Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Крем для наружного применения
Торговое наименование
Бепантен® Плюс
Действующее вещество
Хлоргексидин в комбинации с другими препаратами
Назначение
Инфекция қаупі болған кезде кез келген генездегі беткейлік жаралар: сыдырылулар, сызаттар, кесілулер, жарылулар, күйіктер, ойық жаралар, дерматиттер
Производитель
ГП Гренцах Продукционс ГмбХ
Страна
Германия
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
1 грамм кремнің құрамында
белсенді заттар: декспантенол 50 мг, хлоргексидин дигидрохлориді 5 мг
қосымша заттар: DL-пантолактон, цетил спирті, стеарил спирті, ақ жұмсақ парафин, сұйық парафин, ланолин, макрогол стеараты, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Гомогенді, мөлдір емес, әлсіз иісі бар түсі ақ дерлік крем.
• инфекция қаупі болған кезде кез келген генездегі беткейлік жаралар: сыдырылулар, сызаттар, кесілулер, жарылулар, күйіктер, ойық жаралар, дерматиттер
• созылмалы жараларды емдеуде (тесілулер, аяқтардағы ойық жаралар және басқалары)
• тері инфекциясында, мысалы, екінші қайтара инфекция жұқтырған экзема, нейродерматиттер
• бала емізетін аналарда емшек ұшы жарылғанын емдеу
• аз ауқымды хирургия: шағын ашық зақымданулар және хирургиялық
жаралар кезіндегі жергілікті антисептикалық дәрі
Антисептиктер және дезинфекциялайтын дәрілер. Бигуанидтер және амидиндер. Басқа препараттармен біріктірілген хлоргексидин.
ATХ коды: D08AC52
Фармакодинамикалық әсерлер және әсер ету механизмі:
Декспантенол Бепантена Плюстің белсенді компоненті болып табылады, тері жасушаларында пантотен қышқылына (В5 дәрумені) тез айналады. Пантотен қышқылы – А эссенциальді коэнзимінің компоненті. Ацетилкоэнзим А түрінде жасуша метаболизмінде маңызды рөл атқарады және тері мен шырышты қабықтардың регенерациясын жақсартады. Декспантенол жергілікті қолданған кезде жеңіл таралады. Хлоргексидин гидрохлориді грамоң бактерияларға, әсіресе алтын түстес стафилококктың және тері инфекцияларына қатысты микроорганизмдердің сезімтал штаммдарына қатысты бактерицидті белсенділікке ие анағұрлым белсенді және жағымдылығы жақсы жергілікті антисептиктердің бірі. Төмен дәрежеде грамтеріс патогендерге қатысты белсенді, Pseudomonas және Proteus кейбір түрлері оған төзімді, вирустарға қатысты белсенді емес.
Дозалау режимі
Кремді жұқа қабаттап, күніне бір немесе бірнеше рет, қажет болған жағдайда, алдын ала тазартылған жара немесе терінің қабынған бөлігіне жағады және жеңіл ысқылайды. Қажет болса таңғышты пайдалануға болады.
Енгізу әдісі және жолы
Сыртқа қолдануға арналған.
Қабылдау уақытын көрсете отырып қолдану жиілігі
Қажет болған жағдайда пайдалануға болады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Қолдану тәсілі бойынша сұрақ туындаған жағдайда медицина қызметкеріне хабарласыңыз.
• препараттың белсенді затына немесе препараттың қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық
• ауқымды тері бөліктерінің зақымдануы
• тесілген дабыл жарғағына қолдануға болмайды.
Сирек:
аллергиялық реакциялар, оның ішінде терідегі аллергиялық реакциялар: жанаспалы дерматит, аллергиялық дерматит, қышыну, эритема, экзема, бөртпе, есекжем, терінің тітіркенуі.
Өте сирек: аса жоғары сезімталдық, анафилаксиялық реакциялар, демікпе симптомдарын қоса алғанда, тиісті зертханалық және клиникалық көріністерімен анафилаксиялық шок, жеңілден орташаға дейінгі терінің зақымдануы, тыныс алу және асқазан-ішек жолдарының зақымдануы, жүрек және тыныс алу жеткіліксіздігі қамтылған жүрек-қантамыр жүйесінің зақымдануы.
Атап көрсетілген жағымсыз әсерлердің кез-келгені пайда болған жағдайда, препаратты қабылдауды тоқтату және дәрігерге қаралу қажет.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Бепантен Плюс үлкен дозада да жақсы көтерімді, әдебиетте оның уыттылығы туралы деректер жоқ. Кездейсоқ көзге түсіп кеткен кезде аздаған тітіркену болуы мүмкін, ол сумен немесе физиологиялық ерітіндімен шайғанда кетеді. Препаратты бір ғана зақымданған жерге жиі қайталап қолдану терінің тітіркенуіне әкелуі мүмкін
Емі. Препаратты қолдануды тоқтату керек. Симптоматикалық ем.
Көзге, құлаққа және шырышты қабықтарға тигізбеу керек. Препаратты терінің ауқымды бөліктеріне қолдануды болдырмаған жөн.
Арнайы сақтандырулар
• Декспантенолды хлоргексидинмен (Бепантен Плюс) бірге терінің тітіркенуін емдеу үшін қолданылмауы тиіс, олардың инфекция жұқтыру ықтималдығы өте төмен (мысалы, күнге күю). Мұндай жағдайларда Бепантен кремін немесе лосьонды қолдану ұсынылады. Құрамында хлоргексидин бар антисептикалық препараттарды қолданумен байланысты сирек аллергиялық реакциялар тіркелді. Егер аллергиялық реакция симптомдары пайда болса (мысалы, ысқырық дем немесе тыныс алудың қиындауы, беттің ісінуі, есекжем, олар ауыр бөртпе немесе шок сияқты күрделірек симптомдар бағытына тез өршуі мүмкін), препаратты пайдалануды дереу тоқтату және дәрігермен кеңесу керек.
• Қосымша заттардың құрамына кіретін ланолин, цетил және стеарил спирттері жергілікті тері реакцияларын тудыруы мүмкін (мысалы, жанаспалы дерматит).
Кремді жүктілік және бала емізу кезінде пайдалануға болады (емізер алдында препаратты жуып тастау керек).
Жүктілік және бала емізу кезінде терінің ауқымды бөліктерінің зақымдануында қолдануға болмайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
• Хлоргексидин сабынмен және басқа анионды қосылыстармен үйлесімсіз.
• Ықтимал өзара әрекеттесудің (антагонизм немесе белсенділіктің жойылуы) сақтандыру шаралары ретінде Бепантен Плюс басқа антисептиктермен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Отзывы
Отзывы относятся к препарату в целом; вариант, который принимал автор, указан отдельно.
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.