацементол бар.
Диклофенак
Диклофенактың әсер ету механизмі қабынуға қарсы стероидты емес препараттардың әсер ету механизміне ұқсас. Боли-нов актив гелі қабынуға қарсы стероидты емес препараты (ҚҚСП) болып саналады. Жергілікті қабынуға қарсы, ауырсынуды басатын әсерін тигізеді. Әсер ету механизмі арахидон қышқылының метаболизмін бұза отырып, ЦОГ1 және ЦОГ2 простагландиндер синтезін таңдамай бәсеңдетуінде, соның ішінде қабыну ошағындағы простагландиндер мөлшерін азайтады.
Зығыр майы
Альфа-линолен қышқылы зығыр майының негізгі компоненті болып табылады. Альфа-линолен қышқылы эйкозапентаен қышқылына (EPA) айналады. EPA-ға қабынуды төмендететін E3 простагландинін өндіретін циклооксигеназа ферменті әсер етеді. EPА болуы циклооксигеназаның арахидон қышқылына әсер етуіне жол бермейді, ол оның PGE2 айналуын (жоғары қабынуға қарсы зат) төмендетеді. PGE3 болуы кері байланыс механизмі арқылы қабыну реакцияларын реттейді.
Рацементол
Рацементол ментолдың рацемиялық қоспасы болып табылады.
Ментолды теріге жаққан кезде ол салқындық сезімін тудыра отырып, қан тамырларын кеңейтеді, кейін ауырсынуды басатындай әсер етеді. Сонымен қатар, ол қышуды жеңілдетуге көмектеседі және қышу мен есекжем кезінде қолданылады. Сондай-ақ, оны әсерді бұратын дәрі-дәрмек ретінде маңдайға жағады.
Метилсалицилат
Метилсалицилат тері үшін тітіркендіргіш болып табылады және қаңқа-бұлшықет, буындар мен тіндердегі бұзылыстар кезінде ауырсынуды жеңілдетуге арналған жергілікті-тітіркендіргіш препараттарда жергілікті қолданылады.
Дозалау режимі
Препараттың бір реттік дозасы 2-4 г (сықпаның мойны толық ашылған болса 4-8 см).
Ересектер және 14 жастан асқан балаларға препаратты күніне 3-4 рет теріге жеңіл сылай отырып жағады.
Препараттың қажетті мөлшері ауыратын аумақтың өлшеміне байланысты болады.
Препараттың күніне 16 г жалпы тәуліктік дозасынан асырмау керек.
Ең қысқа мерзім ішінде ең төмен тиімді дозаны пайдаланыңыз.
Енгізу әдісі және жолы Сыртқа
Препаратты терінің зақымдалмаған жерлеріне ғана қолдану керек.
Жақпамай көзге, шырышты қабаттарға және ашық жараларға түспеуі керек.
Препаратты қолданғаннан кейін алдымен қолыңызды құрғақ қағаз сүлгімен сүртіп, содан кейін жуу ұсынылады (саусақтарды емдеуді қоспағанда). Пайдаланылған қағаз сүлгіні тұрмыстық қоқыспен бірге утилизациялау керек. Душ немесе ванна қабылдағанға дейін пациент теріге қолданылатын препараттың кебуін күтуі керек.
Емдеудің ұзақтығы
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерден кеңес алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Дәрілік затты қолдану жөнінде қосымша сұрақтар туындаған жағдайда медициналық қызметкерге кеңес алу үшін хабарласыңыз.
- диклофенак, метилсалицилат немесе препараттың басқа компонеттеріне, ацетилсалицил қышқылына немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес заттарға жоғары сезімталдық;
- жақпаушылық, оның ішінде бронх демікпесі ұстамаларының, тері бөртпелерінің (есекжем) немесе ацетилсалицил қышқылын немесе басқа қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді (оның ішінде анамнезінде) қабылдаумен туындаған жедел риниттердің пайда болуына бейімділігі;
- тері жабындары бүтіндігінің бұзылуы; қабынған немесе инфекция жұқтырған тері, шырышты қабықтар, экзема;
- жүктілік (20 аптадан бастап және одан кейін) және лактация кезеңі;
- 14 жасқа дейінгі балалар;
- жүрекке хирургиялық араласуға дейін немесе кейін қолдану.
Сирек:
• буллезді дерматит
Өте сирек:
- экзема, фотосенсибилизация, парестезия, жанаспалы дерматит, қышыну, қызару, тітіркену, терінің өңделетін бөлігінің ісінуі, папулалар, везикулдар, қабыршақтану, күйік, ауырсыну, бөртпе, аса жоғары сезімталдық реакциялары (есекжемді қоса алғанда), ангионевроздық ісіну, бронхоспазмдық реакциялар, ентігу, пустулезді бөртпе
Жағымсыз реакциялар пайда болған кезде дәрілік препаратты қолдануды тоқтату және дәрігерге жүгіну қажет.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз:
• Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
• http://www.ndda.kz
Симптомдары
Ұсынылатын дозаларда сыртқы қолданғанда препараттың белсенді компоненттерінің өте төмен жүйелі сіңірілуі артық дозалауды іс жүзінде мүмкін емес етеді. Кездейсоқ ішке қабылдағанда жүйелі жағымсыз әсерлердің дамуы мүмкін.
