Жиі
- көздің ауыруы, көздің тітіркенуі
Жиі емес
- бас ауыру
- нүктелі кератит, көздің құрғауы, конъюнктиваға қанның құйылуы, көз гиперемиясы, көздің қышуы, қабақтың ісінуі, көздегі жайсыздық
- дәм сезудің бұзылуы
Сирек
- гемоглобиннің төмендеуі
- парестезия
- мөлдір қабық эпителийінің зақымдануы, мөлдір қабықтың зақымдануы, конъюнктивит, блефарит, көздің ісінуі, конъюнктиваның ісінуі, көрудің бұлдырауы, көру жітілігінің төмендеуі, астенопия, қабақ эритемасы
- мұрын жайсыздығы, жұтқыншақ-көмей ауыруы, бөгде денені сезіну (тамақ ішінде)
- құсу
-аланинаминотрансфераза, гаммаглутамил-трансфераза деңгейінің жоғарылауы
Белгісіз
- жоғары сезімталдық
- бас айналу
- эндофтальмит, ойық жаралы кератит, мөлдір қабықтың эрозиясы, мөлдір қабықтың жұқаруы, көзішілік қысымның жоғарылауы, мөлдір қабықтың бұлдырауы, мөлдір қабық инфильтраты, мөлдір қабықтағы шөгінділер, көз аллергиясы, кератит, қабақтың ісінуі, көз қарығу, қабақтың ісінуі, көзден шамадан тыс жас ағу, көзден аққан бөлінділер, көздегі бөтен денені сезіну
- жүрек қағуының жиілеуі
- ентігу
- жүрек айнуы
- қызару, бөртпе, қышыну, есекжем.
Көзге тамызатын дәрі түрінде моксифлоксацинмен емделген пациенттерде дене температурасының жоғарылауы, жөтел, инфекция, ортаңғы отит, фарингит және ринит сияқты жағымсыз реакциялар байқалды.
Кейбір жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Хинолон қатарындағы жүйелі препараттарды қолданған пациенттерде ауыр, ал жекелеген жағдайларда аса жоғары сезімталдықтың (анафилаксия) өлімге әкелетін реакциялары, кейде бірінші дозаны қабылдағаннан кейін бірден байқалды. Кейбір реакциялар жедел қантамыр жеткіліксіздігімен, естен айырылумен, Квинке ісінуімен (көмейдің, жұтқыншақтың немесе беттің ісінуін қоса), тыныс алу жолдарының обструкциясымен, ентігумен, есекжеммен және терінің қышынуымен қатарлас жүрді.
Иықтың, қолдың, ахилл сіңірінің және басқа сіңірлердің үзілуі туралы хабарламалар бар, бұл хирургиялық қалпына келтіруді қажет етіп, жүйелі фторхинолондарды алатын пациенттерде ұзақ мерзімді еңбекке жарамсыздықтың нәтижесі болып табылды. Хинолондарды жүйелі тағайындау бойынша зерттеулер және постмаркетингтік деректер кортикостероидтарды қабылдайтын пациенттерде, әсіресе егде жастағы пациенттерде және ахилл сіңірін қоса алғанда, үлкен жүктемелерге ұшырайтын сіңірлер үшін бұл үзілу қаупі артуы мүмкін екенін көрсетеді.
Балаларда қолдану
Клиникалық зерттеулер моксифлоксацинді балаларда, соның ішінде жаңа туған нәрестелерде көзге тамызатын дәрі түрінде қолдану қауіпсіз екенін көрсетті. Көздің тітіркенуі және көздің ауыруы 18 жасқа дейінгі пациенттерде 0,9% жағдайда пайда болатын анағұрлым жиі кездесетін жағымсыз реакциялар болды.
Балалар жасындағы пациенттердің, оның ішінде сәбилердің қатысуымен жүргізілген клиникалық зерттеулерден алынған деректерге сүйене отырып, балалардағы жағымсыз реакциялардың түрі мен ауырлығы ересектердегідей болды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz