Әсер ету механизмі
Ремдесивир бұл аденозинді нуклеотидті дәрілік ізашар, ол нуклеозидтрифосфаттың фармакологиялық белсенді метаболитін құрап, организмнің жасушаларында метаболизденеді. Ремдесивир трифосфаты аденозинтрифосфаттың (АТФ) аналогы ретінде әрекет етеді және SARS-CoV-2 вирусының РНҚ-ға тәуелді РНҚ-полимераза арқылы пайда болатын РНҚ тізбектеріне қосылу үшін табиғи АТФ субстратымен бәсекелеседі, бұл вирустық РНҚ репликациясы кезінде тізбектің кешіктірілген үзілуіне әкеледі. Қосымша механизм ретінде ремдесивир трифосфаты вирустық РНҚ синтезін вирустық полимеразаны оқу нәтижесінде вирустық РНҚ-матрицасына қосқаннан кейін де тежеуі мүмкін, бұл нуклеотидтердің жоғары концентрациясы болған кезде пайда болуы мүмкін. Ремдесивир нуклеотиді вирустық РНҚ матрицасында болған кезде, комплементарлы табиғи нуклеотидті қосу тиімділігі төмендейді, осылайша вирустық РНҚ синтезін тежейді.
Вирусқа қарсы белсенділік
Ремдесивир емдеу басталған сәттен бастап 48 сағат өткеннен кейін адамның тыныс алу жолдарының бастапқы эпителий жасушаларында (EC50) 9.9 нМ затының жартылай ең жоғары тиімді концентрациясымен SARS-CoV-2 вирусының клиникалық изолятына қатысты in vitro вирусқа қарсы белсенділігін көрсетті. Ремдесивир 72 сағаттық емнен кейін EC50 280 нМ мәні кезінде Calu-3 адам өкпесінің эпителий жасушаларының үздіксіз желілерінде SARS-CoV-2 репликациясын тежеді. Vero жасушаларында SARS-CoV-2-ге қатысты ремдесивирдің EC50 мәні емдеу басталғаннан бастап 24 сағаттан кейін 137 нМ және 48 сағаттан кейін 750 нМ болды.
Хлорохин фосфаты ремдесивирдің вирусқа қарсы белсенділігіне дозаға тәуелді антагонистік әсер етті, онда екі препарат респираторлық- синцитиальды вирусымен инфекцияланған HEp-2 жасушаларында клиникалық маңызды концентрацияда бірге инкубацияланды. EC50 ремдесивирдің жоғары мәні хлорохин фосфаты концентрациясы жоғарылаған кезде байқалды. Хлорохинфосфаты концентрациясының жоғарылауы A549-hACE2, HEp-2 және адамның бронхтық эпителийінің қалыпты жасушаларында ремдесивир трифосфатының түзілуін азайтты.
In vitro сынақтар негізінде ремдесивир альфа (B.1.1.7), бета (B. 1.351), гамма (P.1), эпсилон (B.1.429), каппа (B.1.617.1), лямбда (C.37), йота (B.1.526) және дзета (P.2) нұсқаларын қоса алғанда, вирустық полимеразада P323L алмастыруы бар SARS-CoV-2 клиникалық изоляттарына қатысты SARS-CoV-2 (А линиясы) изоляттарының ертеректегі линияларымен салыстырғанда ұқсас вирусқа қарсы белсенділікті (<2,5 есе өзгеріс) сақтады.
Ремдесивир сонымен бірге SARS-CoV-2 А линиясы изоляттарымен салыстырғанда Дельта (B.1.617.2) және Омикрон (B.1.1.529, BA.1, BA.2, BA.2.12.1, BA.4 және BA.5) нұсқаларының клиникалық изоляттары үшін вирусқа қарсы белсенділікті (<0,7- есе өзгеріс) ұстап тұрды.
Ремдесивирдің SARS-CoV-2 нұсқаларына қатысты вирусқа қарсы белсенділігі 7кестеде берілген.
7 кесте. Ремдесивирдің SARS-CoV-2 нұсқаларының клиникалық изоляттарына қатысты вирусқа қарсы белсенділігі
SARS-CoV-2 тегі — ДСҰ номенклату-расы — Негізгі ауысты-рулар — Ремдеси-вир EC50 (нМ) — Сезімталдықтың бірнеше рет өзгеруі — Сезімталдық-тың өзгеруі
А — - — - — 110 — 1.0
B.1.1.7 — Альфа — P323L — 192 — 1.58 — Өзгеріссіза
B.1.351 — Бета — P323L — 141 — 1.19 — Өзгеріссіза
P.1 — Гамма — P323L — 97 — 0.82 — Өзгеріссіза
B.1.617.2 — Дельта — P323L, G671S — 70 — 0.59 — Өзгеріссіза
B.1.429 — Эпсилон — P323L — 210 — 1.94 — Өзгеріссіза
P.2 — Зета — P323L — 151 — 1.17 — Өзгеріссіза
B.1.526 — Йота — P323L — 258 — 2.33 — Өзгеріссіза
B.1.617.1 — Каппа — P323L — 77 — 0.63 — Өзгеріссіза
C.37 — Лямбда — P323L — 175 — 1.37 — Өзгеріссіза
B.1.1.529/BA.1 BA.2 BA.2.12.1 BA.2.75 BA.4 BA.4.6 BA.5 BF.5 BQ.1.1 XBB — Омикрон — P323L P323L P323L P323L, G671S P323L P323L P323L P323L Y273H, P323L P323L, G671S — 44 25 33 32 25 92 106 134 90 86 — 0.45 0.23 0.20 0.30 0.15 0.64 0.66 0.94 1.12 1.07 — Өзгеріссіза Өзгеріссіза Өзгеріссіза Өзгеріссіза Өзгеріссіза Өзгеріссіза Өзгеріссіза Өзгеріссіза Өзгеріссіза Өзгеріссіза
а Еселіктің өзгеруі: < 2,5 – елеусіз. Барлық нұсқалар сезімталдықтың төмендеуін көрсетпейді.
Резистенттілігі
Өсірінді жасушаларда
Өсірінді жасушаларда ремдесивирге сезімталдығы төмендеген SARS-CoV-2 изоляттары таңдап алынды. Ремдесивирдің бастапқы нуклеозиді GS-441524 пайдаланылған бір селекция барысында вирустық РНҚ-тәуелді РНҚ-полимеразада V166A, N198S, S759A, V792I, C799F және C799R-да аминқышқылдары алмасуы біріктірілімдерін экспрессиялайтын вирустық пулдар пайда болды, бұл EC50 2,7-ден 10,4-ке дейінгі еселі өзгерістеріне әкелді. Сайт-бағытталған мутагенез жолымен жабайы типті рекомбинантты вирусқа жеке енгізгенде ремдесивирге сезімталдықтың 1,7–3,5 есе төмендеуі байқалды. Вирустық полимеразадағы P323L алмастыруы бар SARS-CoV-2 изолятын қолдана отырып, ремдесивирді пайдалану арқылы екінші таңдап алу кезінде V166L-да амин қышқылының жалғыз алмастыруы пайда болды. Тек P323L немесе P323L+V166L біріктірілімінде ауыстырылатын рекомбинантты вирустар сәйкесінше ремдесивирге сезімталдығының 1,3 және 1,5 есе өзгеруін көрсетті.
Өсірінді жасушаларда ремдесивирге тұрақтылық тышқан гепатиті вирусын (кеміргіштердің коронавирусы) қолдана отырып, барлық коронавирустарда сақталған қалдықтардағы вирустың РНҚ-ға тәуелді РНҚ-полимеразасында екі алмастырудың (F476L және V553L) дамуымен анықталды, бұл ремдесивирге қабылдағыштықтың 5,6 есе төмендеуіне ықпал етті. SARS-CoV вирусының үлгісіне ұқсас алмастырулар (F480L және V557L) енгізілген кезде, өсірінді жасушаларда ремдесивирге қабылдағыштықтың 6 есе төмендеуі байқалды, ал тышқан моделіндегі SARS-CoV вирусының патогенділігі әлсіреді.
Рекомбинантты SARS-CoV-2 вирусына жеке енгізілгенде, F480L және V557L-дегі әрбір тиісті ауыстыру ремдесивирге сезімталдықтың екі есе төмендеуіне әкелді.
Клиникалық зерттеулерде
NIAID ACTT-1 (CO-US-540-5776) зерттеуінде бастапқы және бастапқы секвенирлеп анықтау деректері қолжетімді 61 пациенттің арасында вирустық РНҚ-тәуелді РНҚ полимеразадағы алмастыру пайда болуының жиілігі плацебомен салыстырғанда ремдесивир алған пациенттерде бірдей болды.
Ремдесивир препаратымен емделген 2 пациентте РНҚ-ға тәуелді РНҚ-полимеразада бұрын резистенттілікті таңдау эксперименттерінде (V792I немесе C799F) анықталған және ремдесивирге сезімталдықтың аз еселік өзгеруімен (≤3,4 рет) байланысты алмастырулар байқалды.
Ремдесивирмен емделген пациенттерде байқалған РНҚ-ға тәуелді РНҚ полимеразаның басқа ешбір алмастырулары ремдесивирге резистенттілікпен байланысты емес.
GS-US-540-5773 зерттеуінде бастапқы және кейінгі-бастапқы секвенирлеп анықтау деректері қолжетімді 19 пациенттің ішінде вирустық РНҚ-тәуелді РНҚ полимеразадағы (nsp12) алмастырулар ремдесивир алған 4 пациентте байқалды. T76I, A526V, A554V және C697F алмастыру ремдесивирге тұрақтылықпен (сезімталдықтың ≤1,45-есе өзгеруі) байланысты болған жоқ. E665K алмасуының ремдесивирге сезімталдыққа әсерін репликация жоқтығына байланысты анықтау мүмкін болмады.
GS-US-540-9012 зерттеуінде бастапқы және кейінгі-бастапқы секвенирлеп анықтау деректері қолжетімді 244 пациенттің арасында вирустық РНҚ-тәуелді РНҚ-полимеразадағы алмастыру жиілігінің пайда болуы плацебомен салыстырғанда ремдесивир алған пациенттерде бірдей болды. Ремдесивир алған бір пациентте РНҚ-ға тәуелді РНҚ полимеразасында (A376V) бір алмастыру болған, бұл ремдесивирге сезімталдықтың in vitro төмендеуімен (12,6 есе) байланысты болды. Ремдесивир алған пациенттерде байқалған РНҚ-тәуелді РНҚ полимеразасындағы немесе басқа репликация-транскрипция кешені ақуыздарында басқа ешбір алмастырулар ремдесивирге резистенттілікпен байланысты емес.
GS-US-540-5912 зерттеуінде бастапқы және кейінгі-бастапқы секвенирлеп анықтау деректері қолжетімді 60 пациенттің ішінде вирустық РНҚ-тәуелді РНҚ полимеразадағы (A656P және G670V) алмастырулар ремдесивир алған 8 пациентте байқалды. Ремдесивир алған 4 пациентте РНҚ-ға тәуелді РНҚ полимеразасында (M794I, C799F немесе E136V) алмастырулар болды, олар ремдесивирге сезімталдықтың in vitro төмендеуімен (≤3,5 рет) байланысты болды.
Ремдесивирмен емделген пациенттерде анықталған РНҚ-ға тәуелді РНҚ полимеразаның басқа ешбір алмастырулары ремдесивирге резистенттілікпен байланысты болған жоқ.
GS-US-540-5823 зерттеуінде ремдесивир алған 23 пациенттің бірінде вирустық РНҚ-тәуелді РНҚ полимеразадағы (A656P және G670V) ауыстыру секвенирлеп анықтау қолжетімді бастапқы және бастапқы деректері бар пациенттер арасында байқалды. Байқалған алмастырулар ремдесивирге төзімділікпен байланысты емес.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
COVID-19 шалдыққан пациенттерге жүргізілген клиникалық зерттеулер
NIAID ACTT-1 (CO-US-540-5776) зерттеуі
Рандомизацияланған салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын клиникалық зерттеу төменгі тыныс жолдарының зақымдану белгілері бар ауруханаға жатқызылған COVID-19 шалдыққан ересек пациенттерде ремдесивирді 1 күн ішінде күніне бір рет 200 мг дозада, содан кейін ремдесивирді күніне бір рет 9 күн бойы (жалпы 10 күн венаішілік терапияға дейін) күніне бір рет 100 мг дозада қабылдаумен бағалады. Зерттеуге ауруханаға жатқызылған 1062 пациент енгізілді: 159 (15%) жеңіл/орташа ауырлық дәрежесіндегі (екі емдеу тобында 15%) және 903 (85%) ауыр ауруы бар пациент (екі емдеу тобында 85%). Жеңіл/орташа дәреже SpO2> 94% және тыныс алу жиілігі қосымша оттегісіз <24 тыныс алу/мин анықталады; ауыр дәреже SpO2 ≤94% бөлмедегі ауада анықталады немесе тыныс алу жиілігі ≥24 тыныс алу/мин және қосымша оттегі немесе желдетуді қажет етеді. Жалпы алғанда 285 пациент (26,8%) (n = 131 ремдесивир алды) ӨЖЖ/экстракорпоралды жарғақшалық оксигенацияда (ЭКЖО) болды. Пациенттер 1:1 рандомизацияланды, ремдесивир (n = 541) немесе плацебо (n = 521) және стандартты ем алу үшін зерттеуге енгізілген кезде аурудың ауырлығына қарай стратификацияланды.
Бастапқы орташа жас 59 жасты құрады, пациенттердің 36%-ы 65 жаста және одан асқан. 64% ер адамдар, 53% - ақ, 21%- қара, 13% - азиялық болды. Ең жиі кездесетін қатарлас аурулар гипертензия (51%), семіздік (45%), 2-типті қант диабеті (31%) болды; екі емдеу тобы арасында қатарлас аурулардың таралуы бірдей болды.
Пациенттердің шамамен 38.4%-ы (208/541) 10 күндік ремдесивирмен емдеу курсынан өтті.
Бастапқы клиникалық соңғы нүкте рандомизациядан кейін 29 күн ішінде сауығуға дейінгі уақыт болды, ол ауруханадан шығару (белсенділікті шектеумен немесе онсыз және үйдегі оттегімен немесе онсыз) немесе ауруханаға жатқызу ретінде анықталды, бірақ қосымша оттегіні қажет етпейді және тұрақты медициналық күтімді қажет етпейді. Жалпы популяцияда сауығуға дейінгі орташа уақыт плацебо тобындағы 15 күнмен салыстырғанда ремдесивир тобында 10 күнді құрады (сауығу коэффициенті 1,29; [95% СА 1,12-ден 1,49-ға дейін], р <0,001).
Қабылдау кезінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесіндегі аурулары бар пациенттер тобында сауығуға дейінгі уақытта айырмашылықтар байқалған жоқ (n=159). Сауығуға дейінгі орташа уақыт ремдесивир тобында 5 күн және плацебо тобында 7 күн болды (сауығу жылдамдығының коэффициенті 1,10; [95% СА 0,8] 1,53-ке дейін); ремдесивир тобындағы реттік шкала бойынша 15-ші күні плацебо тобымен салыстырғанда жақсару мүмкіндігі келесідей болды: мүмкіндік арақатынасы 1,2; [95% СА 0,7-ден 2,2-ге дейін, р = 0,562].
