Внешний вид товара может отличаться от изображения. Цену и наличие определяют выбранные дозировка и упаковка.
О препарате
Форма выпуска
Пастилки с медово-лимонным вкусом
Торговое наименование
Беллс, жөтелге қарсы өсімдік пастилкалары, лимон дәмі бар, бал-лимон дәмі бар, апельсин дәмі бар, классикалық дәмі бар пастилкалар
Действующее вещество
Препараты применяемые при простудных заболеваниях другие
Назначение
Фарингитте, ларингитте (оның ішінде кәсіби «дәріскерлік» ларингит), трахеитте, бронхитте
Производитель
Парнакс Лаб Лтд. («Parnax Lab Ltd.»)
Страна
Индия
Условия отпуска
Без рецепта
Цены в аптеках
Предложения аптек появятся позже
Мы подключаем аптеки Казахстана. Когда появятся проверенные цены и наличие, они будут на этой странице.
Инструкция
Бір пастилканың құрамында
белсенді заттар: жалаң мия тамырларынан алынған қою экстракті/Glycyrrhiza Glabra/(5:1); дәрілік зімбір тамырсабақтарынан алынған қою экстракті/Zingiber Officinale/ (10:1) немесе (20:1); дәрілік эмблика жемістерінен алынған қою экстракті/Emblica Officinalis/ (4:1); ментол.
қосымша заттар:
лимон дәмі бар пастилка: қант, сұйық глюкоза, тазартылған су, лимон қышқылы (моногидрат), хинолинді сары бояғышы WS (Е104), лимон майы, жалбыз эссенциясы;
бал-лимон дәмі бар пастилка: қант, сұйық глюкоза, тазартылған су, лимон қышқылы (моногидрат), хинолинді сары бояғышы WS (Е104), бал дәмдік қоспасы, лимон майы, карамель бояғышы;
апельсин дәмі бар пастилка: қант, сұйық глюкоза, тазартылған су, лимон қышқылы (моногидрат), сансет сары бояғышы WS (Е110), апельсин майы хош иістендіргіші, жалбыз хош иістендіргіші;
классикалық дәмі бар пастилка: қант, сұйық глюкоза, тазартылған су, бриллиантты көк FCF (Е133) хинолинді сары бояғышы WS (Е104), ананас хош иістендіргіші, жалбыз хош иістендіргіші.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Лимон дәмі бар пастилкалар: сары түсті дөңгелек жайпақ пастилкалар. Пастилкаларда ауа көпіршіктерінің болуына және шеттерінің тегіс болмауына жол беріледі.
Бал-лимон дәмі бар пастилкалар: күңгірт-сары түсті дөңгелек жайпақ пастилкалар. Пастилкаларда ауа көпіршіктерінің болуына және шеттерінің тегіс болмауына жол беріледі.
Апельсин дәмі бар пастилкалар: қызғылт-сары түсті дөңгелек жайпақ пастилкалар. Пастилкаларда ауа көпіршіктерінің болуына және шеттерінің тегіс болмауына жол беріледі.
Классикалық дәмі бар пастилкалар: жасыл немесе ашық-жасыл түсті дөңгелек жайпақ пастилкалар. Пастилкаларда ауа көпіршіктерінің болуына және шеттерінің тегіс болмауына жол беріледі.
ДП ересектерде құрғақ жөтелмен қатар жүретін тыныс жолдарының жоғары бөлігінің жедел және созылмалы ауруларын симптоматикалық емдеу үшін қолданылады:
- фарингитте
- ларингитте (оның ішінде кәсіби «дәріскерлік» ларингит)
- трахеитте
- бронхитте
Фармакодинамикалық әсерлері
Әсері олардың компоненттерінің қасиеттеріне байланысты біріктірілген фитопрепарат. Препараттың қақырық түсіретін және қабынуға қарсы әсері бар.
Жалаң мия экстрактісі (Glycyrrhiza glabra) қақырық түсіретін, қабынуға қарсы, ауыруды басатын, тыныштандыратын және түйілуді басатын әсерге ие.
Дәрілік зімбір экстрактісі (Zingiber officinale) қабынуға қарсы және аллергияға қарсы әсері бар.
Дәрілік эмблика экстрактісі (Emblica officinalis) қабынуға қарсы және қызуды басатын әсерге ие.
Ментол анальгетикалық, түйілуді басатын, әсерді аулақтатын және тыныштандыратын әсерге ие.
Дозалау режимі
Ересектерге әр 2-3 сағат сайын 1 пастилкадан тағайындайды. Ең жоғары тәуліктік доза 10 пастилканы құрайды. Емдеу курсы 5-7 күнді құрайды.
Балалар
Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдануға болмайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қолдануға арналған.
Пастилкаларды ауызда баяу сору керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша ұсынымдар
Егер сізде осы дәрілік препаратты қолдану бойынша қандай да бір қосымша сұрақтар туындаса, өз дәрігеріңізге немесе фармацевтке жүгініңіз.
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
Сирек
- аллергиялық реакциялар мүмкін
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Осы уақытқа дейін жөтелге қарсы өсімдік пастилкалары Беллс препаратының артық дозалану жағдайлары туралы хабарланған жоқ.
Жөтелге қарсы өсімдік пастилкалары Беллс препаратын басқа бронходилататорлармен сақтықпен қолдану керек.
Арнайы сақтандырулар
Көрсетілімдер бойынша бір мезгілде микробқа қарсы дәрілерді қолдануға болады.
Қосымша заттар
Дәрілік препараттың құрамында балаларда қолдануға тыйым салынған хинолинді сары (Е104) бояғышы, сансет сары (Е110) бояғышы, B.Q. Supra бояғышы (Бриллиантты көк FCF (E 133) + хинолинді сары WS (E104)) бар.
Қант диабеті
Препаратты қант диабетімен ауыратын науқастарға, сондай-ақ гипокалориялық диета ұстанатын адамдарға тағайындаған кезде жөтелге қарсы өсімдік пастилкаларының бір Беллс пастилкасының құрамында 1,75 г сахароза бар екенін ескеру керек.
Педиатрияда қолданылуы
Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдануға болмайды (препараттың құрамында балаларда қолдануға тыйым салынған бояғыштардың бар болуына байланысты).
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Дәрілік препаратты қолдану көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Препаратты жүктілік кезінде және лактация кезеңінде қолдану ана үшін болжамды пайдасы шарана немесе бала үшін ықтимал қауіптен асқан жағдайларда ғана мүмкін болады.
Осы уақытқа дейін жөтелге қарсы өсімдік пастилкалары Беллс препаратының басқа дәрілік заттармен клиникалық маңызды өзара әрекеттесуі анықталған жоқ.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 18 0С - ден 25 0С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Макет упаковки
Развёртка упаковки, утверждённая при регистрации препарата в Казахстане. Источник — Государственный реестр лекарственных средств (НЦЭЛС).
Препараты с тем же действующим веществом
Подборка формируется автоматически по действующему веществу
Препараты применяемые при простудных заболеваниях другие · «Юник Фармасьютикал Лабораториз» (отделение фирмы «Дж. Б. Кемикалс энд Фармасьютикалс Лтд.»)
Описание товаров аптечного ассортимента и их свойств носит ознакомительный характер и не заменяет консультацию врача. Приоритетной является информация, указанная производителем в листке-вкладыше внутри упаковки.
Внешний вид товара может отличаться от изображённого на фотографии. Имеются противопоказания, необходимо проконсультироваться со специалистом. Характеристики и цена товаров не являются публичной офертой.