Ішке түскен кездегі емдеу
Асқазанды шаю, құсықты шақыру, белсендірілген көмірді қабылдау, қарқынды диурез, симптоматикалық ем. Диализ диклофенактың қан плазмасының ақуыздарымен (99% - ға жуық) жоғары байланысуына байланысты тиімсіз. Препаратты кездейсоқ жұтып қойған кезде дереу дәрігерге жүгіну керек.
Сақтықпен: бауыр порфириясы (асқыну), асқазан-ішек жолының эрозиялық-ойық жаралы зақымдануы, бауыр және бүйрек фукнциясының ауыр бұзылулары, қанның ұюының бұзылуы (оның ішінде гемофилия, қан кету уақытының ұзаруы, қан кетуге бейімділігі), созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, бронх демікпесі, егде жас, 20 аптаға дейінгі жүктілік.
Препаратты ішке кездейсоқ қабылдаған кезде дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
Арнайы ескертулер
Тек сыртқа қолдануға арналған.
Боли-нов актив ашық жарақаттарға түсуіне аулақ бола отырып, зақымданбаған теріге жағу қажет. Гельді жаққаннан кейін окклюзиялық таңғышты байламаған жөн. Ашық беткейлерге ұзақ жағу кезінде резорбтивті әсердің салдарынан жүйелі жағымсыз әсерлердің дамуы мүмкін. Препаратты көзге және шырышты қабықтарға тигізуге болмайды.
ҚҚСП асқазан-ішек қан кетуін тудыруы мүмкін. Дозаның ұлғаюына және қолдану ұзақтығына байланысты қауіп артуы мүмкін және анамнезінде асқазанның ойық жарасы бар егде пациенттерде, антикоагулянттарды, глюкокортикоидтарды немесе басқа да ҚҚСП қабылдайтын коагулопатиялары бар пациенттерде, сондай-ақ алкогольді қабылдаған кезде қауіп жоғары болуы мүмкін.
ҚҚСП ауыр жүрек-қан тамырлары тромбоздарының, миокард инфарктісінің және инсульттің қаупін жоғарылатуға әкелуі мүмкін. Бұл қауіп дозаның ұлғаюымен және қолдану ұзақтығымен артуы мүмкін. Жүрек-қан тамырлары аурулары немесе жүрек-қан тамырлары ауруларының қауіп факторлары бар пациенттер үлкен қауіпке ұшырауы мүмкін.
ҚҚСП гипертензиясы, сұйықтықтың тежелуі, жүрек-қан тамырлары аурулары бар пациенттерде немесе диуретиктер немесе кумаринді антикоагулянттар қабылдайтын пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Салицилаттарды қолдану Рейе синдромын тудыруы мүмкін. Егер терінің шамадан тыс тітіркенуі пайда болса, препаратты пайдалануды тоқтатыңыз.
Өңделген бөліктерге табиғи немесе жасанды күн сәулесінің әсерін азайту немесе болдырмау қажет.
Препарат ауыр аллергиялық реакцияны тудыруы мүмкін, әсіресе аспиринге аллергиясы бар науқастарда. Симптомдары есекжем, бет ісінуі, астма (ысқырған тыныс), шок, терінің қызаруы, бөртпе немесе күлдіреуік болуы мүмкін. Егер осы белгілердің кез-келгені пайда болса, пациенттер қолдануды тоқтатып, медициналық көмекке жүгінуі керек.
Препарат құрамында пропиленгликоль, бутилгидроксианизол және бутилгидрокситолуол бар, ол жергілікті тері реакцияларын (жанаспалы дерматиттер), көздің және шырышты қабықтардың тітіркенуін тудыруы мүмкін.
Егер симптомдар сақталса немесе нашарласа, немесе жаңа симптомдар пайда болса, препаратты пайдалануды тоқтатып, дәрігерге жүгініңіз.
Егер дәрілік зат жарамсыз болса немесе жарамдылық мерзімі өтіп кетсе – оны ағын суларға немесе далаға тастамаңыз! Дәрілік затты пакетке салып, қоқыс контейнеріне тастаңыз. Бұл шаралар қоршаған ортаны қорғауға көмектеседі!
Педиатрияда қолдану
14 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Жүктілік кезінде және лактация кезеңінде қолдану
Жүкті әйелдерде қолдану жөніндегі деректердің болмауына байланысты, препаратты жүктіліктің 20 аптасына дейін қолдану тек дәрігердің тағайындауы бойынша ұсынылады, бұл ретте ана үшін пайда мен ұрық үшін қауіпті салыстыру керек. Препарат жүктіліктің 20 аптасынан бастап және одан кейін жатырдың тонусының төмендеуі, ұрық бүйрегі қызметінің бұзылуы, кейіннен қағанақ суының азаюына және/немесе ұрықтың артериялық түтікшесінің уақытынан бұрын жабылуына байланысты қолдануға болмайды.
Препаратты емшек емізу кезінде қолдануға болмайды.
Дәрілік заттардың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Диклофенак фотосенсибилизацияны тудыратын препараттардың әсерін күшейтуі мүмкін. Басқа дәрілік препараттармен клиникалық маңызы бар өзара әрекеттесуі сипатталмаған.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.