Түсу кезінде ауыр ауру стартында (n=903) сауығуға дейінгі орташа уақыт ремдесивир тобында 12 күн және плацебо тобында 19 күн болды (сауығу коэффициенті 1,34 [95% СА: 1,14-тен 1,58-ге дейін]; р < 0,001); ремдесивир тобындағы реттік шкала бойынша 15-ші күні плацебо тобымен салыстырғанда жақсару мүмкіндігі келесідей болды: мүмкіндік арақатынасы 1,6; [95% СА 1,3-тен 2,0-ге дейін].
Жалпы, ремдесивир тобында 15-ші күні плацебо тобымен салыстырғанда реттік шкала бойынша жақсару мүмкіндігі жоғары болды (мүмкіндік арақатынасы 1,6; [95% СА 1,3-тен 1,9-ға дейін], p < 0,001).
29 күн ішінде жалпы популяцияда өлім плацебо тобындағы 15,4%-бен салыстырғанда ремдесивир тобында 11,6%-ды құрады (тәуекелдер қатынасы 0,73; [95% СА 0,52-ден 1,03-ке дейін]; p = 0,07). Реттік шкала бойынша 29 күндегі өлімді кейінгі талдау 8-кестеде берілген.
8 кесте. NIAID ACTT-1 бастапқы деңгейінде реттік шкалаа бойынша 29 күндік өлім нәтижелері
Бастапқы деңгейдегі реттік нөмір
5 — 6
Төмен шығынды оттегі қажет — Оттегінің жоғары мөлшері берілуі немесе инвазивті емес механикалық желдету қажет
Ремдесивир N = 232 — Плацебо N = 203 — Ремдесивир N = 95 — Плацебо N = 98
29 күндегі өлім — 4.1 — 12.8 — 21.8 — 20.6
Шығару коэффициентіб — 0.30 (0.14, 0.64) — 1.02 (0.54, 1.91)
а Алдын ала талдау емес
бШығару коэффициенті Кокстың стратификацияланған моделі бойынша есептеледі.
COVID-19 ауыр дәрежесі бар пациенттерді GS-US-540-5773 зерттеу
SARS-CoV-2 инфекциясы расталған, бөлмеде ауаның оттегімен қанығуы ≤ 94% және пневмонияның рентгенологиялық белгілері бар 12 жастан асқан пациенттердің рандомизацияланған көп орталықты ашық типті клиникалық зерттеуінде (5773 зерттеу) 5 күн бойы ремдесивир қабылдаған 200 пациент 10 күн бойы ремдесивир қабылдаған 197 пациентпен салыстырылды. Барлық пациенттер 1-ші күні 200 мг ремдесивирді және келесі күндері күніне бір рет 100 мг-ны қолдау шараларымен бірге алды. Бастапқы соңғы нүкте 14-күнді клиникалық жағдай болды, ол ауруханадан шығарылғаннан бастап, оттегі деңгейінің жоғарылауына және өлімге дейін желдетуді қолдауға дейін 7 балдық шкала бойынша бағаланды.
Ремдесивирдің 10 күндік курсына рандомизацияланған пациенттерде 14- күні жақсару ықтималдығы 5 күндік курсқа рандомизацияланған пациенттермен салыстырғанда 0,67 (мүмкіндік арақатынасы) құрады; [95% СА 0,46-дан 0,98-ге дейін]. Бұл зерттеуде бастапқы клиникалық мәртебеде статистикалық маңызды айырмашылықтар байқалды. Топтар арасындағы айырмашылықтарды бастапқы деңгейде түзеткеннен кейін 14-күні жақсару ықтималдығы 0,75 (мүмкіндік арақатынасы) болды; [95% СА 0,51-ден 1,12-ге дейін]. Сонымен қатар, бастапқы деңгейдегі топтар арасындағы айырмашылықтарды түзете отырып, 5 күндік және 10 күндік емдеу кезінде сауығу немесе өлімде статистикалық маңызды айырмашылықтар байқалмады. Барлық себептерден 28 күндік өлім сәйкесінше 5 және 10 күндік емдеу топтарындағы 14%-ға қарсы 12%-ды құрады.
Ауру үдеуінің қаупі жоғары, COVID-19 расталған пациенттердегі GS-US-540-9012 зерттеуі
Амбулаториялық жағдайда ремдесивирмен емдеуді бағалау үшін рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын, плацебо бақыланатын, көп орталықты клиникалық зерттеу 562 пациентте жүргізілді, оның ішінде COVID-19 расталған және аурудың үдеуінің ауруханаға жатқызылғанға дейін кем дегенде бір қауіп факторымен 8 жасөспірім (12 жастағы және одан үлкен және салмағы кемінде 40 кг) бар.
Аурудың үдеуінің қауіп факторлары келесілер болды: жасы ≥ 60 жас, созылмалы өкпе ауруы, артериялық гипертензия, жүрек-қан тамырлары немесе цереброваскулярлық аурулар, қант диабеті, семіздік, иммун тапшылығы жағдайы, ауырлық дәрежесі жеңіл немесе орташа созылмалы бүйрек ауруы, бауырдың созылмалы ауруы, қазіргі обыр немесе орақ-жасушалы анемия. Вакцинацияланған пациенттер зерттеуден шығарылған.
Ремдесивир алған пациенттер 1-ші күні 200 мг және келесі күндері тәулігіне бір рет 100 мг алды, жалпы алғанда 3 күн в/і ем алды. Пациенттер стандартты емдеумен бірге ремдесивир (n =279) немесе плацебо (n=283) алу үшін білікті мейірбикелік күтімі бар мекемеде тұру (иә/жоқ), жасы (<60 қарсы ≥ 60 жас) және аймағы (АҚШ бұрынғы АҚШ-қа қарсы) бойынша стратификацияланған, 1:1 арақатынасымен рандомизацияланған.
Бастапқы орташа жасы 50 жас болды (пациенттердің 30%-ы 60 жастағы және одан үлкендер болды); 52% еркектер болды, 80% ақ нәсілді болды, 8% қара нәсілді, 2% азиялықтар, 44% испандықтар немесе латын-америкалықтар болды; дене салмағының орташа индексі 30,7 кг/м2 құрады. Қатарлас көбірек жиіліктегі аурулар қант диабеті (62%), семіздік (56%) және артериялық гипертензия (48%) болды. Емдеуге дейінгі симптомдардың ұзақтығының медианасы (Q1, Q3) 5 (3,6) күн болды; вирустық жүктеменің медианасы бастапқы деңгейде 6,3 log10 копий/мл болды. Ремдесивирмен және плацебомен емдеу топтарында бастапқы демография сипаттамалары мен аурудың сипаттамалары теңдестірілген. Міндетті емес биомаркерлердің үлгілерін кейінгі зерттеу талдауы пациенттердің 14,8% бастапқы деңгейде серологиялық оң және 37,7% серологиялық теріс екенін (47,5% міндетті емес биомаркерлерді жинауға келіспеді) көрсетті.
Бастапқы соңғы нүкте COVID-19-бен байланысты ауруханаға жатқызылған пациенттердің үлесі (кем дегенде 24 сағаттық шұғыл көмек ретінде анықталған) немесе барлық себептерден 28 күндік өлім болды. Оқиғалар (COVID-19-бен байланысты ауруханаға жатқызу немесе 28 күн ішінде барлық себептерден болатын өлім) плацебо тобына бір мезгілде рандомизацияланған 15 (5,3%) пациенттермен салыстырғанда ремдесивир алған 2 (0,7%) пациентте байқалды, бұл COVID-19 ауруының немесе плацебомен салыстырғанда барлық себептерден өлімнің 87% - ға азайғанын көрсетті (қауіптің қатынасы 0,134 [95% СА 0,031-ден 0,586-ға дейін]; р=0,0076).
Қауіптің абсолютті төмендеуі 4,6 % құрады (95% СА, 1,8%-дан 7,5%-ға дейін). 28-ші күні өліммен аяқталған жағдай бақыланбады. Ауруханаға жатқызудың 17 жағдайының алтауы белгілі бастапқы серологиялық статусы бар қатысушылар болды (серологиялық оң: ремдесивир тобында n=0 және плацебо тобында n=2; серологиялық теріс: ремдесивир тобында n=2 және плацебо тобында n =2).
Ауруханаға жатқызудың 17 жағдайының он бірі плацебо тобында бастапқы серостатусы белгісіз қатысушыларда болған және ремдесивир тобының бірінде де болмаған. Серологиялық статусы белгілі пациенттердің саны аздығына және оқиғалардың жалпы төмен жиілігіне байланысты серологиялық статус бойынша стратификацияланған қосалқы топтарда тиімділік туралы қорытынды жасауға болмайды.
COVID-19 және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттердегі GS-US-540-5912 зерттеуі
Рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын, плацебо бақыланатын клиникалық зерттеуде (GS-US-540-5912 зерттеуі) ремдесивир тәулігіне бір рет 1 күн ішінде 200 мг дозада, кейіннен COVID-19 расталған және бүйрек жеткіліксіздігі бар ауруханаға жатқызылған 243 ересек пациентте 4 күн ішінде (барлығы 5 күнге дейін) тәулігіне бір рет 100 мг дозада ремдесивирді вена ішіне қабылдаумен бағаланды. Зерттеуде БЖЗ (бүйректің жедел зақымдануы) бар 90 пациент (37%) (сарысудағы креатинин деңгейінің 48 сағаттық кезең ішінде 50% жоғарылауы ретінде анықталған, қолдау еміне қарамастан ≥6 сағат бойы сақталған), БСА бар 64 пациент (26%) (еШСЖ < 30 мл/мин) және гемодиализге мұқтаж 89 пациент (37%) тСБЖ (еШСЖ <15 мл/мин) қамтылған. Пациенттер ремдесивир (n =163) немесе плацебо (n=80) және стандартты ем алу үшін бүйрек жеткіліксіздігінің терминалды сатысы, жоғары жылдамдықтағы ағынды оттегі қажеттілігі және аймақ (АҚШ немесе экс-АҚШ) бойынша 2:1 арақатынасымен стратификацияланып, рандомизацияланған.
Бастапқы орташа жасы 69 жасты құрады (65 жастағы және одан асқан пациенттер 62%); пациенттердің 57%-ы ер адамдар болды, 67%-ы ақ нәсілді, 26%-ы қара нәсілділер және 3% - ы азиялықтар. Көбірек таралған бастапқы қауіп факторлары артериялық гипертензия (89%), қант диабеті (79%) және жүрек-қан тамырлары немесе цереброваскулярлық аурулар (51%) болды; қауіп факторларының таралуы емдеудің екі тобы арасында бірдей болды. Жалпы алғанда 45 пациент (19%) жоғары жылдамдықтағы ағынды оттегін алды, 144 (59%) — төмен жылдамдықтағы ағынды оттегін және 54 (22%) — зерттеу басында бөлме ауасымен тыныс алған; бірде бір пациент өкпенің инвазивті жасанды желдетуінде (ӨЖЖ) болмады . Жалпы алғанда 182 пациент (75%) орын басушы бүйрек емін алмаған, ал 31 пациент (13%) COVID-19 қарсы вакцина қабылдаған.
Зерттеу мерзімінен бұрын жабылды, себебі орындалу проблемалары болды және бастапқы (барлық себептерден болатын өлім немесе 29-шы күнге дейін IMV) және күтілгеннен төмен ауқымдағы тиімділіктің қайталама соңғы нүктелерін бағалау үшін жеткілікті мүмкіндіктері болмады.
QT аралығы
Қазіргі клиникаға дейінгі және клиникалық деректер QT аралығының ұзару қаупін білдірмейді, бірақ адамдарда QT аралығының ұзаруы толық зерттелмеген.
Балалар
GS-US-540-5823 зерттеуі өмірінің 28 күнінен бастап және дене салмағы 3 кг (n = 53) басталатын, COVID-19 бар балалардағы ремдесивирдің фармакокинетикасы мен қауіпсіздігін зерттеген және бағалаған бір топты қамтитын ашық зерттеу болды. бағаланды. Тиімділіктің соңғы нүктелері қайталама болды және сипаттау арқылы талданды, сондықтан оларды сақтықпен түсіндіру керек. Қазіргі уақытта зерттеу жалғасуда.
Дене салмағы 40 кг-дан асатын пациенттер 1-ші күні 200 мг ремдесивир, содан кейін келесі күндері тәулігіне бір рет 100 мг-ден (яғни ересектерге арналған доза) алған; дене салмағы ≥ 3-тен < 40 кг-ға дейінгі пациенттер ремдесивирді 1-ші күні 5 мг/кг дозада, содан кейін ремдесивирді келесі күндері тәулігіне бір рет 2,5 мг/кг дозада қабылдады. Ремдесивирдің әсер ету медианасы (диапазоны) 5 (1, 10) күн болды.
Бастапқы орташа жасы 7 жас болды (диапазоны: 0,1-ден 17 жасқа дейін); 57% әйелдер болған; орташа салмағы 24,6 кг (диапазоны: 4-тен 192 кг дейін) құраған. Жалпы алғанда19 пациент (37%) семіздікке шалдыққан (ДСИ жасына қарай ≥ 95-ші процентиль); 7 (58%), 2 (17%), 3 (27%), 3 (27%) және 4 (80%) пациент, сәйкесінше 1, 2, 3, 4 және 8 когорттағы. Жалпы жиналғанда 12 пациент (23%) өкпені жасанды инвазивті желдетуде болды (7 балдық реттік шкала бойынша 2 балл), 18 (34%) инвазивті емес желдетуде немесе жоғары ағынды оттегін (3 балл) алды; 10 (19%) төмен ағынды оттегін (4 балл) алды; және 13 (25%) зерттеудің басында әдеттегі ауамен (5 балл) тыныс алды. Ремдесивирдің бірінші дозасына дейін симптомдар мен ауруханаға жатқызу ұзақтығының жалпы медианасы (Q1, Q3) сәйкесінше 5 (3, 7) күн және 1 (1, 3) күн болды.
Зерттеудің жалпы популяциясында клиникалық статустың бастапқы деңгеймен салыстырғандағы орташа (Q1, Q3) өзгеруі (ауруханадан шыққанға дейін [7 балл] өлім жағдайынан [1 балл] бастап 7 балдық реттік шкала бойынша бағаланды) 10-шы күні +2,0 (1,0, 4,0) балл болды. Бастапқы деңгейде ≤ 5 баллдық реттік бағалауы бар пациенттер арасында клиникалық жағдайы 10-шы күні ≥ 2 баллға жақсарғандардың үлесі 75,0% (39/52) құрады; сауығуға дейінгі уақыттың (Q1, Q3) медианасы 7 (5, 16) күнді құрады. Жалпы алғанда пациенттердің 60%-ы 10-шы күнге қарай емделіп шығарылды. Пациенттердің көпшілігі, 92% (49/53), иммуномодуляторлар мен қабынуға қарсы препараттарды қоса алғанда, COVID-19 емдеу үшін, ремдесивирден басқа ең кемі 1 қатарлас препаратты қабылдады.
Зерттеу кезінде үш пациент қайтыс болды.
Еуропалық дәрілік заттар агенттігі балалардың бір немесе бірнеше тобында ремдесивирді зерттеу нәтижелерін ұсыну міндеттемесін кейінге қалдырды (балаларда қолданылуы туралы ақпаратты 4.2 және 5.2 бөлімдерінен қараңыз).